Саясат - Страница 2 - Форум
SITE LOGO
Четверг, 08/Декабрь/2016, 09:03
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная Саясат - Страница 2 - ФорумРегистрацияВход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 2 из 4«1234»
Модератор форума: esmuhan 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Саясат (Пікірталастырайық)
Саясат
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:13 | Сообщение # 16
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АҚШ пен Ресей президенттері екі жақты пікір қайшылыққа қарамастан оптимизм танытты
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джордж Буш кеше Сочидегі кездесулерінде екі-жақты пікір қайшылықтар турасында бір мәмілеге келмесе де, тараптар оптимизм танытып отыр. Путин Мәскеу әлі де Шығыс Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орналастыру жөніндегі АҚШ-тың жоспарына қарсылығын жалғастыра береді дей келе, ең соңында екі жақтың келісімге қол жеткізе алатынына байланысты “зерек оптимизм” танытты. “Бүгін біз тағы да Американдық серіктестеріміздің олардың жоспарына қатысты біздің алаңдаушылықтарымызды түсініп қана қоймай, оны шын жүректен шешуге тырысып жатқанын көріп отырмыз. Бұл бірінші, ал екіншіден, мен біздің соңғы келісімімізге қатысты зерек оптимизм танытып отырмын. Оған қол жеткізу мүмкіндігі бар деп ойлаймын”, - дейді Путин. Ал Буш болса, Ресейдің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қосылуға жасап жатқан әрекеттерін Вашингтон қолдайды деген.
 
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:13 | Сообщение # 17
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Бағдадта Ирақ әскерилері шиит жауынгерлерімен шайқасты
АҚШ күштерінің көмегімен Ирақ әскерилері Бағдадтың Садр аймағында шиит соғысушыларымен шайқасты. Аурухана бұлақтарының хабарлауынша, қақтығыс кезінде кемінде 25 адам өлтіріліп, 100 кісі жарақат алған. Ал осыдан бір апта бұрын шииттердің радикалды көсемі Моқтада әл-Садр өз жауынгерлерінің шайқастарын тоқтатқан болатын. Сонымен қатар, жексенбі күні Бағдадта орын алған шабуылдан 3 АҚШ әскері қаза тапты.
 
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:13 | Сообщение # 18
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Зимбабвенің билігі президент сайлауында жеңілгенін мойындағысы келмейді
ХАРАРЕ: Бүгін Зимбабвенің Жоғарғы соты президент сайлауының нәтижесін дереу жариялауды талап еткен оппозицияның шағымы бойынша шешім қабылдауға тиіс. Билік басындағы партия сайлау комиссиясынан сайлаудың нәтижесін жариялауды кідіртіп, берілген дауыстарды қайта есептеуге шақырды. Зимбабведегі оппозицияның ең ірі “Демократиялық өзгерістер үшін” қозғалысы мұндай өтінішті заңсыз деп бағалап, президент сайлауында соңғы 28 жыл бойы билік басында отырған Р.Мугабені өзінің үміткері Морган Цвангирайдың жеңгенін мәлімдеді.
 
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:14 | Сообщение # 19
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Иран ресми Вашингтонмен келіссөзге отыру, отырмауды ойластырып жатыр
ТЕҺРАН: Ресми Теһран Америка Құрама Штаттарынан Ирақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша келіссөздің жаңа сатысына шақыру алғанын хабарлады. Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Мохаммад Әли Хосейнидің сөзіне қарағанда, Иран ол шақыруды қарап жатыр. Ирақтың қауіпсіздігі мәселесі бойынша Иран мен АҚШ шенеунектері өткен жылы өзара Бағдадта 3 рет келіссөз өткізген болатын. Келіссөздің төртінші сатысы талай рет кейінге асырылып келді.
 
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:14 | Сообщение # 20
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Франция үкіметі теңізшілерді ұрлаған қарақшылармен келіссөз өткізіп жатыр
САНАА: Франция үкіметі Сомалиден Йемен араб еліне қарай жүзіп келе жатқан францұз кемесінің командасын тұтқынған алған қарақшылармен келіссөз жүргізу үстінде. Францияның сыртқы істер министрі Бернар Кушнер тұтқындағы адамдарды босату үшін қарақшыларға ақша төлеуінің де мүмкін екенін теріске шығармады. Қарақшылардың қолына түскен теңізшілердің 22-сі, францұз, 10 украин азаматтары.
 
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:14 | Сообщение # 21
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Ресейдің қазіргі президенті В.Путин 8-інші мамырда премьер-министр болады
МӘСКЕУ: Ресейдің Мемлекеттік думасы 8-інші мамыр күні В.Путинді премьер-министр лауазымына мақұлдау мәселесін қарайды. Ол туралы бүгін Думаның спикері Б.Грызлов хабарлады. Оның айтуынша, өткен наурыз айында президент болып сайланған Д.Медведевтің міндетіне кірісу рәсімі немесе инаугурациясы 7-нші мамырда өтеді. Президент сайлауында Д.Медведев жеңіске жеткен жағдайда үкімет басына отыруға келісетінін В.Путин өткен желтоқсан айында “Единая Россия” партиясының сиезінде мәлімдеген болатын.
 
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:15 | Сообщение # 22
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстан мен Үндістанның арасындағы ынтымақтастық ауқымы екі елдің әлеуетіне лайық емес
ТЕҺРАН: Қараша айында Қазақстан президенті Н.Назарбаев ресми сапармен Үндістанға барады. Ол туралы бүгін Үндістанның вице-президенті Мохаммад Хамид Ансаримен кездесуі кезінде Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы А.Мусин хабарлады. Әңгіме үстінде А.Мусин Қазақстанның Үндістанмен арадағы сауда-экономикалық қатынасын кеңейтуге мүдделі екенін, ал Н.Назарбаевтың Делиге сапары екі жақты ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпін беретінін мәлімдеді. Екі елдің арасындағы тауар айналымы үнемі ұлғайып келеді, бірақ ол екі елдің әлеуетіне онша лайық емес, деп атап көрсетті А.Мусин.
 
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:15 | Сообщение # 23
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Ирақта үкімет әскері мен шиит жасақтарының арасындағы шайқастар толастар емес
БАҒДАД: АҚШ әскерінің қолдауымен Ирақ әскері Бағдадтың Садр-сити ауданында шеиттердің қарулы жасақтарына қарсы операциясын өткізді. Дәрігерлердің хабарлауынша, оның барысында 25 кісі оққа ұшып, 100 адам жараланды. Бағдад ауданындағы кескілескен шайқастар шийттердің бітіспес көсемі М.Ас-Садрдың атысты доғару туралы бұйрығынан 1 апта уақыт өткенде қайта шығып отыр. Өткен жексенбі күні Бағдадты атқылаудың барысында АҚШ-тың 3 жауынгері оққа ұшып, тағы 31 жараланды.
 
esmuhanДата: Вторник, 08/Апрель/2008, 15:15 | Сообщение # 24
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы күреске халықаралық ұйым атсалысады
АЛМАТЫ: Алматыда жемқорлық фактілері мен шенеунектердің қызмет бабын асыра пайдалануына азаматтардың шағымдануына құқықтық көмек беру үшін “Трансперенси Қазақстан” ұйымының жемқорлыққа қарсы құқық орталығы жұмыс істей бастайды. Бұл жобаға Еуропалық қауымдастықтың Әріптестікті дамыту Институты бағдарламасы (IBPP) бойынша “Транперенси Интернэшнл” ұйымының Хатшылығы мен “Трансперенси Қазақстан” қолдап отыр. Жемқорлыққа қарсы құқықтық орталық азаматтардың жемқорлық проблемасына немқұрайды қарайды деген қоғамдық пікірді түбегейлі өзгерткісі келеді. Дәл осындай орталық күзге қарай Астана қаласында да ашылуға тиіс.
 
ГостьДата: Среда, 16/Апрель/2008, 21:50 | Сообщение # 25
Группа: Гости





makalalariniz jaksi jazilipti rahmet@
 
esmuhanДата: Пятница, 16/Май/2008, 15:04 | Сообщение # 26
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстан үшін «Жириновский тұлғасы» қаншалықты өзекті болса, Украина үшін Мәскеудің «әкімі» Лужков соншалықты қиын да өзекті «мәселе» болып отыр. Бір ғана айырмашылық: Қазақ десе, аузы былапыт сөзден босамайтын Жириновский бірнеше жыл бұрын 60 жылдығын туған жері – Алматыда тойлап кетті, тіптен, қолына гүл, үстіне шапанға дейін жабылды.., ал Украинада орыс ұлтшылдары Дугин мен Затулиннің артынша Лужков та елге келуіне тыйым салынған тұлғалар қатарынан табылып, украин жеріне бұдан былай аяқ баса алмайтын болып шықты.
«Қош бол, Украина, қимай сені барамын»...
Енді Лужковқа бұл сөздерді айтса да жарасымды, айтпаса да түсінікті. Тың игеру жылдары «Целина» деп қазақ жеріне тұңғыш рет аяқ басып, Кеңес өкіметінің саясатымен қазақ жерін қопарып қазған Юрий Лужков қазірше біздің биліктің «қытығына» тимеген адам. Есесіне Лужков десе, украиндардың қан қысымы көтеріледі. Сонау 90-жылдардан бастап, өзінің «анти-украиналық» карьерасын бастаған Мәскеу мэрінің көршілес елдің еншісіндегі Қырым мен Севастопольден дәмесі бар. Лужков бұрындары да «орыстың Қырымы» немесе «орыстың Севастополі» деген сыңайлы сөз тіркестерін дүниеге әкелген адам ретінде белгілі, ал оның соңғы мәлімдемесі, тіпті, Украинаның құзырлы орындары мен халқын бір шулатып алды. Жақында ғана тойланған Қара теңіз флотының 225-жылдығында сөз сөйлеген ол Севастопольдің КСРО-ның бұрынғы әскери-теңіз базасы ретінде Ресейге қайтарылу қажеттігін екшеп тұрып айтты. Тіпті, бұл мәселені Ресей парламентінің талқысына дейін ұсынатынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Украинаның қауіпсіздік қызметі Лужковка украин жеріне аяқ баспасын деп, елге келуіне тыйым салды.
Бұлар бауырлас славян елдері болса да, жыл өткен сайын аралары қиындап бара жатқан екі елдің қазіргі ара-қатынасы да мәз емес. Жергілікті құзырлы орындардың мәлімдемесінен кейін, украин депутаттары да біраз шулады. Депутат Юрий Костенко: «Лужков мырзаның Украинаның территориялық біртұтастығына қарсы провокациясы 10 жылдан бері қозып отыр. Егерде де бұл мәселеге заң тұрғысынан қарасақ, онда Украина бұрынғы Украин ССР-нің шекарасы негізінде құрылған тәуелсіз мемлекет. Сол тұста ешбір көршілес мемлекет, оның ішінде Ресей де Украинаның территориясына қатысты қандай да бір мәселесі барын айтпады» – дейді.
Ал, Лужковтан әлдеқайда бұрын Украинаға келуіне тыйым салынған саясаткер Константин Затулин бүгін ұлтшыл әріптесінің сөзіне толықтай қосылып отыр. Бұл тұста Затулин: «Украина бүгін біржақты негізде достық келісімінен шығуға тырмысып, НАТО-ға ұмтылады, Қара теңіз флотында дүрдараздық тұтандырумен айналысады және Украинада, сондай-ақ Севастополь қаласында орыс азаматтарын мәжбүрлі түрде украиналандыруға тырысып бағады» дейді. Бір сөйлемнің өзінде Севастопольді Украинадан бөлек қала ретінде қарастыруға тырысып баққан ресейлік саясаткер Лужковтың мәлімдемесін өте жоғары бағалап отырғанға ұқсайды.
Бұндай жағдайда: «Ит үреді, көш жүреді» деген қазақтың мақалы еріксіз еске түседі екен. Олай дейтініміз, Кеңес одағы құлағаннан кейін жергілікті мемлекеттер халықаралық талаптарға сай жерлерін бөлді, территориялар деморкацияланып, делимитацияланды, мемлекеттер арасында өзара достық пен ықпалдастыққа қатысты келісімшарттар белгіленді... Енді келіп, орыс ұлтшылдары оқта-текте жоқ жерден шу шығарып, айды аспанға бір-ақ шығара жаздайды... Заңды тұрғыдан, мұндай мәлімдемелер жасаудың өзі күлкілі. Ал, тозығы жеткен империя­лық амбициялары қозып отырған Ресей саясаткерлері үшін бұл түкте емес. Лужковтың мәлімдемесіне Қазақстан да бей-жай қарай алмайды. Егер де Лужков Ресейдің Украинадағы ұлтаралық мәселесін қоздыратын төтенше өкілі рөлін атқарса, Ресейдің бастамасымен Қазақстанға арнайы бекітіліп қойылған біздің «өз Лужковымыз» бар. Ол – Владимир Вольфұлы Жириновский. Бірақ Қазақстан билігінің «тентек тумаларына» қатысты саясаты тым жұмсақ болған соң, Жириновскийдің 90-жылдардан бергі аузынан шыққан Солтүстік Қазақстанның территориясына қатысты керітартпа мәлімдемелеріне қазірше көз жұма қарап отырмыз. Алматыда 60 жылдығын тойлап, бұрынғы былапыт сөздерінен бас тартқан Жириновский мырзаның қазір де Қазақстанға қатысты пікір-көзқарасы өзгермеген сыңайлы. Оған Владимир Вольфұлының ресейлік те­леарналарда айтып жүрген мәлімдемелері тағы дәлел.
 
esmuhanДата: Пятница, 16/Май/2008, 15:05 | Сообщение # 27
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
«Орыссия», осындайды қашан қоясың?
«Орыссия» елінде қазір орыс ұлтшылдығына дем беріп, асыра ұлтшылдықты қоздырып отырған Жириновский, Затулин, Лужков сияқты атағы дардай азаматтар баршылық. Олар орыстың ішкі проблемасын ше­шуден бұрын көбіне сырттағы мемлекеттердің мәселесіне қол сұғуды ата кәсіпке айналдырған сияқты. Бұлардың «нысанасындағы» елдер – ұлттық қайта өрлеу процесіне түсіп, мемлекеттік негіздерін қайта жаңғыртып жатқан Балтық жағалауындағы Латвия, Литва, Эстония, сондай-ақ, ТМД мемлекеттеріндегі Украина, Грузия және Қазақстан сияқты елдер.
Олар жергілікті республикалардағы қазақылану, украиналандыру, грузин­дену процестеріне өте-мөте қарсы. Олардың мақсаты – баршаны және әркімді орыстандыру. Ауылы алыста жатса да, Украинаның немесе Латвияның ұлттық қайта өрлеу саясатына қарсы айтылған мәлімдемелерді Қазақстанға қарсы айтылған сөздей қабылдайтынымыз да сондықтан. Славян болмаса да, түбі түркі Қазақстанды бүгінде Ресей өзіне жақын тұтқандай сыңай танытады. Әрине, күллі көршілес мемлекеттер Ресейден бойын аулақ ұстауға тырысып, есік түгілі «форточкасын» тарс жауып жатқан тұста «Орыссияның» орыстандыру саясатына қарсы да шықпай, бетін де қайтармай отырған жалғыз Қазақстан шығар деп қынжыласың. Бірақ орыс билігі Жириновский сияқтыларды Қазақстанға қарсы айдап сала берсе, достық әріптестіктің өзінен де түк қалмасы анық. Затулин мырза бір сөзінде: «Көршілес елдерге әріптес ретінде емес, қолға түсетін олжа ретінде қарау қажет» – демекші, Қазақстанның жыртқыш аңның тамағына түсетін олжасы болып қалмауын ғана ойласақ игі. Ал, бізді «Орыссияның» саяси, тілдік экспан­сиясынан құтқаратын тек қана ұлттық қайта өрлеу ісі болмақ!
Қазақстан мен Украинаның, Жириновский мен Лужковтың 10 айырмашылығы:
1. «Оларда, тіпті, тіл жоқ. Мен тұрған жылдары олардың бәрі орысша сөйлейтін» дей отырып, Солтүстік Қазақстанға да көзі түсіп, орайы келсе сөзін қосып қалатын Владимир Жириновскийдің қазақ жеріне келуіне тыйым салынбаған. Есесіне «орыстың Қырымы, Севастополі» деп территориялық мәселені қоздырып жүрген Лужков Украинаға бұдан бы­лай аяқ баса алмайды.
2. Жириновский мырза Ресейдің Қазақ мемлекеттілігіне қарсы өкілетті және төтенше өкілі, ал Лужков Ресейдің Украин мемлекеттілігіне қарсы өкілетті және төтенше елшісі іспетті. Бірақ Лужков өзінің 80 жылдығын Украинада тойлай алмайды.
3. Жириновскийдің үш Отаны бар. Ресей, Израиль және Қазақстан. Ал Лужковтың жалғыз Отаны бар. Ол – Ресей.
4. Жириновский де, Лужков та астаналарда туылған. Жириновский Қа­зақстанның бұрынғы астанасы – Алматыда, ал Лужков Ресей астанасы – Мәскеуде дүниеге келген. Юрий – Мәскеудің патриоты, ал Вова... ол да Мәскеудің патриоты.
5. Есесіне Лужковтың 150-ге жуық басқа киетін кепкасы бар, мұндай «бас киім қоры» Жириновскийде жоқ. Бірақ қазекемдер Воважанның 60 жылдығында басына бір тақия кигізген шығар, сірә...
6. Десек те, Жириновскийде қазақша шапандар бар сияқты. Ал Лужков қазірше «шапанизация» процесінен өтпеген азамат.
7. Владимир Жириновский су ішкен құдығына түкірген адам, ал Лужков­тың ондай жаман қасиеті жоқ.
8. Біздің Вова Алматыда балалық шағын өткізіп, Медеуде шаңғы теуіп, велосипед айдап өссе де, Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілін біл­мейді, ал Юрий Лужков Ресейдің мемлекеттік тілі – орыс тілін жақсы меңгерген.
9. Биыл Жириновский 62-де, Лужков – 72-де. Өзін тым жас сезінетін Жи­риновский әлі күнге дейін «тектек бала» рөлін ойнайды, саяси шоумен, клоун. Ал Лужков бұның қасында салмақты саясаткер.
10. Лужков тым болмаса тың игеру жылдары Қазақстанда жұмыс істеген, ал Жириновский Қазақстанның нанын жеп, Ресейге қашып кеткен сыңайлы. Лужковты Арал проблемасы мазалайтын сияқты, ал Жириновскийді Қазақстандағы қазақылану процесі алаңдатады.
 
esmuhanДата: Пятница, 16/Май/2008, 15:13 | Сообщение # 28
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Олар үшеу. Тәңірберген Бердіоңғаров, Бақыт Сыздықова, Ерқанат Тайжанов. "Нұр Отан" халықтық партиясының "Жас Отан" жастар қанатының басшылығында отырып, Парламенттегі ағаларына жастар мәселесін қазірше орысша жеткізіп жүрген үйдің серкелері де, еркелері де осылар. Еркелердің ең үлкені - 34-те, кенжесі - 32-де. Бүгін Астана төрінде "Жас Отан" жастар қанатының І съезі өтетін болған соң, біз жастар мәселесі және ұлттық патриотизм жайында әңгіме қозғайын деп, жас депутаттарға телефон шалдық. Жас депутаттар мен олардың көмекшілерінің айтқандарына қиянат жасамас үшін біз бәрін де сол қалпында жариялағанды жөн көріп отырмыз.
Алдымен күніне бір сағатын мемлекеттік тілді үйренуге бөліп жүрген Мәжіліс депутаты, "Жас Отан" республикалық жастар қанаты кеңесінің төрағасы Тәңірберген Бердіоңғаровқа хабарластық. Ол үлкен ағасының тілінде былай деді:
– "Жас Отан" жастар қанатының съезі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіледі. Президент қаңтар айында өткен партияның саяси кеңесінің жиынында басты мәселе ретінде "Нұр Отан" партиясының жастар қанатын дамытуды ерекше атап өтті. Бұл съезде "Жас Отан" жастар қанатының 2008-2011 жж. аралығындағы даму стратегиясы, жастар қанатының жарғысы қабылданады.
– Бұл съезде ауыл жастарының проблемасы мен мемлекеттік тілдің жайы да көтеріле ме?
– Әрине, бұл мәселелер де көтерілуі керек. Себебі әр жақтан келетін делегаттар қатарында ауыл жастары да баршылық. "Жас Отан" жастар қанатының негізгі бағыттарының бірі ретінде біз жастар арасында мемлекеттік тілдің дамуын қарастырып отырмыз. Сондай-ақ, "Үш тұғырлы тіл" жүйесін дамытуды да көздеп отырмыз.
– Өздеріңіз мемлекеттік тілді білмей отырып, қалайша қазақ тілінің мәселесін көтереміз деп отырсыздар?
– Мысалға, мен үшін, яғни мемлекеттік тілді меңгермеген адам үшін тіл мәселесі аса өзекті. Өйткені тілді білетін азаматтар мемлекеттік тілді білуін қалыпты жағдай ретінде қабылдайды. Бұл проблеманы шешу үшін мен күніге 1 сағаттан тілді үйреніп жүрмін ғой.
 
esmuhanДата: Пятница, 16/Май/2008, 15:14 | Сообщение # 29
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
– Партия жастарының съезіне қанша делегат келмек?
– Қазірше белгісіз. Бірақ Конгресс-холл жастарға лық толады деп отырмыз. Ал Конгресс-холл мың жарым адамды сыйдырады ғой.
Бұдан кейін Тәңірберген Бердіоңғаровтың құрдасы, депутат Ерқанат Тайжановқа хабарласқан едік. Бірақ оның көмекшісі Гүлмира депутаттың шетелдік қонақтармен шүйіркелесіп отырғанын айтты. Сол екі ортада Тайжанов мырза көмекшісіне: "Менің атымнан жауап бере сал" деген көрінеді.
– Гүлмира, сонда сізге депутат өзінің атынан жауап беруге рұқсат беріп отыр ма?
– Иә, иә, иә! Если вас это устроит, ол маған рұқсат берді, пожалуйста, мен жауап берейін, жоқ болса, енді кешірерсіз. Если время есть, только к вечеру, и то до вечера вся программа расписана...
– Онда сіз жастар үкіметіндегі вице-спикер ретінде жауап берсеңіз. Бұл ұйым қашан құрылған?
– Мен вице-премьер... Жастар үкіметі вообще юридический 5 наурызда 2008 жылда құрылған нәрсе. Бұл билік партиясының жастарға қатысты жобасы. Ал 2007 жылы 13 желтоқсанда Шымкент қаласында 5-ші жастар форумы өтті. Бұл партийный форум...
– Жастар съезіне қай мемлекеттерден делегаттар келді?
– Значит, шетелден осы съезге Ресейден "Единая Россияның" "Молодая гвардия" жастар қанатынан екі представителі келген. Сосын Таджикистаннан келді, тоже молодежный лидер. Сосын Қытайдан... представитель посольства Китая в Казахстане, это представитель, который курирует вопросами молодежной политики. И с Киргизии тоже молодежные лидеры, несколько их человек там приехало... Вот төрт мемлекеттен келген қонақтарымыз.
– Шетелден қонақтарды не мақсатпен шақырдыңыздар? Алдымен ішкі мәселелеріңізді шешіп алмайсыздар ма?
– Енді мен былай жауап берем. Осы съезд... орысша бола ма? Мне легче объясниться... Вот этот съезд проводится в рамках объединения всей молодежи вокруг "Жас Отана", молодежного крыла правящей партии... Шетел мемлекеттерінен шақырған қонақтарымызда уже есть опыт, да... Вот допустим, "Молодая гвардия" "Единой России" у них уже есть опыт. Оларды біз съезге шақырғанымыз, біздің жастар саясат қалай өтіп жатыр деп көрсетуге и самое главное поделится опытом...
– "Единая Россияны" мысалға келтіресіңдер. Ал "Молодая гвардияның" жастары орыс тілі мен православие дінінің аясында шоғырланып отыр ғой. Ал Қазақстанда жастардың өкілі болып отырған үш депутаттың біреуі де қазақша білмейді...
– "Дым білмейді"... солай дұрыс емес айтуға... Неге десеңіз, біздің депутат (Ерқанат Тайжанов, авт.) непосредственно ол стремится, ол күн сайын стремится, поэтому стремление бар ғой... И вообще бұл ана тілі деп бәріміз де білеміз ғой... Нельзя так говорить, что білмейді...
– Ал тіл мәселесі съезде көтеріле ме?
– Тіл мәселе... Ну, сами делегаты могут поднимать, но вообще по программе съезда только объединение молодежи вокруг "Жас Отана"...
– Ал қанша адам съезге келеді?
– Где-то, 300 адамдай...
Бұдан кейін депутат ағаларының көп әйел алу бастамасына қарсы шығып: "Онда мен көп күйеу "алуды" ұсынам" деп баспасөзде жар салып жүрген үшінші жас депутат Бақыт Сыздықоваға хабарласқан едік, қазақша судай сөйлейтін көмекшісі оның кездесулерде жүргенін айтты. Бірақ көмекшінің: "Кешке дейін сізді депутатпен байланыстырамын" деген уәдесі орындалмады, жас депутаттарға қол жеткізу Америка президентінен сұхбат алудан да қиын боп шықты. Қап дедік, әйтпесе біз Сыздықованың өз аузынан өзі де шыр-пыр болып көтеріп жүрген "көп күйеулі" болу мәселесін "Жас Отанның" съезінде көтеру мүмкіндігін сұрайын деп едік. Кейбір жасотандықтардың айтуынша, бұл съезде ұлттық мәселелер көтерілмесе, тым болмаса "көп күйеуге тию" мәселесі жастардың ішін пыстырмайтын шығар-ау деп ойлағанымыз ғой... Одан басқа не қалды дейсіз?!
 
esmuhanДата: Пятница, 16/Май/2008, 15:20 | Сообщение # 30
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ОРЫСТІЛДІ ОТАНЫМ МЕНІҢ!..

Қазақтың иығында ауыр жүк бар. Қайткен күнде де Қазақ мемлекетін құру, дамыту, өркендету керек.
Қазақ тілінің де иығына артылған жүк ауыр. Ол бір ұлттың тілінен тұтас мемлекет тіліне айналуы керек.
Оңай емес. Бәрін түсінуге болады. Мемлекеттіліктің қазығы осы кезден берік қағылмаса, ертең тіпті қиын тартуы бек мүмкін..
Өкінішке қарай, біздің мемлекетте мемлекеттік тілді сезінуден гөрі қазақ тілінен безіну белгісі байқалады.
Тәуелсіздікке тереңдеген сайын мемлекеттік тілдің мәселесі қоюланып барады.
Бұл тақырып әбден жауыр болды. Айта-айта аузы дуалының бәрі барлықты. Дауыстары қарлықты...
Бар мәселе неде?
Әңгіме қазақ тілінде сөйлемегендікте емес.
Бар гәп – мемлекеттік тілде мәселе шешілмеуінде.
Бізде бәрі – орысша. Заң орысша қабылданады. Орысша орындалады...
Қылмыс та кейде қазақша жасалады. Бірақ үкім орысша шығады...
Қазақстанда мемлекеттік тілде мәселе шеше алатын қанша шенеунік бар?
Саусақпен санауға қиналасыз...
Үміт жастарда дейтін едік. Ал қазіргі қазақ жастары өз тілін ұмытуға өлермендікпен кірісіп жатыр..
Сонда не болды?..
Просто поразительно..!

 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Саясат (Пікірталастырайық)
Страница 2 из 4«1234»
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016
Используются технологии uCoz