Саясат - Страница 4 - Форум
SITE LOGO
Суббота, 10/Декабрь/2016, 07:59
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная Саясат - Страница 4 - ФорумРегистрацияВход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 4 из 4«1234
Модератор форума: esmuhan 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Саясат (Пікірталастырайық)
Саясат
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 12:02 | Сообщение # 46
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Әзербайжан мен Түркіменстан президенттері кездесу өткізді

Баку. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Әзербайжан президентінің әкімшілігіне сілтеме жасай отырып.
"Кездесу барысында әзербайжан-түркімен қатынастарының даму болашағы мен осы процестің белсенділігін арттыруда мемлекет басшыларының кездесуінің алар орыны атап өтілді. Тараптар Түркіменстан басшысының Әзербайжанға осы жолғы сапары екіжақты байланыстардың нығаюына септігін тигізетініне сенім білдірді", - деп атап көрсетті Әзербайжан басшысының әкімшілігі.
Президенттер сондай-ақ, халықаралық саясат пен өңірлік ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Енді келіссөздер кеңейтілген құрамда өз жалғасын табады.
Сапар барысында сондай-ақ, екіжақты әртүрлі салалардағы ынтымақтастық құжаттарына қол қою қарастырылған.

 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 12:04 | Сообщение # 47
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Валерий Котович, Мәжіліс депутаты: Әйелім «тоқалың қайда?» деп қоймайды

– Валерий Николаевич, сіздің мемлекеттік тілді үйренгіңіз келетінін білеміз. Бұл бағытта не істеп жатырсыз?
– Өз басым Оңтүстік Қазақстан облысында туған азаматпын. Аралас мектепті бітірдім. Өкінішке қарай, сонау 50-60 жылдары мектебімізде қазақ тілі мүлдем үйретілмеді. Сондықтан тілді меңгере алмадым. Бірақ 1999 жылы мен тұңғыш рет Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланғанымда, тілді меңгеруді қолға алғым келді. Жүрегімде үміт пайда болды: нағыз қазақы ортада жүріп, мемлекеттік тілді тез меңгеріп алатын шығармын деп ойладым. Бірақ, шынын айтсам, қуанышым су сепкендей басылды, дәл сол кезеңде Парламентте тілдік орта мүлдем жоқ болатын. Менің барлық әріптестерім, тіпті қазақ депутаттарының басым бөлігі орыс тілінде сөйлейтін. Парламент қабырғасында жүріп, пленарлық отырыстардан бастап, даланың өзінде орысша сөйлесетін. Сондықтан мен тілді меңгере алмадым.
– Отбасыңыз жайлы да айтып өтсеңіз. Тілді меңгеріп жатқандары бар ма?
– Ең алдымен, отбасымды айтсам, әйелім – зейнеткер. Бірге тату-тәтті өмір сүріп жатқанымызға 40 жыл болды. Ұлым 38-де. Бизнеспен айналысады. Қызым «Кегок» ұлттық компаниясында жұмыс істейді. Үш немерем бар. Тіл демекші, мен меңгеріп үлгермеген тілді немерем білсін деп, бір немеремді қазақ-түрік лицейіне оқуға бердім. Өткен жылы ол Астанадағы қазақ-түрік лицейінің 7 сыныбына түсті. Қазірше ол сыныбындағы жалғыз орыс баласы. Қазақ, түрік, ағылшын тілдерінде әжептәуір сөйлейді.
– Үйде немереңіз тілді білетінін көрсете ме?
– Қазірше сөйлеуге ұялатын сияқты. Мен лицейде өткізілетін ата-аналар жиналысына барып, сынып жетекшісімен де сөйлесіп тұрамын. Тіпті, лицейде оқитын балалардың көбі орыс тілінде араласатынын байқаймын. Балалардың көбі дәулетті отбасыларынан шыққан, бірақ өз үйлерінде ана тілдеріне деген сұраныстары жоқ сияқты. Мен балалармен кездескенде: «Балалар, ана тілдеріңде сөйлеңдер! Менің немерем де сонда қазақша тез сөйлеп кетеді ғой» деп кейіп кетемін. Бұдан кейін барлығы ана тілдерінде сөйлесіп жатқандай болады, бірақ сосын қайтадан орысшаға басады. Бұл – өте өзекті мәселе, оны шешу өте қиын. Бірақ проблеманы шеше бастау керек.

 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 12:04 | Сообщение # 48
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
– Қолыңыз бос уақытта немен айналысасыз?
– Жаяу жүргенді ұнатамын. Күніне 1 сағаттан астам уақыт 5-6 шақырым жол жүремін. Ал әр сенбі сайын немереммен жабық мұз айдынына барып, коньки тебеміз. Жасым 60-та болса да коньки тебуді ұнатамын. Кезінде хоккей ойнағанмын. Немереме коньки тебуді де үйреткен менмін. Ал жексенбі сайын немереміз екеуміз бассейнге барып жүземіз.
Қазір Степногорск қаласында 6 сотық жерім бар. Әйтеуір жер қазып, бақшаға қарауды жаным ұнатады. Бақшамда 11 алма ағашы, сондай-ақ алмұрт, шие ағаштары бар. Әртүрлі жеміс-жидектер де өсіремін.
– Парламентте көп әйел алу мәселесі жиі-жиі көтеріліп тұрады. Бұл идеяны сіз қолдайтын сияқтысыз ғой...
– Жоқ, олай емес. Бұл мәселе 2000 жылдан бері көтеріліп келеді. Әу бастан бұл мәселенің көтерілуінің басы-қасында сол кездегі депутат Амангелді Айталы жүрген еді. Мұндағы ең басты мәселе, Ауғанстан, Моңғолия сияқты елдерден келетін оралмандардың көбінде бір-екі әйелден бар көрінеді. Олар отбасымен мұнда көшіп келгенде, ресми түрде бір ғана әйелін құжатқа жазуы керек. Ал біз зайырлы мемлекетте тұрған соң, бізде өркениетті елдерде қалыптасқан дәстүр ғана мойындалады. Әрине, бұл мәселе көтерілгенде, біз өзге елдерде «көп әйел алу институты» қалай жұмыс істейді дегенді зерттеп, зерделеп көрдік. Мәселен, Пәкстанда тек қана 4 пайыз азаматтар ғана көп әйел алу құқын пайдаланады екен. Сондықтан бәріміз жаппай көп әйел алудың артынан жүгірмеуіміз керек қой... Ең алдымен, бұған жағдай жасалуы керек. Яғни, тағы бір отбасын баптау үшін азамат материалдық тұрғыдан бұған дайын болуы керек. Біздің заңның аясында бұл мүмкін емес нәрсе. Бірақ... «Тыйым салынбаған дүниеге қашанда рұқсат бар» ғой...
– Естуімізше, кейбір депутаттардың өздерінде бірнеше әйелден бар көрінеді...
– Ол жағын білмеймін. Менің жалғыз әйелім бар. Экс-депутат Айталы бұл мәселені көтеріп жүрген тұста маған Мұсылман әйелдері лигасының сол кездегі төрайымы келіп, қолыма «депутаттардың көп әйел алу жөніндегі бастамасын қолдаймыз» деген ресми хатын ұстатты. Мен бұл хатты көбейтіп, депутаттарға таратқыздым. Бұдан кейін бәрі мені осы идеяның бастамашысы деп есептейтін болды. Бір күні теледидардан журналистер: «Көп әйел алуға бүкіл депутаттар қарсы болып жатқанда, Котович пен Айталы қолдап отыр» деп беріпті. Сөйтсем, Степногорскіден түн жарымда әйелім телефон шалып: «Ей, Котович, сен көп әйелді қайтесің?» деп, дүрсе қоя берді. Мен біраз ақталдым, әйелім бажылдап қоймайды. Содан жыным ұстап: «Ей, орыс, ондайыңды қой, мен саған қарағанда «қазақтың үшінші ұрпағымын. Мұнда менің атам-әжем, әке-шешем тұрған. Ал сен Тверьден келіп, маған ақыл айтасың ба?» деп, әзілдескенмін. Осымен бұл оқиға ұмытылған сияқты еді. Содан үш-төрт жыл өткеннен кейін әлгі бау-бақшамызда отырсақ, әйелім маған: «Ей, тоқалың қайда?» дейді. «Не боп қалды?» десем, ол: «Тоқал осындайда керек, қазір маған үй жинап, дастарқан әзірлеуге көмектесер еді» деп жымияды. Сонда мен кідірместен: «Ей, орыстың әйелі, міне, сен де тоқалды қабылдауға пісіп-жетіліпсің ғой» деп, мәз болдым.
 
esmuhanДата: Вторник, 20/Май/2008, 12:05 | Сообщение # 49
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Таяу жылдарда ШЫҰ-ына мүше елдердің тауар айналымы 70 млрд доллардан асуы мүмкін. Бұл туралы бүгін "Шанхай ынтымақтастығы ұйымы - өңірлік ынтымақтастықтың қазіргі заманғы моделі" атты дөңгелек үстел барысында ҚР сыртқы істер вице-министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"2007 жылы ұйымға мүше елдердің тауар айналымы $50 млрд асты, ал таяу жылдарда ол 70 млрд доллардан асуы мүмкін ", - деді Н. Ермекбаев.
Оның айтуынша, "бұл көрсеткіштер ШЫҰ аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың, атап айтсақ, ауылшаруашылығы, машина жасау, мұнайгаз өнеркәсібі мен жоғары технологиялар салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін паш етеді".
"Келешекте өңірлік еркін сауда аймағын құру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды",- деді вице-министр.
"ШЫҰ өзінің іс-қызметі аясын қауіпсіздік проблемаларынан сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қарай кеңейтуге бетбұрды, Шанхай жүйесін дамытудың логикасы осыған саяды", - деді Н. Ермекбаев
 
esmuhanДата: Четверг, 22/Май/2008, 15:53 | Сообщение # 50
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Ресей президенті ресми сапармен Астанаға келді
Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев ресми сапармен Астанаға келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев 22-23 мамырда Астанаға мемлекеттік сапар жасайды.
Сапар барысында екі жақты ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы талқыланып, бірқатар өзекті халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасылады.
2007 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $16,3 млрд құрап, көрсеткіш 2006 жылғымен салыстырғанда 27% өскен. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен РФ арасындағы тауар айналымы $4,13 млрд жетті, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 26% жоғары.
 
esmuhanДата: Пятница, 23/Май/2008, 13:50 | Сообщение # 51
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстан Ресейге екі елдің экономикалық интеграциялық құжатын дайындауды ұсынды
Мамырдың 22 күні Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осында алғашқы шетелдік сапармен келген Ресей президенті Дмитрий Медведевпен өткен келіссөзден кейін, Қазақстан тарабы Ресейге екі елдің экономикалық интеграциялық құжатын дайындауды ұсынғанын мәлімдеді. Кейбір қазақстандық саясаткерлер бұл ұсыныс Ресейдің кезекті империялық амбициялары деп бағалады. Мұнай-газ саласындағы транзиттік бағыттар да екі президенттің келіссөздерінің негізгі тақырыбы болды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен ресми түрде қызметке кіріскелі Ресей президенті Дмитрий Медведев тұңғыш шетелдік сапармен Қазақстанға келді. Бұл жолы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге екі елдің ұзақ мерзімді интеграциялық экономикалық ынтымақтастық құжатын дайындауды ұсынды.
«Біз кеден одағын құру жөнінде пікір алмастық. Және Қазақстан «Еуразиялық одақ» құру идеясы тезірек жүзеге асады деген үмітте», - деді президент Назарбаев.
Өз кезегінде Ресей президенті Дмитрий Медведев «егерде екі тарап жақын серіктес болса, егерде бір-біріне интеграциялық қозғалыс жасап жатса, онда біз жылдарға алдын-ала жоспарларымызды қосарлауымыз керек», деген пікірін білдірді.
Кейбір қазақстандық саясаткерлер бұл ұсыныстарды Ресейдің кезекті империялық амбициялары деп бағалайды. Тіпті осы ұсыныстардың империялық пиғылы байқалмас үшін Ресей тарабы оны Қазақстанға әдейі айтқызып отыр деген пікір айтады.
Мұнай-газ саласындағы интеграция да келіссөздің негізгі тақырыбы болды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Тәуелсіз елдер достастығында жыл сайын бір тақырыппен жұмыс істеуге келісім бар.
«2009 жыл «Энергетикадағы өзара әрекет» жылы болсын деген келісімге келдік», - деді Назарбаев.
2006 жылы екі ел арасында жасалған келісімге сәйкес, Қазақстанның Қарашығанақ газы Ресейдің Орынбор мұнай өңдеу зауытында өңделетін болды. Бұл да осы келіссөзде айтылды. Бүгінде Қазақстан, мұнай картелі елдерін есептемегенде, Ресей мен Норвегиядан кейін ЕуроОдаққа мұнай тасымалдап келетін үшінші мемлекетке жатады. Бірақ, кейбір бақылаушылардың айтуынша, Ресей президентінің бұл сапарында Қазақстанның «Баку-Тбилиси-Жейхан» жүйесіне қосылуы сияқты өткір сұрақтар талқыланбады.
Керісінше, Ресей президенті Дмитрий Медведевтің айтуынша екі тарап «Каспий маңындағы құбыр» салу жобасын, «Орталық Азия центр» құбырының қуатын кеңейту жобаларын талқылады.
Өз кезегінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан Ресейді айналып өте ме, өтпейді ме деген әңгімелер бар.
«Бірақ, Қазақстан ешқашан Ресейді айналып өтпейді. Егерде мүмкіншілік берілсе, әр мемлекет өз тиімділігіне қарау керек», - деді ол.
Мұнай-газдың сыртында энергетикада атом саласындағы ынтымақтастық талқыланды. Ресей Қазақстанда атом электр стансасын салуы ықтимал, деді президент Медведев. Жорамал бойынша, атом стансасы Каспийдегі Ақтау қаласында салынуы мүмкін. «Росатом» компаниясының мәліметінше, Ресей Қазақстанды атом саласында стратегиялық серігі санайды. Өйткені, Қазақстан уран көлемі бойынша әлемде екінші орында, деп хабарланды.
Жалпы, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 16 миллиард доллардан асқан. Қазір Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстарында екі елдің біріккен қаражатына жұмыс істейтін 3000 кәсіпорын бар. Бірақ Қазақстан әлі күнге дейін Ресейге тәуелді болып отыр, дейді қазақстандық сарапшылар.
Экономика ғылымдарының докторы Атамұрат Шаменнің пікірінше, ауыл-шаруашылығында, әсіресе, тамақ өндірісінде Қазақстан қауіпсіздік деңгейіне жеткен жоқ.
«Реседен май, сүт, консерві алу Қазақстанға ұят. Бұдан бүкіләлемдік сауда ұйымына кірген кезде, Қазақстанның жағдайы ауыр болып қалады», - дейді маман.
 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Саясат (Пікірталастырайық)
Страница 4 из 4«1234
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016
Используются технологии uCoz