Жаңалыктар - Страница 4 - Форум
SITE LOGO
Суббота, 10/Декабрь/2016, 06:01
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная Жаңалыктар - Страница 4 - ФорумРегистрацияВход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 4 из 14«1234561314»
Модератор форума: esmuhan 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Жаңалыктар
esmuhanДата: Вторник, 04/Сентябрь/2007, 09:40 | Сообщение # 46
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысында, Түркістанда жол полициясының бөлім бастығы пара алғандығы үшін ұсталды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің Түркістан жол полиция басқармасының ауданаралық тіркеу-емтихандық бөлімінің бастығын, полиция капитанын өзінің бөлмесінде пара алғаннан кейін ұстаған. "Полиция офицері жергілікті тұрғыннан көлігінің техникалық құжатын рәсімдеп беруді жеделдету үшін 20 мың теңге бопсалаған",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіндегілердің түсіндіруінше, аталмыш дерек бойынша тергеу басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағы бойынша (лауазымды тұлғаның пара алуы) қылмыстық іс қозғады.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Сентябрь/2007, 09:41 | Сообщение # 47
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңа қазақ-түрік лицейін ашты, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Бұл - Астанадағы осымен үшінші қазақ-түрік лицейі. "Мұнда балаларды оқытуға барлық жағдайлар жасалған, спорт залы, бассейн, конференц- және салтанатты шаралар залы бар. Оқу кабинеттері мультимедиялық жабдықтармен жарақталған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Лицей Тұңғыш Президент қорының басқаруымен жұмыс істейді. Қор осы оқу орнында компьютерлік класты жабдықтаған.
Оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда табыстар тілеген Н. Назарбаев Қазақстан мен Түркияны етене жақын мәдени және білім беру саласындағы байланыстардың жалғап жатқанын атап өтті. "Сонау 1992 жылы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Тұргұт Озалдың келісіміне сәйкес Қазақстанда Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ашылған", -деп еске салады баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда Қазақстанда 28 қазақ-түрік лицейі жұмыс істейді. Осы оқу орындарының оқушылары халықаралық олимпиадаларда 55 алтын, 91 күміс және 140 қола медаль жеңіп алған.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Сентябрь/2007, 09:45 | Сообщение # 48
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басқармалары құрамында ауыс-түйістер жасалды. Бұл туралы агенттік тілшісіне қордың баспасөз қызметінен хабарлады.
"Бүгін, 3 қыркүйекте "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның жалғыз акционерінің шешімінің негізінде Мақсат Мұханов "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның корпоративтік хатшысы қызметіне ауысуға байланысты "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ басқармалары төрағасының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген қор дүйсенбі күні таратқан хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, М. Мұхановтың орнына "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ басқармалары төрағасының мемлекеттік органдармен жұмыс және операциялық іс-қызмет жөніндегі орынбасары қызметіне Қайрат Әйтекенов сайланды, ол бұған дейін ҚР туризм және спорт вице-министрі болған.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Талгат Көкенов "Kazyna Capital Management" АҚ директорлары кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Ол осыған байланысты "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ басқармалары төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Ал бұған дейін "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басқарушы директоры болып істеген Алпамысов Абай Әбдісәметұлы "Kazyna Capital Management" АҚ басқармаларының төрағасы болып тағайындалды.
Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қазақстанның даму банкі" АҚ-ның президенті болып Жанат Жақанов тағайындалды, ол бұған дейін "Қазақстанның даму банкі" АҚ президентінің міндетін атқарушы болып істеген. "Қазақстанның даму банкі" АҚ-ның директорлары кеңесінің төрағасы лауазымында Сембин Асқар Болатұлы қалды.
"Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ 2006-жылғы сәуір айында экономиканы әртараптандыру және бәсекелестік қабілетіне қол жеткізу үшін экономиканың шикізат емес секторына жұмсалатын инвестиция көлемін ұлғайту және инновациялық іс-қызметті арттыру үшін құрылған.
Қазірде "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ даму институттарының (Даму банкі, Инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы, Қазақстанның инвестицияларға қолдау көрсету орталығы, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпоарциясы) бірден-бір акционері болып табылады.
"Kazyna Capital Management" АҚ -ын Қазына қоры 2007 жылдың мамыр айында құрған. Ондағы мақсат - Қазақстан экономикасының шикізат емес секторына шетелдік жеке меншік инвестицияларды тарту, бағалы қағаздар рыногын дамыту және шетелдерден стратегиялық активтерпді сатып алу. Қор іс-қызметінің басты мақсаты - тікелей инвестиция салатын шетелдік және қазақстандық инфрақұрылымдық қорлар, венчурлық қорлар, портфельдік инвестициялық қорларға инвестиция беру болып табылады.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Сентябрь/2007, 10:15 | Сообщение # 49
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
17 тамыз. АЛМАТЫ. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымдауынша, РФ мемлекет басшысы Владимир Путин үшінші президенттік мерзімге қалуға тиіс.
"Бәлкім, менің бұл сөзім Владимир Владимировичке ұнамай қалуы да ықтимал, бірақ мен барша ресейліктерге және Ресей басшылығына, Дума мен үкіметке былай деп мәлімдеймін: сіздердің бәріңіз бірлесе отырып оны өзінің президенттігін үшінші мерзімге ұзартуға итермелеу үшін әрекеттенулеріңіз керек", - деді Н. Назарбаев кеше "Ресей" телеарнасы арқылы таратылған сұхбатында.
"Мен Ресей президенті не себепті өзінің президенттік мерзімін аяқтап, кетіп қалуға тиіс екендігін түсінбеймін", - деді Н. Назарбаев. Қазақстан мемлекет басшысының мәліметінше, Путиннің қазіргі рейтингі 70%-тен асады. "Мұндай бірлесу бұрын-соңды болып па еді? Ал алда тұрған мақсаттар да ұлығаусар. Мен дүниежүзінің Ресейге қалай қарап отырғанын көріп отырмын. Олар үлкен қызғанышпен қарайды. Мен Ресейде қандай ішкі тауқыметтерді шешу қажетігін де біліп отырмын", - деді Н. Назарбаев.
Қазақстан көшбасшысының пайымдауынша, "мұхиттың ар жағындағылар, еуропадағылар не дейді деп қарайлаудың қажеті жоқ". "Президент өзінің халқына және өз мемлекетіне қажетті қадам жасауға тиіс. Өз халқың сені, сенің еңбегің мен оның нәтижесін бағаласа - ең маңыздысы осы, ал басқасының бәрі - далбаса, өйткені, бізді өз халқымыз сайлады. Біз соларға қызмет етеміз", - деді Н. Назарбаев.
Қазақстан президентінің айтуынша, В.Путиннің үшінші мәрте президенттікте қалуы қажеттігі жөніндегі оның пікіріне өңірдегі басқа көшбасшылар да қосылады. "Менің Орталық Азиядағы және Шанхай ынтымақтастығы ұйымындағы әріптестерім маған былай деді: сіз Ресей президентіне жақынсыз, сіз неге оған дәл қазіргідей ел мен халықтың болашақ жырғаулы өмірге деген үміті үкіленіп, тасы өрге домалап тұрғанда кетуге болмайды деп неге айтпайсыз дейді", - деді Н. Назарбаев.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Сентябрь/2007, 10:33 | Сообщение # 50
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ҚАЗАҚСТАННАН АҚШ НЕГЕ ҚОРЫҚТЫ?
Өткен аптада «Қазатомпром» компаниясы АҚШ-тың атом энергетикасында маңызды рөлге ие Westinghouse Electric компаниясы акциясының 10%-ын сатып алуды жоспарлап отырғандығын хабарлаған-тын. Сол сол-ақ екен, «Гринпис», Еssential Асtіоn, Knowledge Есоlоgу International and the Nuclear Information және Resource Service атты халықаралық экологиялық ұйымдар «Қазатомпромның» бұл қадамына қарсы өре түрегелді. «Қазақстан ядролық қару жасауы әбден мүмкін» деп қауіп қылған олар Құрама Штаттар сенатының шетелдік инвесторлар жөніндегі комитетіне «Бұл келісімшарттың жолын байла!» деп өтініш жасап отыр.
Ал, негізінде, аталмыш комитет қауіпсіздік мәселесін жергілікті компания шетелдікіне жұтылып кеткенде ғана қарайтыны белгілі. Бірақ мәселенің мән-жайын біле тұра бет бақтырғысы келмейтін экологтар «Екі компания арасындағы бұл келісім ядролық технологияның тарауына әкеп соқтырары сөзсіз» дейді. Бұған «Қазатомпром» басшысы Мұхтар Жәкішевтің жауабы дайын: «Америкалықтардың Қазақстанға ешқандай да тыйым салынған технологияны беруі мүмкін емес. Өйткені ондай технология олардың өздерінде жоқ...».
Сірә, күйіп кетсе керек, «Бұрын Қазақстанның Қытай, Франция және Ұлыбританияны қоса алғандағы қуатпен тең зор ядролық әлеуеті болатын. Бізде қазір Кеңес уақытында ядролық қару өндірісіне үлес қосқан зауыттар бар. Сондықтан, егер Қазақстан ядролық державаға айналуды қаласа, ешкімнің көмегінсіз-ақ діттегеніне жетер еді» дегенді қоса айтты.
Жалпы, ақиқатында, америкалық компанияның 10% акциясын сатып алу туралы келісім - еліміздің уран өнеркәсібі мен атом энергетикасын дамыту бағдарламасының бір бөлшегі ғана. Яғни, бұл ядролық қару үшін емес, мемлекеттің белгілі бір өркендеу сатысы үшін жасалып жатқан қадам. Себебі 2002 жылы қабылданған аталмыш бағдарламаға сәйкес Қазақстан 2030 жылға дейін уран өндірісі мен атом электр станцияларын салу жөнінен әлемдегі азуын айға білеген елдермен иық теңдестіруді мақсат етіп отыр. 2010 жылға қарай еліміз уран өндіруді жылына 18 мың тоннаға дейін жеткізбек ниетте. Бүгінде Қазақстан уран өндірісі жөнінен әлем бойынша 3-ші орында, ал қоры жөнінен - екінші. Өндірілген уранның барлығы экспортталады, сол сыртта байытылған ресурс Қазақстанға ядролық отын ретінде оралады.
Р.S. Әлгі халықаралық экология ұйымдары «дабылының» астарын бірден түсіну қиын. Бұл олардың өз бастамасы ма, әлде біреулердің тотықұсы рөлін атқарып отыр ма?! Басқа басқа, АҚШ-тың Қазақстаннан үрейленетін реті жоқ-ты. Тек Каспий мұнайынан айрылып қаламын деп қорықпаса...
«ЕВРАЗИЯ-КZ» газеті, № 30 (137), 27.07.2007ж.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Сентябрь/2007, 12:11 | Сообщение # 51
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
4 қыркүйек. АСТАНА. Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент-Павлодар мұнай құбырында мұнай ағып, құбырдың ақаулы тұсы жабылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Бәйдібек ауданы Шаян станциясынан 10 шақырым жерде Шымкент-Павлодар магистральдық мұнай құбырында кеше 15 сағат 25 минутта құбырға заңсыз жапқыш тиек орнатқан тұста сызат түсіп, одан мұнай ақты", - делінген хабарламада. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құбырдың ақаулы тұсы жабылып, мұнай ағу тоқтатылды.
"Апаттан қалпына келтіру жұмыстарын "Қазтрансойл" АҚ-ның 12 адамы мен 7 техникасы жүзеге асыруда. Төтенше жағдайдың болуы мүмкін зардаптарын жою үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 9 адамы мен 2 техникасы тартылды", - делінген хабарламада.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Сентябрь/2007, 12:13 | Сообщение # 52
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
4 қыркүйек. КУРЧАТОВ. ҚР Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институты Германияға өнеркәсіптік изотоптарды коммерциялық мақсатта сата бастады. Бұл туралы "Қазақстандағы ядролық энергетика" тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция барысында агенттік тілшісіне ҚР Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институты директорының орынбасары Петр Чакров хабарлады.
"Қазір біз Германияға Кадмий 109 және Кобальт 57 өнеркәсіптік изотоптарын сатамыз. Бұл жаңа ғана басталғанымен, қалыпты коммерциялық сатылым", -деді П. Чакров. Оның айтуынша, "бұған дейін бірнеше сауда-саттық жүзеге асырылған және Германия жағы бұл ауқымды кеңейте түсуге қызығушылық білдіруде".
Сонымен бірге П. Чакров Ядролық физика институтының АҚШ-қа үш жылдан бері Германий 68 изотопын сатып отырғанын еске салды. "Біз Германий 68 изотопын Лос-Аламос зертханасына тексеруге жіберіп, сосын жобаға қатысушы коммерциялық фирмаға беріп отырмыз", - деді ол.
"Қазіргі жағдаймен біз жұмыстардың өзімізге қатысты бөлігін бітірдік. Ал олар біздің өнімімізді өңдеуге арналған өндірісін дайындап жатыр", - деді П. Чакров. "Ынтымақтастығымыз сөзсіз одан әрі жалғасады, қазір АҚШ-та тек жобаға дайындық сатысы созылыңқырап тұр",- деді ғалым. "Біз осы уақытта АҚШ-тан тағы да тапсырыс берушілерді таптық, олар да Германий 68-ге қызығушылық танытуда, тереңірек өңделген өнімді алудан мүдделі", - деді директордың орынбасары.
Ал радиофармпрепараттарға келсек, П. Чакровтың пікірінше, "өнеркәсіптік изотоптармен салыстырғанда, фармөнімдермен халықаралық нарыққа шығу күрделірек болады, сол себепті олар ішкі нарыққа шығарылмақ". Ол қазір Астанада ядролық медицина бөлімшесі салынып жатқанын және Алматыда Ядролық медицина орталығын ашу жоспарлғанғанын еске сала кетті.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Сентябрь/2007, 12:15 | Сообщение # 53
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Кіші Бушты «Үлкен Кавказ» мазалайды
немесе Мәскеуге жақпаған мүфтилер сапары
Бұл өзі күтпеген жағдай болды. АҚШ-тың президенті Джордж Буш Ресейдің Солтүстік Кавказ бөлігіндегі мұсылман елдерінің мүфтилерін қонақасына шақырыпты. Ақ үйге емес, бейресми деңгейде кездесіп, ресми мәселелерді галстуксіз шешетін жер – Буш әулетінің ранчосына, біздің тілмен айтсақ, екі бірдей Буштың кіндік қаны тамған туған ауылдарына... Мұндайды күтпеген Ресейдің құзырлы орындары Америкаға жол тартпақ болған дінбасыларын тергеу астына алған көрінеді. «Кім? Не үшін? Қайда барасыңдар? Не айтасыңдар?» Шынымен-ақ, Буштың бұл қылығының астарында нендей кілтипан жатыр? Бұл АҚШ-тың «Үлкен Кавказ жобасын» дайындауға білек сыбана кірісіп кеткенін аңғарта ма және Буш әулетіндегі жеңгеміз мәртебелі қонақтар үшін халал тағам әзірледі ме екен?
Кремльдің «қытығына» тиген мұсылмандар сапары ма, әлде протестанттардың қонақасы ма?
Ресей үшін Солтүстік Кавказ – ауыр тақырып. Орыс саясаттанушылары «Ресейдегі мұсылман факторы федерацияның бөлінуіне әкеп соғуы мүмкін» деп дабыл қаққалы қашан?! Бірақ сепаратистік көңіл күйде жүрген тек қана Ресейдің мұ­сылман аймақтары емес, орыстар көп шоғырланған жерлер де мемлекеттің «федерациялық статусынан» әбден қажыған сияқты. Дегенмен ресми Кремль қалайда Ресей Федерациясының қазіргі территориясын сақтап қалуға ынталы. Ше­шенстанды қит еткізбей, тізелеп басып отырғаны да сондықтан. Ел тәуелсіздігін аңсаған шешен елі күндердің бір күні егемендікке қол жеткізсе, ертең татарлар: «Бізге де тәуелсіздік бер» деп немесе ингуштар: «Біз де дербес болайық» деп шығады деген қорқыныш бар орыс билігінің бойында... Ал, жалпы, әрбір федеративті мемлекет аяқ астынан унитарлы мемлекетке айналудан қорқады. Бұл да заңдылық шығар. Бірақ бар мәселе – империалистік және гегемониялық пиғылда. Әлемнің көптеген елдері уысында ғасырлармен ұстаған кішігірім елдерді азаттыққа шығарып жатқан тұста жалғыз орыс елі қол астындағы территорияларды ақ патша заманындағыдай сақтап қалғысы келетін сияқты.
Ресей Федерациясы мұсылмандары комитетінің төрағасы Хейдар Джамал «елдегі мұсылмандар саны әдейі төмендетіліп жүр» деген пікірде. Ресми дерек көздеріне сенсек, Ресейде 15-20 миллионға шамалас мұсылмандар тұрады. Ал бейресми дерек көздері Ресейдегі мұсылмандар санының 30 миллионға жеткенін аңғартады. Этникалық мұсылмандарды санамағанда, ислам дініне кіріп жатқан славян тектес ұлт өкілдері де аз емес. Сондықтан Ресей мұсылмандарға қатысты өз саясатын жүргізіп келеді: мұсылмандардың санына байланысты статистикалық мәліметтерді бұрмалайды, «орыс мұсылмандары» жайлы ақпаратты ресми деңгейде жоққа шығарады, православие дінінің дамуы үшін патриархатқа Мәскеудің қақ төрінен гектар-гектар жер бөліп, православиелік электронды ақпаратқұралдарының ашылуына септеседі, «лаңкес» деп айдар тағып, мұсылманның зиялы қауым өкілдерін қудалайды.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Сентябрь/2007, 12:18 | Сообщение # 54
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Кіші Бушты «Үлкен Кавказ» мазалайды (Жалғасы)
Бұл орайда кіші Буштың аяқ астынан шала бүлініп, мұсылмандарға ниет танытып, Солтүстік Кавказ мүфтилерін қонаққа шақыруы Ресейге оғаш көрінбек түгіл, Кремльді дүр сілкіндірген жайт болды.
Бір айта кетерлігі, Буштың үйіне қонаққа бір емес, алты бірдей мүфти шақырылған екен. Бірақ дінбасылардың ішінен тек қана үшеуі АҚШ-қа жол тартты. Олар – Ингушетияның мүфтиі Иса Хамхоев, Солтүстік Осетияның мүфтиі Мұрат Тавқазақов, Кабардин-Балкарияның мүфтиі Анас Пшихачев. АҚШ президентінің шақыруын қабыл алмаған мүфтилер – Адыгея елінің, Чешенстанның және Карачай-Черкес пен Ставропольдің мүфтилері –Исмаил Бердыев, Нүрбий Емиж бен Сұлтан Мирзаевтар еді. Бұл тұста басқа-басқа емес, Шешенстан мүфтиі Сұлтан Мирзаевтің Бушпен кез­десуге бармауының астарында бір кілтипан жатқан сияқты. Олай дейтініміз, «ресейлік мүфтилер АҚШ-қа жол тартпақ» деген сыбыс шыққан бойда Кремль әкім­шілігі төрағасының орынбасары Владислав Сурков пен сыртқы істер министрі Сергей Лавров мұсылман басшыларын Мәскеуге шақыртып алыпты. Мүфтияттың бір өкілі: «Президент әкімшілігіндегі азаматтардың көңіл күйіне қарағанда, бұл шақыру олар үшін тосын жағдай болды», – деп жауап берген. Шешенстан мәселесі – Ресейдің басын қатырып жүрген ең бір өзекті мәселе. Бұл тұста шешен мүфтиінің шақырудан бас тартуы, дәлірек айтсақ, бас тартуға мәжбүр болуы – құзырлы орындардың да бұл іске қол сұққанын аңғартпай ма?
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Сентябрь/2007, 12:20 | Сообщение # 55
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Кіші Бушты «Үлкен Кавказ» мазалайды (Жалғасы)
Hello, Aмерика! гуд бай , Russіa!
Солтүстік Кавказ мүфтилерінің Америкаға сапары Мәскеудің ерекше назарында. Әрине, АҚШ-тың өз ішінде мұсылман мәселесі бола тұра, өзге мемлекеттің ішіндегі «мұсылман мәселесін» қоздыруы – Батыстың «екіжақты» стандартын көрсетері сөзсіз. Буштың шақыруы бойынша, мүфтилер Америкада бір ай болуы керек. Олардың сапары Нью-Йорк қаласынан басталды. Ол жақта мүфтилердің Бушпен не талқылайтыны бір Құдайға аян. Бірақ қанша дегенмен де, протестант Джордж Буштың мұсылмандарға көңілі түзу деуге болмас. АҚШ-тың бастамасымен жүзеге ас­қан Ауғанстан пен Ирак соғысы, Буш әкімшілігінің Иранға шүйлігуі Ақ үйдің мұсылман­дарға қатысты саясатын бұрыннан-ақ аңғартып қойған. Иудейлер мен англо­саксондық протестанттардың алақанында қалған АҚШ қашанда осы діндердің әлемге таралуы үшін түрлі қитұрқы амалдарға барып жүр. Бір қызығы, Америкада да Ресейдегідей мұсылмандар санын әдейі жасыру саясаты бар. Мәселен, ресми деректер АҚШ-та небәрі 3 миллион мұсылман тұрады дегенді көрсетеді. Ал мұсылмандар қауымы «біз 10 миллионға жеттік» дегенді алға тартады. Осы он миллион мұсылманның мүддесін көтеріп, сөзін сөйлейтін конгресмендер некен-саяқ. АҚШ Конгресінде жалғыз мұсылман саясаткері – Кейт Элиссон ғана. Он миллион адамның атынан сөйлеп жүрген конгресмен билікке қол жеткізген тұста «қолымды Інжілге емес, Құранға қойып, мемлекет алдындағы антымды қабылдаймын» деп талап қойды. Бұл жайт өз кезегінде мұсылмандар қауымын бір сілкінтіп тастады. 11 қыркүйек оқиғасынан кейін әбден қудаланған мұсылмандар АҚШ-та өгей ұлдың кебін киіп жүр. Бірақ өз ішінде «мұсылман мәселесін» шешуге құ­лықты болмай отырған Америка Ресейдегі кавказдықтардың мәселесін шешуге аса мүдделі. Осы орайда «Үлкен Орталық Азия» жобасын дайындаған АҚШ «Үлкен Кавказ» жобасын дайындап жатқан жоқ па екен» дегендей ой көкейді торлайды. Бұл қазірше пайым ғана. Дегенмен Ақ үйдің аяқ астынан Ресейдегі Солтүстік Кавказ республикаларына оң қабақ танытуының астарында бір терең саясат жатқан тәрізді.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Сентябрь/2007, 12:22 | Сообщение # 56
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Мұртаза БҰЛҰТАЙ, дінтанушы:
– Америка президентінің аталған діни қайраткерлермен кездесуі таза саяси мақсаттан туындаған саяси айланың бір түрі десек болады. Себебі егер Буш мұсылман халықтарының тағдырына алаңдаушылық білдіретін болса, алдымен өз еліндегі мұсылмандардың жағдайын дұрыстап алар еді, соңғы үш жылда Иракта жүз мыңдаған бейкүнә адамдардың жазықсыз өліміне әкеп соқтырған қанды қырғынды тоқтатар еді, мемлекеттілігі жоқ палестиналықтардың ең қарапайым адами құқы болып табылатын өз мемлекетін орнату мақсатына қолқабыс берер еді, Ауғанстандағы қырғынды тыяр еді. Менің ойымша, Буштың өзіне еш қатысы жоқ Ресейдегі мұсылман елдерінің басшыларын шақырып, қонақ етуі өзге елдің ішкі саясатына ықпал ету мақсатында жасалған саяси шара болса керек. Соңғы бірнеше ай ішінде Америка мен Ресейдің арақатынасында бір салқындық пайда болды. Оның негізінде АҚШ-тың екіжүзді саясаты және бұл саясатқа көнбеген Ресей президенті Путиннің батыл қадамдары жатыр. Американың сыртқы саясаты өте күрделі, құбылмалы. Олар әртүрлі арналардан өз саясатын кіргізуге ықпал жасайды.
Түйін
Өкінішке қарай, күні бүгінге дейін Ресейде де, АҚШ-та да мұсылмандардың жағдайы мәз емес. Мұндайда «апама жездем сай» деуші ме еді... Қалай дегенмен де Ресей мен АҚШ сияқты екі алып мемлекет байырғы заманнан бәсекелес. Екі елдің саяси ойындары отқа ұласса, «екі арада саяси құрал ретінде пайдаланылған мұсылмандар құрбандыққа шалынбағай» деп тілеуден басқа амал жоқ. Бұдан, әрине, Алла сақтасын. Дін – саясат. Мұсылман қоғамына тек қана дінмен айналысып, тұйықталып қалуға болмайды. Мұсылман бауырларымыздың қолшоқпар ретінде пайдаланылмауы үшін халықаралық саясатқа араласуға тура келеді.
Кәмшат Тасболатова

Айқын газеті

 
esmuhanДата: Вторник, 04/Сентябрь/2007, 12:23 | Сообщение # 57
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АЛМАТЫ. 4-қыркүйек - сейсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы дүйсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 1,05 теңгеге қымбаттап, бір долларға шаққанда 123,98 теңгені құрады.
Бүгін АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 277,635 миллион долларды құрады. Ал кеше АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 255,150 млн. долларды құраған болатын.
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Сентябрь/2007, 12:29 | Сообщение # 58
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қаны сорғалаған «қазақ мәселесі»
Пікір:
– "Қазақ мәселесімен дәл қазір айналысу керек" дегенді мен не үшін айтып жүрмін? Қазақ мәселесін құндылық ретінде насихаттамасақ, кеш қаламыз. Кейінгі жас буын технократ болып өсіп келе жатыр. Қазірдің өзінде жастар, әсіресе, қалада өскендер "қазақ" дегенді құндылық ретінде сезінбейді, тіпті қазақ мәселесіне басы ауырмайды да. Соңғы 15-20 жыл ішінде нарықтық құндылықтар, жаһандану құндылықтары еңсеріп барады. Олардың басты мақсаты – күнкөріс, пайда табу. Мұны дер кезінде көтере білгенде, кейінге ысырмай, уақтылы шеше білгенде, қазақтың жағдайы дәл қазіргідей болмас еді. Қазақтың өзінің тіліне, еліне, тарихына деген құрметі азайып кетті. Басқа ұлт та сыйламайтын сияқты. Өз тілімізді өзіміз білмесек, олар қайдан сыйласын?! "Қазақ мәселесі" дегенде, бірінші мәселе, әрине, тілге тіреліп тұр. Билік, Үкімет бұл мәселені түбегейлі шешпеді.
(Берік Әбдіғалиев. "Оппозиция жеңілгенін мойындауы керек". "Ар.kz" газеті, 31.08.2007)
 
esmuhanДата: Вторник, 04/Сентябрь/2007, 12:31 | Сообщение # 59
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
УӘЖ:

Уәлихан Қалижан, Мәжіліс депутаты:
— Берік бұл арада қатты кеткен секілді. Саясаттың ішіндегі тіл саясаты — күрделі мәселе. Ол арқылы қоғамды мәмілеге келтіруге де болады, сол секілді жауластыруға да болады. Жалпы, кешегімен салыстырғанда бүгін тіл мәселесі, тілді үйрену мәселесі бір жолға қойылған деп айтуға болады. 2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді білу міндетті болады. Өйткені осы жылдан бастап іс-қағаздар мемлекеттік тілде жүргізілмек. Екі жылдан кейін дипломатиялық қызметтегілердің барлығы шеттілімен қатар мемлекеттік тілді еркін меңгеруі керек. Кезінде бұл заңның қабылдануына атсалысқандардың ішінде өзім де бар едім. Оған қоса, бюджеттен жыл сайын тілді меңгеруге қаржы бөлінеді. Мәселен, биыл осы салаға 2,5 миллиард теңге бөлінді. Соған қарағанда жақын болашақта "Мемлекеттік тіл туралы" заң да шығып қалатын секілді. Жаңа Мәжіліске келдік, енді сондағы жұмысымызда тіл мәселесі көрініс табады деп айта аламын. Ал балаларымыздың үш тілді білгенін өзім құптаймын. Өйткені жаһандану осы қарқынымен жүре береді. Жақын болашақта ДСҰ-ға кірсек, алыс-беріс көбейеді. Сол кезде тіл білгеннің артықтығы болмайды. Соңғы кездері жоғары лауазымды шенеуніктер де жаппай мемлекеттік тілге бет бұрды. Бұл үрдіс оң нәтиже беріп жатыр. Сондықтан тілге келгенде, қамшы басып, "болмай жатыр" деп байбалам салудың қажеті жоқ, ол – өздігінен өмір легімен реттелетін мәселе.

 
esmuhanДата: Вторник, 04/Сентябрь/2007, 12:33 | Сообщение # 60
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Сайын Борбасов, саясаттанушы:
— Беріктің пікіріне толыққанды қосыламын. Қазақ ұлтын, қазақ тілін, қазақ экономикасы мен кәсібін қорғаудың тетігін құратын кезге әлдеқашан жеткенбіз. Өкінішке қарай, бұл ретте әрекет жасамай отырмыз. Бұл арада қазақ деп көрсетпей-ақ, ұлт мүддесін заң жүзінде қорғауға болады. Мәселен, мемлекеттік тіл, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту деген секілді. Мемлекеттік тілді білмейтіндерді жұмысқа алмауды заң жүзінде жүзеге асыру керек. Ал этноэкономиканы оқу орындарында оқыту қажет.
Эрнест Төреханов, жазушы:
— Беріктің айтып отырғаны дұрыс. Қазір үш тұғырлы тіл деген нәрсе шықты. Мен осыған түбегейлі қарсымын. Бала деген төртінші сыныпқа дейін өз ана тілін оқып, жетік білуі керек. Одан кейін қай тілді оқығысы келсе, соны оқи берсін. Бұл – бір. Екіншіден, соңғы кездері біз қазақстандық халық дегенді жиі айтамыз. Бізге қазақ деген атты Құдай берді, оны сол Құдайдың өзі ғана алуы керек.
Сейдахмет Құттықадам, саясаттанушы: — Елді басқарып отырғандардың көбісі – қазақ. Бірақ қазақтың қолына билік тигелі, ұлттық мүддені ұмытты. Сондықтан бұл арада екі мәселе бар. Біреуі – тіл, екіншісі – билік. Яғни халық пен билік тіл мәселесін жұмылып көтермесе, мәдениетіміз дамымайды.
 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Страница 4 из 14«1234561314»
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016
Используются технологии uCoz