Жаңалыктар - Страница 2 - Форум
SITE LOGO
Суббота, 03/Декабрь/2016, 14:35
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная Жаңалыктар - Страница 2 - ФорумРегистрацияВход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 2 из 14«12341314»
Модератор форума: esmuhan 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Жаңалыктар
esmuhanДата: Суббота, 01/Сентябрь/2007, 10:51 | Сообщение # 16
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Оңтүстік Қазақстан облысында 3-қыркүйекте мемлекет басшысының қатысуымен интерактивті сабақ өткізуге тиіс 108 мектептің тек үштен бір бөлігі ғана дайын. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық білім беру департаментінің оқу бөлімінің бастығы Шолпан Сазабаева хабарлады.
 
esmuhanДата: Суббота, 01/Сентябрь/2007, 10:52 | Сообщение # 17
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Төтенше жағдайлар министрі президентке төтенше жағдайлардан алдын ала сақтандыру мен жоюдың мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасының әзірленуі жөнінде баяндады
Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев төтенше жағдайлар жөніндегі министр Виктор Храпуновты қабылдады, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
esmuhanДата: Суббота, 01/Сентябрь/2007, 10:53 | Сообщение # 18
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстанда таяу уақыттарда несиелендіру көлемі одан әрі өсе бермек. Мұндай пікірді екінші орталықазиялық "Business Weekend Central Asia 2007" фестивалі аясында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Акишев ортаға салды.
 
esmuhanДата: Суббота, 01/Сентябрь/2007, 10:53 | Сообщение # 19
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline

Әлемдік қаржы нарығындағы ахуал еліміздің қаржылық жүйесіндегі дағдарыс туралы айтуға мүмкіндік бермейді
Қазақстан қор биржасындағылардың пікірінше, әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстанның қаржылық жүйесіндегі дағдарыс туралы айтуға негіз жоқ, деп хабарлайды агенттік.
 
esmuhanДата: Суббота, 01/Сентябрь/2007, 10:54 | Сообщение # 20
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline

Қазақстан президенті бірінші Халықаралық бейбітшілік сыйлығымен марапатталды
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Америка Құрама Штаттарындағы ірі университеттердің бірі - "Нова" Оңтүстік-Шығыс университеті тағайындаған бірінші Халықаралық бейбітшілік сыйлығы табыс етілді,деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
esmuhanДата: Суббота, 01/Сентябрь/2007, 10:57 | Сообщение # 21
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 тамыз. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы төрт бала анықталды. Бұл туралы облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Наталья Бабина журналистерге хабарлады.

"2 мен 4 жас аралығындағы төрт баланың зерттеу нәтижелері дәлелденді", - деді Н. Бабина. Оның айтуынша, екі бала Сарыағаш ауданында, бір бала Кентауда, енді біреуі Түркістанда тұрады. Жаңадан анықталған балалардың ата-аналарының анализдері тексеріліп жатыр, деді бас дәрігер.

Облыстық СПИД орталығының мәліметінше, қазіргі жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 127-ге жетті, соның ішінде 10 бала қайтыс болған, бір баланы асырап шетелге алып кеткен. ВИЧ індетін жұқтырған аналардың саны 15 болды

 
esmuhanДата: Суббота, 01/Сентябрь/2007, 11:00 | Сообщение # 22
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
"Нұр Отан" Халықтық -демократиялық партиясы саяси кеңесі бюросының отырысында төртінші шақырылымдағы парламент мәжілісі депутаттарының тізімі жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Атап айтсақ, саяси бюроның шешімімен төртінші шақырылатын парламент мәжілісінің құрамына сайлауда жеңіске жеткен партиядан үкіметтің екі мүшесі ғана өтті. Бұлар вице-премьер Аслан Мусин мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова. Осы орайда еске сала кетсек, сайлауда Орталық сайлау комиссиясында тіркелген "Нұр Отанның" партиялық тізімінде әділет министрі Зағипа Балиева мен мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев та болған.
Сондай-ақ, "Нұр Отан" партиясынан мәжіліс құрамына бұрынғы шақырылымның 38 депутаты өтті.
Б.Жұмағұловтың хабарлауынша, "Нұр Отанның" партиялық тізіміне енген әкімдерден мәжіліске ешкім өтпеген. Тізімде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібев Кәрібжанов, Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов, Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов болды. "Біздің тізімдегі үш әкім өз жұмыс орындарында қалады",- деді ол.
Тұтастай алғанда, партия төрағасы орынбасарының айтуынша, жаңа парламенттің құрамын жасақтау барысында саяси кеңестің бюросы бірінші кезекте еліміздің барлық өңірлерінен өкілдердің болуына мән берілді. "Болашақ мәжіліс депутаттарының кәсіби біліктілігі де ескеілді. Бұлар бірінші кезекте заңгерлер мен экономистер, инженерлер",- деді ол. Сонымен бірге Б.Жұмағұловтың айтуынша, жаңа мәжілістің құрамында әйелдердің саны бұрынғы шақырылым парламентіндегіден екі есе артты.
"Мәжіліс құрамына партияның елімізге танымал ең белсенді мүшелері, өз ісінің майталмандары , өңірлердегі тауқыметтер мен мүдделерді , әлеуметтік саланы бес саусағындай білетіндер кірді",- деді Б.Жұмағұлов.
"Бізде бүгін парламенттің іс-қызметіне белсене кірісуге, өз сайлаушыларымызға берген уәдеге сай бірінші кезеңде ең қажетті заңдарды қабылдауға барлық мүмкіндіктер бар",- деді ол.
Журналистер сауалына жауап берген Б.Жұмағұловтың хабарлауынша, комитет төрағалары мен палата спикерінің кандидатуралары парламенттің бірінші отырысынан кейін кейін ғана талқыланады, ал алғашқы отырыс 2-қыркүйекте өтпек.
Осы орайда еске сала кетсек, 18-тамызда өткен мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауында жеңіске жеткен партияның 125 мүшесінен мәжіліс құрамына 98 адам енеді. Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес, дәл осынша депутат пропорцонал жүйе бойынша сайланады.
 
esmuhanДата: Суббота, 01/Сентябрь/2007, 11:02 | Сообщение # 23
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
2008-жылы Пекинде өтетін Олимпиадаға Қазақстаннан 100- 110 спортшы қатысады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында туризм және спорт вице-министрі Қобыланды Мусин хабарлады.
"Олимпиада ойындарына Қазақстан Республикасының атынан 22 спорт түрі бойынша лицензия жеңіп алған 100 - 110 спортшы қатысады деп күтілуде", - деді Қ. Мусин.
Оның айтуынша, "Қазақстанның ұлттық құрамасына жүлделі орындар үшін қызу тартысқа қатысуға тура келмек". "Ұлттық құраманың алдына Олимпиадада 1996 және 2000-жылғы Олимпиада ойындарындағыдан кем емес нәтиже көрсету жөнінде міндет қойылған", -деді ол.
Тұтастай алғанда, Қ. Мусиннің айтуынша, 2008-жылғы Олимпиадаға 203 елден 16 мыңнан астам спортшы мен жаттықтырушы қатысып, 36 спорт түрі бойынша 302 жүлде жиынтығы үшін сайыс қызбақ.
Вице-министр министрлік тарапынан "спортта жоғары нәтиже көрсете алатын жаттықтырушылар мен спортшылармен келісім-шарттарына қол қойылғанын" атап өтті. Үкіметтің қаулысымен Олимпиада ойындарында табыс көрсеткен спортшыларды материалдық марапаттау мөлшері ұлғайтылды. Жекелеген спорт түрлері бойынша шетелдік жаттықтырушылар мен мамандар шақырылып, ұлттық құрама жаттықтырушыларының жалақысы өсірілді. Оның айтуынша, "жаттықтырушылар орта есеппен $500 - $1000 көлемінде жалақы алуда".
"Қазіргі жағдаймен еліміздің спортшылары алты спорт түрі бойынша 29 олимпиада лицензиясын жеңіп алды: атыс бойынша - 3, жеңіл атлетика бойынша - 13, ауыр атлетика бойынша - 8, жүзу спорты бойынша - 2, қазіргі заманғы бессайыс бойынша - 2, садақ атысы бойынша - 1 лицензия бар ", -деді Қ. Мусин. Оның айтуынша, осы жыл мен 2008-жылдың орта шеніне дейін қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарына қатысуға құқық беретін халықаралық рейтингтік сайыстарға қатысады. "Осыған байланысты біз бокс, грек-рим және еркін күрес, дзюдо, велоспорт, жеңіл атлетика, жүзу, атыс, ауыр атлетика, триатлон, көркем гимнастика, спорттық гимнастика, және басқа да бірқатар спорт түрлері бойынша лицензиядан үміттеніп отырмыз", -деді вице-министр.
Өз кезегінде премьер-министр Кәрім Мәсімов еліміздің туризм және спорт министрінің Пекинде өтетін Олимпиада ойындарында қазақстандықтардың жеңістері төңірегіндегі болжамын еске сала кетті. "Сіздің министр мен сіздің министрлік келесі Олимпиада ойындарының нәтижесі бойынша жоғары жауапкершілік пен дербес міндеттемелер жүктеп алған. Ендігі жерде айтқан үдеден шыға білу керек. Бұл спортта бағындыратын биіктіктер бойынша сіздердің жұмыс көрсеткіштеріңіз болмақ", -деді Кәрім Мәсімов.
 
esmuhanДата: Суббота, 01/Сентябрь/2007, 11:06 | Сообщение # 24
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Байқоңыр ғарыш айлағының монтаж-сынақ корпусында "Бриз-М"үдеткіш блогын жапонның JCSAT-11 жер серігімен түйістіру басталды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.
"Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы пен JCSAT Сorp. компаниясының мамандары бірнеше күн бойы JCSAT-11 жер серігін өтпелі жүйемен түйістіріп, одан кейін "Бриз-М" үдеткіш блогымен бірге құрастыру жұмысын жүргізеді",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Осы жерде, "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығы мен транспорттық және машина жасау жөніндегі конструкторлық бюро орталығының мамандары "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай мен сұйытылған газ құюды аяқтағандығын еске сала кетті. "Жұмыс аяқталысымен "Бриз-М" ұшу алды дайындығынан өтіп жатқан JCSAT-11 жер серігімен түйістіру үшін монтаждау-сынақ корпусына жеткізілген",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
Бұрын хабарлағанымыздай, жер серігін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы өндірген, Жапония мен көршілес аймақтардағы тұтынушыларға телекоммуникациялық қызметтерді жапониялық JSAT Corporation компаниясы атты байланыс операторы көрсетеді. JCSAT-11 ғарыштық аппараты Жапония мен Азия-Тынық мұхиты аймағында телекоммуникациялық қызметтер көрсетеді. Жер серігі кем дегенде 15 жыл қызмет етуге тиіс.
"Протон-М" зымыран тасығышын "Бриз-М" үдеткіш блогымен бірге мен JSAT-11 ғарыштық аппараты 2007 жылдың 6- қыркүйегінде ұшырылады деп межеленген.
 
esmuhanДата: Суббота, 01/Сентябрь/2007, 11:31 | Сообщение # 25
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Парламент палаталарының бірлескен отырысы 29-қыркүйекке белгіленді. Осы жөніндегі бұйрыққа мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов қол қойды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын 2006-жылдың 1-қыркүйегінде сағат 10-да Астана қаласында шақыруды бұйырамын",- делінген мәжіліс аппараты таратқан бұйрық мәтінінде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бірлескен отырыста депутаттар еліміздің төрт конституциялық заңына енгізілетін түзетулердің бес бірдей топатамасын, соның ішінде "Парламент туралы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға парламенттік фракциялардың ролін күшейтетін түзетулер; "Парламент туралы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға депутаттардың құзыреті аясын кеңейтетін түзетулер; "Сайлау туралы" конституциялық заңға сайлау науқаны кезінде митингілер мен шерулер өткізуге тыйым салуды алып тастайтын өзгерістер; "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерңстер мен толықтырулар енгізу туралы талқылау межеленген.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 09:33 | Сообщение # 26
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
2007 жылдың тамызында Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 10310 теңгені құрады, бұл 2007-жылғы шілдедегі көрсеткіштен 7,3 пайызға артық, ал 2006-жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 24,3 пайызға артық.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 09:48 | Сообщение # 27
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі зейнетақы жинақтау жүйесін одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
"Зейнетақы жинақтарының сақталуына қатаң кепілдіктерді қамтамасыз ету, зейнетақы жинақтаушы қорлардың кірісін көтеруге жағдай жасаудың маңызы айрықша зор", - деді президент бүгін төртінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде.
"Зейнетақы жинақтаушы қорларға түрлі инвестициялық стратегиясы бар бірнеше қоржын ұстауға мүмкіндік беру керек", - деді мемлекет басшысы.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 10:03 | Сообщение # 28
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Аслан Мусин төртінші шақырылған парламент мәжілісінің спикері болып бір дауыстан сайланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Депутат Мусин құпия дауыс беру барысында 107 дауыс жинады", - деді мәжілістің есеп комиссиясының төрайымы, депутат Бағила Баймағамбетова төртінші шақырылған парламент мәжілісінің алғашқы жалпы отырысында.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 10:12 | Сообщение # 29
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар палатаның вице-спикерлерін сайлады. Бұл қызметке Сергей Дьяченко мен Бақытжан Жұмағұлов сайланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
С. Дьяченконың кандидатурасы үшін отырысқа қатысқан 106 депутат толық дауыс берсе, Б. Жұмағұловтың кандидатурасы үшін сол сәтте отырысқа қатысып отырған 104 депутат толық дауыс берді.
Сөйтіп, Дьяченко мен Жұмағұлов бір дауыстан мәжілістің вице-спикерлері болып сайланды.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 10:15 | Сообщение # 30
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Астанада мемлекет басшысының қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, онда төртінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылғаны жайында жарияланбақ, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Отырысқа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, үкімет мүшелері мен президент әкімшілігінің жауапты қызметкерлері қатысып отыр.
Төртінші шақырылған парламент ел Конституциясына 2007-жылдың мамыр айында енгізілген түзетулерге сәйкес жасақталған. Парламент депутаттарының жалпы саны 154 адамды құрайды, соның ішінде мәжілістің 107 депутаты мен 47 сенатшы бар. Мәжіліс құрамына "Нұр Отан" партиясынан пропорционал жүйемен сайланған 98 депутат пен Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған 9 депутат енген. Сенаторлардың негізгі құрамы бұрынғы қалпы қалғанымен, жаңартылған Конституцияға сәйкес президент бұл палатаның қосымша 8 депутатын тағайындады.
Парламенттің бұрынғы құрамында мәжілістің 76, сенаттың 39 депутаты болған.
 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Страница 2 из 14«12341314»
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016
Используются технологии uCoz