Қажетті құжаттар - Форум
SITE LOGO
Вторник, 06/Декабрь/2016, 19:03
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная Қажетті құжаттар - ФорумРегистрацияВход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Модератор форума: esmuhan 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Қажетті құжаттар (осы жерге сақтаңыздар)
Қажетті құжаттар
esmuhanДата: Четверг, 17/Май/2007, 00:28 | Сообщение # 1
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қадірменді ағайын құрметті әріптестер мен қонақтар, өздеріңізде бар құжатты сайтқа жүктеп тәжрибе алмастырайық
 
esmuhanДата: Четверг, 17/Май/2007, 00:55 | Сообщение # 2
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
МАХМУД КАШГАРИ. "ДИУАНИ ЛУГАТ АТ-ТЮРК" Атты шыгармасын мынау сайтта

http://myxatai2006.narod.ru/kashkari.html

 
esmuhanДата: Суббота, 09/Июнь/2007, 00:02 | Сообщение # 3
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Жүсіп Баласаұн «Құтты білік»

Бісмілләхи-р-рахмани-р-рахим!
Әзиз, уә, күллі ұлылықтың иесі, жер мен көкті жаратқан, тірі жанның бәріне ризық берген құдіретті күшті тәңірге ырзамыз. Әрі ол атақ-даңқа бөлене берсін! Ол кім не тілесе тілеуін берді, өзі нені қаласа соны жасады; кімге жапа көрсетсе көрсетті; уа неге ықтияр болса, неге құлқы соқса соны жасады.
Адамдардың ең абзалы пайғамбарлардың қасиетті ұлы елшісі Мұһаммед Мұстафаға сансыз сәлем, мархабат болсын! Оның серіктестері болған әзіз, уа қымбатты сахабаларына алла разы болсын! Тәңірінің ризық,нұры жаусын!
Бұл бір бек әзіз кітап. Шын (Чин) хәкімдерінің мысал-хиқыматтарымен безендірілген. Машын (Мачин) ғұламаларының, ақындарының өлең-жырларымен жасандырылған бұл кітапты оқыған, бұл бәйіттерді басқаларға таратқан адамдар осы кітаптан да жақсы, ізгірек болар.
Шын-Машын ғалымдары мен хәкімдерінің бәрі бірауыздан мынадай бір келісімге келді, Машрық уәләятында күллі Түркістан елдерінде (бүтін түркі халықтары жасаған жерлерде) бұғрахан тілінде түркі сөзімен бұл кітаптан жақсырақ кітапты ешкім ешқашан жазған емес; бұл кітап қайсы ықылым замандарда, қай патшалыққа жетсе де өмірді терең парықтап, пайымдағаны үшін, керемет көркемдігі үшін сол елдердің хакімдері мен ғалымдары ықыласпен қабыл алып, әрқайсы-сы әр түрлі лақап ат берген. Шынлықтар «әдәбүл-Мүлік» («Шахтардың әдеп-қағидалары») деп атады. Машын мәліктің хәкімдері «Айинул мемлекет» («Мемлекеттің дәстүрі») десе, мәшрықлықтар «Зийнәтүл-үмәрә» («өмір зейнеті») деді; ирандықтар «Шахнәмәи түрки» деп атады; ал бағзы біреулер «Пэнднәмә-ли мүлүк» («Падишаларға насихат») десті; турандықтар «Құтадғу білік» деп ат қойды.
Бұл кітапты Баласағұнда туған бір сахаба, тақуа кісі жазып шығарған. әммә бұл кітапты Қашқарда тәмамдап, Машрық мәлігі Табғаш Бұғраханның құзырына ұсынған. Мәлік оның еңбегін қадірлеп, жарылқап әрі ұлықлап Хас Хажыб деген атақ беріп ерекше ілтифат білдірген, сол үшін ол Жүсіп, Ұлы Хас Хажыб атанып атақ-даңқы жер жүзіне жайылды.
Бұл әзіз кітап төрт ұлы ұғым, төрт қымбат қасиеттердің сұхбатынан құрылған: бірі – Әділ (Әділет), екіншісі – Дәулет (Бақыт), Үшіншісі – Ақыл, Төртіншісі – Қанағат; Олардың әрқайсысына жеке-жеке түркіше ат берген. Әділге – «Күнтуды Елік» атын беріп, хан орнына қойған; Дәулетке – «Айтолды» деген ат беріп, уәзір орнына қойған; Ақылға – «Оғдүлміш» атын беріп, уәзірдің ұлына балаған, Қанағатқа – «Одғұрмыш» деп ат беріп, уәзірдің туыс, ағасы деп санаған. Ғұлама өз пікірлерін ой-толғаныстарын солардың арасындағы пікірлесу, сауал – жауап сөздер арқылы әңгімелеп, желілеп жеткізген.
Тағы да мұңы оқығандардың көкірек сарайы ашылып, жазған адамды жақсы дұғамен еске алсын деп, иншаллаху тағала!

 
esmuhanДата: Суббота, 09/Июнь/2007, 00:18 | Сообщение # 4
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Жүсіп Баласағұн
ІІ
Құдіретті бір хақ барша алапқа,
Соған лайық мәртебе де, мадақ та!
Пәк, зұлжалал, ұлылықтың иесі,
Жаратушы, кемел қадір-киесі.
Же жадырап, жер-көк, жұрттың иесі,
Дайындап берген ризығыңды тиесі.
Ол баршаға ризық беріп, жақтайды,
Тойындырып бәрін, өзі татпайды.
Тірі жанды ешқашан аш қалдырмас,
Жеп-ішкізер өзегін еш талдырмас.
Не қаласа – құдіреті жетеді,
Кім-кімді де тілесе, ұлы етеді.
Ықыласым пайғамбарға таңдаулы,
Достарына ықтиарым арнаулы.
Мұһаммед-елші барша жұрттың басы ол,
Тірі жанның көзі менен қасы ол.
Әзіз кітап – бұл ұлылық негізі,
Біліктіге болғай білім теңізі!
Құт білікпен безенген бұл, жамағат,
Шүкір қылып ал да, тіле қанағат.
Күллі дана сөзі түгел сүзілген,
Інжу-маржан тізбегіндей түзілген!
Шығыс ханы, Машындардың бектері,
Даналары жердің, асыл тектері.
Бұл кітапты артық көрген асылдан,
Қазынасының ішіне ерек жасырған.
Бір-біріне мирас қылып қалдырған,
Басқаларға бермей, жеке алдырған.
Зияны жоқ көп пайда, нұр-арайы,
Мәнін ұқпас түркілердің талайы.
Тыңдағанға – ұғынықты, қадірлі,
Жазбасы – ауыр, надандарға кәдімгі!
Көз-қолыңды демеп жарық шашар да,
Ісіңді оңдар сөзі екі жаһанда.
Машын-Шынның хәкімдері жарысып;
Мадақтасты таң-тамаша қалысып.
Шығыс елі, күллі түркі ішінде,
Дүниеде – кітап жоқ бұл пішінде.
Кітап құнын білсе – білер білікті,
Ақылсыздар нені сезіп, біліпті!?
Бермеу керек кісілерге кез келген,
Бұдан жақын емес дос та көз көрген!
Білімсіздер қасиетін біле алмас,
Ақылдылар оқып, көзін бір алмас.
Бұғра хан тұсында бұл жасалған,
Құтті кітап – хан тілі деп атанған.
Бұрын-соңды мұндай кітап жазған кім,
Енді асырып, келістіріп жазар кім?!
Кім бар, қане, жазып бере алушы,
Мадақтайын шықса егер, жазушы.
 
esmuhanДата: Суббота, 09/Июнь/2007, 00:22 | Сообщение # 5
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Құтты білік (Жүсіп Баласағұн)

«Ұл – Қыз туса»

Ұл-қыз туса, оларды қалай тәрбиелеу туралы айтылады

Ай маңдайлы ұл-қыз туса алдыңда,
Үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма.
Тәрбиеші ал ізгілікті, көшелі,
Ұл-қыз жақсы, таза болып өседі.
Ұл-қызыңа әдеп үйрет, білім бер,
Қос жалғанды бірдей көріп, күлімдер.
Ұлыңа әйел әпер, қызды ерге бер,
Қайғы-мұңсыз тірлікке не тең келер!
Ұлды үйрет күллі өнер-білімге,
Онымен мал-дүние табар түбінде.
Бақ ұлыңды, бекерге бос жүрмесін,
Бейбастақ боп кетер бекер жүргесін.
Қызыңды үйде бексіз ұзақ үстама,
Ауырмай-ақ өлерсің сен, құсадан.
Ағайын дос, кесіп айтам, тыңдасаң,
Қыз тумаса, иә тірі тұрмаса!
Туа қалса - жердің қойны жайлырақ,
Үйі өліктер жайы болса сайлырақ.
әйелді уйде қатты күзет, қорғанда,
әйелдің іш-тысы бірдей болған ба?!
әйелді үйден шығарма, жат кіргізбе,
Жолдан таяр, жаттың көзін тигізбе.
Көз көрмесе, көңілің де тілемес,
Көзің көрсе, көңіл ауу түк емес.
Көзді бақсаң, көңілің де аңсамас,
Көңіл жоқ па, жоқ жүректе - жанталас.
Жеп-ішісте ерге әйелді қоспағын,
Егер, қоссаң бұзылмақты тосқаның.
Қызыңды үйден үзатпа алыс, жүгін ер,
Егер, шықса, тура жолдан сүрінер!
Қыз да бір ет, сақта-бапта қалайда,
Сақтамасаң ет бұзылар, не пайда?
Қадірле де, не сұраса бер тауып,
Жуытпа еркек, жүр есікті бек жауып.
әйелде опа жоқ, аумалы ауаны,
Көзі қайда түссе, қөңілі ауады.
Жапаменен өсіп, өнген ағаштың
Жемісі - у, татпа, улайсың - жанастың...
Неше мың мәрт, ерлер даңқты, есімді,
әйелдердің кеселінен кесілді.
Абыройлы, талай ерге шер қонды,
әйелдерден жарық жүзі жер болды.
Талай мың ер, баһадүрді ірі, дөй,
Бұл әйелдер жерге көмді тірідей!
Ерлерді кім қалай сақтап жақтасын?
Тәңір өзі көз қырын сап, сақтасын!

 
esmuhanДата: Вторник, 12/Июнь/2007, 00:05 | Сообщение # 6
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақ ордасының алғашқы ата-заңдардың бірі деп есептелетін Жеті Жарғы!

қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға - 1000 қой, әйелге - 500);
ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;
денеге зақым келтірсе, соған сәйкес құн төленеді (бас бармақ - 100 қой, шынашақ - 20 қой);
төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;
егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады);
егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді;
ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;
өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді;
егер екі қабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін - бес ат, 5 айдан 9 айға дейнгі балаға - әр айына 1 түйеден (анықтама үшін 100 түйе - 300 атқа, немесе 1000 қойға тең);
әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне, немесе қыздың ата-анасына құн төленуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп, үйленсе жазадан босатылады;
егер ері әйелін көзіне шөп салу үстінде ұстаса, өлтіруге хақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс, әйелін көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсыз деп табылып, жазадан босатылады;
біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады, немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;
әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;
қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге, немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады;
құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;
кәпір болған адам мал-мулкінен айырылады;
құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде;
ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;
ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;
ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйел мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады;
өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;
барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс;
дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;
куәлікке екі немесе үш адам жүреді;
билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;
егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады;
ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады.

 
esmuhanДата: Воскресенье, 24/Июнь/2007, 01:06 | Сообщение # 7
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Елім-ай (Қожаберген-жырау)
Бірінші бет
Баласы Халдан-Бошақтың Сыбан Рабтан,
Көрші елді жауламақ боп көз алартқан.
Бурятты хақименен қосып алып,
Барабы татарларын келіп шапқан.
Барабы татарларын қалмақ шапты,
Татардың бірталайы қырғын тапты.
Қалғаны ұбап-шұбап, бас сауғалап,
Жалма-жан қазақ жаққа көше қашты.
Бұлар кеп Керейлерге паналады,
Ел көріп Орта жүзді сағалады.
Орта жүз қамқорына алғаннан соң,
Жарымы Барабы елі аман қалды.
Бұл қырғын көп ұзамай қазаққа ауды,
Наймандар тастап көшті Алтай тауды,
Жалайыр, Найман, Қоңырат, Қарақалпақ,
Қиналды тоқтата алмай келген жауды.
Бұларды қуып қалмақ Қобданы алды.
Қаңырап Тарбағатай, Жайсаң қалды.
Ел босып, жер иесіз қалғаннан соң,
Ол жерге қалмақтар кеп қоныстанды.
Теріскей Алатауды қалмақ алды,
Найман мен Қоныратты қуып салды.
Қайран жер жау иелігіне көшкеннен соң,
Жоңғардың Алатауы деп аталды.
Торғауыт, Жоңғар, Ойрат – бәрі қалмақ,
Орыстар мен Қытайды жүрген алдап.
Сол екі елден алған соң дәу мылтықты,
Келеді жолдағы елдің бәрін жалмап.
Шыңдарын Алатаудың бұлт басты,
Кез болып қысаңшылық қазақ састы.
Жау қалмақ шегіркеше қаптап кетіп,
Қайран ел есі шығып, көше қашты.
Қырылу Алакөлден басталып тұр,
Қазақтар жау қалмақтан жасқанып тұр,
Орыстар мен Қытайға арқа сүйеп,
Ит қалмақ сол екі елден күш алып тұр.
Қазақты қалмақ қолы бас салып жүр,
Мекені әр ауылдың бос қалып жүр
Жалайыр, Найман, Қоңырат, Қарақалпақ
Айырылып мекенінен зар жылап жүр.
Алтын, күміс, мал беріп аямай-ақ,
Орыстар мен Қытайдан білгір жалдап.
Сыбан Рабтан ден қойып өнерпазға,
Ғаскерін үйреттірді бес жыл қамдап.
Болмаса қалмаққа өнер қайдан келсін,
Тетігін зор мылтықтың қайдан білсін,
Осындай мол жабдықпен келіп шапты,
Дегендей қайратымды қазақ көрсін.
Ызғарлы күншығыстан жел келеді,
Шұбырған Алтай жақтан ел келеді,
Еділден Убашы қалмақ тағы шапты,
Зор бөгет тас маңдайға кез келеді.
Осылай екі жақтан тиды қалмақ,
Ғаскерін күн-түн демей жиды қалмақ.
Қазаққа екі беттен шабуылдап,
Түсірді бейбіт елге ауыр салмақ.
Қазақтың сахарасы жер құлпырған,
Қытай мен орыстарды қызықтырған.
Қоқан, Хиуа, Бұқар да көз алартып,
Қазақты бас салуға дайын тұрған.
Қаруын орыс, қытай қалмаққа сатты,
Айдап сап малғұндарды қоқандатты.
Қырғызып қазақтарды қалмақтарға,
Орыстар қамалдарын салып жатты.
Жау болды ағайын ел Естек бізге,
Жасады ол да жорық елімізге.
Қоқан да күнгей беттен қоқандады,
Соқтықпақ өйғыр, қырғыз тағы бізге.
Мұсылман көмектеспей мұсылманға,
Бермеді қару-жәрдем қысылғанда.
Түрікпен, Қоқан, Хиуа, Бұқар жау боп
Жат болды өзбек, Тәжік дін исламға.
 
esmuhanДата: Пятница, 23/Май/2008, 13:56 | Сообщение # 8
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Абылай Хан
Прикрепления: _Abylaihan_.zip(164Kb)
 
esmuhanДата: Пятница, 23/Май/2008, 14:04 | Сообщение # 9
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Керекті құжаттар
Прикрепления: _Abilqaiyrhan_.zip(145Kb) · _QabanbaiBatyr_.zip(17Kb) · kazak_koterilis.doc(64Kb)
 
esmuhanДата: Пятница, 23/Май/2008, 14:06 | Сообщение # 10
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
сабақта пайдалануға
Прикрепления: 0069829.doc(148Kb) · 8655606.doc(54Kb)
 
esmuhanДата: Пятница, 23/Май/2008, 14:10 | Сообщение # 11
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Грек және Рим әдебиеттер
Прикрепления: KoneTurk.zip(380Kb) · 3457564.doc(68Kb) · 5841092.doc(53Kb)
 
esmuhanДата: Пятница, 23/Май/2008, 14:12 | Сообщение # 12
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақ халқының этногенезі
Прикрепления: Qazaq.doc(88Kb)
 
esmuhanДата: Пятница, 23/Май/2008, 14:19 | Сообщение # 13
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
20 ғасырдағы қазақ халқының Ұлы Сазгері Нұрғиса Тілендиев туралы
Прикрепления: 4999076.doc(56Kb)
 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Қажетті құжаттар (осы жерге сақтаңыздар)
Страница 1 из 11
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016
Используются технологии uCoz