Жаңалыктар - Страница 13 - Форум
SITE LOGO
Суббота, 03/Декабрь/2016, 14:35
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная Жаңалыктар - Страница 13 - ФорумРегистрацияВход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 13 из 14«1211121314»
Модератор форума: esmuhan 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Жаңалыктар
esmuhanДата: Четверг, 03/Апрель/2008, 14:08 | Сообщение # 181
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Елбасы Н.Назарбаев «Бейжің-2008» Олимпиада алауы Әлемдік эстафетасына қатысты

Мемлекет басшысы мұз айдынында орнатылған тұғырға фанфар әуенімен
көтерілді. Елбасымен бірге тұғырға Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан
Сиюнь мен 1980 жылғы олимпиадада грек-рим күресінен чемпион атанған
тұңғыш қазақ Жақсылық Үшкемпіров көтерілді. Алаңда сондай-ақ, әр
жылдары алтын медаль жүлдесін жеңіп алған қазақстандық спортшылар сап
түзеді. Қазақстан Президенті олимпиадалық алауды Қытай елшісінің
қолынан қабылдап алып, оны алғашқы болып өзі алып жүрді. Осыдан кейін
Н.Назарбаев Олимпиада алауын қазақстандық атақты боксшы, 2004 жылғы
Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевқа табыс етті. Айта
кетейік, Бейжің Олимпиадасының ашылу рәсімінде Қазақстан жалауын алып
жүру құрметі Бақтияр Артаевқа сеніп тапсырылып отыр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы Олимпиада алауының эстафетасы өтетін әлемнің 22 қаласының қатарына кірген.
Бейжіңдегі ХХІХ жазғы Олимпиада ойындары алауының шеруін өткізетін
қалалардың тізіміне Алматының қосылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көп
еңбек сіңірді. Алдымен, екі елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху
Цзиньтаоның арасында былтыр өткен кездесуде ауызша келісім жасалды.
2007 жылы қаңтардың 27-сінде ХХІХ Жазғы Олимпиадалық ойындарының Бейжің
ұйымдастыру комитеті мен Алматы әкімдігі Олимпиада алауының эстафетасын
Алматы арқылы алып өту туралы келісімге қол қойған болатын.
Эстафетаның Алматыда өтетін кезеңіне 80 қазақстандық қатысады. Олардың
арасында Ермахан Ыбырайымов, Владимир Смирнов, Юрий Мельниченко,
Жақсылық Үшкемпіров, Бақтияр Артаев, Ольга Шишигина сияқты атақты
спортшылар, әнші Роза Рымбаева, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Марат
Мәзімбаев, жиһанкез-байкер Дмитрий Петрухин, ҚР Гольф федерациясының
президенті Тимур Құлыбаев, т.б. бар.
Эстафета екі кезеңге бөлінген. Олимпиада алауын алып жүру шеруі
«Медеуден» басталып, тау шатқалдарында жалғасады. Ал екінші кезеңі
Алматының орталығында өтеді. Алауды алып жүрушілер Алматының орталық
көшелерімен өтіп, «Астана» алаңына барып тоқтайды.
Алматы - Олимпиадалық алау Бейжіңнен кейін аялдаған бірінші қала.
Эстафета одан кейін Түркияда жалғасады. Бұл спорттық шара әлемнің 150
шақты еліне көрсетіліп, оны әлемнің 2 миллиардтан астам халқы
тамашалайды.
Олимпиада ойындары алауының шеруі алғаш рет 1936 жылы Берлинде болған
11-ші жазғы Олимпиада ойындарында ұйымдастырылды. Маусымның 20-сында
Олимп тауынан тұтанған алау Грекия, Болгария, Югославия, Венгрия,
Чехославакия және Германия аумағы арқылы өтіп, Берлинге апарылған еді.
1945 жылы Олимпиада алауы алғаш рет теңіз жолы арқылы жеткізілсе, 2004
жылғы Афины Олимпиадасының алауы әлемнің бес құрлығын, 22 қаланы
қамтыды. Наурыздың 25-інде тұтанған алауды алғаш рет Африка мен
Оңтүстік Америка арқылы тамыздың 13-інде Афиныға жеткізуге 11 мыңнан
астам адам атсалысты.

 
esmuhanДата: Пятница, 04/Апрель/2008, 12:33 | Сообщение # 182
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Президентiн саткан генералдар, билiктi қашан, қалай басып алмақ болған?
Р.Әлиев пен Ә.Мұсаевқа және 20 жылды (Алматы соты да оларға 20 жылдан кескен болатын) арқалатқан Ақмола гарнизонын
ың әскери соты бұл сұрақтардың жауабын жұрттан жасырып қалды.
Сапарбек Нұрпейiсов, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкiлi, аға әдiлет кеңесшiсi:
Әлиев пен Мұсаев «ҚР Президентiн қорғайтын ерекше әскери құрам» деген желеумен ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оның заңсыз әрекеттерiн 1996 жылдан бастап, 2007 жылдың мамырына дейiнгi аралықта басқарған.
2008 жылдың 26 наурызында Қазақстан Республикасының 16 азаматына, оның iшiнде Әлиев Рахат Мұхтарұлына, Мұсаев Әлнұр Әлжаппарұлына және басқаларға қатысты қылмыстық iстi қарауды Ақмола гарнизонының әскери соты айыптау үкiмiн шығарумен аяқтады.
Қылмыстық iстi қарау жекелеген ерекшелiктермен байланысты болды.
Iс барысында қарастырылған материалдардың көпшiлiгi мемлекеттiк құпия болып табылады, яғни iс ұлттық қауiпсiздiк мәселелерiмен тiкелей байланысты. Сонымен қатар басты айыпталушылар тергеу мен соттан қашқандығына байланысты iстi қарау барысына қатысқан жоқ.
Сот тарапынан қылмыстық iстiң толыққанды, әдiлеттi және жан-жақты түрде зерттелуiне байланысты заң жүзiнде көрсетiлген барлық шаралар қабылданды.
Сот тарапынан ҚР қылмыстық-процессуалдық заңнамасы нормаларының, сонымен қатар Қазақстан Республикасы қатысатын барлық тиiстi халықаралық конвенциялардың мүлткiсiз орындалуы қамтамасыз етiлдi.
Сот тараптардың теңдiгiн шынайы түрде қамтамасыз еттi. Сотталушының әрқайсысына өздерiнiң заң жүзiнде қорғану құқықтарын iске асыру мүмкiндiгi толығымен берiлдi. Олардың өз қорғаушыларын жолдауына, қорғаушылар қызметiн заңды түрде пайдалануына ешқандай бөгет болған жоқ.
Сырттай сотталған бес адамның, оның iшiнде Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевтың және олардың жақын төңiрегiндегi 3 азаматтың да қорғану құқығы қамтамасыз етiлдi. Сот процесiне барлығы 14 адвокат қатысты.
Алдын ала тергеу барысында, ҚР Қылмыстық Кодексiнiң 65-бабына сәйкес, жасағандарына шынайы өкiнгендерiне және тергеу амалдарына белсендi түрде көмектескенiне байланысты 20 адамға қатысты қылмыстық iс тоқтатылды.
Iстiң барлық жағдаяттарын қарастыра, барлық қатысушыларды тыңдай келе, жасалынған қылмыстың мазмұнын және қоғамдық қауiптiлiгiнiң дәрежесiн, қылмыскерлердiң жеке басын, олардың қылмысты жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi әрекеттерiн ескере отырып, сонымен қатар, барлық жауапкершiлiк пен жазаны жеңiлдетушi немесе ауырлатушы жағдайларды, белгiленген жазаның сотталушылардың дұрыс жолға түсуiне келтiретiн әсерiн есепке алу негiзiнде сот төмендегiдей қаулы қабылдады:
Сотталушы Әлиев Рахат Мұхтарұлы мен Мұсаев Әлнұр Әлжаппарұлы келесiдей қылмыс түрлерiн, яғни
- билiктi және қызмет бабын асыра пайдаланғаны (ҚР ҚК 380-бабының 2-бөлiмi);
- үлкен көлемде мемлекет мүлiгiн ұрлағаны (ҚР ҚК 176 бабы, 3 бөлiмi, «а» және «б» пункттерi);
- ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және оны басқарғаны (ҚР ҚК 235 бабы, 4 бөлiмi);
- атыс қаруын және оқ-дәрiлердi ұрлағаны (ҚР ҚК 255 бабының 4 бөлiмi, «а» пунктi);
- оларды заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны (ҚР ҚК, 251 бап, 3 бөлiм);
- мемлекеттiк құпияларды заңсыз алғаны және жария еткенi (ҚР ҚК, 172 бап, 4 бөлiм);
- билiктi күшпен басып алуға бағытталған iс-әрекеттер жасағаны (ҚР ҚК, 168 бап, 1 бөлiм) үшiн айыпты деп; сондай-ақ, Мұсаев Әлнұр Әлжаппарұлының шпионаж түрiндегi мемлекеттiк опасыздық жасағаны үшiн (ҚР ҚК 165 бабы) айыпты деп танылсын және осы негiзде, сотталушы Әлиев Рахат Мұхтарұлы мен Мұсаев Әлнұр Әлжаппарұлы әрқайсысы мүлiктерi тәркiленiп, 20 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жаза қатаң тәртiптi түзету колониясында өтелiп, жаза мерзiмi аяқталғаннан кейiн 3 жылға дейiн мемлекеттiк органдарда басшылық қызметтерге тағайындалу құқынан айырылсын.
Сот жоғарыда көрсетiлген азаматтардың өз қызметтiк жағдайларын қасақана асыра пайдалану арқылы билiктi күшпен басып алуға, өздерiнiң билiктiк шамшылдығын iске асыруға және жеке басының баюына бағытталған заңсыз әрекеттердi жүйелi түрде жүргiзiп отырғанын анықтады.
 
esmuhanДата: Пятница, 04/Апрель/2008, 12:35 | Сообщение # 183
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Осы мақсатта сотталған Әлиев пен Мұсаев ҚР Президентiн қорғайтын ерекше әскери құрам деген желеумен ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оның заңсыз әрекеттерiн 1996 жылдан бастап 2007 жылдың мамырына дейiнгi аралықта басқарған.
Ұйымдасқан топ өте құпия түрде болып, өзiнiң жоғары ұйымдастырушылық деңгейiмен, рөлдердiң қатаң бөлiнуiмен ерекшеленген. Арнайы техникамен, қару-жарақпен жабдықталған.
Қылмыстық топтың негiзiн көбiне сотталған Әлиев пен Мұсаевқа берiлген арнайы қызметтер мен құқық қорғаушы органдардың қызметкерлерi құраған. Олардың қызметi үлкен сомадағы ақшалай сыйлықтармен төленiп отырған.
Қылмыстық топтың көптеген мүшелерi компроматтық материалдар арқылы мәжбүрлеу жолымен және қорқытып бопсалау арқылы тартылған. Қажеттi компроматқа прокурор тарапынан рұқсат етiлмеген, заңсыз жедел iздестiру амалдарын жүргiзу арқылы қол жеткiзiлген. Сонымен қатар, қылмыстық топ iрi саясаткерлер мен кәсiпкерлердi ҰҚТ-ға мүшелiкке мәжбiрлеу мақсатында компромат табу үшiн оларға сыртқы бақылау орнатқан.
Сотталған Әлиев пен Мұсаев, билiктi зорлықпен басып алуға бағытталған қылмыстық ойларын iске асыру жолында өздерiне берiлген адамдар есебiнен арнайы мақсаттағы топ құрған. Содырларды дайындау Израиль мен Мысырда, сотталған Әлиевтiң жеке қаржысына жүргiзiлген. Күдiк тудырмау үшiн содырлардың барлығы ҰҚК, Президентiк күзет қызметi, қаржы полициясы қызметкерлерi ретiнде тiркелiп, штаттық кестеге сай жалақы алып отырған. Оған қоса Әлиев оларға өз тарапынан 500 АҚШ доллары және одан да жоғары көлемде үстеме сыйақы берiп отырған. Материалдық қолдаудың мұндай жоғары деңгейi содырлардың кез келген, тiптi адамдарды өлтiруге бағытталған бұйрықтарды да орындауға дайын болу қажеттiгiмен байланысты.
Сотталған Әлиев ҰҚК төрағасының бiрiншi орынбасары қызметi жағдайын асыра пайдалана отырып, осы органның «Қуат» арнайы құрылымын, оның командирi сотталған С.И.Торубаровты толықтай өзiне бағындырып, оларды қылмыстық мақсаттағы нақты операцияларға қолданған.
Содырлардың бiр жерден екiншi жерге ауысуын жеделдету мақсатында, сотталған Әлиев пен Мұсаев бiрнеше ондаған әскери үлгiдегi автомашиналар сатып алған. Аталған машиналар елiмiздiң iрi қалаларына жеткiзiлiп, содырлардың орналасқан жерлерiне жеткiзiлген.
Содырларды қаруландыру мақсатында, сотталған Әлиев пен Мұсаев құқық қорғаушы құрылымдарда қызмет ете отырып, өз қызметтерiн асыра пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелерiнiң көмегiмен атыс қаруы мен оқ-дәрiнiң iрi партиясын ұрлаған. Ұрланған қару-жарақ елiмiздiң екi өңiрiне сақтауға жөнелтiлген. Қылмыстың iзiн жасыру мақсатында аталған лауазымды қызметкерлер ұзын саны тұтас әскери полктi қаруландыруға жетерлiк су жаңа әскери автоматтық және арнайы қарудың 864 бiрлiгiн, түрлi оқ-дәрiнiң 57123 бiрлiгiн жалған акт жасау ар­қылы есептен шығарған.
Мемлекеттiң жоғары лауазымды қызметкерлерi iшiнен өздерi қажет деп тапқандарын өлтiру мақсатында сотталған Әлиев пен Мұсаев адамды өлiмге душар ететiн, бiрақ кейiннен өлген организмнен iзi табылмайтын әртүрлi у дайындауды жолға қойған. 2001 жылы жасалынған улардың тәжiрибелiк үлгiлерiн сотталған Әлиев тiрi адамдарға қолданып көруге ұмтылған. Сонымен қатар, ҰҚК органдарында басқарушы қызметтерде болған Ә.Ә.Мұсаев елге 1000-нан аса у үлгiлерiн заңсыз әкелудi ұйымдастырған. 2007 жылдың мамырында ол арнайы лабораторияларда улардың сериялық түрде заңсыз жасалуын ұйымдастыруға тырыс­қан.
Бұған қоса 2001 жылы сотталған Р.М.Әлиев қызметтiк жағдайын заңсыз пайдалана отырып, адам организмiндегi оның өмiрiн қамтамасыз ететiн барлық функционалды жүйелердiң күйреуiне әкелiп соқтыратын, сол арқылы өлiмге апаратын радиоактивтi изотоптарды жинастыру жұмысын жүргiзген. Кейiнiрек, 2007 жылдың көктемiнде у ататын автоқалам түрiндiгi бiрнеше арнайы бұйымдар сатып алынып, Австриядан Қазақстанға жеткiзiлген соң сотталған Әлиевтiң тапсырмасымен Мұсаевқа берiлген.
Өздерiнiң заңсыз әрекеттерiн материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық топтың басшылары және де оларға жақын топ мүшелерi, қызметтiк жағдайларын асыра пайдалана отырып, үлкен көлемде мемлекеттiк мүлiктi талан-таражыға салған. Мәселен, кезiндегi Салық полициясы комитетiнiң төрағасы, сотталған С.М.Кузьменконың белсендi қатысуымен Алматы қалалық және Алматы облыстық қаржы полициясы басқармасынан және осы өңiрлiк ҰҚК департаментiнен құны 20 млн. теңгеден (1999 жылғы бағамен) асатын арнайы техника, автомашиналар, кеңсе жиһаздары мен жабдықтар ұрланған. Өздерiнiң заңсыз әрекеттерiн қаржыландыру үшiн олар iрi бизнес өкiлдерiнiң қаржылық активтерiн, меншiгiн тартып алу мақсатында жүйелi түрде компромат жинауды ұйымдастырған. Сотталған Р.М.Әлиев пен Ә.Ә.Мұсаев басқарған қылмыстық топты қаржыландырудың тағы да бiр құралы ретiнде рейдерлеу, яғни бөтен бизнестi күш көрсету, қорқыту арқылы тартып алу қолданылған. Бұл үлгiдегi iстер, мәселен, 2007 жылдың 23 қаңтарында Нұрбанк iсi бойынша жасалынған Алматы сотының үкiмiнде көрсетiлген.
 
esmuhanДата: Пятница, 04/Апрель/2008, 12:38 | Сообщение # 184
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Құрылған күнiнен бастап қылмыстық әрекеттер әшкереленгенге дейiн аталған қылмыстық топ сотталған Р.М.Әлиев пен Ә.Ә.Мұсаевтың басқаруымен ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпия болып табылатын ақпаратты жинаумен айналысқан. Оларды ең алдымен мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының стратегиялық құпия мәселелерi қызықтырған. Оның iшiнде алдыңғы кезектен энергетикалық, әскери-өндiрiстiк, геологиялық-барлау мәлiметтерi, әскери және құқық қорғау органдарының, орталық мемлекеттiк басқару органдарының iс-қимылдары, сонымен қатар, мемлекеттiң жоғары лауазымды қызметкерлерiнiң ел iшiндегi және шет елге сапарларының кестесi орын алған.
Әдетте, құпия мәлiметтер мемлекеттiк органдар жүйесiне енгiзiлген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерiнiң қызметтiк мүмкiндiктерiн пайдалану арқылы және сотталған Р.М.Әлиев пен Ә.Ә.Мұсаевтың жалған патриоттық сөздерiне алданған мемлекеттiк қызметкерлер арқылы жиналған. Бұдан басқа 30-дан аса азаматтың қызметi жиналған әрбiр мәлiметтiң маңыздылығы мен құпиялық дәрежесiне қарай 5 мыңнан 250 мың АҚШ долларына дейiнгi аралықта төленiп отырған. Қажеттi қаражат сотталған Р.М.Әлиевтiң жеке қаражаты есебiнен де, сондай-ақ, сотталған Ә.Ә.Мұсаевтың шетелдiк арнайы қызметтерден осы мақсаттарға алған арнайы қаржысы есебiнен бөлiнген.
ҰҚК мен қаржы полициясы органдарында жоғары лауызымдарда болған сотталған Р.М.Әлиев, қызметтiк мүмкiндiктерiн асыра пайдаланып, қылмыс­тық мақсаттарда «Өте құпия» грифтi құжаттарды заңсыз алып отырған. Осы құжаттардың кейбiрiнiң мазмұнының шетелдiк арнайы қызметтерге мәлiм болуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне ауыр нұқсан тигiздi. Қылмыстық топтың жұмысының бастапқы кезеңдерiнде сотталған Р.М.Әлиев пен Ә.Ә.Мұсаев ұялы және желiлiк байланыс абоненттерiнiң телефон әңгiмелерiн тыңдау және жазып алу мақсатында шетелдерден құны 1,5 млн. АҚШ долларынан асатын бiрнеше арнайы жабдық сатып алды. Кейiнiрек, Алматы және Астана қалаларында олардың жеке бақылауымен заңсыз қадағалау орындарының желiсi жасалынды. Ең заманауи арнайы құралдармен жабдықталған бұл орындар мемлекеттiк аппараттың лауазым иелерi мен iрi бизнесмендердiң телефон әңгiмелерiн тыңдауда қолданылды.
Жиналған құпия мәлiметтердi сотталған Р.М.Әлиевтiң өзi күнделiктi сараптаудан өткiзiп отырған. Арагiдiк мәлiметтер қағаз жүзiнде және электронды түрде шетелге шығарылып отырған. Мәлiметтер оның туысқандары тұратын Бейрутта (Ливан) және жұмыс орны – Венада (Австрия) сақталған. Сотталған Р.М.Әлиевтiң бiрқатар сенiмдi адамдары (мемлекеттiк құпиямен танысу құқы жоқ) 2004 жылдың наурызынан бастап небәрi бiрнеше ай iшiнде Вена қаласында 30 мың парақтан астам құпия материалдарды электрондық форматқа көшiру мақсатында сараптаған.
Сот тарапынан сотталған Ә.Ә.Мұсаевтың шетел арнайы қызметiнiң өкiлiмен қылмыстық байланыс орнатқаны дәлелдендi. Осы iс бойынша сотталған арнайы байланыстырушы арқылы сотталған Ә.Ә.Мұсаев шетелдiкке мемлекеттiк құпия мәлiметтердi (құпия карталар, электрондық түрдегi құпия мәлiметтер, құпия құжаттардың қағаз көшiрмелерi және т.б.) берiп, орнына iрi көлемде ақшалай сыйлық алып отырған. Мәселен, сотталған Ә.Ә.Мұсаевтың 2007 жылдың қаңтарында 300 мың АҚШ долларын алғаны анықталды. Сот Ә.Ә.Мұсаевтың бұл қылмысын шпионаж түрiндегi мемлекеттiк опасыздық деп анықтады.
Соңғы 7-8 жыл бойына сотталған Р.М.Әлиев пен Ә.Ә.Мұсаев билiкке қарсы белсендi күрес жүргiзген. Осы мақсатта алдын ала дайындалған насихаттық мазмұндағы хабарлар таратады деген оймен баламалы теле-радиохабарлар тарату жүйесiн жасауға талпынған.
 
esmuhanДата: Пятница, 04/Апрель/2008, 12:38 | Сообщение # 185
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Билiктi басып алу жоспарында қазiргi билiкке байланысты қоғамда кереғар пiкiр қалыптастыруға, жоғары лауазымды мемлекеттiк қызметкерлердiң имиджiне нұқсан келтiруге ерекше көңiл бөлiндi. Бұл мақсатта арнайы медиа-құрылым жасалынып, оған кiретiн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтар санасында билiкке деген төзбеушiлiк сезiмi қалыптастырылды. Мәселен, осы тұрғыда арнайы жасалынған «asiopa.ru», «kompromat.kz» интернет сайттарында жоғары лауазымды мемлекеттiк қызметкерлерге қатысты жалған сипаттағы мақалалар мен материалдарда жүйелi түрде жарық көрiп отырды. Олармен бiр мезетте осы сайттарда сотталған Р.М.Әлиевтi коррупциямен ымырасыз күрескер, батыстық үлгiдегi мықты саясаткер ретiнде суреттейтiн мақалалар мен материалдар жарық көрiп отырды. Осылайша, «Р.М.Әлиев немен айналысса да бәрi қолынан келедi, ол – болашағы зор жас саясаткер» деген миф жасалына бастады. Шетелде Нұрбанк топ-менеджерлерiн ұрлау iсi бойынша тергеу мен соттан қаша жүре сотталған Р.М.Әлиев өзi жөнiнде батыстық баспасөзде 2012 жылы президенттiкке үмiткер болу жөнiнде ой бiлдiргенi үшiн қазақстандық саяси аренадан билiк тарапынан қуылған деген пiкiр тудырды. Жорта демократиялық сөздермен бүркелене отырып, сотталған Р.М.Әлиев өз Отанында жасаған қылмыстырына байланысты жауапкершiлiктен кету мақсатында өзiн саяси көзқарасы үшiн қуғындауға ұшыраған қашқын ретiнде көрсетуге ұмтылуда.
Сотталғандардың барлығы дерлiк өз кiнәларын мойнына алды, өздерiнiң де, басшылары Р.М.Әлиев пен Ә.Ә.Мұсаевтың да жасаған қылмыстық iстерiн әшкереледi. Олардың көрсетулерi iске дәлелдемелер ретiнде тiркелген көптеген куәлардың көрсетулерiмен және жасалынған сараптамалардың нәтижелерiмен толықтай сәйкеседi.
Iстiң қаралуы аяқталды. Сот үкiмi жария етiлдi. Мемлекеттiк айыптаушылар iстiң қаралу нәтижелерiмен қанағаттанады. Iс барысында сотталған Р.М.Әлиев пен Ә.Ә.Мұсаевтың қылмыстық iстерiне қатысы бар, бiрақ тергеу амалдары арқылы анықталмаған адамдардың барлығы байқалды. Бұл азаматтарға байланысты материалдар қылмыстық iстердi әшкерелеушi орган шешiмiмен жеке өндiрiске алынып, тергеуалды тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, тиiстi процессуалдық шешiм қабылдауға жiберiлiп отыр.
Қазiргi кезде құқық қорғау органдары басшыларының бақылауымен және Бас прокуратураның қадағалауымен мемлекетiмiздiң жоғарғы билiгiне, оның негiздерiне, конституциялық құрылымына қарсы әрекеттер жасағандардың қылмыстық iсiн әшкерелеу мен тоқтату амалдары белсендi жалғастырылуда.
 
esmuhanДата: Понедельник, 07/Апрель/2008, 20:04 | Сообщение # 186
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Елбасы Астана мен бас қаланың әкімін ауыстырды
Асқар Мамин «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті болып тағайындалды
Кеше Елбасы Астана қаласы әкімдігі ұжымына қалалық мәслихаттың
келісімімен тағайындалған шаһардың жаңа әкімін таныстырды. Президент
Нұрсұлтан Назарбаев: «Асқар Мамин «Қазақстан теміржолы» Ұлттық
компаниясының» президенті болып тағайындалды», – деп қызмет ауыстырып
бара жатқан бас шаһардың бұрынғы басшысына алғысын білдірді. Ал
Премьер-министр Кәрім Мәсімов болса, «Қазақстан теміржолы» Ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамының ұжымына барып, компанияның жаңа
басшысын таныстырды. Асқар Мамин «Самұрық» мемлекеттік активтерді
басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ басқарушы компаниясының
шешімімен осы компанияның президенті болып тағайындалды.
 
esmuhanДата: Понедельник, 07/Апрель/2008, 20:04 | Сообщение # 187
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНАҒА – ТАСМАҒАМБЕТОВ

«Иманғали Тасмағамбетовты баршаларыңыз білесіздер, – деді Президент оны
таныстыру сәтінде. – Тәуелсіздіктің барлық жылдарында менің жанымда
келе жатқан әріптестерімнің бірі. Үкіметті басқарды, Президент
аппаратын басқарды. Атырау облысы мен Алматының әкімі болды. Қызмет
еткен жерінде жақсы із қалдырды».
Елбасының айтуынша, елорда өзгелерге үлгі болумен ғана шектелмей,
өзіндік қайталанбас артықшылықтарымен айшықталғаны дұрыс. «Астана –
біздің еліміздің ең негізгі бір өрлеу жобасының бірден-бірі. Олай
болса, бұл қаладағы істеліп жатқан шаруалардың барлығы ерекше болу
керек. Ғимараттардың түр-түсі ерекше болу керек. Қаланың ішіндегі
тәлім-тәрбие басқаша болу қажет. Елдің қарым-қатынасы да Астанаға сай
болу керек. Сондықтан да, мінекей, өзім білетін сенімді адамды
тағайындадым», – деді Президент. Ол сонымен бірге 2011 жылы Қазақстан
Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту қарсаңында Астананың негізгі
құрылыстарының бәрі салынып бітуі керектігін қадап айтты.
«Тасмағамбетов бұл қаланы жақсы біледі, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. –
Алда үлкен сынақ. Елорданың 10 жылдық мерейтойы тұр. Сондықтан жаңа
әкімнің ең басты жұмысы – атаулы мерейтойды абыроймен атқару болмақ. 10
жылдықты сапалы өткізу қажет. Бұл – таза Қазақстанның қаласы. Қазақтың
Астанасы! Соған тиісті сәні мен салтанаты болу керек. Сапасы болу
керек». Н.Назарбаев сонымен қатар: «Ең бастысы, әлемге қаламызды
көрсетіп, Қазақстанның даму мүмкіндігін аңдатуымыз қажет», – деп қосты.
Сондай-ақ Елбасы шаһар тазалығына, тәртібіне жауапкершілікпен қарауды
және жастарды өз қаласына деген сүйіспеншілікке баулу керектігін
ескертті. Қоғамдық тәртіпті күшейтіп, қаланың ішкі мәдениетін
көрсететін таксилердің де түр-түсін бірізділікке түсірген жөн.
Президент Н.Назарбаев: «Осы онжылдықты өткізуді, жалпы, қаланың жауапты
жұмысын мен Премьер-министр мен әкім Тасмағамбетовке тапсырамын. Ешкім
ештеңеге кіріспей, кедергі жасамасын, аяқтан шалмасын», – деді.

 
esmuhanДата: Понедельник, 07/Апрель/2008, 20:05 | Сообщение # 188
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АЛМАТЫҒА – ЕСІМОВ
Кеше түс қайта Премьер-министр Кәрім Мәсімов Алматы қалалық
мәслихатының алдында қала әкімдігінің жаңа басшылығына осы уақытқа
дейін Ауыл шаруашылығы министрі болған Ахметжан Есімовті ұсынды. Алматы
қалалық мәслихатының жиынға қатысқан 28 депутаты бірауыздан Ахметжан
Есімовтің кандидатурасын мақұлдап дауыс берді.
– Алматы – еліміздегі барлық жағынан ерекше орын алатын, ең үлкен қала.
Егер сіздерден қолдау болып жатса, қаланың әрі қарай дамуына, көркеюіне
барлық білімім мен күшімді салып қызмет етемін, – деді Ахметжан Есімов.
57 жастағы Ахметжан Есімов бұған дейін бірқатар мемлекеттік қызметтерде
басшылық жұмыстарда болды – Ауыл шаруашылығы министрі, Алматы облысының
әкімі қызметін, дипломатиялық қызметті де атқарды, Президент
Әкімшілігін басқарды, вице-премьер де болды.

МАҚСАТ – ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Еліміз 10 жылдық мерейтойы тойланатын Астана мен алда Олимпиада
өткізуге сайланған Алматының ерекше мәртебеге ғана емес, сонымен бірге
биік мәдениетке ие қала болуын қалайды. Мемлекет басшысы да реті келген
тұста астаналықтар мен алматылықтардың да өресі биік, парасаты жоғары,
тіпті күнделікті өмірде сыпайы болу керек екенін де үнемі ескертіп
отырады. Алайда Астананың соңғы кездегі ахуалы керісінше көрініс
қалыптастырып отыр. Оны Президенттің айтқан сыны мен таққан мінінен де
байқауға болады. Ал парасатты болу үшін де Президенттің пәрменін қажет
ететін ел екендігімізді ескерсек, бұл жолғы таңдаудың ұтымды
болғандығында сөз жоқ. Алматылықтардың Тасмағамбетовтың Астанаға әкім
болып тағайындалғанын естігенде, «ендігі жағдай, әсіресе, жол мәселесі
не болар екен» деп демін ішіне тарта қалғандары рас. Ал басталған
жолдың аяқталмайтыны болмайды. Оны көпшілік те білмей отырған жоқ.
Дегенмен Алматы мен Астана – әспеттей айтқанда, ертең туған күні аталып
өтетін әл-Фараби бабамыз аңсаған қайырымды қала болуға тиісті шаһарлар.
Сондықтан Қазақстанның қайырымды қалалары мәдениетін қалыптастыруды
Президент Н.Назарбаев Тасмағамбетов пен Есімовке тапсырып отырса, оған
таңғалудың қажеті жоқ.

 
esmuhanДата: Понедельник, 07/Апрель/2008, 20:06 | Сообщение # 189
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «Еуропалық сапа» Халықаралық наградасына ие болды
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ұлыбританияның Оксфорд қаласында өткен бизнес, ғылым және өнер саммитінде Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректорына оқу орнына еуропалық стандартқа сәйкес білім берудегі жоғары жетістігі үшін «Еуропалық сапа» Халықаралық наградасы табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Салиқалы бас қосуда «Көшбасшылар халықаралық клубы» қауымдастығының атсалысуымен «Көшбасшы - Әріптес - Экономикалық жетістік» бағдарламасы аясында семинар-тренингтер, пікір алмасу кештері, іскерлік кездесулер өткізілген. Саммитте әлемнің 20 елінің жоғары оқу орнына осындай сый-құрмет көрсетілген көрінеді. Ал университет ректоры, білікті түріктанушы ғалым Шәкір Ыбыраевтың өзіне еуропалық ықпалдастыққа қосқан үлесіне орай «Біріккен Еуропа» халықаралық наградасы табысталды. Сонымен қатар, саммитке әлемнің түкпір-түкпірінен келген банкирлер, бизнес өкілдері, инвесторлар жоғары оқу орындарының жетекшілері, ғалымдар білім беру стандарты, университеттер жанында топ-менеджерлер дайындау, ғылыми технологияға негізделген жобаларға басымдық көрсету, дамушы елдердің ғылымды дамыту мен білім беру ісіне қолдау көрсету жайы қарастырылған. Айтулы саммитке еліміз бойынша Сәулет және құрылыс академиясы ректоры да қатысып, жоғары наградаға иелік еткен.
 
esmuhanДата: Понедельник, 07/Апрель/2008, 20:07 | Сообщение # 190
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қытайдағы қазақтар: КӨШIП КЕЛУДIҢ МАШАҚАТЫ

Қытай жағы таратып отырған мәлiметтерге сенсек, Қытай жерiнде бiр миллион бес жүз мыңға тарта қазақ тұрады.
....Ендеше, Қытай қазақтары қоныстанған жерлер ежелден олардың атамекенi, қасиеттi күл төгерi екенi шын. Бүгiнгi бәз бiреулердiң айтқанындай ондағы қазақтар ешқандай "қашып" барғандар емес, зұлмат жылдардың қанды қасiретiнен шекара атанған қызыл сызықты олай-бұлай кесiп өтуiне себеп болған замана қылмысының құрбандары.
Олай болса, бүгiнгi күнде ондағы қазақтардың сол сүйiктi мекенiн тастап, Отанына — қасиеттi қазақ шаңырағына көшуiне не себеп болды?
Қытай жағы таратып отырған мәлiметтерге сенсек, Қытай жерiнде бiр миллион бес жүз мыңға тарта қазақ тұрады. Бұл арада Қытайдағы әр жылғы мәлiметтерге сүйенсек, 1949 жылы, яғни коммунистiк Қытай қазақтарға өз үстемдiгiн жүргiзе бастаған кезеңде онда 443700 қазақ болған. Бұл сан әр жылы шамамен 20 мыңдық қарқынмен өсiп отырған.
1960 жылға келгенде қазақтардың саны 541600-ге жеткен. Осыдан екi жылдан кейiн, атап айтқанда 1962 жылға келгенде қазақтардың саны 487400-ге құлдыраған. Демек, екi жылдық туу санын қосқанда 100 мың адамның кемiгенi жасырын емес. Бұл 1962-жылғы ұлы көш және көштен кейiнгi қолдан жасалған аштықтың салдарынан екенi айдан анық. Осыдан кейiнгi жылдарғы өсу салыстырмасы кей жылы 20 мың, кей жылы 30 мыңдық қарқынмен артып отырған. Сөйтiп, 1990 жылға келгенде ондағы қазақтардың саны бiр миллион екi жүз мыңға жеткен. Бiр қызығы, осыдан кейiнгi мәлiметтер аса айқын емес. Әсiресе, 1995 жылдан 2007 жылға дейiнгi мезгiлдегi өсу салыстырмасы айқын көрсетiлмеген. Бiр миллион екi жүз мың халықтың әр жылғы өсу салыстырмасы бойынша қарасақ, 1990 жылдан 2007 жылға дейiнгi 17 жылда кемiнде 500 мың адам қосылады екен. Сонда Қытайда кем дегенде 1 миллион 700 мың қазақ тұрады деген сөз. Демек, бұл ресми емес деректердегi Қытайда екi миллион қазақ тұрады дегендi терiске шығармайды.

 
esmuhanДата: Понедельник, 07/Апрель/2008, 20:08 | Сообщение # 191
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТIК ЖАҒДАЙЫ
Қытай елiнiң қазақ секiлдi аз санды ұлттарға ұстанған саясатында автономия түзiмi бар. Ол мемлекеттiк заңдарға да енген. Iле, Алтай, Тарбағатай өңiрiн құрамына алған Iле қазақ автономиялы облысы атты әкiмшiлiк орган бар. Бұдан басқа Шынжаң жерiнде Мори қазақ автономиялы ауданы, Баркөл қазақ автономиялы ауданы, Шынжаңмен көршiлес Гансу өлкесi қарамағындағы Ақсай қазақ автономиялы ауданы бар. Шындыққа жүгiнер болсақ, автономия саясаты 1954 жылдан бастап атқарылып, 1980 жылдарға дейiн бiршама сақталғанымен қазiргi кезде ауыз жүзiнде ғана айтылады. Тiл, жазу, мектеп, университет жағдайында ешқандай автономиялық жоқ. Жергiлiктi үкiмет органдарыңда қазақтар бiрiншi бастық түрiнде тағайындалғанымен партия басшысы аталатын қызыл мөрдiң иесi барлық тiзгiн-шылбырды өз қолына алған. Мемлекеттiк құзырлы органдар түгелдей қытай тiлiнде құжат жазып, қытай тiлiнде жиналыс жүргiзедi.
Қытайдағы қазақтардың қоныстанған жерлерi — Тәңiр тауының (Тянь-Шань) солтүстiгiндегi Еренқабырға, Алтай, Тарбағатай таулары, Iле өңiрi секiлдi аса көркем жерлер. Онда Iле, Ертiс өзендерi Қанас, Үлiңгiр, Сайрам көлдерi бар. Жалпы Қазақ жерi асқар таулармен асау өзендерден құралған көз сүрiндiретiн көркем аймақ.
Мейлi Қытай жазбалары, мейлi басқа тарихшылардың жазба деректерiне үңiлгенде аталған жерлер ежелден қазақ ұлтын құраған ұлыстардың мекенi болған. Бiздiң заманымыздан бұрынғы I-II-Ш ғасырларда өмiр сүрген Сақтар, Үйсiндер, Ғұндар мекендеген осы байтақ далада бiр мезет Батыс Түрiктер, Түркештер, Қарлұқтар iлгерiндi-кейiндi хандықтар құрған. Хандықтар құрамындағы Қаңлы, Үйсiн, Алан, Дулат, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз тайпалары, көне көк түрiктердi құраған Найман, Керей, Жалайыр, Қоңырат, Меркiт, Уақ тайпалары қазiргi Моңғолия жерiнен Iле, Ертiс өзендерi аралығына дейiнгi бай даланы мекен еткен. Тек Шыңғыс хан заманына келгенде тозғын күй кешумен бiрге бiртiндеп қазақ ұлтын қалыптастырған.
Ендеше, Қытай қазақтары қоныстанған жерлер ежелден олардың атамекенi, қасиеттi күл төгерi екенi шын. Бүгiнгi бәз бiреулердiң айтқанындай ондағы қазақтар ешқандай \"қашып\" барғандар емес, зұлмат жылдардың қанды қасiретiнен шекара атанған қызыл сызықты олай-бұлай кесiп өтуiне себеп болған замана қылмысының құрбандары.
Олай болса, бүгiнгi күнде ондағы қазақтардың сол сүйiктi мекенiн тастап, Отанына — қасиеттi қазақ шаңырағына көшуiне не себеп болды?
Ең басты себеп, ұлттық мүдде мен әлгiнде айтқан автономия саясаты аяқасты етiлдi. Дiнiнен, тiлiнен айырылудың қатерiне ұшырады. Екiншi себеп, жан санының артуымен жердiң тарылуы.
 
esmuhanДата: Понедельник, 07/Апрель/2008, 20:08 | Сообщение # 192
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ҚЫТАЙЛАРДЫҢ БАТЫСТЫ ИГЕРУ САЯСАТЫ

Қытай жерiндегi қазақтар қоныстанған өңiрге Қытай ұлтының кiру тарихы онша ұзақ емес. Нақты айтқанда, саяхаттап немесе қонақтап келiп-кетушiлердi айтпағанда, ресми қоныстануы 1800 жылдардан бастау алады. 1867 жылы көтерiлiстен жеңiлген Қытай армиясы Тарбағатай, Алтай өңiрiне алғаш қадам аттап, бiр бөлiмi сонда қалған. Оларды қазақтар бастабында \"қызыл аяқтар\" деп қабылдаса соңынан \"құржалықтар\" деп еркелетiп, өздерiне сiңiрiп әкеткен. Ал онан кейiн 1930-1940 жылдар iшiнде Гоминдаң партиясы аталатын қара қытайлар кiрсе, 1949 жылдан бастап қызыл қытайларға есiк ашылды. Сөйтiп, ендiгi жерде қытай ұлты қазақтар мекендеген өңiрлерде олармен қоныстас, көршiлес бола бастады.
Қытайдағы қазақтардың көбi егiн салып, мал бағумен айналысады. Ондағы жер саясаты бiздiкiнен жақсы. Анықтап айтқанда, жер иелiгi жекенiң мүддесiне емес мемлекеттiң пайдасына шешiлген. Оны жекелерге беру-бермеу мәселесiн үкiметтiк органдар шешедi. Жердi түбегейлi сатып бермейдi, 5-10 жылға қысқа мерзiмдiк жалға алуға болады. Бұл саясат сырттан ағылып кiрген қытайларға (өз сөздерiмен айтқанда iшкергi өлкелерден Шынжаңға келген халық жұмыскерлерiне) аса тиiмдi, ежелден сол жердi пайдаланып келген қазақтарға тиiмсiз. Екiнiң бiрiнде \"Жер мемлекеттiкi\" деген дөң айбатпен мемлекеттiк ұлтқа еншi бөлуге жомарттық көрсетуге дайын тұрады.
Жақын жылдардан бергi қазақтардың жайлаулық жерлерiн әртүрлi сылтаулармен тартып алып жатқаны да соның бiр дәлелi.
Бұл арада Қытайдағы жағдай мұншама ауыр болғанда ондағылар неге түп қопарыла көшпейдi? — деген сауал тууы да мүмкiн.
Қытай саясаты барынша жiңiшке жолмен атқарылады. Ешқашан айғай немесе қатыгез бұйрық түрiнде емес, қанжарын балға орағандай жұмсақтық ұстану олардың ата дәстүрi. Сол үшiн де олар рухани дүниенi, ақпаратты, мәдениет, өнер жағын барынша мықты ұстайды. Бiз Қазақстанда отырып қазақшаға жарымай жүргенде ондағы қазақтар екi қазақша телеарнаны көредi. Қазақ радиосы тәулiгiне 18 сағат қазақша сайрайды. Ахмет Байтұрсынұлы жазуы үлгiсiндегi төте жазумен шығатын жиырмаға жуық газет-журналы бар. Мемлекет қызметкерлерi күнiне 8 сағат, аптасына 5 күн жұмыс iстейдi. Артық iстесе үстеме ақы алады. Зейнетке шықса еңбек ақысы толығымен берiледi. Жұмыс орындары үймен қамдауға, несие алуға жәрдемдеседi, азық-түлiк, киiм-кешек барынша арзан. Осындай тиiмдiлiктерi жағынан тұрмыс-тiршiлiгiн ойлағандар жылы орнын суытқысы келмейдi. Ал кеткiсi келген кедейлердiң қолында не төлқұжаты жоқ, не ақшасы жоқ, төлқұжат жасату үшiн табанынан таусылып шаршайды, қалтасы қағылып дәрменi құриды.
Бiр ғажабы, барлық шетелде азаматтық куәлiкпен қоса шетке шығу төлқұжатын берсе де, Қытайда олай емес. Әсiресе, қазақ сынды аз санды ұлт өкiлдерiне келгенде \"ананы әкел, мынаны әкел\" деген әуресi таусылмайды. Төлқұжат алып туысшылап келу үшiн кемiнде 2-3 ай уақыт өтедi. Көшiп келуге бiрнеше жыл керек.
Қырық тесiктен өтiп қолына төлқұжат тигеннен кейiн виза аламыз деп әлденеше ай сарпалдаңға түседi, кезекке тұрып кенезесi кебедi. Кеденге келгенде кедергiсiз өте алмайды. Сөйтiп \"арық атқа қамшы ауыр\" дегендей керуеннiң бұйдасы үзiлерге жетедi. Онсызда Қазақстан мен Қытай арасында көшi-қон, еңбек шартымен, бiлiм алу жолымен дейтiн ешқандай мемлекеттiк келiсiмшарт жоқ.
Ал, ондағы жағдайы жақсы қытаймен құшақтасып күн көрiп отырған қазаққа ақы берсеңiз де келмейдi. Баласын қытайша оқытып, қытайша тәрбиелейдi. Бiздiң 70 жыл орысты құдайдай көргенiмiздей қытай ұлтын ғана мәдениеттiң көкесi санау— ондағы ұрпақ санасына ұялай бастаған ең ауыр iңдет.

 
esmuhanДата: Понедельник, 07/Апрель/2008, 20:09 | Сообщение # 193
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ҚЫТАЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН ҚАРЫМ ҚАТЫНАСЫ
Бүгiнгi күнi Қазақ — Қытай мемлекеттерiнiң аталмыш достығына қарағанда, Қытай жағы Қазақстан мүддесiне жат әрекетке бармайды.
Қытай мүддесiне жат қылық көрсе оған бiрлiкте қарсы тұрады. Сол үшiн де Қазақстан жағы Қытайдағы Шынжаң өлкесiн \"Шығыс Түркiстан\" деп айтуға аузы бармайды. Ол түгiлi Қытайдағы ежелгi Қазақ жерiн қазақтiкi деуге де қорқамыз.
Ал, қытайлар ше? ... Мақұлға жауап жоқ дегендi басты назарында ұстанған олар алдымен тiсiнiң ағын сыйлап жылы сөйлеуге бейiм тұрады. Және де жаулыққа асықпайды. \"Қырық жылда қайтқан кек — тез қайтқан кек\" дегендi сол үшiн айтады. Оқулықтарында Зайсан Балқашты өз iшiне алып, Ыстық көлге дейiнгi 440 мың шаршы шақырымды \"Өзiмiздiң жер\" деп белгiлеп, күнi бүгiнге дейiн ұрпағының санасына құюы — соның бiр айғағы. Ал бiздiң саясаткерлер мен дипломаттарымыз: \"Қытаймен алты алас бес бересiмiз жоқ, екi ел басшысы шекара келiсiмiн жасасқан, ол бiздiң дос көршiмiз\" деп өз-өзiн жұбатады.
 
esmuhanДата: Понедельник, 07/Апрель/2008, 20:10 | Сообщение # 194
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨШI — ҚОН САЯСАТЫ
Қазiргi Қытай, Ресей, Өзбекстан жерiндегi бiраз жердiң ежелден қазақ жұрты екенiн ескерсек олар ешқайда оралып отырған жоқ. Қайта өзiнiң ата жұртында отырып-ақ қуғын-сүргiнге ұшырауда. Туған жер, өскен өлкесiн тастап босқындық күй кешуде. Әсiресе, Қытай территориясындағы Iле, Алтай, Тарбағатай өңiрi атам заманнан қазақ жерi. Тек шекара аталатын қызыл сызықтың арғы-бергi жағын паналатқан зұлмат жылдар оларды тағдырдың тәлкегiне ұшыратып отыр. Өткен күндерге лағнет айтпай-ақ бүгiнiмiзге назар бұрсақ ел тiзгiнiн ұстаған естi азаматтардың өзi: \"Оралмандар — кеше отанын сатқан қашқындар, опасыздар\" немесе \"Құлдыққа үйренген бодандар\" — деген бейбастық сөздерге барды. Сөйтiп, тентiреп келген қандастардың хал-күйiне үңiлуден көрi олардың тырнақ астынан кiр iздейтiн үрке қарау сезiмi туа бастады.
1990 жылдардан басталған көш жағдайына келер болсақ, ең алғашқы көшке мұрындық болғандар студент жастар мен зиялы қауым өкiлдерi болды. Қазақ-қытай байланысының 1989 жылдан басталған оң қадамы екi арадағы тоңды жiбiтiп, көне сүрлеудi жаңалады. 1991 жылғы тәуелсiздiк ондағы қазақтардың арманына қанат бiтiрдi. Сол жылдан бастап әртүрлi себептермен келе бастады. 1993 жылға келгенде Жақсылық Сәмитұлы бастаған бiр топ зиялы қауым өкiлдерiнiң келуi ондағы қазақтар санасына жаңа жол ашты.
1991-1992 жылдан басталған көш қазiрге дейiн жалғасып келе жатыр, десек те соңғы жылдардағы аяқ алысымыздың баяулығы жасырын емес.
Қазақстан — Қытай екi ел арасында мемлекетаралық ешқандай көшi-қон және бiлiм алмасу шартының болмауына байланысты көптеген қиындықтар туып отыр. Атап айтқанда, Қытайдан Қазақстанға көшiп келуде Қытай жағының қырық тесiктен өткiзетiн \"қиямет\" жағдайын айтпаған күннiң өзiнде Қазақстан жағының кедергiсi де аз емес.
Оның бастыларына тоқталар болсақ, сыртқы iстер, iшкi iстер, кеден комитетi және көшiп келу квотасына енгiзу жағдайы төңiрегiнде бiраз мәселелердiң сақталып отырғанын ашық айтуымыз керек.
Сыртқы iстер министрлiгiнiң құзырына бағынышты болған Қытайдың Бейжiң қаласындағы консулдық басқармасының Шынжаңдағы iс басқару орны — Үрiмжiдегi бөлiмшесiнiң қазақтардың виза мәселесiн күнi бүгiнге дейiнгi түбегейлi шешiлуi өкiнiштiң бастауы болып отыр. Бұл мәселе газет, теледидар бетiнде бiраз әңгiмеге мұрындық болып, аяғы \"шешiлдi\" деген жеңiл жауаппен тәмамдалған едi. Жақында ғана Қытай жағынан келiп түскен мәлiметтерге қарағанда, қандастарымыздың виза мәселесi әлi де \"кезек күтуден\" құтылмаған түрi бар. Шынжаңның жер-жерiнен, алыс аймақта тұратындар бiр мың километрден астам жол басып Үрiмжiге келiп, тез болғанда екi апта, әйтпесе айлап жатады екен. Бұрын жылдап жүрiп виза ашқызғандар қазiргiсiне тәубамен қарайтын көрiнедi. Ал, қалтасы тоқ пысықайлар немесе үкiметтiк орган жағалаған зиялы қауым өкiлдерi өз жұмыстары тез бiтiп жатқандықтан өзгелермен санаса бермейдi. Қашанда зардап шегушiлер, қара халықтан шығады.
Екiншi кедергi, кеденде кезiгедi. Қытай-Қазақстан арасындағы сауда-саттық iстерiнiң дамуына байланысты, кеденшiлер көп жағдайда көш қайсы, тауар қайсы — осыны айыра алмай, кiнәсiздердi шырылдатып жатады. Бармақ басты, көз қысты, жең ұшынан жалғасқан ұсақ жемқорлық көш үшiн емес, саудагерлер үшiн жұмыс iстейдi. Сол себептi де көш көлiгiнiң шекарада қамалып қалуы жиi жүз бередi екен.
Мейлi көшiп келушi болсын, мейлi жеке сапармен келушiлер болсын тағы бiр қиындықты iшкi iстер органынан көредi. Тiркеу және виза ашудағы құжат бастылық пен басқа да қиындықтар салдарынан екiнiң бiрiнде жолынан қалып жататындар жиi ұшырайды. Көп жағдайда тұрақты тiркеу немесе үй кiтабы сұралады. Ел мен жердiң жағдайына қанық емес, жаңадан келушiлер бiрден үй кiтабын таппайды. Сөйтiп, жолаушыларымыз iшкi iстер басқармасының көшi-қон полициясы төңiрегiнен делдалдар iздеуге мәжбүр. Олардың \"сауда\" үшiн кесiмдi бағасы бар. Қазақтар зар илеп тентiреп жүргенде доллар санаған қытай және басқа да ұлт өкiлдерi өз жұмыстарын оп-оңай бiтiрiп алады.
Үшiншi кедергi, Көшi-қон комитетi және оның оралмандарға бөлетiн квотасы төңiрегiнен кезiгедi.
Қытай жағында бiр жарым миллион қандастарымыздың отырғаны ешкiмге күдiксiз мәселе. Ал осы бiр жарым миллион адамға жылына 1065 отбасылық квота ғана беру жүннiң арасына тары шашқандай iс. Бұл сан ондағы қандастардың көшi-қон мәселесiне ешқандай оң өзгерiс әкеле алмайтыны бәрiмiзге аян. Осымен бiрге 2007 жылдың 29-қыркүйегiндегi Үкiметтiң №858 қаулысымен бекiтiлген \"Оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзу ережесi\" де ондағы қандастардың бүгiнгi тағдырына түбiрiнен үйлеспейдi.
Анығын айтар болсақ, \"мамандығы мен бiлiктiлiгiнiң болуы, бiлiм деңгейi және кәмелетке толмаған балаларының саны\" деген өлшемдер Қытай қазақтарының мүддесiне қарама-қарсы қойылғандай көрiнедi.
 
esmuhanДата: Понедельник, 07/Апрель/2008, 20:12 | Сообщение # 195
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Себебi, Қытай қазақтарындағы зиялы қауым өкiлдерi негiзiнен келiп болды деп айтуға болады. Ал келмекшi болған ендiгi бiр бөлiм зиялы қауым өкiлдерi алдыңғылардың ауыр халiн көрiп тоқырап қалды. Мұнда келген қарттардың зейнетақыға қол жеткiзе алмауының өзi талай жанның ертеңгi үмiтiне көлеңке түсiрдi.
Бұл елге қарағанда Қытай елiнiң зиялы қауымға жасайтын көмегi әлдеқайда жақсы. Зейнетақысының өзi еңбекақы деңгейiн сақтайды. Демек, алдыңғы докторлардың ала дорба көтерiп базарда жүргенiн көрген олар ендiгi жерде жылы орнын суытқысы келмейдi. Келгiсi келетiндер қолында көк тиыны жоқтар немесе дипломы жоқ егiншi, малшы қауымы. Сонда \"ереже\" қараша қауым үшiн қызмет етпейтiн болғаны ма?
Қытайда төрттен көп балалы болу дегенiңiз жоғалғанына жиырма жылға тартты. Олардың \"Жоспарлы туу\" саясаты ондайға жол бермейдi. 1990 жылдан кейiн үйленгендер дерлiк 2-3 баламен шектелген. Ендеше \"төрт балаға — 5 балл, көп балаға — 10 балл\" — деу олар үшiн айтылмаған тәрiздi.
Тағы бiр айта кетерлiк жағдай, мұнда келгеннен кейiнгi жергiлiктi әкiмшiлiк органдардың оралмандарға қаратқан көзқарастары да әртүрлi. Кейбiр әкiмдер оралмандарға құшағын ашып, оларға жер телiмдерiн сыйлап шама шарқынша көмегiн тигiзiп отырса, кейбiреуi жау көргендей үрке қарайды. Айталық, Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Ақсеңгiр ауылындағы 200-ге тарта оралман отбасы аудан әкiмi мен ауыл әкiмiнiң есiгiн тоздырып егiстiк жер ала алмай жүргенiне үш-төрт жылдан асқанын өз көзiммен көрдiм.
Қытайдан келген оралмандардың екеуiнiң бiрiнiң айтары жер. Мұндағы себептердiң бiрi, Қытай қыспағында жүрiп, жер тапшылығын көруiнен десек, екiншi себеп жер емшегiн емiп, адал жолмен нанын тауып жеудiң қамы. Сондықтан да олар ең әуелi үй салатын орын iздейдi. Онан соң егiстiк жер сұрайды. Үшiншi, малына жайылымдық қарастырады. Егер Қытай қазақтарына: \"Сендерге беретiн бiр тиын ақшамыз жоқ, үй салатын жер, егiстiк пен жайылым берейiк\" десе олар қуана келiсер едi. Қуана келiскенi былай тұрсын аз жылда-ақ шаруашылығын дөңгелетiп, әлгi жердi гүлдендiрiп отырғанын көрер едiңiз. Демек, олардың бойында қытайлардан үйренген еңбекшiлдiк рухы басым. Әсiресе, жер жағдайында тiптен солай.
Бұдан туатын ой, бiздiң бейiмделу орталықтарымыз немесе көшi-қон басқармаларымен жергiлiктi әкiмдер олардың қажетсiнуiне қарай өмiр сүру ортасын жасап берсе тiршiлiгiн жандандырудың тiзгiнiн өз қолдарына алар едi. Немiс пен орыстың өз қандастарын жинау тәжiрибесi бiзге көп нәрсенi ұқтырады.
Олай болса жер бетiнде жетiмдiк көрген бауырларымызды қолтығымызға тартсақ, басынан сипасақ, Алла бiздi, қазақ деген қасиеттi ұлтты басынан сипап, бағын асырар едi деп ойлай алуымыздың қажеттiлiгiн онан ары сезiнемiз. Сезiнген сайын әлгiндей кедергiлердi жұлып тастағымыз келедi. Ол бiрiншiден Аллаға, екiншiден құзырлы органдарға тапсыратын ақ жүректiң аманаты болмақ!!!
 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Страница 13 из 14«1211121314»
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016
Используются технологии uCoz