Жаңалыктар - Страница 11 - Форум
SITE LOGO
Пятница, 09/Декабрь/2016, 01:05
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная Жаңалыктар - Страница 11 - ФорумРегистрацияВход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 11 из 14«1291011121314»
Модератор форума: esmuhan 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Жаңалыктар
esmuhanДата: Суббота, 09/Февраль/2008, 15:31 | Сообщение # 151
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
2012 жылы зейнетақылар мен жәрдемақылар орта есеппен екі еседен артық өсуге тиіс. Бұл туралы бүгін халыққа өзінің жыл сайынғы жолдауын арнау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"2009-2011 жылдарға арналған жаңа үш жылдық бюджет 2007 жылмен салыстырғанда орташа зейнетақы мөлшерін 2012 жылға дейін 2,5 есе, соның ішінде келесі жылы - 25%-ға, 2010 жылы - 25%-ға, 2011 жылы - 30%-ға өсіруді қамтамасыз етуге тиіс", - деп мәлімдеді президент.
Осы орайда Н. Назарбаевтың атап көрсетуінше, "2011 жылы базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% дейін өсуге тиіс".
"2009 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерінің ұлғаюы орта есеппен жылына 9%, бір жасқа дейінгі баланың бағым-күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақының кезеңмен ұлғаю мөлшері 2010 - 2011 жылдары 2007 жылғы жәрдемақы мөлшерінен орта есеппен 2,5 есе артық болатын деңгейге дейін жетуге тиіс",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұған қоса "2010 жылдан бастап төртінші және одан көп баланың тууына байланысты бір мәрте берілетін жәрдемақы мөлшері 2007 жылмен салыстырғанда 4 еседен артық болуға тиіс".
Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы, Н. Назарбаевтың айтуынша, "2012 жылы екі есе деңгейге дейін, соның ішінде 2009 жылы - 25%-ға, 2010 жылы -25%-ға, 2011 жылы - 30%-ға кезең-кезеңмен өсіріледі".
 
esmuhanДата: Суббота, 09/Февраль/2008, 15:33 | Сообщение # 152
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Алматы әуежайының әкімшілігі "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының шешімімен көшірілуі 25-қаңтарға қалдырылған төрт жанұя тұрып жатқан үйді бұзу үшін тағы да жұмысшылар мен техниканы жіберді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне бұзылып жатқан үй тұрғындары хабарлады.
"Бүгін (28-қаңтарда - агенттік ескертпесі) сағат он бірде біз "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының қабылдауында болдық. "Алматыжердің" заң басқармасының бастығы Сергей Чайкин бізге көшіру кейінге шегерілді және бізді ешкім мазаламайды деген болатын. Ал сағат 13.20-да тағы да жұмысшылар келіп, біздің есік, терелерімізді сындырып, едендерді бұза бастады. Оларға тіпті техниканы тасымалдаудың да қажеті жоқ. Құрылыс біздің қасымызда. Сондықтан, бүкіл техника да бізге тиіп тұр", - деді тұрғындар.
С. Чайкин "Қазақстан-Бүгін" агенттігіне хабарлағандай, әуежай жанындағы №3 үйдің 4 жанұясын және №1 үйдің бір жанұясын көшіру "тараптар бейбіт келесімге келгенге дейін" шегерілген. Оның айтуынша, екі үйдің тұрғындары әр жанұяға 80 мың АҚШ долларлық өтемақыға келіскен. "Бұл талаптар әуежай әкімшілігіне жіберілді. Әзірге олардан жауап болған жоқ. Алайда, әуежай бейбіт келісімге келіп, көшіріліп жатқан бес жанұяның талаптарына құлақ асуы ғажап емес", - деді С. Чайкин.
Тұрғындардың айтуынша, 3 екі қабатты үйде 24 жанұя өмір сүрген. "Әуежайдың кеңеюі себепті олар бізге пәтерлеріміз үшін 12 мың АҚШ долларын ұсынды. Біртіндеп олар бұл соманы 30 мыңға дейін көтерді. Кейін Түрксіб аудандық соты өтемақыны 45-48 мың АҚШ доллары көлемінде бекітті. 19 жанұя, негізінен зейнеткерлер, Алматы облысынан үй сатып алды. Біздің үйімізді бірнеше рет бұзуға тырысты. Былтыр мамыр айында жарығымызды өшіріп тастап, бульдозер келіп су алатын бағанымыздың быт-шытын шығарды. Біз содан бері сусыз, жарықсыз өмір сүрудеміз", - деді тұрғындар.
Олардың айтуынша, іс әкімшілік атынан өкілеттік етуші әуежайдың заң бөлімінің бастығы Т. Бурабаев әйелдердің біріне қол көтеруге дейін барған. Ол әйел кейін оның атына полицияға және Түрксіб ауданының прокуратурасына шағым түсірген.
Жәбірленушінің айтуынша, оларды күшпен көшіруге әрекет жасалған 25-қаңтар күні сол жерге келген полиция қызметкерлерінен Т. Бурабаевқа қатысты істің қалай жүріп жатқандығы жөнінде сұраған. "Олар Біріккен ұлттар ұйымына барып шағымдансаң да Бурабаевқа еш нәрсе істей алмайсың, деп жауап берді", - деді жәбірленуші әйел. Оның айтуынша, қол көтеру дерегі бейнетаспаға жазылып алынған.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 18:20 | Сообщение # 153
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен және Ресейде жексенбіде өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткен Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті. "Д.Медведев Қазақстанда бірнеше мәрте болғанын және елімізді Ресейдің ең сенімді әрі жақын одақтасы деп санайтынын мәлімдеді. Ол екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастар мен көп жақты экономикалық әріптестік бауырлас халықтың игілігіне барған сайын қарқындана дамитынына нық сенім білдірді",- делінген Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 18:22 | Сообщение # 154
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ҚР халқы арасында интернет тұтынушыларының санын жақын уақытта 20% жеткізу үшін интернет қызметінің тарифтерін төмендету керек. Мұндай бағаны бүгін ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Статистиканың мәліметтері бойынша "Мегалайн" өзінің тарифтерін 20% азайтып, интернетті пайдаланушылардың қатарын екі есеге ұлғайтты", - деп еске салды Қ. Есекеев.
"Менің пікірімше, егер болашақта тарифтерді төмендету үрдісі жалғасатын болса, онда тұтынушылар саны жақын уақытта 20 % жетеді ", - деп толықтырды ол өз ойын.
Қ. Есекеев айтқанындай, жалпы халық арасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы аясында 20 % көрсеткішке 2009 жылы жетеді деп агенттік болжамдаған болатын.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, маркетингтік ICT Marketing агенттігі, 2007 жылы ҚР интернет желісін пайдаланып отырған 1 млн 600 мың тұтынушы тіркелген, бұл жалпы халықтың 11% құрайды. "Жыл сайын пайдаланушылар саны өсіп, олар интернетте негізгі "Қазақстан", "Астана" және "Алматы" сөздерін іздестіруде. "Яндекс" және "Рамблер" компанияларының мәліметтері бойынша бүгінде Қазнеттің ресурстарын ай сайын 1 млн адам пайдалануда. Оның 62 % Қазақстан халқы, 29 % Ресей тұрғындары, 4 % ТМД басқа елдері, 3% - Еуропа, 1% - Солтүстік Америка мен Азияға тиесілі, 0,5 - басқа мемлекеттердің халықтары", - деп қорытындылады К. Есекеев.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 18:24 | Сообщение # 155
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қала әкімінің бұйрығымен Архат Сыдықов Астана қаласының ішкі саясат жөніндегі департаментінің жаңа басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Бұл қызметке дейін А. Сыдықов Астана қаласының өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаменті директорының орынбасары болған, сондай-ақ Астана әкімдігінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған.
Ал әкімдіктік ішкі саясат жөніндегі департаментінің бұрынғы басшысы Арын Орсариев Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Астана әкімінің тағы да бір бұйрығымен Аманбек Балабеков Астана қаласы әкімдігі аппаратының мемлекеттік қызмет мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Астана қаласы әкімдігі аппаратының тіршілік қамтамасыздығы және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы қызметін атқарған болатын.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 18:27 | Сообщение # 156
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
2007 жылы Қазақстанда 23 тонна есірткі тәркіленді, оның 857 килограммы апиын мен героин. Бұл туралы ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы Маратқали Нүкенов бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"2007 жылы есірткілік қылмыстарды әшкерелеу көрсеткішінің өсіміне байланысты оңды ағым байқалды. Ашылған қылмыстардың саны 10 мыңнан асты, ал сату көлемі 10%-ға өсті. 23 тонна есірткі, соның ішінде 857 килограмм апиын мен героин заңсыз айналымнан алынды", - деді М. Нүкенов.
Есірткілік қылмыстарға қатысты ахуалға жүргізілген талдау "кейінгі жылдары есірткінің дилерлік желісінің мейлінше тұрақты негізге ден қойғанын" көрсетіп отыр. "Есірткілік ұйымдасқан қылмыс түрі мен оның трансұлттық байланыстары күшейе түсуде. 2004 жылдан бері ұйымдасқан қоғамдастықтар тарапынан жасалған қылмыстар саны 3 есе өсті. Тек өткен жылы есірткі жеткізетін 196 арна жойылып, 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-қызметіне тосқауыл қойылды".
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 18:28 | Сообщение # 157
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес комитетінің қызметкерлері халықаралық есірткі тасымалдау арналарын анықтау жұмыстарының нәтижесінде 50 килограмнан астам есірткі тәркіледі, деп хабарлайды агенттік ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтсақ, көліктегі шығыс ішкі істер департаментінің есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері ҚР есірткіні бақылау агенттігінің қызметкерлерімен бірлесіп, "Рубеж" бекетінде арнаулы шараның нәтижесінде бес килограмм героинмен 52 жастағы Қазақстандық әйелді ұстады.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, героинді әйел төрт дорбаға салып, денесіне байлап алған. Қазір оның сатылатын орнын анықтауға бағытталған жедел шаралар жүргізілуде.
Сонымен бірге, "Астана - есірткісіз қала" бағдарламасын жүзеге асыру барысында Астана қаласы мен Павлодар облыстық ІІД-нің есірткімен күрес жөніндегі қызметкерлері Астанаға 800 грамм героинді сатпақ болып келген 33 жастағы Павлодар тұрғынын құрықтады. Тінту кезінде одан тағы да 12 грамм героин табылып тәркіленді.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстық ІІД-нің есірткімен күрес жөніндегі полицейлері Семей қаласының "Ертіс" бекетінде төрт кісі мінген "Тойота-Виндом" көлігін ұстады. Автокөліктің жүксалғыш бөлігінен жалпы салмағы 47 килограмм марихуана салынған 13 дорбасы бар қол сөмкесі табылды.
Қазір осы деректер бойынша тергеу жүргізілуде.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 18:30 | Сообщение # 158
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстанда 2013 жылы энергетика мамандарына деген сұраныс бір мың адамнан асады, деп мәлімдеді "Самұрық" холдингі басқармаларының төрағасы Қанат Бозымбаев.
"Холдинг құрамына енетін тек электр қуатын өндіруші компанияларда 2008 жылы энергетик-мамандарға деген сұраныс 214 адамды, ал 2012 - 2013 жылдары 1038 адамға дейін жетеді, соның ішінде Балхаш ЖЭС (1-ші кезегі үшін) - 640 маман, Екібастұз 2-ші ГРЭС үшін - 298 маман қажет", - деді Қ. Бозымбаев Астанада өткен үкіметтің отырысында сөйлеген сөзінде.
Сондай-ақ, "осы талқыланып отырған электр станцияларының құрылысына жұмыс ең қызатын кезеңде 8 мыңға дейін адам жұмылдырылады", деді ол.
"Сөйтіп, жаңа қуат көздерін салу мен одан әрі пайдалану жұмыс орындарын құру және халықты жүйе құрушы жаңа электр станцияларының маңайында шоғырландыру жағынан алғанда айрықша үлкен әлеуметтік маңызға ие болмақ", -деді Қ. Бозымбаев.
Бұл мәселені шешу үшін, оның пайымдауынша, "алдағы оқу жылында электр энергетикасы саласындағы мамандықтар бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуға бөлінетін мемлекеттік гранттар мен "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелдерде, бірінші кезекте Ресей Федерациясы, ҚХР, Германия мен Францияда білім алатын балалардың санын біршама арттыру қажет".
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 18:31 | Сообщение # 159
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Ақтөбе полициясы атыс қаруларын тапсырғаны үшін жергілікті тұрғындарға 595 мың теңге төлеуге дайын. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Есен Есмаханов хабарлады.
"Үкіметтің белгілі қаулысын жүзеге асыру мақсатында және ҚР ІІМ талаптарын орындау үшін біз халықта заңсыз сақталып отырған атыс қарулары мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыруды ұйымдастыру бойынша белгілі мөлшерде жұмыс жасадық. Нәтижесінде ақтөбеліктер ату қаруының 72 данасын тапсырды", - деп атап көрсетті Е. Есмаханов.
Қазір, оның айтуынша, ерікті түрде тапсырылған қарулардың 17 данасын сатып алу туралы шешім шығарылған. Осы мақсатпен ІІД қаржы бөлімі басқармасы арқылы 595,6 мың теңге көлемінде қаражат бөлу қарастырылған.
Атыс қарулары, қару-жарақ пен жарылғыш заттарды ақы төлеп алу шығынын қаржыландыру осы мақсатқа қарастырылған республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
"Қалған 55 іс бойынша дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін тексеру үшін және үстіміздегі жылдың наурыз айының соңына дейін миллион теңгеден астам соманы төлеу үшін құжаттары қаржы бөлімі басқармасына ұсынылатын болады", - деп толықтырды Е. Есмаханов.
Облыстық ІІД бастығының орынбасарының айтуынша, 2008 жылы Ақтөбе облысының аталған мақсаттарына үкімет 7 млн теңгеден астам қаржы бөлген. Оның ішінде наурызда 1,1 млн теңге, сәуір айында 1,7 млн теңге қарастырылған.
Облыстық ІІД атап көрсеткендей, сонымен бірге, биылғы 1 қаңтардан бастап елімізің ішкі істер органдарында сатып алынған жарақаттағыш қаруды тіркеу жүйесі енгізілгенін ескер отырып Ақтөбе полициясы қазірдің өзінде "Оса" маркалы 55 жарақаттағыш тапанша мен "Стражник" маркалы 73 қаруды тіркеді.
Осы үшін ҚР ІІМ үш ай уақыт (1 ақпан - 30 сәуір 2008 жыл) белгілегені белгілі. Ол уақыт аяқталысымен тіркелмеген жарақаттағыш тапанша заңсыз сақталынған қару ретінде тәркіленетін болады.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 18:32 | Сообщение # 160
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстандағы есірткінің заңсыз айналымы нарығында баға жағдайы өзгеріске ұшырады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы Маратқали Нүкенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.
"Барлық шұғыл құрылымдар қызметінің белсенділігінің артуына байланысты есірткінің заңсыз айналымы нарығында баға жағдайы өзгерді. Шұғыл мәліметтерге сүйенсек, солтүстік аймақтарда героинның орташа нарықтық бағасы екі есеге жуық артқан. Ал оңтүстік облыстарда өсім шамамен 130 пайызды құрап отыр", - деп хабарлады М. Нүкенов.
Оның айтуынша, Қазақстанда нашақорлықпен және есірткі саудасымен күрес стратегиясын жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен жыл сайын шамамен 500 млн теңге бөлінеді. Ол сондай-ақ, қаржыландыру көлемін жыл сайын шамамен 20 пайызға арттыру көзделіп отырғанын атап көрсетті.
М. Нүкенов еліміздің оңтүстігінде "Оңтүстік" және "Алқап атырауы" арнайы бөлімшелері құрылғанын хабарлады. Бұл бөлімшелердің қызметі ауыр есірткілердің тасымал арналарын анықтауға, Қазақстан жерінде өсетін канабистің таралуының алдын алуға бағытталған.
ІІМ өкілінің айтуынша, Қазақстанда қазіргі уақытта канабистің заңсыз өсірілуін мониторингтен өткізу жүйесі қалыптасып келе жатыр. Бұл үшін алыстан басқару технологиясын пайдалана отырып канабис өсетін жерлердің картасы жасала бастады. Балама жобалар да жасалуда. Олардың қатарында сораны өнеркәсіптік қайта өңдеу мен Шу алқабындағы жабайы өсетін сораны жою бар.
М. Нүкенов хабарлағандай, ІІМ нашақорлық пен есірткі саудасын тамырымен жою мақсатында республикада есірткі пайдалануға жалпыға бірдей тест өткізуді енгізуді ұсынып отыр. ІІМ өкілі тағы бір шарасы ретінде есірткімен байланысты қылмыс заңнамасын қатаңдатуды атады. "Заңнамалық базаны жетілдіру қажет. Есірткі саудасын жасағаны үшін өмір-бақи бас бостандығынан айрылу жазасы енгізілетін заң жобасы парламент сенатының қабылдауында жатыр. Көңіл көтеретін орындар, ойын-сауық орталықтары бойынша және есірткіні жоюға қатаң шаралар қолдану қажет", - деді М. Нүкенов.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 18:38 | Сообщение # 161
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігі құрастырыла бастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі М.Хруничев атындағы орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғарыш айлағының мамандары "АМС-14" ғарыш аппаратын ұшырылымға дайындаудың кезекті цикліне кірісті.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 92А-50 алаңның монтаж-сынақ кешенінде зымыран тасығыштың ғарыштық бас бөлігін құрастыру операциялары басталды.
Байқоңырдан "АМС-14" ғарыш аппаратын "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына межеленген.
"АМС-14" телекоммуникациялық спутнигін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы әзірлеген. Спутник 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. "АМС-14" телекоммуникациялық спутнигі 15 жыл пайдалануға есептелген.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 18:40 | Сообщение # 162
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Биылғы жылдың наурыз айында Ұлттық банкі 100 млрд теңге көлемінде қысқа мерзімді ноталардың төрт аукционын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттік Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің баспасөз орталығының хабарламасына сілтеме жасай отырып.
Кестеге сәйкес аукциондар 7, 14, 21, 28 наурызда өткізіледі деп жоспарланып отыр, қағаздардың айналым мерзімі 28 күн. Жарияланған әрбір шығарылым көлемі -25 млрд теңгені құрайды.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 18:47 | Сообщение # 163
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
2008 жылы наурыздың 3-5 аралығында Lloyd's Register Group халықаралық жіктеу қоғамы халықаралық теңіз конвенциясының талаптарын іс жүзінде қолдану бойынша ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің Су көлігін бақылау басқармасының мамандарымен тренинг өткізеді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
"Тренингтер Қазақстан Республикасында тіркелген әкімшілік немесе соттардың тапсырмасымен іске асырылатын қызметтерді көрсету өкілдігін бөлу бойынша 2007 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі мен Lloyd's Register Group арасында қол қойылған келісім аясында жүргізіліп жатыр. Тренинг аяқталысымен дайындықтан өткен мамандарға сертификаттар табыс етілетін болады", - деп көрсетілген ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында.
Lloyd's Register Group компаниясымен өзара ынтымақтастық Қазақстанға дүниежүзілік теңіз қоғамдастығына интеграциялануға, заманауи қауіпсіздік, сапа және қоршаған ортаны қорғау стандарттарын икемдеп, енгізуге, халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес кемелерді жіктеуді және техникалық қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бұл Халықаралық теңіз ұйымының конвенция нормалары талап ететін ИСО 9001:2000 сапа менеджменті жүйесіне сәйкес сертификациядан өтуге көмектеседі.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 18:49 | Сообщение # 164
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Үш жасөспірім, оның екеуі 8-ші сынып оқушылары, бір түннің ішінде 5 қымбат көлікті тонап кеткен. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
"Олар бір түн ішінде бес рет көлік тонаған. Барлығында да күдіктілер көліктердің терезелерін сындырып отырған. Қызығы, кейін анықталғандай, көліктердің ешқайсысы да күзет жүйесімен жабдықталмаған", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД патрульдік полиция полкінің командирі полиция полковнигі Қанат Шалқыбаев.
Атап айтқанда, кешкі сағат он шамасында күдіктілер Бұқар жырау бульварындағы дәмхана маңына қойылған "Тойота Лэнд Крузер" көлігінің терезесін сындырып, ноутбукты ұрлап әкеткен. Сол жерде олар тағы да "Хонда" автокөлігінен сөмке және қымбат автомагнитола ұрлап кеткен.
Белгілі болғандай, тұтқындалғандардың екеуі қаланың орта мектептерінің сегізінші сынып оқушылары екен. Ал үшіншісі еш жерде оқымайды.
Тергеу барысында полиция қызметкерлері машина салондарынан ұрланған зат көлемі 800 мың теңгені құрайтынын анықтады. Заттай айғақтарды (қалта телефондары, автомагнитола және ноутбук) полиция қызметкерлері тұтқындалғандардың пәтерлерінен тауып, тәркіледі.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 18:51 | Сообщение # 165
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (алдын ала деректер бойынша 22 579,0 млн. доллар) 41 624,7 млн доллар болып, өткен аймен салыстырғанда 2,2% өсті, деп хабарлайды агенттік ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылғы ақпанда Ұлттық банктің халықаралық резервтері азайды.
Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 0,6 %-ға (немесе 114,7 млн долларға) төмендеді.
Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу бойынша операциялар, үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуі Ұлттық қордың активтерін толықтыру, үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен бейтараптандырылды. Бұдан басқа екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтары азайды.
Нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 213,3 млн. доллар, әлемдік нарықтардағы бағасының 4,9% өсуі нәтижесінде алтындағы активтер 98,6 млн долларға өсті.
Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің өсуі 2008 жылғы ақпанда ақша базасының 4,6%-ға (немесе 70,0 млрд теңгеге) кеңеюіне себепші болды.
 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Страница 11 из 14«1291011121314»
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016
Используются технологии uCoz