Жаңалыктар - Страница 3 - Форум
SITE LOGO
Воскресенье, 11/Декабрь/2016, 11:00
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная Жаңалыктар - Страница 3 - ФорумРегистрацияВход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 3 из 14«123451314»
Модератор форума: esmuhan 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Жаңалыктар
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 10:26 | Сообщение # 31
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстанның оңтүстік-шығысында жер сілкінісі болды; құрбан болғандар мен зардап шеккендер жөнінде мәлімет жоқ - Төтенше жағдайлар министрлігі
"ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмология институтының мәліметінше, 2 қыркүйекте 21.30-да (Астана уақытымен) Қазақстан Республикасының аумағында энергетикалық классы 11,1 болатын жер сілкінісі болды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 196 шақырымда болды, деп нақтылайды мекеме.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 10:27 | Сообщение # 32
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
3 қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Шымкентте арнаулы қызметтің бұрынғы қызметкері кішкентай балаларды зорлаған күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Ақпарат көзінің нақтылауынша, ұсталған бұрын ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінде істеген және ол ұсталардан біраз уақыт бұрын жұмыстан шығарылған.
Прокуратурадағылар педофилдің ұсталу дерегін растады. "Әзірге тергеу күдіктінің жеті жасар екі қыз балаға қатысты педофилдік әрекеттері жөніндегі мәліметтерге ие болып отыр", - деді Шымкенттің Әл-Фараби аудандық прокуроры Нұрлан Әбдіраманов. Оның айтуынша, көп қабатты үйде тұратын 30 жастағы күдікті көршілердің балаларын үйдің жертөлесіне шақырып алып әрекет етіп келген.
"Бұл біздің облыста бұрын -соңды сирек болған қылмыс, іс жүзінде бұрын мұндай дерек тіркелмеген", - деді прокурор.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 10:28 | Сообщение # 33
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
3 қыркүйек. АСТАНА - ҚОСТАНАЙ. Қостанай облысының Арақарағай орман шаруашылығында үш күнге созылған орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігі.
"Өрт 2-қыркүйекте Астана уақытымен 19.15-те 4000 га аумақта сөндірілді", -деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 2245 адам мен 121 техника жұмылдырылды. Жалынды сөндіруге үш өрт сөндіруші поезд пен Арақарағай орман қорғау жөніндегі мемлекеттік басқармасының тікұшағы жұмылдырылды.
"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісіне өрт сөндіру жұмыстарын басқарған Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагиннің хабарлағанындай, құрбан болған және зардап шеккен ешкім жоқ. Өрт сөндіруге жұмылдырылған техника да зардап шеккен жоқ.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 12:41 | Сообщение # 34
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлданды. Осы жөніндегі жарлыққа Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлайды агенттік.
Мемлекет басшысы үкіметке тұжырымдаманы 2008-2010-жылдар аралығында және одан әріқарай кезең-кезеңмен жүзеге асыру шараларының жоспарын үш айдың ішінде жасап бекітуді тапсырды.
Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің жарлыққа берген түсініктемесіне сәйкес, "Республикадағы көші-қон жағдайы еңбек көші-қоны көлемінің өсуімен, заңсыз көші-қон ауқымының ұлғаюымен, босқындардың болуымен, қарқынды ішкі көші-қонмен сипатталады. Қазақстан әлемдегі мейлінше күшті көші-қон процестері байқалатын елдердің біріне жатады. Республика көші-қон ағынының қысымын сезініп отыр".
Түсініктемеде атап көрсетілгеніндей, "Қазақстан Республикасы президентінің "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" атты 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру барысында Қазақстан Республикасы президентінің "Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2007 жылғы 28 тамыздағы жарлығы қабылданды".
Тұжырымдама Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін басқарудың қазіргі тетіктерін жетілдіруге және сапалық тұрғыдан жаңа тетіктерін дамытуға бағытталған.
Тұжырымдаманың мақсаты еліміздің ұлттық бірдейлігі мен қауіпсіздігін сақтау және дамыту шеңберінде заңсыз көші-қонды барынша азайту және сұрыптаушылық көші-қонды қалыптастыру жолымен көші-қон ағынының келеңсіз салдарын азайту болып табылады.
Көші-қон саясатының негізгі принциптері мен міндеттерін ескере отырып, бейімдеу қызметтерін көрсету арқылы оралмандарды бейімдеу мен кіріктірудің өңірлік орталықтарын кұру, білімі мен біліктілік деңгейін, кәсіптік тәжірибесінің болуын қоса алғанда, көшіп келу квотасына оралмандарды енгізудің нақты критерийлерін белгілеу, шетелдік жұмыс күшін квоталау және экономикалық мақсаттылық тестін сақтау, іріктеу әдісін қолданумен икемді визалық тетік құру және басқалар жөніндегі шаралар кешенін іске асыру көзделеді.
Тұжырымдаманы іске асыру көші-қон ағынын реттеу жүйесін жетілдіруге, этникалық қазақтарды қабылдау, оларды қазақстандық қоғамға бейімдеу және кіріктіру үшін жағдай жасауға, білікті ұлттық еңбек нарығын қалыптастыру үшін ішкі еңбек көші-қонының мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдеседі.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 12:42 | Сообщение # 35
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
3 қыркүйек. КУРЧАТОВ. Курчатовта бүгін "Қазақстандағы ядролық энергетика" атты үш күндік халықаралық ғылыми-техникалық конференция басталды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агентігінің тілшісі.
Бас қосуға 11 елден 300 -ден астам адам қатысуда. Форумда АҚШ, Жапония, Ресей, Германия және Ұлыбритания секілді технологиясы жоғары деңгейде дамыған елдерден танымал ғалымдар мен мамандар баяндама жасайды деп күтілуде.
Қатысушылар ХХІ ғасырда атом энергетикасын дамыту стратегиясы; Ұлттық ядролық орталықты дамыту перспективалары, Қазақстанда атом өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылайды. Бұған қоса Қазақстан мен Ресейдің бірлесіп ядролық отын өндіруі, Семей полигонындағы ядролық қару сынақтарының әсері секілді тақырыптар да талқыланбақшы.
Ғылыми форум ҚР Ұлттық ядролық орталығының 15 жылдығына арналған.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 12:45 | Сообщение # 36
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Қазақстандық шекарашылар жарты миллион долларға жуық ақшаны контрабандалық жолмен алып шығуға әрекет жасаған Ресей азаматын қолға түсірді. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ақпарат бөлімінен хабарлады.
""Қайрақ-авто" шекаралық өткізу бекетінің шекарашылары Қазақстаннан Ресейге "Тойота" автокөлігімен өтпек болған Ресей азаматын ұстады", -деп хабарлаған баспасөз қызметінің нақтылауынша, азаматты ұстауға оның декларацияда көрсетілмеген 490 700 АҚШ доллларын алып өтуге жасаған әрекеті себеп болған.
Сонымен бірге, шекарашылардың ақпаратына сәйкес, "Қордай" өткізу бекетінде "Ауди-100" автокөлігімен Қырғызстанға бет алған Қазақстанның екі азаматы ұсталды. "Көлікті тексеру барысында шекарашылар декларацияда көрсетілмеген 4 млн 650 мың теңгені тапты", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, жалпы өткен аптада шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзған 216 адамды ұстап, контрабандалық жүк алып өтуге жасалған 37 деректің жолын кесті.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 12:48 | Сообщение # 37
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің мектеп оқушылары үшін интерактивті сабақ өткізді, оған Қазақстанның 1000 мектебінің оқушылары қатысты. Сабақ "Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан" тақырыбына арналды
"Қазақстан үшін мектепте білім беру басымдыққа айналды", - деді Н. Назарбаев.
Ол алдағы бес жылда елімізде 250 мектеп салу жоспарланып отырғанын еске салды. Атап айтсақ, ағымдағы жылы жаңадан 65 мектеп ашылады. Мемлекет басшысы бұған қоса "Интернетке қосылған мектептердің саны да жыл санап өсіп келе жатқанын" атап өтті. Президенттің айтуынша, қазіргі жағдаймен еліміздегі мектептердің 97% желіге қосылған. Сонымен бірге мың мектепте интерактивті он-лайн кластар ашылған.
Президент "келесі жылы да осындай интерактивті он-лайн-кластар тағы мың мектепте ашылатынын " атап көрсетті. "Бұл біздің оқушыларымыз Астана мен Алматының, егер тіпті келісе алсақ, Мәскеудің де жетекші оқытушыларының дәрістерін тыңдай алады деген сөз", - деді Н. Назарбаев.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 12:49 | Сообщение # 38
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Бес жылда Қазақстан экономикасы 80%-ке өсті. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін интерактивті сабақ барысында хабарлады.
"Тек соңғы бес жылда еліміздің экономикасы 80%-ке өсті", - деді Н. Назарбаев. "Біз Қазақстанға 60 млрд доллар көлемінде инвестиция тарттық, ал ішкі инвестициялар 80 млрд долларды құрады", - деді президент.
Елбасының айтуынша, соның арқасында "қазір Қазақстанда ең жоғары жалақы мен зейнетақы белгіленген". "Біз көп балалы аналарды әлеуметтік жәрдемақылармен қамтамасыз етіп, мектептер, аураханалар мен қол жетімді үйлер салып жатырмыз, мүгедектерге жәрдемдесіп отырмыз", - деді мемлекет басшысы.
"Осындай нәтижеге жеткеннен кейін біз бұдан да асқаралы мақсатты алға қойып, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің санатына қосылуды діттедік. Біз елуліктің, артынан отыздықтың, келе-келі тіпті әлемдегі ең озық 20 елдің қатарына қосылғымыз келеді", - деді президент.
"Қазақстанда өнеркәсіп орындарын дамыту үшін біз баламалы өнеркәсіп құруымыз қажет. Әзірге қолымызда байлығымыз, мұнайымыз бар кезде біз индустриялық экономиканы құрып үлгеруге тиіспіз", - деді мемлекет басшысы.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 12:50 | Сообщение # 39
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АЛМАТЫ. 3-қыркүйек - дүйсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы жексенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,96 теңгеге қымбаттап, бір долларға шаққанда 125,03 теңгені құрады.
Бүгін, дүйсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 255,150 млн. долларды құрады.
Ал жұмада АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 145,620 миллион долларды құраған болатын.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 15:03 | Сообщение # 40
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
3 қыркүйек. КУРЧАТОВ. Словакия Қазақстанмен ядорлық медицина саласында ынтымақтастық орнатудан үміттенеді. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Республикасының ядролық медицинасы" ғылыми-практикалық конференциясында сөз сөйлеген Словакияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Душан Подгорский мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.
"Мен Словакия мен Қазақстанның ынтымақтастығындағы негізгі екі міндетті көріп отырмын: бұл ядролық медицина саласындағы ынтымақтастық пен Тернава ауданы мен Шығыс Қазақстан облысы арасындағы қатынасты жақындастыру",- деді Д. Подгорский.
Ол, Славакия астанасынан 10 шақырымда орналасқан Тернава "Шығыс Қазақстан облысымен егіздің сыңары" болып табылатындығын түсіндіріп өтті. "Онда бұрынғы Чехославакия аясындағы бірінші АЭС құрылған, онда Дунай өзенінде ірі СЭС орналасқан, онда ірі көлік жасау өндірісі бар... Және біз Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 20-22 қарашасы аралығында елімізге жасайтын бірінші тарихи мемлекеттік сапары барысында Шығыс Қазақстан облысы мен Тернава арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоямыз деп есептеп отырмыз",- деді.
Кейінірек Душан Подгорский агенттік тілшісіне берген сұхбатында, "Словакия мен Қазақстан ядролық медицинаның радиофармпрепараттар шығару және радионуклидтік диагностика сияқты саласында тығыз ынтымақтастық жасай алатындығын" нақтылап өтті.
"Біздің елімізде радионуклидтік диагноз қою тәжірибесі кең тараған, ядролық медицинаның осы бағытының көмегімен 14 мыңға жуық адам тексеруден өткен. Біз осы саладағы өз тәжірибелерімізді Қазақстанмен бөлісе аламыз, себебі онкологиялық ауруларды анықтау сіздердің ел үшін айтарлықтай өзекті мәселе",- деп атап көрсетті елші.
Ол, сондай-ақ Тернавада АЭС базасында атом станциясы үшін мамандар дайындау жөніндегі екі тренажер жұмысы істейтіндігін еске сала кетті. "Біз егер Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданса сіздерге біздің Тернавадағы базада өз мамандарыңызды дайындауға көмегімізді ұсынамыз, немесе Қазақстанда осы тектес тренажер құруды кеңес етеміз",- деді Душан Подгорский қорытынды сөзінде.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 15:04 | Сообщение # 41
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Шымкентте хайуанаттар бағының жұмысшыларының немқұрайдылығы салдарынан арыстан жарты сағаттай тордың сыртында жүрген, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.
Ғылыми бөлім жөніндегі директордың орынбасары Латифша Алиев жәрналистерге, аталмыш деректің 1-қыркүйекте, қараушы торды тазалап жатқан кезде болғандығын растады. "Арыстанды жазғы жайдан қысқы орынға айдап кіргізіп, есігін жауып тазалайды, сосын керісінше шығарып, қысқы орнын тазалайды. Қараушы арыстанды жаздыққа шығарып, өзі қысқы орынды тазалап жатқан, бірақ ол оның есігін жабуды ұмытып кеткен",- деп түсіндірді Латифша Алиев.
Қараушы тазалықпен айнылысып жүріп арыстанның жоқтығын байқамай қалған, соның салдарынан алты жасар Адам торлар мен қоршаудың арасындағы кеңістікке шығып , еркін қыдырып жүрген. Латифша Алиевтің хабарлауынша, хайуанды торға жеммен алдап кіргізген.
Хайуанаттар бағы директорының орынбасарының хабарлауынша, оқиға кезінде барлық адамдар аумақтан шығарылған, ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұл аз уақыт ішіндегі екінші оқиға. 31-маусымда осы тектес оқиғада үш аю бостандыққа шығып кеткен болатын.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 15:05 | Сообщение # 42
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
3 қыркүйек. БІШКЕК. Қырғызстанның оңтүстігінде бірқатар шенеуніктер тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының белсенділеріне көмектескен деп айыпталуда, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қырғызстан Республикасының ішкі істер министрлігінің аймақтық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері, Ош облысының Қара-Суу қаласының басшы қызметкерлерінің бірі мен екі квартал комиттетінің басшылары тыйым салынған қозғалыс өкілдеріне жасанды құжат жасап бергендігін анықтады. "Шенеуніктердің көмегімен туу туралы куәлік, тіркеу куәлігі, медициналық сақтандыру кітапшасы және басқа да құжаттар жасалынған",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ олардың хабарлауынша, тыйым салынған ұйымның өкілдері тектерін өзгертіп, жаңа төлқұжатпен шетелге шықпақ болған.
Қырғызстан Республикасының ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, әзірге шенеуніктердің экстремистік ағым өкілдеріне көмек көрсетуіне қатысты екі оқиға дәлелденген, олардың бірі басшылық лауазымды атқарған. Аталмыш дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 15:24 | Сообщение # 43
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
3 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстандық шекарашылар Өзбекстаннан келе жатқан 8 тонна жеміс-жидек контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінің хабарлады.
Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 2-қыркүйекте "Атакент" күзет аумағында контрабандалық жүк өткізбек болған үш деректің жолы кесілген. Атап айтқанда, "шекара сызығынан он метр жерде 4 тонна картоп тиелген екі "ГАЗель" көлігімен Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған екі елдің азаматтары ұсталды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, шекарашылар бір тоннадан астам жеміс-жидек пен көкөніс артқан "МАН" көлігін ұстаған. "Осы күні сондай-ақ Өзбекстаннан біздің елімізге 3 тоннадан астам жеміс-жидек пен көкөністер алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 15:26 | Сообщение # 44
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
3 қыркүйек. АСТАНА. Ішкі істер министрлігі бұрын заңсыз есірткі айналымынан тәркіленген есірткіні екінші айналымға түсіруге бағытталған қылмыстардың жолын кеспекші. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын қадағалау комитетінің төрағасы Маратқали Нүкенов хабарлады.
"Біз бұрын тәркіленген есірткінің екінші айналымға түсуіне тосқауыл қоймақ ниеттеміз", - деді ол. М. Нүкеновтың айтуынша, "осыған байланысты заң жобасы жасалып, бүгін үкіметтің қарауына ұсынылды". "Біз айғақзаттарды тергеу сатысында, сот шешімі шықпай тұрып жоюды ұсынып отырмыз", - деп түсіндірді ол.
Бұған дейін Бас прокуратура осы жылы ішкі істер органдарында сақталған жалпы 48 килограмнан астам есірткі ұрланып, жоғалғаны, олардың 29 килограмнан астамы героин және 3 килограмға жуығы апиын екенін хабарлаған. Бас прокуратура бұған есірткі заттардың екінші рет айналымға түсірудің алғышарты ретінде қараған жөн дееп санайды. Егер 2005 жылы прокурорлар алынған есірткіні алмастырып қоюдың 2 оқиғасын анықтаса, 2006 жылы - мұндай 4, ал соңғы тексеру барысында 21 факті анықталды.
 
esmuhanДата: Понедельник, 03/Сентябрь/2007, 15:28 | Сообщение # 45
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
3-қыркүйек. АСТАНА. Мектептерде үш тілде оқыту жүйесін енгізе отырып, қазақ тілін оқуға баса назар аудару қажет. Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев интерактивті сабақ барысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісі.
"Мен үш тіл білуді қолдаймын, бірақ, біз қазақ тіліне баса назар аударуға тиіспіз деп санаймын",- деді мемлекет басшысы. "Өйткені, уақыт өте келе бүкіл мемлекеттік қызмет, мемлекеттік басқару мен білім беру жүйесі түгелдей біртіндеп қазақ тіліне көшетін болады", - деді ол.
Дегенмен , мемлекет басшысының айтуынша, "орыс тілі мен басқа да шет тілдер де бірдей оқытыла береді". "Бұл біздің әлдекімді әлдеқалай кемсіткіміз келгенін білдірмейді, керісінше, біз барлық тілдер мен мәдениеттерді қолдайтын боламыз", - деді Н.Назарбаев. "Мен бұны еліміздің жастары өз отанымыздың мемлекеттік тілін балабақшадан бастап үйренуге талпынуы үшін айтып отырмын",- деді ол.
"Мәселенің бұлай қойылу себебі, кез-келген мемлекеттің мемлекеттік тілі, мемлекет құрушы ұлттың тілі бар. Бұл ешқашан ешкімге қысым болып саналуға тиіс емес, неге десеңіз - Ресейде мемлекеттік тіл - орыс тілі, Қытайда - қытай тілі", -деді Н.Назарбаев. "Қазақ тілі кеңестік билік кезінде үлкен қиындықтарға душар болды, ал қазір қазақ халқының өз тілін үйренуге және өз дәстүрін дәріптеуге жасап отырған ұмтылысы - табиғи ұмтылыс", - деді ол.
"Біздің балаларымыз үш тіл білуге талпынуға тиіс. Бірақ қазақ тілі - еліміздегі негізгі конституциялық мемлекеттік тілі және бәрі де оны білуге талпынуға тиіс", - деді президент. "Қазақтардың орыс тілін білуі ұлы байлық, оны кері ысырып қоюға болмайды, оны ұмытуға болмайды. Ағылшын тілі де ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны да үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық қазақстандықтарды біріктіріп, жақындастырып, өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді", - деді Н.Назарбаев.
 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Страница 3 из 14«123451314»
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016
Используются технологии uCoz