Саясат - Страница 3 - Форум
SITE LOGO
Воскресенье, 11/Декабрь/2016, 11:02
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная Саясат - Страница 3 - ФорумРегистрацияВход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 3 из 4«1234»
Модератор форума: esmuhan 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Саясат (Пікірталастырайық)
Саясат
esmuhanДата: Пятница, 16/Май/2008, 15:25 | Сообщение # 31
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еңбек жолын бастағанына 50 жыл толды. Кеше Астанаға, «Жас Отан» жастар қанатының І съезіне жиылған жастар осыған орай Мемлекет басшысын құттық­тады. «1958 жылы мамыр айының бел ортасында жас Нұрсұлтан Назарбаев Қарағандыға келіп, өз еңбек жолын бастады. Содан бері тура 50 жыл өтіпті. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз, жастар, сізді осы үлкен мерейтоймен құттықтаймыз! Біз әркез сізді үлгі-өнеге тұтуға дайынбыз!» – деді «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының жастар саясаты және сыртқы байланыстар депар­таментінің директоры Нұрлан Өтешов. «Өткенді еске түсірдіңдер ғой», – деп жымиған Елбасы жастарға алғысын айтты.
–Жастардың қазір күн өткен сайын белсенділігі артып, жан-жақтылана түсуде, – деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев. –Бүгінгі күнде елімізде 720-дан астам жастар ұйымы бар екен, олардың қатарында 1 миллион 200 мыңнан аса адам әрекет етуде. Осы орайда «Жас Отан» «Нұр Отанның» қанаты болып қана қала бермей, кең ауқымды жастар коалициясының өзегіне айналып, барлық жастар ұйымдарын осы коалиция туының астында бірігуге шақыруы қажет.
Елбасының бұл идеясын «Жас Отан» қабыл алды. Осы жиында бұл ұйымның атқарушы хатшысы болып сайланған Нұрлан Өтешов ол одаққа қосылуға оппозициялық көзқарастардағы жастар ұйымдары да шақыртылатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы съезд барысында Президент жанынан арнайы құрылым құрылатындығын мәлім етті. «Бүгін осы проблеманың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, мен Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі арнайы кеңес құру жөнінде шешім қабылдағанымды жариялаймын. Бұл кеңес сендердің атқарушы комитеттеріңмен қоян-қолтық жұмыс істей отырып, жастар саясатын үйлестірумен, жастар ортасындағы ахуалды талдаумен, сондай-ақ нақты кеңестер әзірлеумен айналысатын болады. Президент Әкімшілігіне осы кеңесті құру бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырамын!» Бұған қоса, Елбасы «Нұр Отан» партиясына «Жас Отанға» атты арнайы бағдарлама әзірлеуді жүктеді.
– Жастардың барлық мәселелерін лезде шешіп тастау қиын, – деп сабақтады ойын Мемлекет басшысы. – Бұл жерде көп нәрсе жастар ұйымдарының өздерінің азаматтық ұстанымына, жігеріне, ынтасы мен ықыласына байланысты. Мен «Жас Отанның» өз мойнына жалпыұлттық ауқымдағы үлкен жүктерді арта алатындығына сенімдімін. Ол жастар­дың бойында жастарды біріктірудің ең басты тетіктерінің бірі бола алады. Сендер Қазақстан жастарының үні, жастар қауымының мүдделері мен мәселелерінің басты дабылшысы болуға ұмтылуларың керек. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Ауылдық жерлердегі жастарға айрықша назар аудару қажет, мәслихаттар мен әкімшіліктер жанынан жастар кеңесі құрылуы керек. Мемлекет сендердің белсенді азаматтық ұстаным­дарыңды қолдайтын болады.
Өз сөзінде ел Президенті мемлекетімізде жастардың хал-жағдайын жақсартуға үлкен көңіл бөлінетіндігіне салмақ салды. Мемлекет басшысы жастарға өз тапсырмасымен Үкіметтің кеше елімізде интеллектуалдық мектептер ашу жөнінде шешім қабылдағандығын хабарлай кетті: «Бұл мектептердің түлектері мемлекеттік және шетел тілдерін үздік меңгеретін болады. Олар әлемнің кез келген озық жоғары оқу орнына түсе алады», – деді. Дәл қазір шәкіртақыны индексациялау бағытында жұмыс жүріп жатқан көрінеді. Елбасы таяу уақытта стипендияның көлемі айтарлықтай артатындығын жеткізді. Бұған қоса, елімізде жұмыс жасап жатқан шетелдік әрбір компанияға өз кәсіпорындарына жоғары оқу орындарының түлектерінің белгілі бір көлемін алып, жұмыс тауып беру талаптары қойыла бастамақ көрінеді. Мұның сыртында жастар белсенділері де өз сөздерінде өтініш-тілектерін білдіре кетті. Мәселен, қазіргі қолданыстағы мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі өзге заңдарға сілтемелерден аяқ алып жүргісіз, жалтақ заңнан арылып, «тура әрекет ететін» жаңа заң әзірлеу, жас мамандарды қолдау­ға бағытталған «Бастапқы баспана» бағдарламасы сияқты көптеген ұсыныстар айтылды.
–Мен Үкіметке 1 қыркүйекке қарай толыққанды жастар саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар пакетін әзірлеуді жүктеймін!–деді жастарды тыңдаған Президент Нұрсұлтан Назарбаев. – Онда бүгінгі съезд қатысушылары тарапынан айтылған ұсыныстар ескерілуі қажет. Жақсы идеялар айтылды. Соның ішінде заңнаманы өзгерту ұсынысын атап өтуге болады.
Айтқандай, Елбасы Үкіметке «Еларна» телеарнасы негізінде мәдениет, спорт және жастар саясаты мәселелеріне арналған арна құруды тапсырды. «Ақпарат құралдарындағы салауатты өмір салтын насихаттауды күшейтуге тиіспіз. Осыған байланысты кейінге қалдырмай, осындай арна құру туралы мәселені шешуіміз керек».
Съезде Б.Артаев, И.Ильин, Н.Жұмасқалиев, С.Сәпиев сияқты белгілі спортшылар, сондай-ақ аймақтағы жастар жетекшілерінен құралған, барлығы 46 адамнан тұратын «Жас Отанның» Орталық Кеңесінің құрамы бекітілді. Ал «Жас Отанның» атқарушы хатшысы болып, партия басшылығының келісімімен Нұрлан Өтешов сайланды.
 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 11:34 | Сообщение # 32
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қытайдағы қуатты зілзаладан қаза болғандардың саны 50 мыңнан асуы мүмкін
БЕЖИН: Қуатты жер сілкінісінен аман қалғандарға көмек беру үшін Қытайға ең бірінші шетелдік құтқарушылардың ұжымы Жапониядан келіп жетті. Қытай үкіметі өткен дүйсенбіде Сычуань өлкесін дүр сілкіндірген зілзадан 50 мыңнан астам адам қырылды деп мәлімдеді. 20 мыңға жуық адамның қаза болғанына толық көз жетті. Мемлекеттік баспасөз құралдарының хабарлауынша, апат болған өлкеге көмекке қосымша тікұшақтар мен ұшақтар жұмылдырылды. Қытай, сонымен қатар, Ресей мен Оңтүстік Корея және Сингапурдан құтқару ұжымдарының келуін тосып отыр.
 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 11:35 | Сообщение # 33
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Ирақтағы Иран елшілігінің қызметкерлеріне әлдекімдер оқ атты
БАҒДАД: Бағдадта Ирақтағы Иран елшілігінің 3 қызметкері отырып келе жатқан автокөлікті белгісіз қаскүнемдер атқылап, үшеуі де жарақат алды. Елшіліктің мәліметіне қарағанда, екеуі ауыр жараланған. Оларға шабуыл жасалғанын Ирақ полициясы растады, бірақ болған оқиғаның жай-жапсарын хабарламады. Иранның ИРНА агенттігі бұл шабуылды АҚШ әскерилері ұйымдастырды деп айыптап, соңғылары оны үзілді-кесілді теріске шығарды.
 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 11:36 | Сообщение # 34
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Косовода адамның саудасымен айналысқандардың алтауы ұсталды
ПРИШТИНА: “Адамды сатуға қатысы бар” деген күдікпен кеше Косовода 6 адам, оның ішінде 1 полицей ұсталды. Полицияның хабарлауынша, олар Косово астанасы - Приштина мен өлкенің оңтүстік-шығысындағы 2 елді-мекенде қолға түсті. Тінту кезінде қолдан жасалған түрлі жеке құжаттар, арнайы жабдықтар, оның ішінде БҰҰ-ның Косоводағы өкілдігі басшысының мөріне ұқсас мөр тәркіленді. Косово полициясы бұл шараны әсіресе Азиядан шыққан иммигранттарды Батыс Еуропаға сатуға тосқауыл қою үшін жүзеге асырып отыр.
 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 11:36 | Сообщение # 35
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы грузин босқындарының Абхазияға оралуын қолдады
НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Грузиядан бөлінген Абхазия республикасынан қашқан босқындардың кейін оралуға деген құқын растайтын Қарар қабылдады. 1990-ыншы жылдардың басындағы азамат соғысы кезінде 10-даған мың этникалық грузин Абхазиядан безіп қашқан болатын. Орындалуы міндетті емес Қарарды 14 мемлекет қана қолдап, 10 ел қарсы дауыс беріп, 105-і қалыс қалды. Грузияның БҰҰ-ндағы елшісі Ираклий Алазания Қарады Грузияның “жеңісі” деп бағалады.
 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 11:39 | Сообщение # 36
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мысырға сапарлап, Шарм әл-Шейх қаласында өткен Таяу Шығыс жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысты. Президент форум аясында бірқатар екі жақты кездесулер өткізіп, Қазақстанға арналған кештің қонағы болды.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, алдымен Мысыр Араб Республикасының президенті Хұсни Мүбәракпен кездескен Елбасы Қазақстан халқы мен өз атынан Мысыр басшысын 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.
Өз кезегінде Хұсни Мүбәрак та Н.Назарбаевқа "Ұлы Ніл" орденін тапсырды. Мысыр Араб Республикасының бұл жоғары наградасы екі жақты қарым-қатынастарды дамытуға зор үлес қосқан мемлекет басшыларына беріледі.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев осындай әлемдік ауқымдағы форумның Мысырда өтуі кездейсоқ еместігін атап өтті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Мысыр басшылары ауыл шаруашылығы, металлургия, химия, мұнай, фармацевтика және басқа да өнеркәсіп салаларында өзара іс-әрекеттердің болашағы зор екендігіне мән берді. Мемлекет басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Үкіметаралық комиссия және Қазақстан – Мысыр іскерлік кеңесінің барлық әлеуетін жұмылдыру қажеттігін атап өтті.
Форум аясында Қазақстан жөнінде өткен кеште Елбасы: "Біз Таяу Шығыс елдерімен белсенді ынтымақтасудамыз. Қазақстан тек экономикалық табыстарға ғана ие емес, сонымен бірге Батыс пен Ислам әлемі арасындағы көптеген ықпалдастық мәселелердің бастамашысы болып табылады. Менің форумға және бүгінгі кешке қатысуым – Қазақстанның Таяу Шығыс елдерімен шынайы достық байланыстарының кезекті дәлелі", – деп атап көрсетті. Н.Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан ғаламдық проблемалар бойынша өзінің жауапкершілікке ие екендігін түсінеді. Фьючерстік рыноктағы өсіп отырған белсенділік мұнайға деген сұраныстың артуына әкелуде. Өйткені жеткізіп беру келісімшартты орындау үшін шикізаттың үлкен көлемі қоймаларда сақталуда. Есесіне мұнай компаниялары мұнай өндіру өсіміне инвестицияларды аз салуда. Энергия тасымалдаушылар бағасы әлемдегі инфляцияға ықпал етуде. Сонымен, бір мезгілде экономикалық өсім төмендеуде. Н.Назарбаев бұл проблемаларды осындай үлкен форумдар мен кездесулерде бірлесіп шешу қажеттігін айта келе қымбат мұнай, қаржылық және азық-түлік дағдарысы бір-бірімен өте тығыз байланысты екендігін атап өтті. Энергетикалық және азық-түлік ресурстарының үлкен қорына ие Қазақстан ғаламдық энергетикалық инфрақұрылым жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Сондықтан қаржы дағдарысы, қымбат мұнай, бағасы күрт жоғарылаған азық-түлік ресурстары таяу уақытта әлемдегі көптеген саясатты анықтайтын болады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қаржы дағдарысы алып-сатарларды қор рыноктарынан қомақты қаржы алуға және оны биржалық тауарларға салуға мәжбүрлегенін атап өтті. Тарихта тұңғыш рет бұл тізімнің қатарында әдеттегідей тек мұнай мен алтын ғана емес, сонымен бірге астық пен қант та қосылып отыр. Осы орайда Н.Назарбаев Мысыр басшысы Хұсни Мүбәрактың азық-түлік дағдарысына арналған Дүниежүзілік экономикалық форум өткізу қажеттігі туралы пікірін қолдайтынын айтты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Таяу Шығыс жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумның аясында Иордания патшасы ІІ Абдалла Бен Хусейнмен және Таяу Шығыстағы квартет өкілі Тони Блэрмен де кездесті.
 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 11:40 | Сообщение # 37
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Грузияның мемлекеттік министрі сапармен Мәскеуге келді
МӘСКЕУ: Грузияның реинтеграция мәселелері бойынша мемлекеттік министрі Темур Якобашвили Мәскеуге сапарының барысында Ресей жағымен Грузияның жанжал шыққан аудандарындағы ахуалды талқылайды. Грузин-абхаз жанжалы аумағындағы ахуалдың ушыға түсуіне және осы аумаққа Ресейдің қосымша бітім күштерін орналастыруына байланысты ресми Тбилиси мен Мәскеудің арасы соңғы кезде күрт салқындады. Грузияның жаңа сыртқы істер министрі Эка Ткешелашвили – кеше “Азаттыққа” арнайы берген сұхбатында – Абхазиядағы жағдайды “Ресейдің басқынышылық әрекеті” деп бағалайтынын мәлімдеді.
 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 11:40 | Сообщение # 38
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АҚШ Конгресінің төменгі палатасы соғысты қаржыландыруға қарсы
ВАШИНГТОН: АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы 2009-ыншы жылдың жазына дейін Ирақ пен Ауғанстандағы соғыс қимылдарын қаржыландыру туралы заң жобасын мақұлдамады. Жобада Пентагонға 162.5 млрд. доллар қосымша қаржы бөлу қарастырылған. Бірақ Өкілдер палатасының мұндай шешіміне қарамай, Конгрестің Жоғарғы палатасы болып табылатын Сенаттың заң жобасын мақұлдайтын құқы бар.
 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 11:41 | Сообщение # 39
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ТМД елдерінен Украина – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болған екінші ел
КИЕВ: Украина – бүгіннен бастап Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі. Ол туралы экономика министрлігін сілтеген Украинаның УНИАН ақпарат агенттігі хабарлады. Украинаның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттамаға Женевада осы ұйымның директоры Паскаль Лами мен украин президенті В.Ющенко 5-інші ақпан күні қол қойды. Хаттаманы Украина парламенті – Жоғарғы Рада – 10-ыншы сәуір күні заңдастырып, 16-ншы сәуірде үкімет мақұлдап, президент қол қойып бекітті.
 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 11:41 | Сообщение # 40
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Ливан үкіметі мен “Хезболлаһ” серкелері Дохада өзара келіссөз өткізеді
ДОХА: Ливанның бір-бірімен жанжалдасқан серкелері бүгін Қатарда келіссөзге отыруға тиіс. Ливанның АҚШ қолдап отырған ресми билігі мен оппозициядағы “Хезболлаһ” ұйымының көсемдері 18 айға созылған жанжалын доғарып, өзара ымыраға келуге тырысып көреді. Осы теке-тірестің салдарынан өткен жылдың қарашасында Ливан жаңа президентін сайлай алмады. Кеше Араб Елдері Лигасының делдал-делегациясы Ливанның коалициялық үкіметі мен “Хезболлаһ” арасындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келгенін хабарлады. Сол келісімге сәйкес, бүгін Қатар астанасы Дохада екі жақты келіссөз өтуге тиіс.
 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 11:41 | Сообщение # 41
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Дж.Буш пен Абдулла патша АҚШ-Саудия қатынасының 75-жылдығын атап өтеді
ӘР-РИАД: Таяу Шығыс” сапарының бағдарламасына сәйкес, бүгін АҚШ президенті Дж.Буш Сауд Арабиясына келеді. Дж.Буш пен Саудия патшасы Абдулла Саудия-АҚШ ресми қатынасының 75 жылдығын атап өтуге тиіс. Сонымен қатар АҚШ президенті Абдулла патшаны шикі мұнайдың бұрын-соңды болмағандай қымбаттауын тоқтатуға көбірек күш жұмсауға үгіттеп көрмекші. Президент Буш пен Абдулла патша екеуі де Таяу Шығыстың тыныштығына төнген қатер деп санайтын “Иран мәселесін” де талқылауы мүмкін. Дж.Буш Саудияның алдында Израильде 3 күн қонақтады.
 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 11:41 | Сообщение # 42
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Израиль өзінің 60 жылдығын тойласа, Палестина “Ән-Нақба” қасыретін атап өтуде
ИЕРУСАЛИМ: Кеше АҚШ президенті Дж.Буш еврей мемлекетінің 60 жылдығымен құттықтап Израиль парламенті – Кнессетте сөз сөйледі. Өз сөзінде ол АҚШ пен Израиль арасындағы одақтық қарым-қатынастың берік екенін мәлімдеді. Өз кезегінде Израиль премьер-министрі Э.Ольмерт Палестинамен арада бейбіт бітімге келу үшін іс атқарылып жатқанын атап көрсетті. Ал Палестинада 1940-ыншы жылдардың соңында Израиль басып алған аймақтардан 100-деген мың халықтың босып кетуі – “Ән-Нақба” немесе “Апат” қасыретінің 60 жылдығына байланысты наразылық шерулері өтіп жатыр.
 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 11:41 | Сообщение # 43
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
“Қазақгейт” ісін қараған АҚШ сотында Р.Әлиев Н.Назарбаевты әшкерелемекші
ВЕНА: Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Р.Әлиев - бұрынғы қайын атасына пара берілгені туралы атышулы “Қазақгейт” ісін қарап жатқан АҚШ-тағы сотта куәгер болып, өз сөздерін дәлелдейтін құжаттарды ұсынуға әзір екенін мәлімдеді. Н.Назарбаевқа арнаған бұл ескертуін Рахат Интернетте сайтында жариялады. Радиотыңдаушыларымыздың есіне салайын: Нью-Йорктің аумақтық соты Н.Назарбаевтың кеңесшісі болған АҚШ кәсіпкері Джеймс Гиффеннің Қазақстандағы мұнай көздерін игеру құқына ие болу үшін АҚШ компанияларынан пара алып, Қазақстан президентіне беріп отырғаны туралы қылмыстық істі қарау үстінде. Р.Әлиев сотта Н.Назарбаевтың 10-даған млн. доллар параны өз қалтасына басқанын дәлелдеуге әзір.
 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 11:42 | Сообщение # 44
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
“Шаңырақ” төрағасы “заңсыз жер телімдері мен үйлерді заңдастыру керек” деп санайды
АСТАНА: Басып алынған жерлердегі баспана-үйлер мен жер телімдеріне рақымшылық жариялау қажет. Ішкі миграция проблемасы бойынша кеше Қазақстан парламенті Мәжілісінде болып өткен “дөңгелек үстелде” республикалық “Шаңырақ” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылбек Қожахметов осылай деп мәлімдеді. Оның пікірінше, “не тұрғындарды күштеп көшіру керек, не олардың баспаналары мен жер телімдерін заңдастыру керек”. Оған қоса А.Қожахметов мигранттар көп барлық қалада жер телімдерін қайтару мен заңсыз салынған үйлердің бұзылуы төңірегінде шығуы мүмкін жанжалдарды шешетін және ашық жұмыс атқаратын қоғамдық комиссиялар құруды ұсынды.
 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 11:59 | Сообщение # 45
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Тура үш айдан кейін Тәжікстан астанасы Душанбеде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары бас қоспақ. Бұл жөнінде кеше ШЫҰ-ның бас хатшысы Болат Нұрғалиев Астанада ашылған осы ұйым елдерінің Жоғарғы сот төрағаларының ІІІ кеңесінде жария етті. «Онда ұйымға мүше алты мемлекеттің президенттері басым бағыттағы істердің қазіргі жай-күйін талқылап, ШЫҰ-ның ары қарай даму перспективаларын белгілейді», – деді ол.
Сот төрағаларының жиынында ШЫҰ бас хатшысы Б.Нұрғалиев Батыстағы базбіреулердің «шанхайлық алтылықты» НАТО-ға қарсы құрылған құрылым ретінде қабылдап, оны әлемдік қауымдастыққа құбыжық етіп көрсетуге тырысатындығына тоқталды. «Адам құқықтарын қамтамасыз ету және заңның үс-темдігі мәселесі, сот төрелігі мен әділдік саласындағы ықпалдастық үдерістері біздің ақпараттық-насихаттық жұмысымызда кең көрініс табуға тиіс. Әйтпесе, ШЫҰ туралы өтірік аңыздар таратуға тырысып жатыр», – деді ол. Аталмыш кеңестің басты міндеті ШЫҰ ең жоғарғы органы – мемлекет басшыларының кеңесіне ұсыныстар енгізу болғандықтан, бас хатшы оған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Конвенцияның жобасын әзірлеуді ұсынды.
«Шанхайлық алтылықтың» сот төрағалары үшкүндік жиында көші-қон және экология саласындағы заңнамалардың сот тәжірибесінде қолданылу жайын талқыламақ. Еліміз Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмидің айтуынша, аймақтағы экологиялық ахуалды талқылауға өткен жылғы Бішкектегі ШЫҰ жиынында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған еді. Ал Жоғарғы сот судьясы Владимир Борисовтің хабарлағанындай, 2008 жылдың тек алғашқы тоқсанында экологиялық құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстанда 45 қылмыстық іс пен 620 әкімшіліктік істің өндірісі аяқталған. «Мұның сыртында, осы мерзімде қоршаған ортаны қорғауға қатысты талап-арыздар бойынша 143 азаматтық істің өндірісі ақырына жеткізілді», – деді ол. Осылайша, тек бір тоқсанда ғана соттардың қолынан табиғатқа қатысты 808 іс өтіп отыр. Ал Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің дерегінше, өткен жылы сот арқылы шетелдігі бар, Қазақстандығы бар, барлығы 226 кәсіпорынға 40 миллиард теңгеден астам айыппұл салынған. Әйткенмен айыппұлды өндіріп алуда да қиындық болады екен. Осы тұста Ресейдің жоғарғы со-тының төрағасы Вячеслав Лебедев әріптестеріне табиғатқа жасалатын қастандыққа қарсы ең тиімді әкімшіліктік жаза – зиянды шаруашылық нысанның қызметін тоқтатып тастау болатындығын жеткізді. Орыс елінің жоғарғы сотының төрағасы өткен жылы табиғатқа нұқсан келтірген екі жүзден астам компания-ның қызметіне тыйым салынғандығын жеткізді. Ресей үкіметі зиян салдарының ауырлығына байланысты айыппұлдық санкцияны ұлғайтатын жаңа заң әзірлепті.
 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Саясат (Пікірталастырайық)
Страница 3 из 4«1234»
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016
Используются технологии uCoz