Жаңалыктар - Страница 12 - Форум
SITE LOGO
Суббота, 03/Декабрь/2016, 14:37
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная Жаңалыктар - Страница 12 - ФорумРегистрацияВход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 12 из 14«121011121314»
Модератор форума: esmuhan 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Жаңалыктар
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 18:52 | Сообщение # 166
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
- Семейде қаланы жасылдандыру жұмыстары басталды. Бұл туралы Семей әкімінің орынбасары Серікқазы Оразәлиев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.
"Қалада 10 жылдай бұрын таратылған "Зеленстрой" кәсіпорнының жұмысы қайта жанданды. Енді қаланы жасылдандыру жұмыстары бұрынғыдан гөрі жоспарлы және нәтижелі болмақ. Кәсіпорын қызметкерлері жұмысты бастап та жіберді - Бозтаев көшесінің бойында 100 ағаш отырғызылды", - деді С. Оразәлиев.
Ол енді егу жұмыстары бұрынғыдан өзгеше болатынын атап өтті. "Біз қарапайым дәстүрден бас тартып отырмыз. Егер бұрын тиімділігі төмен, биіктігі бір метрден аспайтын ағаштарды отырғызсақ, енді 2,5 - 3 метр биіктіктегі ағаштарды отырғызатын боламыз. Оның тамырымен топырағы да бірге болады. Сондықтан, олардың 99 пайызы бейімделіп кететіні күдік тудырмайды", - деп түсіндірді қала әкімінің орынбасары.
Ол 2008 жылы барлығы 3 мыңдай ағаш - терек, қайың, шырша отырғызылатынын хабарлады. "Қандай көшелерде отырғызатынымыз белгілі. Уәкілетті органдармен уағдаластық. Енді наурыз айының ішінде осы жұмыстарды аяқтауымыз керек", - деп сөзін қорытындылады С. Оразәлиев.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 18:53 | Сообщение # 167
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Орталық Азия елдері су-энергетика саласындағы төрт жақты келісімге қол қоюы қажет. Бұл туралы Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрі Сапарбек Балқыбеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы көп жылдық көп жақты келісімдер елдер үшін су энергетикасы саласында кепілдікке айналады. Бұл барлық республикалар үшін тиімді", - деді С. Балқыбеков.
Министр сол арқылы Орталық Азия елдерін келісімге қол қоюға шақырды. Оның айтуынша, Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігі осы жылдың ақпан айында үш елдің салалық мекемелерінің өкілдерін алдағы келісімнің жайын талқылауға шақырды. Өзбекстан жағы одан бас тартты.
"Су таситын және су тапшылығы белең алатын қуаңшылық кезеңдері төрт елдің экономикасына да, әсіресе жер суландыру кезінде қатты әсер етеді", - деді С. Балқыбеков.
Қырғызстан Орталық Азиядағы энергетикалық ресурстардың 2%, су энергетикалық ресурстардың 30%-ына ие, оның оннан бір бөлігі ғана игерілген. Қырғызстанның отын-энергетикалық баласының құрылымында импорт 50%-дан асады.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 18:56 | Сообщение # 168
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Жоғарғы сот Қазақстан азаматының Абай қаласы тұрғыны Нұрхан Жұмабековтың көлік жүргізушілердің кәулігіне талондарды енгізу жөнінде "үкіметтің 1997 жылғы 25 қарашасында №1650 қабылданған қаулысына толықтырулар енгізу туралы" үкіметтің 2007 жылдың 9 қаңтарындағы №6 қаулысының заңдылығына қатысты шағымын қарастыруға кірісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Сот отырысы кезінде арыз беруші бұл қаулының ҚР Конституциясының 14, 39, 61 баптарына қайшы деп мәлімдеді.
"Конституцияның 14 бабына сәйкес, тұрғылықты жеріне қатысты ешкімге кемсітушілік жасалмайды. Мен Қазақстан Республикасының азаматымын, осы елде тұрамын. 1994 жылдан бері көлікті жүргізудің арнайы құқығына ие болдым. Менің пікірімше, маған қатысты бұл жерде кемсітушілік бар. Халықаралық қозғалысқа қатысатын жүргізуші, яғни оның көлігі Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын тұлғаның иелігінде болғандықтан, жүргізуші куәлік талонын алуы міндетті емес ", - деп түсіндірді Н. Жұмабеков.
Ол атап өткеніндей, "Конституцияның 14 бабында айтылғанындай, заң алдында бәрі тең дәрежелі". "Бұл жерде Қазақстан Республикасы территориясында көлік қозғалысының екі субъектісіне бірдей міндеттер қарастырылмаған", - деп есептейді арыз беруші.
Оның пікірінше, 2007 жылдың 9 қаңтарынан бастап, үкімет қаулысымен жол қозғалысының екі субъектісіне (ұлттық жол жүру және халықаралық жол жүру) "екі түрлі талаптар қойыла бастады".
"Жол жүру ережесінің 1 бөлімінің 2 тармағына сәйкес, ұлттық жол қозғалысына қатысатын жүргізушінің жол куәлігінің талоны болуы керек. Ал осы ереже бойынша 2 бөлімнің 2 тармағына сәйкес, халықаралық жол қозғалысына қатысатын жүргізушіге ондай міндеттер жүктелмеген ", - деп толықтырды Н. Жұмабеков.
Ал сот алдында жауап беруші ҚР ІІМ заң департаменті бастығының орынбасары Шынтас Манкешов мәлімдегеніндей, " жүргізушілер кәулігінің талоны мен жүргізушілерге қажетті қосымша құжат тізімі үкімет қаулысымен әкімшіліктік құқық бұзушылық кодексінің талаптарына негізделіп қабылданды".
"Үкімет қаулысында адам құқығын шектеу немесе кемсітушілік түрлерін тудыратын немесе оларға тосқауыл қоятын нормалары бекітілмеген, өйткені Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамаларының талаптары басқа мемлекеттерге таралмайды", - деп есептейді ол.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 19:03 | Сообщение # 169
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қызылорда облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы 2007 жылы қызметтік тәртіпті бұзған 185 адамды анықтады. Бұл туралы жақында құрылған полиция қызметін қоғамды бақылау кеңесінің отырысында басқарма бастығы Қанат Дәулетбай мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Қызылорда облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы 2007 жылы 205 рейд жүргізді. Оның барысында қызметтік тәртіпті бұзған 185 адам анықталды, 112 полиция қызметкері әкімшілік, ал 61 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 9 полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның төртеуі сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша", - деп атап көрсетті Қ. Дәулетбай.
Атап айтқанда, басқарма бастығының ақпаратына сүйенсек, заң бұзғандардың бірі, полицияның аға лейтенанты жергілікті тұрғыннан 400 теңге тартып алғаны үшін 2 жыл 9 айға сотталды. ІІД тәрбиелеу және кадр жұмысы басқармасының бастығы Мамудин Шохатаев ендігәрі полиция болудан үміткер әрбір адамға тәжірибелі қызметкерлер қатарынан екі адам кепіл болуы тиіс деп хабарлады. М. Шохатаев атап көрсеткендей, "қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан бөлімшенің жеке құрамының сотта болуы тәрбие жұмысында маңызды фактор болды".
Баспасөз қызметі хабарлағандай, қоғамдық кеңес мүшелері полиция қызметкерлерінің түр-тұлғасын қадағалайтын коменданттық патрульдерді енгізуді құптады. Халық арасында құқық қорғау органдарының оң бейнесін жасау жұмысын күшейту қажеттілігіне назар аударылды.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 19:04 | Сообщение # 170
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Солтүстік Қазақстанда "Автобус" жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында жолаушылар көліктерінің жүргізушілері жасаған 137 заң бұзушылық анықталды, деп мәлім етті "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Оның ішінде, көліктің техникалық жағдайының нормативтік талаптарға сәйкеспеудің 44 оқиғасы, техникалық тексеруден өткізілмеген көлікті пайдаланудың 38 дерегі, көлік салонын өзгертудің 20 дерегі бар. Жолаушылар көлігін мас күйінде басқарғандары үшін 3 жүргізуші жазаланды. Мас жүргізушілерді көлік басқаруға жіберген ұйымның 5 жұмысшысы да жазаға тартылды.
"Автобус" операциясының соңғы күні жол полицейлері көлік тасымалымен айналысатын ұйым басшыларымен кездесті. Мұнда операция қорытындысы қарастырылып, ұсыныс, кеңестер айтылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 19:04 | Сообщение # 171
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник "Лицензия беру туралы" заңды оңайлату қажет деп санайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
""Лицензия беру туралы" заңды мейлінше оңайлату қажет, біз оның соңғы редакциясын күрделілендіріп жібердік, үкіметтің 2008 жылдың 31 қаңтарындағы №80 қаулысы шыққан соң туынды металлургияның қалдықтар жинау саласындағы ахуалды мүлдем қиындап кетті, бұл - күрделілендірудің кесірі", - деді В. Школьник.
Оның айтуынша, бұл қаулы 2007 жылдың қаңтарында күшіне енген "Лицензия беру туралы" жаңа заңға сәйкес шығарылған. Қара металл қалдықтарын жинауға бұған деййін берілген лицензиялар өз күшінде деп танылады, бірақ, олар тек "облыс орталықтарында ғана орналасқан металл сынықтарын жинайтын негізгі орындарға ғана таралады". "Алайда, осы орталықтардың металл дайындау пункттері әрбір ауылда бар, ал қазір біз қаулыда олардың бәрі де лицензия алуға тиіс , немесе жабылуға тиіс деп отырмыз", - деді министр.
В. Школьниктің айтуынша, үкіметтің № 80 қаулысы сыбайлас жемқорлыққа қатысты сараптамадан өтіп, барлық мемлекеттік органдармен және елімізде аккредитацияланған 23 жеке кәсіпкерлік қауымдастықтарымен келісілген. "Өз формасы тұрғысынан ол "Лицензия беру туралы" заңға да толық сәйкес келеді", -деді ол.
"Бір ғажап жері, біз бір жағынан басқа кәсіпкерлер үшін де рынокты еркіндікке жіберіп, лицензия алу құнын 80-60 мың АЕК-ке дейін төмендетсек, екінші жағынан - мыңдаған адамдар үшін жұмыстарын күрделілендіріп, қалыпты ырғақтан айырдық", -деді министр.
"Бұл қаулының жобасын әзірлеп жатқан кезде біз әкімдіктер мен қауымдастықтардың ұсыныстарын тыңдадық, олар түсті металл дайындаумен шұғылданады, бірақ біз бәрін де заңды істесек те, қара металл қалдықтарын жинау, сақтау, өңдеу және сатумен айналысатын адамдардың пікіріне құлақ аспадық", -деді В. Школьник.
В.Школьник қазіргі бар нормативтік базаның бизнеске салатын салмағы тұрғысынан екі айдың ішінде қайта қарауды тапсырған президенттің тапсырмасын еске салды. "Осыған байланысты "Лицензия беру туралы" заңды қайта қарап, артық тұстарын алып тастауды ұсынамын", - деді В. Школьник.
Өз кезегінде республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов индустрия министрлігіне №80 қаулыны бір айда пысықтауды тапсырды. "Кеше шағын және орта бизнес өкілдерімен, соның ішінде "Туынды металлургия өнеркәсіпшілерінің республикалық одағы" қауымдастығының өкілдерімен пайдалы кездесулер болып өтті. Олар осы қаулыға қатысты мәселені көтерді, бізге көп нәрсені өзгертуге тура келмек", -деді үкімет басшысы.
Одақтың мәліметінше, елімізде жылына 4 - 5 млн тонна қара металл қалдықтары жиналады, ал өзіне 25 кәсіпорынды қамтитын одақтың өзі осы көлемнің 50% жинайды.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 19:05 | Сообщение # 172
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Қазақстанда ең көп сұранысқа ие 30 интернет-ресурстан пул құрмақшы. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Біз Қазақстанда ең көп сұранысқа ие 30 интернет-ресурстан пул құруды ұсынамыз. Өйткені, интернет тұтынушыларының статистикасы олардың елімізде ең танымал бес-алтты сайтты ғана жиі қолданатынын көрсетіп отыр", - деді Қ. Есекеев.
"Қазақстандағы бұдан өзге сайттар қызығушылық тудырмайды", - деді ол.
"Біз осындай 30 интернет - ресурсты қалыптастыру үшін тиісті зерттеулер жүргізіп, Қазақстандағы тұтынушылар үшін ең қызғылықты интернет-ресурстарды анықтамақшымыз", -деді агенттік төрағасы. Оның айтуынша, осындай 30 интернет-ресурстың 10-ы мемлекеттік, 20 - ы жеке меншік болмақ.
"Біз осындай сайттарды халық арасында ілгерілетуге тұрақты жұмыс істейтін боламыз", - деді Қ. Есекеев. Оның пікірінше, Қазақстандағы интернет-ресурстардың басым бөлігіне қатысты осындай жұмыстар жүргізу қазір "мәнсіз". "Егер ағымдағы статистикаға жүгінетін болсақ, Қазақстанда қазір күніне кем дегенде 1000 адам бас сұғатын 50 сайт қана бар. Ал біздің мақсат - осы 30 сайтты әрбір Қазақстандық тұтынушы үшін сұранысқа ие болдыру", - деді ол.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 19:06 | Сообщение # 173
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мен Ресей Федерациясының төтенше жағдайлар министрі Сергей Шойгу бүгін Астанада ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.
Атап айтқанда, төтенше жағдайлар министрлері 1994 жылдың 28-мамырындағы өнеркәсіптік апаттар, апаттар мен зілзалалардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үкіметтері арасындағы келісімді жүзеге асыру бойынша 2008-2009 жылдарға арналған бірлескен шаралар жоспарына қол қойды.
Сондай-ақ, министрлер өнеркәсіптік апаттар, апаттар мен зілзалалардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен коиссияның ережесін бекітті.
"Ресей ТЖМ-нің оң тәжірибесі өзіміздің жүйемізді жасауда және оны дамытуда бізге көмек болмақ", - деп мәлімдеді баспасөз мәслихатында ҚР төтенше жағдайлар министрі В. Божко.
Ол Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Сергей Шойгумен болған кездесу барысында тақырыптық келіссөздер болғанын хабарлады. "Біз өзара қарым-қатынастарымызды әрі қарай дамыта беру қажеттігі туралы ортақ пікірге келдік", - деді В. Божко.
Ол сонымен бірге, Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі дүнижүзіндегі ең алдыңғы қатарлардың бірінен орын алатынын, жекелеген құтқару операциялары бойынша ғана емес азаматтарды, олардың денсаулығы мен мүлкін қорғау бойынша тұтастай мемлекеттік шаралар жүйесін жасау мен жүзеге асырумен байланысты аса бай тәжірибеге ие екендігін атап көрсетті.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 19:08 | Сообщение # 174
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Заңсыз есірткі айналымымен және оған байланысты қылмыстармен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы пилотты режимде мәжбүрлі жұмыс істеуде . Бұл туралы БҰҰ-ның Орталық Азиядағы есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының аталған орталықты құру жөніндегі жобасының аға үйлестірушісі Тофик Муршудли баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Есірткінің айналымына қатысты ахуал жақсарған жоқ, Ауғанстанда апиын көкнәрінің рекордтық түсімі жиналып, героин өндірілуде. Осыған байланысты Заңсыз есірткі айналымымен және оған байланысты қылмыстармен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығын құру жөнінлегі келісімнің ратификациялануын күтпей, орталықтың іс-қызметін пилотты негізде бастай беру жөнінде шешім қабылданды ", - деді Т. Муршудли.
Оның айтуынша, Заңсыз есірткі айналымымен және оған байланысты қылмыстармен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығын құру жобасының донор-мемлекеттерінің өкілдері қатысқан 2007 жылдың 5 маусымындағы кеңес барысында пилотты фаза туралы бастама қолдау тапты. Ташкентте өткен арнаулы кеңесте де бұл шешім мақұлданды. Сөйтіп, Заңсыз есірткі айналымымен және оған байланысты қылмыстармен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының іс-қызметі 2007 жылдың 1 қарашасында басталды.
Т. Муршудлидің айтуынша, пилотты фазада ақпарат жинау тетіктерін жасау және оларды іс жүзінде тексеру , ақпарат алмасуды талдау, бақылаудағы сатылымдар секілді трансшекаралық операцияларды ұйымдастырып жүзеге асыру көзделуде.
Сондай-ақ, пилотты фаза барысында орталықтың өңірдегі және одан тысқары жерлердегі құқық қорғау органдарымен, басқа да арнаулы мекемелермен ынтымақтастық орнатуына тұғырнама қаланады. Бұған қоса орталық іс-қызметінің тетіктері дәйектеліп, "Тарсет", "Тосқауыл -Заслон", "Транзитті тасымал" секілді іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысу жолдары айқындалады .
Заңсыз есірткі айналымымен және оған байланысты қылмыстармен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы директорының міндетін атқарушы Мұхтарбек Мадыбаевтың айтуынша, орталықтың басты мақсаты жобаға қатысушы елдердің мекемелері арасында ақпарат жинау, алмасу және талдау, оперативтік ынтымақтастыққа саяды.
Орталық құру жөніндегі шешімді 2004 жылы Мәскеуде есірткілік және психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз өндірісі, айналымы мен оны тұтынуды қадағалау саласындағы аймақтық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы 1996 жылдың 4 мамырындағы меморандумына қатысушы елдер (Әзербайжан, Қазақстан , Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) қабылдады. 2006 жылы басты құжаттар мақұлданып, қатысушы мемлекеттердің президенттерінің қол қоюына ұсынылды. Орталық Алматыда орналасатын болды.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 19:09 | Сообщение # 175
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ҚР ТЖМ МИ-8 тікұшағының апатынан зардап шегіп, облыстық медицина орталығына жеткізілген адамдардың денсаулық ахуалы әжептәуір жақсарып қалды. Кеше өткен селекторлық жиында Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Бейбіт Жүсіпов осындай сенім ұялататын ақпаратты жария етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Оның айтуынша, апаттан зардап шеккендердің бәрі де жан сақтау бөлімінен басқа бөлімдерге ауыстырылды. Облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жағдайы да оңала бастады. Өңір басшысы көптеген жарақаттармен, миы шайқалып ауруханаға түскен болатын. Б. Жүсіпов өзінің дәрігерлермен бірге "облыс әкімі бір аптадан кейін ауруханадан шығады деп сенетінін" атап өтті.
Тікұшақ ұшқышы Виталий Глазунов пен облыс әкімінің баспасөз қызметінің телетүсірушісі Оңғар Саймасаевтың ахуалына да дәрігерлер алаңдамайтын болды, бірақ олар ауыр жағдайдан енді ғана оңала бастағанымен, дәрігерлердің кеше өткен кеңесі оларды "Жалағаш ауылының аудандық ауруханасынан тасымалдауға әзірге болмайды" деген тұжырым жасады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазавиаспас" мекемесіне қарасты МИ-8 тікұшағы (борт саны 25001) Жалағаш ауылында (Қызылордадан 75 шақырым жерде) 28 ақпанда Сырдария өзенінің арнасын бойлай ұшу барысында апатқа ұшыраған. Апатқа ұшыраған ТЖМ ұшағының бортында 18 адам болған, олардың арасында облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед те бар. Апат салдарынан Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы Сағитжан Бірмағанбетов, тікұшақтың екінші пилоты Ғалым Нұрмағамбетов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті төрағасының орынбасары Қазбек Төреманов, ҚР ТЖМ полковнигі Нұрлан Құмаров пен тікұшақтың ұшқышы - экипаж командирі Фахрадин Оңғарбаев қаза тапты.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 19:10 | Сообщение # 176
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Бішкекте 29 наурызда Қырғызстанның оппозициялық күштері халықтық құрылтай өткізбекші. Бұл туралы Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты Азимбек Бекназаров брифингте хабарлады.
Оның айтуынша, шараға қоғамдық парламент пен төңкеріс комитеті бастамашы болып отыр. Құрылтайда президент Құрманбек Бакиев басқарып отырған биліктің саясаты туралы мәселелер, азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауы және басқа да мәселелер талқыланады.
"Төңкеріс комитеті өз жұмысын бастағалы бір ай өтті. Бір айда біз барлық қоғамдық-саяси қайраткерлермен жүздестік. Нәтижесінде біз халықтық құрылтай өткізу қажет деген ортақ пікірге келдік. Құрылтайға бейтарап саясаткерлер де, оппозиция өкілдері де қатысады. Әрбір өңірде өз өкілдерін ел астанасына жіберетін жауапты адамдар бар. Дәл қанша өкіл қатысатынын біз қазір айта алмаймыз", - деді ол.
А. Бекназаровтың айтуынша, әзірге құрылтайды өткізетін орын белгісіз. "Біз жергіліктьі биліктен ол үшін рұқсат сұрамаймыз, өйткені, Конституцияның 23 бабында азаматтар құрылтай өткізуге құқылы деп жазылған", - деді ол.
"Оның қорытындысы бойынша біз нұсқаулық сипаттағы құжат қабылдаймыз. Қандай шешім қабылданатынын тап басып айта алмаймын. Бірақ егер құрылтай "Бакиев - кетсін" деп шешетін болса, біз тиісті шешім қабылдайтын боламыз. Төңкеріс комитеті Қ. Бакиевке 24 наурызға дейін өз еркімен отставкаға кетуі үшін
мұрсат береді", - деді ол.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 19:11 | Сообщение # 177
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Алматы әкімшілігі шығыс айналма жолының құрылысы үшін "Қуат" корпорациясына 4 млрд 309 млн теңге берешек. Әкімшіліктің қарызы туралы үлескерлерге "Қуаттың" қаланың коммуналдық қызметтерінің алдындағы қарызы үшін компанияның коммуникацияға қосылмаған және пайдалануға берілмеген "Сайран" тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысқан үлескерлер алдындағы міндеттемелерін орындамау себептерін түсіндіре тұрып "Қуат" корпорациясының басқарма төрағасы Иван Демин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.
"Шығыс айналма жолын "Қуат" өз қаражаты есебінен салған. Бұдан өзге корпорация Астанадағы Министрлер үйін де салған. Оның да ақшасын төлеген жоқ", - деді үлескерлерге И. Демин.
"Біз әкімшіліктің "Қуат" алдындағы қарызын қайтаруына қол жеткізгіміз келеді. Сонда "Қуат" өз кезегінде біздің алдымыздағы міндеттемелерін орындайтынына үміттенеміз", - деді үлескерлер.
Шәкәрім көшесінің шығыс жағы мен Прокофьев көшесінің солтүстігінде орналасқан 5 үйден тұратын "Сайран" тұрғын үй кешеніндегі 600-ден астам пәтердің иелері сенбі 1-наурыз күні өз үйлерінің маңында шеруге шыққан. Оның басты себебі олардың үйлерінің әлі де коммуникацияға қосылмай тұрғандығы болып отыр.
Үлестік құрылыс шартына сәйкес, олардың үйлерінің пайдалануға берілу мерзімі 2007 жылдың сәуір айы деп белгіленген. Алайда, үйде әлі күнге дейін не жылу, не жарық, не су жоқ. "Қуат" корпорациясы үлескерлерге ақша жоқ және бес үйді қажетті коммуникацияға қосу үшін қаражат іздеп жатқандарын хабарлаған.
Шеру кезінде үлескерлерге "Қуат" корпорациясының басқарма төрағасы И. Демин қол қойған кезекті кепілдік қағаздарын үлестірді. Ол бойынша, наурыз айының соңына дейін жылу, жарық және су қосылып, барлық үлескерлерге олардың пәтерлеріне заңдық иелік ету құқын беретін құжаттар берілетін болады.
Шеруге қатысушылардың айтуынша, компания әкімшілігі үлескерлермен келіссөздер барысында корпорацияның қиын жағдайда қалғанын бірнеше мәрте хабарлаған. АПК мен "Суарнасы" АҚ-на "Қуат" 300 млн теңгеден астам сома қарыз. Сонымен бірге, өзінің жұмысшыларын жалақы бойынша орасан зор қарызбен демалысқа жіберген. Қарызы үшін "Қуаттан" техникасын тартып алып жатыр. Атап айтқанда, "АТФ-Лизинг" компаниясы 10-20 тонналық КамАЗ-дарды, бетон насостарын, бульдзерлерді тартып алып, сатып жатыр. 110 мың доллар тұратын бульдозерлерді олар 20-30 мыңға сатуда. Және 350 мың АҚШ доллары тұратын бетон насостары да нақты құнынан әлдеқайда төмен бағаланып отыр.
Бұл үлескерлердің пайымдауынша компанияны банкроттыққа алып келмек. Егер ондай жағдай бола қалса, "Қуат" үлескерлер алдындағы міндеттемелерінен босатылатын болады. "Біз компанияның банкрот болуынан қорқамыз. Себебі біз үлестік құрылыс шартына 2007 жылдың 1-қаңтарында "Тұрғын үй құрылысындағы үлестік құрылыс туралы" заң шыққанға дейін қол қойғанбыз". (Құрылыс 2005 жылы басталған - агенттік ескертпесі)
Сонымен бірге, "Сайран" кешені орналасқан жер телімі 10 миллион АҚШ доллары сомасында несие қаражатын беру үшін "Казкоммерцбанк" ААҚ кепілдікке қойылған.
"ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің проблемамызға назарын аударады деп үміттенеміз. Елбасы өзінің Қазақстан халқына жолдауында құрылыс саласындағы басым бағыттардың бірі ретінде тұрғын үй құрылысына өз жинақтарын салған азаматтардың мүдделерін қорғау белгіленгенін айтты", - деп еске салды үлескерлер.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Март/2008, 19:12 | Сообщение # 178
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстан қор биржасындағы 2008-жылғы 4 наурыздағы фиксинг қорытындысы бойынша "KazPrime" индикаторы 1 базалық пунктке төмендеп, жылдық 11,08 пайызды құрады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.
Бұрын хабарлағанымыздай, "KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығына 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақша шығару ставкаларының орташа мәнін көрсетеді.
"KazPrime" индикаторы Қазақстан қор биржасында Алматы уақытымен 12 сағатқа дейін күнделікті есептеледі. Ол келісімге қатысушылардың Алматы уақыты бойынша сағат 10 мен 11 аралығындағы индикатордың қалыптасуы туралы Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесіне берген котировкасына сәйкес есептеледі. Котировканың ең төменгі көлемі - 150 млн теңге.
"KazPrime" индикаторын қалыптастыру жөніндегі келісімге қазір ""ТұранӘлемБанкі" АҚ, "HSBC Банк Казахстан" АҚ-ның еншілес банкі, "Ситибанк Казахстан"АҚ, "Казкоммерцбанк" АҚ , "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "ДАБ "ABN AMRO Банк Казахстан" АҚ
 
esmuhanДата: Понедельник, 24/Март/2008, 15:07 | Сообщение # 179
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
БҰҰ кеше Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 4,8 млн теңге көлеміндегі сомаға халықаралық гуманитарлық жүкті табыс етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы кеңсесіне сілтеме жасай отырып.
Жүк Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Ордабасы, Арыс және Шардара аудандарындағы зардап шеккен отбасыларға таратылуы үшін Қызыл жарты ай Ұлттық қоғамының Оңтүстік Қазақстандағы бөлімшесіне табысталды.
Апта бұрын Қазақстандағы БҰҰ өкілдігі халықаралық донорлардың арасында Оңтүстік Қазақстан облысындағы мүмкіндік болған жағдайда гуманитарлық көмек жеткізуге болатын су басқан аудандарының халқының бірінші кезектегі қажеттіліктерін бағалау бойынша баяндама таратқан болатын.
Бірінші кезектегі гуманитарлық көмекке толықтыру ретінде Қазақстандағы БҰҰ агенттіктері апаттың әлеуметтік салдарын жою қадамдарын жасап жатыр. ЮНИСЕФ ауыз су жеткізу, әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың балаларына қолдау көрсету және өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық проблеманың шешілуіне ықпал ету мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі бас комиссары басқармасы зардап шеккен халыққа уақытша пана жіберу түріндегі гуманитарлық көмек көрсету мәселесін қарастырса, БҰҰ Даму бағдарламасы дағарыстан кейінгі жағдайды жақсарту бойынша іс-әрекеттерді үйлестіру және тасымалдау проблемаларын шешу үшін 6 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр.
 
esmuhanДата: Понедельник, 24/Март/2008, 15:12 | Сообщение # 180
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қырғызстан президенті "ҚР 2008 жылға арналған республикалық бюджет жөнінде заңына " қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сүйене отырып.
Баспасөз қызметі хабарлағанындай, бұл заң жоғарғы кеңеспен 2008 жылдың 8 ақпанында қабылданып, оған қырғызстан президенті 20 наурызда қол қойғаннан кейін күшіне енді. Бюджеттің шығыс көлемі 41 млрд 500 млн сомды құраса, табыс бөлігі- 36 млрд 300 млн сомға жетті.
Республикалық бюджеттің табыс бөлімі 567 млн сомға ұлғайтылуы ескеріле отырып жасалған. Онда әлеуметтік сектордың шығындары көтеріліп, педагогикалық еңбек тәжірибесі бойынша бірыңғай тарифтік тізім енгізілген, сондай-ақ ұстаздардың тәжірибесі үшін қосымша төлемдер қарастырылған. Бюджетте мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына, құрылыстарға және тағы да басқа әлеуметтік нысандарға қомақты қаржы бөлінетін болады.
Жергілікті билік органдарына 3,5 млрд сом бөлінсе, мемлекеттік аппарат қызметіне- 4,9 млрд сом қарастырылған. Түп - Кемін - көлік жолының құрылысына 100 млн сом, Бішкек - Торұғарт трассасын төсеу жұмыстарына 180 млн сом, арық-арна желісінің дамуына - 330 млн сом бөлінді. 2008 жылдың бюджеті бойынша Қамбар-Ата ГЭС каскадының құрылысына 1 млрд сом жұмсалатын болады.
 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Страница 12 из 14«121011121314»
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016
Используются технологии uCoz