Саясат - Форум
SITE LOGO
Суббота, 10/Декабрь/2016, 06:06
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная Саясат - ФорумРегистрацияВход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 41234»
Модератор форума: esmuhan 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Саясат (Пікірталастырайық)
Саясат
esmuhanДата: Суббота, 19/Май/2007, 23:50 | Сообщение # 1
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Саясатқа қызығатын адамдар болса өз пікірлеріңізді білдіре жүріңіздер
 
esmuhanДата: Пятница, 01/Июнь/2007, 13:54 | Сообщение # 2
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІ ЖАППАЙ ЖАБЫЛУДА

1931-33 жылдары республикамызда, Ф.Голощекин билік құрып тұрған кезеңде құлақ естіп, көз көрмеген ашаршылық болды. Сөйтіп, қазақ халқының тең жарымынан астамы, яғни 3 миллионға жуық халық аштан қырылды. Кейбір ауылдар түгелдей өлім құшағына енгендіктен, марқұмдардың бетін топырақпен жасыратын адам табылмады. Кейіннен И.В.Сталиннің жеке басына табынушылықты әшкерелеген КОКП Орталық Комитеті Пленумында жасаған баяндамасында Н.С.Хрущев мынадай мысал келтірді: «Біз Қазақстанда адам төзгісіз ашаршылықтан бүкіл қазақ халқы қырылудың аз-ақ алдында тұрғанын айтқанымызда, Сталин: «Ол сары пәлекеттерден тек сондай жолмен ғана құтылуға болады» - деп жауап берді».

Бұл қолдан ұйымдастырылған ашаршылық еді. Кеңестер Одағының кейбір республикаларында егіннің бітік шыққаны соншалық астықты жинап ала алмады. Қазақтардың үлкен бөлегі жан сақтау үшін Қытайға, Ресейге, Өзбекстанға, Қырғызстанға үдере көшті. Ғалымдардың есебі бойынша егер 30-жылдардағы осы ашаршылық қырғыны ұйымдастырылмағанда елімізде қазақтардың саны 32 миллионнан да асып түсер екен. Ұзақ жылдар бойына бұл қасірет туралы айтуға, жазуға тиым салынды. Бір мәселенің беті айқын. Қазір шет елдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыз өз отанынан жетіскеннен кеткен жоқ.

Бүгінгі таңда Қытай Халық Республикасында 2 миллионға жуық қазақ тұрады. Олардың көпшілігі ата жұртына қайтқысы келеді. Оған тағы бір үлкен себеп Қытайдағы қазақ мектептерінің жаппай жабылуы. Қытай өз ішінде де, сыртта да гегемондық саясат ұстануға баяғыда-ақ бет бұрған. Қытайдағы қазақ мектептері түгелдей Қытай мектептеріне айналып, қазақ тілі бір пән ретінде ғана жүретін болған. Енді онда 15-20 жылдың ішінде жас ұрпақ қытайланып, қазақ ұлты түгелге жуық жойылады.

Бұрын Қытайдағы қазақтардың тағдырына мемлекеттік деңгейде болысып тұрудың мүмкіндігі бар еді. Бірақ, сорымызға қарай, біздің еліміздің басшылары кезінде қытай тарапынан құйтырқылықпен ұсынылған құжатқа қол қойып жіберген. Енді ол құжат бойынша қытай мемлекеті өз қарамағындағы қазақ ұлтының өкілдерін «пісіріп жеймін» десе де олардың ішкі істеріне Қазақстан араласа алмайды. Жалғыз ғана жол қалған. Ол қандастарымызды өз ата жұртына көшіріп алу. Бірақ оған кедергі шаш-етектен.

30 мамыр 2007 ж.
Астана, ҚР Парламент Мәжілісінің үйі.

 
esmuhanДата: Пятница, 01/Июнь/2007, 13:56 | Сообщение # 3
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазіргі таңда елімізді түгелдей «жасырын пара алу өнері» жайлаған. Парасыз бір де бір мәселе шешілмейді. Жуырда өз атымызға жолданған, 672 оралман-студент қол қойған хатты оқып түн жарымына дейін ұйықтай алмай шықтым. Не деген масқара. Үй кітапшасына 3 айдан 6 ай аралығында уақытша тіркелу үшін 500-ден 1000 АҚШ долларына дейін ашық түрде пәре сұрайды екен. Реті келіп тұрғанда айта кетейін. Мәселен, республикамыздағы тендер «ойындарында» 20 пайыз ақшаны ұйымдастырушыларға бермесеңіз ұта алмайсыз. Мұны жұрттың бәрі біледі. Бірақ ұсталмаған ұры емес. Тіпті ұстауға тырысатын адамның да бала-шағасы бар. Сонымен, бұл індетпен күресуге біздің елімізде әзірге мүмкіндік табылар емес. Қауіпсіздік комитетіндегі бауырларымыз шындық үшін күресіп жүрген санаулы топтың соңына түсіп бөкектегеннен гөрі еліміздегі пара індетін ауыздықтауға көшсе, жұрт сәл де болса аяғын тартар еді. Әсіресе оралмандарымызға жасалып жатқан әділетсіздік бәрімізді ойландыруға тиіс. Сондықтан республикамыздың Қауіпсіздік комитеті (төрағасы А.Шабдарбаев) осы індетпен жүйелі түрде күресудің жаңа жолын қарастырар деп сенеміз.

Оралмандардың айтуына қарағанда Қытайдан мұндағы туысқандарына келіп қайту үшін Қазақстан тарапынан рұқсатнама берушілердің аузын майламаса бірнеше ай бойы кезек күтіп қалуы мүмкін екен. Бұл мәселені реттеуді ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннен талап етуге хақылымыз.
Ресей өз қандастарын туған отанына оралту мәселесін жолға қойды. Ал біз бұл маңызды шараны әлі күнге дейін көкпартартысқа айналдырудамыз. Негізінен космополиттік бағытқа бет бұрған бүгінгі билік ұлттық идеология, ұлттық тіл мен рух, оралмандарымыздың қазіргі хал-ахуалы дегенде төбе-шашы тік тұрады. Егер қазіргі кезеңде қазақ халқының үлкен бөлегі үш ғасырлық құлдық сана бұғауынан оянып үлгергенін ескерсек, әлгіндей маңызды проблемаларға назар аудармаудың үлкен залалы болатынын ұмыту қауіп тудырады.

 
esmuhanДата: Четверг, 21/Июнь/2007, 23:59 | Сообщение # 4
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақ Үкіметін кімдер басқарады?

Қазақстанның тәуелсіздік алған жылынан бастап Үкімет басшысы орынтағына отырған тұлғаларды тізбелеп қарайтын болсақ, осалы жоқ. Бәрі де ел тәуелсіздігіне лайықты үлес қосқан адамдар. Десек те, әр премьер өзіндік басқару стилімен жұмыс істеді. Әр уақыттың қиындығы оларға өз ауыртпалығын салды. Бірақ бүгінгінің жауапкершілігі бұрынғыдан да артқан заманда оларды бөле жару артық. Десек те, нарықтық кезеңге аяқ басқан тұста «заманына қарай премьері» болғанын да жасырмауымыз керек. Сонымен, әңгімені әу бастағы «премьерлер шеруінен» бастайық.
Сергей ТЕРЕЩЕНКО
1991 жылы ТМД аумағында болып жатқан «бейбіт төңкерістердің» соңын ала бәрін сараптап барып, тәуелсіздігін жариялаған Қазақстанға нарықтық жолға бірден түсу оңайға түскен жоқ. Жас елдің алдында «қалай қарай бағыт алу керек?» деген мәселе басты сауал болып тұрды. Нарықтық қатынастарға енудің жолын іздеген Қазақстанға о баста оңайға түспеді. Тіпті премьерге де… Оңтүстік облыстың әкімдігінен үкімет басына келген Сергей Александровичтің алайда елді тығырықтан шығаруда үлкен үлесі болды деп айту артық. Өйткені сол кездегі үкімет халықтың тұрмысын жеңілдетудің бірден-бір жолы ретінде жұртқа оңды-солды несие берумен айналысты. Тіпті ол қаржылардың көбісі мемлекеттік кепілдік жүйесімен алынып отырды. Нәтижесінде «несиешіл үкімет» атанған Терещенконың Министрлер Кабинетінен соңында мемлекет орасан зор зиян шекті. Ал оңды-солды берілген несиелерді қайтару одан кейінгі үкіметке қиынға соқты. Ал Терещенко үкіметінің мүшелері анығына келгенде, тәуелсіздіктің тұғырын бекітетін заңнамалық құжаттармен ғана айналысты деуге болар. Ал ол кезде экономика тұралап, бар өндіріс банкроттықтың құшағында жатты.

Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИН
Тоғыз жылға бас бостандығынан айырылған Әкежан Қажыгелдиннің үкімет басқару мерзімі 1994–1997 жылдарға сәйкес келді. Дәл осы тұста экономиканың барлық саласы жаппай жекешелендіруге көшті. Ауыл шаруашылығы, өндіріс, мал шаруашылығы, бар бағыт қызу және жедел реформаны бастан кешті. Нарықтық реформаның қауырт жүргізілуі барысында талай кемшіліктерге жол берілді. Қаржы тапшылығының орын алуынан көптеген өндіріс пен кен орындары шетелдік инвесторларға арзанға сатылып кетті. Сол кездегі асығыс жасалған келісімшарттардың салдарынан шетелдік инвесторлардың құқы отандық өндірісшілерден биік тұрды. Соның салдары мен зардабын ондаған жылдарға жуық уақыт өтсе де, әлі тартып келе жатқан жайымыз бар. Бүкіл рухани мұра, кітапхана ғимараттары талан-таражға салынып, «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Әлемдік сарапшылар «халықаралық брокер» деп ат қойған экс-премьер Қажыгелдиннің тұсында Қазақстанның бар құндылығы сатылды.

 
esmuhanДата: Пятница, 22/Июнь/2007, 00:08 | Сообщение # 5
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Нұрлан БАЛҒЫМБАЕВ
Алғашқы екі премьерден қалған «мол мұралардың» бар ауыртпалығы Балғымбаев үкіметінің мойнына түсті десе, артық болмас. Бұл уақытта Қазақстанның ішкі, сыртқы қарызы артты. Одан құтылудың жолы ретінде Балғымбаев үкіметі халықты әлеуметтік жеңілдіктерден айырды. Зейнеткерлік жас ұзартылды. Қоғамдық көліктерде тегін жүру құқы жойылды. Оның үстіне 1997-1999 жыл Оңтүстік Шығыс Азия елдері мен Ресейде болған қаржы дағдарысы Қазақстан экономикасына зардабын тигізді. Осыған байланысты Үкімет басшысы ретінде Балғымбаев бір жылда Парламент алдына екі рет келіп, республика бюджетін екі рет «сүндеттетуге» мәжбүр болды. Бұл өз кезегінде халықтың наразылығын тудырмай қалған жоқ. Терещенко мен Қажыгелдин үкіметі реформасының зардабын тартқан Балғымбаевтың Министрлер Кабинеті, сөйтіп, тарихта «елді әлеуметтік жеңілдігінен айырған үкімет» ретінде есте қалды. Ақырында Парламент депутаттарының алдында «үкіметке сенім» мәселесін қойған Балғымбаев «мінезді премьер» есебінде биліктен кетті және «жас түркілерді» билік басына әкелген ол ақырында «өз балаларының» біраз жылдан соң, «қоғамның демократиялық жаңаруын» іздеп, билікке қарсы шабарын сезген жоқ еді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ
1999-2001 жылдар аралығындағы Тоқаев үкімет басына келген кезең Қазақстан экономикасының бауырын жазып, елдің еңсесін көтере бастаған тұсы еді. Бұл – бір. Екіншіден, мұнайдың әлемдік бағасының күрт көтерілуі де елдің республикалық бюджетіне мол қаржының түсуіне себепші болды. Бірақ Тоқаев үкіметті басқарған тұста ерекше құбылыс әкелетін өзгерістер жасалына қойған жоқ. Тек сол кезде сарапшылар жиі айтқандай, «саяси-қаржылық, өндірістік топтардың» тепе-теңдігін ұстап отыру үшін билік басына келген Тоқаевтың қызметтен кетуі де аяқ астынан болды. Балғымбаев билікке әкелген «жас түркілердің» 2001 жылдың қарашасында «демократиялық жаңару» іздеп, оқыс мінез көрсетуінен соң Қасым-Жомарт Кемелұлы орталық телеарнадан мәлімдеме жасады. Президенттен мұндай «киндер сюрприздерді» биліктен кетіруді сұрады. Артынан өзі бірер айдан соң отставкаға өтініш жазып, сыртқы істер министрі қызметіне кетті.

 
esmuhanДата: Пятница, 22/Июнь/2007, 00:13 | Сообщение # 6
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ
Екі жылға жуық үкімет басшысы болған Иманғали Тасмағамбетов халықтың есінде ұлтжанды премьер ретінде қалды. Бұл – Иманғали Нұрғалиұлының мәртебесін қашаннан көтеріп келе жатқан бір игі іс. Екіншісі– Тасмағамбетов басқарған үкімет аз уақыт ішінде «әлеуметтік бағытты ұстаған үкімет» деген атауға ие болды. Иманғали Нұрғалиұлы Президент тапсырмаларын мүлтіксіз орындаумен аты шықты. Ал мұның астарында елдік пен мемлекеттік мүдде жатқанын ұмытпауымыз керек. Қашанда қиын кезеңдерде Президент жанынан табылатын Тасмағамбетов сол кездегі қоғамда орын алған дағдарысты жағдайды реттеуге өз үлесін қоса білді десе, артық емес. ЮНЕСКО-ның елдегі өкілі ретінде Қазақстандағы құндылықтарды әлемге танытуға күш салды. «Мәдени мұра» аясында істелініп жатқан жұмыстарға мұрындық болып жүрген Иманғали Нұрғалиұлы екенін де баса айтуымыз қажет. Ал Парламент және Президент сайлауы қарсаңында Алматыға әкім болып келген Иманғали Тасмағамбетов оңтүстік астананың қордаланып қалған проблемаларын жүйелі түрде шешіп келеді.

Даниал АХМЕТОВ
Ол үкіметті 2003 жылдың жазында қабылдап алды. Премьерлер тарихында үкімет басында ең ұзақ отырған тұлға. Ахметовтің басқару кезеңінде парламенттік және президенттік сайлау өтті. Проблемасыз. Зор екпінмен қолға алынған тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы малтығып қалды. Индустриялық-инновациялық бағдарламасына сәйкес, 2015 жылға дейін елді шикізаттық ресурстан жоғары технологиялық өндірісті жолға бағыттау мақсаты қойылды. Ахметов үкіметі кластерлік жүйені дамытуға қадам жасады. Жер серігі «Қазсат» ұшырылды. Жағымды жетістіктер көп. Ал ескерілмей қалған жайттар да баршылық, шетелдік инвесторлардың қарамағында жұмыс істейтін қазақ жұмысшыларының құқығы қорғансыз күйді кешті. Теңіз бен «Митталл Стил Теміртау» өндірісіндегі жайт – осының айғағы. Сондай-ақ Ахметов үкіметі мемлекеттік тіл мәселесіне жеткілікті қаржы бөлуге құлықсыздық танытты. Тілге деп о баста белгіленген қаржы күрт кесіліп тасталынды.

Кәрім МӘСІМОВ
Қазақстанның жетінші премьер министрі. 1965 жылғы. Оның лауазымдық қызметі 1991 жылы Еңбек министрлігінен басталған. Одан кейін көлік және коммуникация министрі, 2001-2003 жылдары премьердің орынбасары, Президенттің көмекшісі, одан кейін үкімет басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
Премьер ретінде Кәрім Мәсімов үкіметке не жаңалық әкелуі мүмкін?

 
esmuhanДата: Понедельник, 07/Апрель/2008, 20:24 | Сообщение # 7
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Рахат Әлиев және оның сыбайластарына қатысты сот шешіміне байланысты Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясы мәлімдеме жариялады
Мәлімдемеде айтылғанындай, 2001-ші жылдың қараша айында алғаш рет «Қазақстанның Демократиялық Таңдауы» қозғалысы құрылған уақыттан бері жуырда аты «Азат» болып өзгерген бұрынғы «Ақ Жол» партиясынан бөлінген «Нағыз Ақ Жол» партиясы көп жылдары бойы Р.Әлиевтің қылмыстық істері жөнінде қоғамда ашық айтып келген.
«Осы жылдары елдегі оппозициялық партиялар мен тәуелсіз ақпарат құралдары 2001-ші жылы Р.Әлиев елдегі күш құрлымдарын өз бақылауына толық алып, Конституцияға қарсы әдіспен билікті күшпен тартып алуға өте жақын тұрды, сол жылдары қауіпсіздік кеңесінің хатшысы деген лауазымды қызмет атқарған Алтынбек Сәрсенбайұлы Р.Әлиевтің бұл қылмыстық жоспарына қарсы келіп еді» делінген аталмыш мәлімдемеде.
2001-ші жылдың соңында Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болған Н.Дүтбаев Р.Әлиевке қатысты осы қараша оқиғаларын тексерген болса да ол туралы не ешбір саяси мәлімдеме жасалмады, не сот ісі болмады. Енді міне содан бері 6 жыл өткен соң барып жуырда ғана Ақмола гарнизонының әскери соты билікті күшпен басып алмақ болды деген айыппен Р.Әлиев және оның сыбайластарына қатысты сот шешімін шығарып отыр. Бірақта бұл соттың өзі жабық есік жағдайында өтті, яғни онда айтылғандар сыртқа естілмеді, бұл дұрыс емес депті аталымыш мәлімдемеде.
«Азат» демократиялық партиясының төрағасы Болат Әбіловтың айтуынша, «Азат» партиясы Р.Әлиев және оның жақтастарына қатысты осы сот шешіміне байланысты билікке бірқатар талаптар қойып отыр. Біріншіден, сотта айтылған барлық әңгіме ашық түрде ақпарат беттерінде не Интернет сайтында жариялануы тиісті, екіншіден, Р.Әлиев және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев екеуінің мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған жоспарын біле тұра сол кезде болсын, қазірде болсын ешбір іс-қимыл жасамағандары үшін күш құрлымдары басшылары заң алдында жауапқа тартылуы керек. Үшіншіден, саяси тапсырыспен өлтірілген Алтынбек Сәрсенбайұлы және оның көмекшілерінің өліміне қатысты сот тергеуі қайта жүруі керектігі талап етіледі. Өйткені Р.Әлиевке қатысты жаңа жағдай, тағы бір сот шешімі шығып отыр.
«Сондай-ақ өз үйінде өзін үш рет атып өлтірді делінген Заманбек Нұрқаділов өлімі жаңа жағдайда қайтадан тексерілуі керек деп есептейміз. Төртіншіден, Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысын құрушылар Ғалымжан Жақиянов пен Мұхтар Әбілазовқа қарсы саяси тапсырыспен ұйымдастырылған сот үкімдері қайта қаралуы керек. Алтыншыдан, Р.Әлиев және оның жақтастары тарапынан Қазақстан азаматтарынан заңсыз тартып алынған барлық дүние-мүлік, ақша, заттар өз иелеріне қайтарылуы керек деп санаймыз» делінген аталмыш мәлімдемеде.
«Азат» партиясының бас хатшысы Төлеген Жүкеевтің пікірінше, 2001-ші жылы қараша айында Қазақстанда болған оқиғаның себеп-салдары жөнінде қоғамда кеңінен айтып, талқылаулар өткізу қажет болмақ.
«Егерде бұл туралы айтылмай қалып қойса, онда ол алдағы уақытта тағы да қайталанбайды дегенге ешкім де кепілдік бере алмайды. Бұл жөнінде Қазақстан азаматтары білуге тиісті», - дейді Т.Жүкеев.
Сарапшы Айдос Сарым жалпы Қазақстанның күш-құрлымдарында реформа жасау қажет деп санайды. Ондай кез әлдеқашан жеткен дейді ол.
 
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:10 | Сообщение # 8
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Парижде Олимпиада алауының эстафетасына кедергі жасалды
Франция астанасында Қытайдың адам құқығы жағдайы мен Тибеттегі наразылық танытушыларды басып-жаншыған Қытай билігінің саясатына қарсы шерулер өтті. Қауіпсіздік ресмилері Олимпиада алауын бірнеше рет сөндіріп, оны арнайы автобусқа салуға мәжбүр болды. Полицияның айтуынша, наразылық шаралары кезінде 28 адам тұтқындалған. Тамыз айында Бейжинде басталатын жазғы ойындар үшін аттанған Олимпиада алауының эстафетасына жексенбі күні Лондонда да бөгет жасалды.
 
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:10 | Сообщение # 9
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Байқоңыр кезекті ұшу сапарына әзірленуде
Бүгін Қазақстанның “Байқоңыр” ғарыш айлағынан Ресей Халықаралық ғарыш стансасына “Союз” зымыранын ұшырады деп жоспарланған. Оның ішінде Оңтүстік Кореяның алғашқы әйел ғарышкері 29 жастағы Йи Сойон болады.
 
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:10 | Сообщение # 10
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Әзірбайжанда президент сайлауының күні белгіленді
Қазанның 15-і күні Әзірбайжанда президент сайлауы өтеді. Орталық сайлау комиссиясының басшысы Мазахир Панаховтың мәлімдеуінше, бұл күн ел конституциясына сәйкес белгіленген. Қазіргі президент Илхам Әлиев сайлауға түседі деп күтілуде. Жалпы Әлиев тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары мен оппозициялық партияларға қатаң саясат ұстанады деп сынға алынады. Иран мен Ресейдің арасында орналасқан Әзірбайжан елі мұнай мен газ қорларына бай.
 
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:11 | Сообщение # 11
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Косово басшылары елдің жаңа конституциясына қол қойды
Дүйсенбі күні Приштинада Косово басшылары елдің жаңа конституциясына қол қойды. Премьер-министр Хашим Тачидің мәлімдеуінше, бұл құжат “Косовоның барлық азаматтарына бірдей мүмкіндіктер туғызады”. Жаңа конституцияны енді парламент мақұлдауы тиіс. Сөйтіп ол маусымның 15-і күні өз күшіне енеді деп күтілуде. Косово Сербиядан тәуелсіздігін ақпан айында жариялаған тұғын. Сербия мен Ресей оған қарсы болды.
 
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:11 | Сообщение # 12
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Ресей парламенті В.Путинді премьер-министр лауазымына тағайындау мәселесі бойынша дауыс бермек
Мамырдың 8-і күні Ресей парламенті Владимир Путинді премьер-министр лауазымына тағайындау мәселесі бойынша дауыс береді. Бұл туралы парламенттің төменгі палатасы Мемлекеттік Дума спикері Борис Грызлов хабарлады. Оның айтуынша, наурыз айында жаңадан сайланған президент Дмитрий Медведевтің инаугурациясы мамырдың 7-і күні өтеді.
 
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:12 | Сообщение # 13
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Пәкістандықтар Данияда қайта жарияланған карикатураларға наразылық білдірді
Жексенбі күні Карачиде пәкістандықтар Мұхаммед Пайғамбарды келемеждеген суреттердің таяуда Данияда қайта жарияланғанына, және де Голландияда Құранға қарсы жасалған фильмге байланысты наразылық танытты. Жамаат-е-Ислами партиясының 5-мыңға жуық белсендісі Пәкістанның оңтүстігіндегі қалада шеру өткізіп, Голландия мен Данияға қарсы үндеулер айтты. Аталған партияның жетекшісі Мунауар Хассан жиналған жұрттың алдында сөйлеген сөзінде Пәкістан үкіметі бұл мәселені көтеріп, Еуропа Одағымен дипломатиялық қарым-қатынасын қайта қарап шығуы керек деп мәлімдеді.
 
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:12 | Сообщение # 14
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Черногория президенті қайта сайланды
Черногория президенті Филип Вуянович қайта сайланды. Жексенбі күнгі президент сайлауында Вуянович 51 пайыздан көп дауыс жинап, жеңіске жетті. Ал оның бақталастарының бірі Андрия Мандич шамамен 20 пайыз дауысқа қол жеткізді. Бұл екі жыл бұрын Сербиядан бөлініп шыққаннан бергі осы Балқан елінің бірінші сайлауы болды.
 
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:13 | Сообщение # 15
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Польша зымыраннан қорғаныс жүйесіне қатысты Мәскеумен келіссөз өткізуге дайын
Польша жерінде зымыраннан қорғаныс жүйесін орналастыру жөніндегі АҚШ жоспарына байланысты Варшава Мәскеумен келіссөз өткізуге дайын екенін хабарлады. Польша сыртқы істер министрінің орынбасары Витоль Вашиковскийдің мәлімдеуінше, зымыраннан қорғаныс жүйесін орналастыру жоспарына Ресейдің қосылуына қатысты әртүрлі мәселені талқылауға Польша үкіметі әзір тұр
 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Саясат (Пікірталастырайық)
Страница 1 из 41234»
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016
Используются технологии uCoz