Жаңалыктар - Страница 10 - Форум
SITE LOGO
Пятница, 09/Декабрь/2016, 06:54
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная Жаңалыктар - Страница 10 - ФорумРегистрацияВход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 10 из 14«12891011121314»
Модератор форума: esmuhan 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Жаңалыктар
esmuhanДата: Суббота, 19/Январь/2008, 11:06 | Сообщение # 136
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстан Пекинде 2008 жылы өтетін 29 жазғы Олимпиада ойындарында 100-110 көлемде олимпиадалық лицензияны жеңіп алмақшы. Бұл туралы бүгін өткен ҚР туризм және спорт министрлігінің коллегиясында спорттық қор және ұлттық командалық штаты дирекциясының директоры Ілсияр Қанағатов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Бүгінгі кезде біздің сайыскерлеріміз спорттың 16 түрі бойынша 69 олимпиадалық лицензияны ұтып алды ", - деді І. Қанағатов.
"Жоспарланған міндеттеріне сәйкес, жалпы 100-110 олимпиадалық лицензияны жеңіп алу көзделген ", - добавил он.
Спорттық резерв және ұлттық командалық штаты дирекциясы директорының сөздеріне қарағанда, қазақ спортшыларының жеңісі 3 спорт түрінде болары анық, ол бокс, ауыр атлетика. Бұл түрде қазақстандықтар бір мемлекеттің атлеттері үшін белгіленген 10 олимпиадалық лицензияның 9 жеңіп алған. Сонымен қатар, әйелдердің еркін күресі, оқпен ату спорт түрлерінде біздің сайыскерлерміз жеңіске жетуі мүмкін.
І. Қанағатовтың мәліметтері бойынша, Олимпиадалық ойындарға қатысуға штаттық ұлттық командасына 365 қазақстан спортшысы кіргізіліп, олардың қатарында бір олимпиада чемпионы, Олимпиадалық ойындардың 5 жүлдегері, Әлемдік Чемпионаттардың 26 жүлдегері, 15 чемпион және түрлі жылдарда Азия чемпионы атағына ие болған 108 сайыскер бар. "Ұлттық штаттық командасы спортшыларының орта жасы 25-те", - деді ол.
"Халықаралық жарыстарға шыққандардың қорытындыларын сараптау негізінде Олимпиадалық ойындарында жақсы көрсеткіштерге жете алатын 34 кандидат анықталды", - деп атап өтті І. Қанағатов.
Оның пікірінше, 20 спортшының 16- сы, 1-6 орындарға таласа алады.
Алайда, ол Қазақстанның Олимпиадалық ойындарда қандай медалдарға қол жеткізе алатыны жөнінде нақты болжамдарды айтпады.
Өз кезегінде сөз алған ҚР ауыр атлетика бойынша ұлттық командасының бас бапкері Алексей Ни, қазақстандық ауыр атлеттері 4 олимпиадалық медалді жеңіп алуды көздеп отырғанын мәлімдеді. Оның ішінде алтын медалі де бар. "Олимпиаданың алтынын біздің командамыздың ішінен Илья Ильин алуы мүмкін ", - деп түсіндірді А. Ни.
Сонымен қатар, ҚР туризм және спорт министрлігінің таратқан материалдарында пекиндік Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін тағайындалатын сыйлық мөлшері көрсетілген. Бірінші орын үшін - $250 мың , екінші орын- $150 мың, үшінші орын $75 мың, төртінші орын - $30 мың, бесінші орын $10 мың, алтыншы орын $5 мың беріледі.
 
esmuhanДата: Суббота, 19/Январь/2008, 11:08 | Сообщение # 137
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстанның олимпиадалық құрамасында спортшының ағзасынан допингті анықтаудың жаңа тәсілі енгізілді - Туризм және спорт министрлігі
Астана. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Пекинде өтетін 29 жазғы олимпиадалық ойындарының дайындығы аясында Қазақстанның олимпиадалық құрамасында спортшының ағзасынан тыйым салынған допингтік заттарды анықтаудың заманауи жаңа тәсілі енгізілді. Бұл туралы бүгін бүгін өткен ҚР туризм және спорт министрлігінің коллегиясында спорттық қор және ұлттық командалық штаты дирекциясының директоры Ілсияр Қанағатов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Жаңа тәсіл енгізілгеннен кейін, допингті анықтау үшін бес мыңнан аса зерттеу мен тестілер жасалды ", - деді І. Қанағатов.
Сонымен қатар, оның сөздері бойынша, бүгінде кебір спорт түрлері бойынша оқу-жаттығуларын өткізу және жоспарлауды реттейтін компьютерлік технологиялар енгізіліп жатыр.
"Біздің спортшыларымызды фармакологиялық қамсыздандыру бойынша ғылыми кешенді топ пен сараптау кеңесі құрылды", - деді министрліктің өкілі. "Оралда Қазақстан мен Ресейдің 25 ғылым докторын біріктіріп отырған уақытша ғылыми- зерттеу ұжымы құрылды. Олар спортшылар мен бапкерлер үшін 10 тәсілдік ұсыныстарын дайындап шығарды", - деп құлағдар етті І.
Қанағатов.
Сөздері бойынша,"Олимпиадалық ойындардың басталуына үш ай қалғанда, олимпиадалық лицензияны жеңіп алған қазақ спортшылары, тағы да екінші ретолардың дайындықтарын анықтайтын кешенді медициналық зерттеуден өтетін болады ".
 
esmuhanДата: Суббота, 19/Январь/2008, 11:08 | Сообщение # 138
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қырғызстанның астанасы Бішкекте жарық беру шектелді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Северэлектро" ААҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жұмсалған электр қуатының нормадан асып кетуінен мұндай қадамға баруға тура келген. "Қала бойынша 17-қаңтарда электр қуатының тәуліктік тұтыну көлемі 11,9 млн кВт/сағ құраған, ал лимит 9,330 млн құрайды. Осыған байланысты, сонымен қатар "Карагачевая", "Аламедин" және "Селекционная" қосалқы станциялардағы жөндеу жұмыстарына байланысты "Дордой" базары, Нижняя Ала-Арча аулы, "Аламедин-1" ықшамауданының, "Ак-Орго" және "Ала-Тоо аудандарының абоненттеріне электр қуатын беруде шектеу енгізілді",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.
ААҚ қызметкерлерінің хабарлауынша, "қосымша электр жылыту құрылғыларын пайдалану жағдайды қиындата түсуде. Олардың көбісі қолдан жасалған құрылғылар". "Оларды пайдалану барысында электр қуаты бес есеге дейін артық жұмсалады, ал жылытатын алаң көлемі екі есеге аз",- деп түсіндіріп өтті "Северэлектор" мекемесіндегілер.
 
esmuhanДата: Суббота, 19/Январь/2008, 11:10 | Сообщение # 139
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қаржы полициясы Астананың халықаралық әуежайының есепшотынан 3 млн 391 мың теңге ұрлау жөніндегі істі тергеуде. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астананың экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің бастығы Абзал Кәрімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.
"Астананың халықаралық әуежайының бухгалтері 2006 - 2007 жылдар аралығында өзінің қажеттіліктері үшін 3 млн 391 мың теңге аударған", - деді Абзал Кәрімов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, үстіміздегі жылдың басында департамент қызметкерлері "ВІ-group" компаниясының аффиирленген тұлғасы болып табылатын ЖШС бірінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге аударылған 1 млн 140 мың теңгені алмақ болған "Карпо" ЖШС директоры мен құрылтайшысын құрықтаған.
 
esmuhanДата: Суббота, 19/Январь/2008, 11:11 | Сообщение # 140
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Өкілетті билік ел президенті жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда айтарлықтай үлес қосуы керек. Бұл туралы бүгін сенаттың жалпы отырысында палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.
"Мемлекет басшысы бірінші жоспарға әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесін, инновациялық дамуға көмек көрсету, сыбайлас жемқорлықпен күрес, жастар арасында отаншылыдық тәрбие беру және талантты жастарды мемлекет басқаруға дайындау мәселелерін қойды. Жоғарғы өкілетті биліктің күші осы міндеттердің барлығын жүзеге асыруда қомақты үлес қосады",- деп мәлім етті Қ. Тоқаев.
Ол, үстіміздегі жылы парламент депутаттарының алдында "президенттің бастамасы бойынша көтерілген реформаларды заңды тұрғыдан қамтамасыз ету" күтіп тұр деп атап көрсетті.
"Үстіміздегі жылы үкіметтің бастамасымен көтерілген 60 заң жобасын пысықтауға қатысты жұмыстарды жалғастыру қажет, сондай-ақ конституциялық қайта құруды жүзеге асыру жөніндегі құжаттардың келіп түсуі күтілуде",- деді сенат төрағасы.
 
esmuhanДата: Суббота, 19/Январь/2008, 11:12 | Сообщение # 141
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Кеше Сангтуда ГЭС-1 бірінші агрегатының іске қосылуының сынағы өткізілді, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.
"Азия-Плюс" ақпараттық агенттігі хабарлағанындай, "Барки точик" ОАХК бас инженердің орынбасары Рашид Гулов бірінші агрегат бірнеше күн бойы электр қуатын өндірместен жұмыс істейді деп мәлімдеген. Егер ол тұрақты жұмыс істейтін болса, онда гидрораптың негізгі қуаттылығын іске қосу 20 қаңтарда аяқталатын болады.
ГЭС ашылу ресми салтанатына ТР президенті Эмомали Рахмон және ресейдің энергетикалық холдингтің басшысы Анатолий Чубайс қатысады деп күтілуде.
Азия-Плюс" ақпараты бойынша Сангтуды-1 бірінші агрегатын өткен жылдың 21 желтоқсанында іске қосылуы көзделген болатын алайда, мерзім кестесі орындалмағандықтан, жоспар қайта өзгертілді.
"Сангтуды-ның электр қуатының құны "Барки точик" ОАХК мен гидрорапты салып отырған дирекция арасында талқыланады. Кейін құжат Тәжікстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрлігінің бекітілуіне жіберіледі", - деп хабарлады, Тәжікстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрлігінде .
"Сангтуды ГЭС-1" Душанбеден 200 шақырым жерде оңтүстік беткейіндегі Вахш өзенінің бойынша орналасқан. Бірінші агрегаттық қуаттылығы 167,5 МВт құрайды. Ал бір айда шығарылатын электр қуатының көлемі сағатына 72 млн кВт құрайды. "Сангтуды ГЭС-1" бақылаушы пакет акциясы РАО ЕЭС меншігінде.
2005 жылдың ақпан айында "Интер РАО ЕЭС" ЖАҚ пен Тәжікстан Республикасының энергетика және өнеркәсіп министрлігі "Сангтуды ГЭС-1" ААҚ құру жөнінде келісім-шартына қол қойды. РФ мен ТР үкіметаралық келісім-шартына сәйкес, ресей жағына 75%, ал Тәжікстанға 25% бөлінген.
 
esmuhanДата: Суббота, 19/Январь/2008, 11:13 | Сообщение # 142
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қарағанды облысында дауыл болатындығы ескертілді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.
"Казгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының мәліметтеріне сүйенсек, "18-қаңтар күні түнде Қарағанды облысының аумағында, оңтүстік аудандардан басқа жерлерде 35 градусқа дейін аяз болады, деп күтілуде".
"Біз барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін тиісті ақпараттар тараттық. Біз олардан төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысты кешенді шаралар ұйымдастырып, апаттық-құтқару қызметтерінің күші мен құралдарын дайындауды, өмірге маңызды нысандардың жұмыстарын қамтамасыз ету және көлік қозғалысына, жолдар мен көпірлердің жағдайына бақылау қоюды күшейтуді, байланыс және хабарландыру құралдарының дайындығын тексеруді сұрадық. Ахуалдың шиеленісуі туралы Қарағандының төтенше жағдайлар басқармасының жедел кезекшісіне тез арада хабарлауларын өтіндік",- деп хабардар етті департаменттегілер.
"Біз тұрғындарға ауа райын мұқият бақылап, өздерінің жағдайларын қадағалап, күн райының өзгеруіне қарай киінуге, қатты тоңу және үсінуге жол бермеуге, мүмкіндік болған жағдайда, әсіресе түнде алыс жолға шықпауға кеңес береміз",- деп еске сала кетті Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.
 
esmuhanДата: Суббота, 19/Январь/2008, 11:14 | Сообщение # 143
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық кедендік бақылау департаментінің жаңа бастығы тағайындалды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінде хабарлады.
"ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен ОҚО кедендік бақылау комитеті бастығының қызметіне Мейірхан Сатыбалдин тағайындалды ", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Жаңа басшы 51 жаста. Тағайындауға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болған. Прокуратура органдарында 28 жыл қызмет атқарған.
Ал Оңтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау комитетін алты жыл бойы басқарған Ұлықбек Жанабаевтың қайда қызмет атқаратыны әзірге белгісіз.
 
esmuhanДата: Суббота, 19/Январь/2008, 11:17 | Сообщение # 144
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Орынбор мұнай өңдеу зауытының негізінде шаруашылық қоғамын құру туралы келісімді бекіту жөніндегі" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімнің мақсаты газ өндіру саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту мен Қазақстан Республикасының Қарашығанақ кеніші мен РФ Орынбор облысындағы газ кеніштеріндегі көмірсутегі шикізатын өңдеу саласында өзара тиімділік жағдайларын жасауға саяды.
Келісімнің 1-бабына сәйкес, Қазақстан мен Ресей үкіметтері "ҚазМұнайГаз"ҰК"АҚ мен "Газпром" ААҚ-ына тең қаржымен Ресей Федерациясының біртұтас газбен қамтамасыз ету жүйесінің құрамды бөлігі болып табылатын Орынбор мұнай өңдеу зауытының негізінде шаруашылық қоғамын құруға септігін тигізеді.
Келісімнің 2-ші бабына сәйкес, бірлескен кәсіпорын Қарашығанақ кенішінде өндірілген шикі газды жыл сайын 15 млрд текше метрден кем емес көлемде аталған келісімнің шарттарына сәйкес сатып алу және өңдеуді, өңделген газды Қазақстан аумағында сату мен оны "Газпром" ААҚ-ның біртұтас экспорттық арнасы арқылы шетелдерге шығаруды қарастыратын коммерциялық ұзақ мерзімді (15 жылдан кем емес) келісім-шарттың негізінде құрылады.
6-шы бапқа сәйкес, "уәкілетті ұйымдар Бірлескен кәсіпорында өңделген Қарашығанақ кенішінен алынған газды Қазақстан нарығына паритетті негізде, соның ішінде тараптардың заңнамасына сәйкес өзара тиімді шарттармен қарама-қарсы сату шарттары мен тәртіптерін айқындайды".
Мұндай қарама-қарсы бағыттағы сауда-саттықтар тең көлемде және бірдей бағаға сатылады. Бұл ретте қарама-қарсы бағыттағы саудадағы, соның ішінде сату және сатып алу жөніндегі келісім-шартқа сәйкес газ бағалары салық салу және кедендік құнын айқындау мақсатымен түзетуге жатпайды.
Келісімге 2006 жылдың 3 қазанында Оралда қол қойылған.
Заң президенттің қол қоюына жолданды.
 
esmuhanДата: Суббота, 19/Январь/2008, 11:18 | Сообщение # 145
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "1926 жылдың 25-ші қыркүйегіндегі Құлдық туралы конвенцияны, 1953 жылдың 7 желтоқсанындағы Құлдық туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және 1956 жылдың 7 қыркүйегіндегі Құлдықты, құл саудасы мен құлдыққа ұқсас институттар мен салт-дәстүрлерді жою туралы қосымша конвенцияны бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Конвенцияларды бекітуге ұсынылған ережелерде адам саудасының алдын алу және оның жолын кесу, құлдыққа ұқсас институттар мен салт-дәстүрлерді жою қарастырылған.
Қосымша конвенцияның 1-ші бабына сәйкес, бұл конвенцияға қатысушы әрбір мемлекет құлдыққа ұқсас институттар мен салт-дәстүрлер бар жерлерде оларды біртіндеп және қысқа мерзімде біржола жоюға қолдан келетін және барлық қажетті заңнамалық және басқа да шараларды қолдануға тиіс.
Заң президенттің қол қоюына жіберілді.
 
esmuhanДата: Суббота, 19/Январь/2008, 11:20 | Сообщение # 146
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Бүгін өткен жалпы отырыста сенат депутаттары Жоғарғы соттың бірқатар судьяларын қызметтен босатты , деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Атап айтсақ, президенттің таныстыруы бойынша Людмила Баршанская, Тұрғын Беркалиева, Валентина Грибанова, Назым Суханова, Раиса Юрченколар отставкаға кетуге байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды.
Сондай-ақ, басқа қызметке ауысуға байланысты президенттің таныстыруымен Абай Рахметулин Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды.
 
esmuhanДата: Суббота, 09/Февраль/2008, 15:18 | Сообщение # 147
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
"Нұр Отан" партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде Қоғамдық кеңестерді құрды. Бұл туралы бүгін кеңестердің қызметіне арналған жиналыста партия төрағасының бірінші орынбасары Әділбек Жақсыбеков құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестердің жетекшілік қызметіне ұсынылған кандидаттар жіті қарастырылып, бүгінгі жиынға қатысып отыр", - деді Ә. Жақсыбеков.
Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Кеңесін Оралбай Әбдікәрімов басқарады.
Ә. Жақсыбеков атап өткеніндей, кеңесті құру - "кезекті науқандық шара емес". "Бұл жұмыс - ұзаққа жоспарланған және біздерден бұл жұмыстың тиімділігін көріп, оны жүзеге асыру ниетімізді, оған зейін салуымызды талап етеді", - деп атап өтті ол.
"Кеңестің басты мақсаттарының бірі - әрбір облыста, қалада,кенттерде, ауылдарда сыбайлас жемқорлық жағдайларына орын бермеу ахуалын туғызу", - деп мәлімдеді партия төрағасының бірінші орынбасары.
Оның сөздері бойынша, кеңестер жұмысының негізгі тәсілі болып "нақты сыбайлас жемқорлық жағдайлар қарастырылып тиісті органдарға жіберу, осы істер бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалайтын қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, лауазым иелері тарапынан жасалған және сыбайлас жемқорлықтың нышандары байқалған жағдайларға саяси-қоғамдық бағаларды беруді қалыптастыру".
"Ең маңыздысы, адамдардың қоғамдық кеңестердің қоғамды сыбайлас жемқорлықтан аластата алатын мүмкіндігінің бар екенін көруі қажет", - деп қорытындылады Ә. Жақсыбеков.
 
esmuhanДата: Суббота, 09/Февраль/2008, 15:19 | Сообщение # 148
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстан мен Франция үкімет басшылары Кәрім Мәсімов пен Франсуа Фийон екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Біз Қазақстан мен Франция арасындағы, Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасын талқыладық. Екі ел президенттерінің кездесуі кезінде екі ел үкіметтеріне нақты тапсырмалар берген, қазір бұлар жүзеге асты", - деді Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.
Ол "осыдан екі күн бұрын Қазақстан президентінің үкіметтің алдына "Еуропаға апаратын жол" атты бағдарламаны жасау міндетін қойғанын" еске салды. "Бұл бағдарлама қазірден-ақ орындала бастады, осында, міне, Франция үкімет басшысы мен оның әріптестері Еуропаның атынан келіп отыр", - деді ол.
Кәрім Мәсімов тараптардың "Франция жылдың екінші жартысында Еуропалық Одаққа, ал Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ- ына төрағалық жасайтындығына байланысты бірқатар халықаралық мәселелерді де талқылағанын" айтты. "Францияға біз аталған ұйымға төрағалық жасау мәселесі бойынша қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз",- деді ол.
"Экономика саласында біз Франция мен Қазақстан үшін маңызды бірқатар мәселелерді талқыладық. Энергетика саласындағы ынтымақтастық, Еуропаға, соның ішінде Францияға көмірсутегін кепілді сату мәселелерін талқыладық. Транспорт, атап айтсақ, темір жол, атом энергетикасы, қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастық, туризм және спорт, білім және мәдени даму салаларындағы нақты ынтымақтастық бағыттары айқындала бастады",- деді Кәрім Мәсімов.
 
esmuhanДата: Суббота, 09/Февраль/2008, 15:29 | Сообщение # 149
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы өткен жылы $4,68 млрд құрады. Бұл туралы бүгін қазақ-француз іскер топтарының қатысуымен өткен бизнес-форумында ҚР индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Кедендік статистикасының мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасы мен Франция арасындағы тауар айналымы 2007 жылы $4,68 млрд құрады", - деді Ғ. Оразбақов.
Министр атап өткеніндей, бүгінгі шаралар Қазақстан мен Францияның іскер топтарының экономикалық мүдделерін жақындастырып, болашақтағы қарым -қатынастардың жаңа бағыт-бағдарларын айқындап беруге мүмкіндік береді.
"Бүгінгі күні Қазақстанда инженерлік -техникалық қызмет, сәулетшілік, туризм, көлік және құрал-жабдықтар саудасы, мұнай және газ өндірісі сияқты салалары бойынша қызмет көрсететін 52 қазақ-француз бірлескен кәсіпорны тіркелген ", - деді Ғ. Оразбақов.
Ол атап өткеніндей, "Франциядан Қазақстанға электрлік, электрондық және механикалық жабдықтар, тұтыным тауарлары, дәрі- дәрмек пен косметика, көлік, азық-түлік, құрылыс материалдары импортталады. Франция негізінен элиталық болып саналатын тауарларды, оның ішінде- шарап, теңіз өнімдері, ірімшік, парфюмерия мен косметики, киім-кешек және аксессуарларды жөнелтеді".
Оның сөздері бойынша, Қазақстанға салынған шетелдік инвестициялар көлемі жағынан, Франция бесінші орында. Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, 1994 жылдан 2007 жылдың қыркүйек айына дейін қазақ экономикасына Францияның құйған жалпы инвестиция мөлшері $3,7 млрд құрады.
"Франция ғана Қазақстанға инвестиция салып отырған жоқ, Қазақстан да Францияның экономикасына қаржы құйып отыр. Қазақстан 2004 жылдан 2007 жылдың қыркүйек айына дейін Франция экономикасына $262,2 млн жұмсады.
 
esmuhanДата: Суббота, 09/Февраль/2008, 15:30 | Сообщение # 150
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Байқоңырда үстіміздегі жылдың сәуірінде Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын ұшыруға арналған "Союз ТМА-12" пилоттық ғарыш кемесінің ұшырылымы дайындалуда деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.
Ғарыш айлағының мамандары Байқоңырға 5 ақпанда жеткізілген "Союз ТМА-12" ғарыш кемесі ұшырылымының дайындығына кірісті.
С.П. Королев атындағы "Энергия" ғарыштық-зымыран орталығы мен Федералды ғарыштық "Байқоңыр" орталығы кемені вагоннан шығарып, арнайы стендке орнатты.
"Союз ТМА-12" ғарыш кемесі бойынша жұмыстар белгіленген кесте бойынша басталды. Жақын уақытта динамикалық тексерулер өткізіліп, олар аяқталғаннан соң ғарыш айлағының мамандары пневматикалық сынақтарын өткізудің дайындықтарына көшеді.
"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үстіміздегі жылдың 8-сәуіріне межеленген.
Қазіргі уақытта Звездный қалашықта құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко бар 17-ші негізгі экспедиция, сонымен қатар Халықаралық ғарыш станциясына баратын 14-ші экспедицияның ғарышкері - Корея Республикасының азаматы Сан Ко сапарға дайындалуда. Негізі экипаж мүшелері жарты жылдық ұшу мерзіміне дайындалуда. Ал Корей ғарышкері 10 тәуліктен соң, 16 экспедиция эпипажы мүшелері Юрий Маленченко және Пэги Уитсонмен түсірілетін "Союз ТМА-11" ғарыш аппаратымен жерге оралады.
Негізгі және қосалқы экипаждар ұшу алдындағы дайындақтан өту үшін Байқоңыр ғарыш айлағына наурыздың аяғында келеді деп жоспарлануда.
 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Страница 10 из 14«12891011121314»
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016
Используются технологии uCoz