Жаңалыктар - Страница 5 - Форум
SITE LOGO
Вторник, 06/Декабрь/2016, 19:03
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная Жаңалыктар - Страница 5 - ФорумРегистрацияВход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 5 из 14«12345671314»
Модератор форума: esmuhan 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Жаңалыктар
esmuhanДата: Среда, 05/Сентябрь/2007, 10:20 | Сообщение # 61
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Ағымдағы жылдың аяғына дейін парламентке 43 заң жобасы енгізілуге тиіс. Бұл туралы бүгін палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады.
"Қазірде парламенттің қоржынында үкіметтің бастамасымен жасалған 20 астам заң жобасы бар. 2007-жылға арналған үкіметтің заң жобасын жасау жұмыстарының жоспарына сәйкес, парламентке 43 заң жобасы енгізілуге тиіс", - деді Қ. Тоқаев. "Алда ауқымды заң шығару жұмыстары тұр", - деді ол.
Сенат спикерінің айтуынша, "жылдың аяғына дейін жалпыхалықтық маңызы бар екі кодекстің - "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" және "Неке және отбасы туралы" кодекстердің жобасы енгізілуге тиіс". Парламент бұған қоса "мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыруға бағытталған заң жобалары : әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, денешынықтыру және спорт, кітапхана ісі, жеке кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттілік аясын шектеу секілді салалардағы қарым-қатынастарды реттейтін заң жобаларын қарауға тиіс"
 
esmuhanДата: Среда, 05/Сентябрь/2007, 10:24 | Сообщение # 62
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
БІШКЕК. Қырғыз парламентінің депутаты Дооронбек Садырбаев өзіне қастандық жасалғанын мәлімдеді.
"Өткен түнде маған қастандық жасалды",- деп мәлім етті бүгін парламенттің отырысында сөз сөйлеген Д. Садырбаев. "Егер мені өлтіргілері келсе, өлтірсін",- деп қосты ол.
Депутат жасалған қастандықтың егжей-тегжейін хабарламады, бірақ оның Ақсый оқиғасының себебі туралы жасаған баяндамасына байланысты болуы мүмкін, деген болжам жасады. (2002 жылдың наурызында Жалал-Абад облысының Ақсый ауданында республиканың құқық қорғау органдары тұрғындардың бейбіт шеруіне қарсы оқ атқан болатын, соның салдарынан 5 адам қайтыс болған).
"Тіптен Ақаев пен Бакиев тандемі менің өмірімді қиғанмен, Аксыйдағы қайғылы оқиғасының шынайы себебі жөніндегі менің баяндамамды жоя алмайды",- деп мәлім етті депутат.
Д. Садырбаевтың пікірінше, оны өлтіруге республиканың атақты криминалдық белсендісіне "тапсырыс берген".
Парламенттің бүгінгі отырысында депутаттар Қырғызстанның Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне Д. Садырбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тапсырма берді. Сәйкес қаулыға халық қалаулыларының көбісі дауыс берді. Құжаттың орындалуына бақылау қою қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі парламенттік комитетке жүктелді.
Сонымен қатар Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне милицияға депутаттан қастандық жасалғаны туралы арыз түспегендігін хабарлады.
Бұрын хабарлағанымыздай, республикада билік ауысқаннан кейін парламенттің үш депутаты өлтірілген болатын.
 
esmuhanДата: Среда, 05/Сентябрь/2007, 10:25 | Сообщение # 63
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Қазақстандық шекарашылар Қырғызстаннан әкеле жатқан дизель отыны мен Қазақстан Республикасынан ірі көлемдегі валютаны заңсыз алып шығуға жасалған контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Сыпатай батыр" күзетінің шекарашылары мемлекеттік шекара сызығына жақын жерден жүк көлігімен шекара аспақ болған Қырғызстандық әйелді ұстаған. "Шекара бұзушы Қырғызстан Республикасынан Қазақстан Республикасына 4,4 тонна дизель отынын алып өтпек болған",- деп түсіндірді баспасөз қызметінедегілер.
Сонымен қатар, шекарашылардың мәліметтеріне сүйенсек, "Қордай" өткізу бөлімінде көлігін тексеру барысында Қазақстан азаматы ұсталған. "Ұсталған азамат Қырғызстанға кетіп бара жатқан "БМВ" көлігінің ішінен декларацияда көрсетілмеген 150 мың АҚШ доллар көлеміндегі қаржы табылған", деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
 
esmuhanДата: Среда, 05/Сентябрь/2007, 10:26 | Сообщение # 64
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
МӘСКЕУ. Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарының "Арна-2007" атты жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші кезеңінде 9,7 тонна есірткі тәркіленді, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне ұйымның баспасөз қызметінен.
"Іс-шара нәтижесінде 9,7 тонна есірткі, соның ішінде 4,3 тонна апиын және 4,3 тонна марихуана тәркіленді. Заңсыз айналымнан 700-ге жуық қару тәркіленді",- делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
"Арна-2007" іс-шарасының бірінші кезеңі 28-тамыз бен 3-қыркүйек аралығында Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымына мүше мемлекеттер аумағында: Армания, Беларусь , Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан аумағында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың контрабандалық әкеліну және әкетілуінің заңсыз арналарын анықтап жою мақсатында жүргізілді.
Іс-шараның бірінші кезеңінің барысын Латвияның, Литваның, Польшаның, Эстонияның, Украина мен Әзербайжанның, Қытай және Монғолия, Ауғанстан, Иран және АҚШ арнаулы қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ Интерпол қызметкерлері бақылады.
 
esmuhanДата: Среда, 05/Сентябрь/2007, 10:29 | Сообщение # 65
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Астанада ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери шет тілдер институтының филиалында лингвистикалық зертхананың ашылуы болды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазіргі заманғы әскери білім беру саласын дамыту мен жетілдіре түсу біз үшін - айрықша маңызды проблема", - деді ҚР қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Болат Жаңасаев.
Зертхананың ашылу рәсіміне Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ашок Мукерджи мен Үндістанның әскери атташесі, полковник Суреш Бхаттачария қатысты.
 
esmuhanДата: Среда, 05/Сентябрь/2007, 10:30 | Сообщение # 66
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АЛМАТЫ. Қаржы секторының тұрақсыздығы жылжымайтын мүлік нарығына әсер етпейді, баспана бағасы өсе бермек. Мұндай пікірін бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Ұлттық риэлторлар қауімдастығының вице-президенті Олег Алферов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.
Оның пайымдауынша, "әртүрлі адамдардың аузынан ұлттық валюта мен банк жүйесінің қирайтындығы және нарықтағы жылжымайтын мүлік бағасының құлдырайтындығы туралы сәуегейлікке байланысты белгілі ләрежеде абыржушылық туындаған" Қазақстанның қаржы нарығында қазіргі қалыптасқан ахуалда жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай екі түрлі жолмен өрбиді деген болжам жасауға болады.
"Бірінші пессимистік болжам, ол сыртқы қарыз алу нарығындағы ахуал қалпына келмеген және және екінші деңгейлі банктер үшін шетелдегі капитал құны жоғары деңгейде қалған жағдайда көрініс береді",- деп хабарлады Олег Алферов. Оның түсіндіруінше, екінші деңгейлі банктердегі несиелендіру ставкасы "қазіргі деңгейде қалса, онда жылжымайтын мүліктің ликвидтілігі төмен бөлігінде (2005-2006-жылдарда бағасы тым шарықтаған) баға одан әрі түзетіледі немесе тұрақтанады деген болжам жасауға болады. Ең сорақы жағдайда орталық аудандардағы, техникалық және моральдық тұрғыда ескірмеген, сұранысқа ие жылжымайтын мүлік санаттары үшін баға конъюнктурасы тербелісте болмақ.
"Сәйкесінше, бір сегментте өсу және басқаларында төмендеумен бір-екі тоқсан ішінде тұрақтануды болжауға болады",- деп атап көрсетті Олег Алферов. Бірақ, риэлторлар қауымдастығының вице-президентінің пайымдауынша, "отандық қаржы реттеушілерінің пікірінше, мұндай сценарий болады деуге негіз жоқ ",- деп атап көрсетті.
"Қазанда АҚШ-тағы ипотекалық облигациялар бойынша төлемдерді төлемеудің шарықтау шегінен өткенде жағдай түзеледі, дамушы экономикаларға деген сенім бұрынғы қалпына келеді деген ықтималдық зор. Осыған сәйкес біздің банктер бұрынғы жағдаймен ақша тарта алады, және де бұрынғы кезеңдердегідей ипотекалық бағдарлама аясындағы пайыздық ставка да бұрынғы деңгейіне қайтып келеді, болашақ қарыз алушыларды қолдау деңгейі жоғары болады, алғашқы жарна деңгейі нөлге жақындайды",- деп санайды О. Алферов. Оның бағалауынша, "осыдан кейін, жылжымайтын мүлік бағасының қазіргідей "ажиотажды", "жоғары қызулы" деңгейін емес, бірақ бірқалыпты және тұрақты өсуін күтуге болады".
Сонымен қатар, О. Алферов соңғы үш аптада сатып алу белсенділігінің 20 - 25 пайызға өскендігі және ипотекалық несиелеуге қатысты қарыз алушылардың белсенділігі байқалғандығын, атап көрсетті. "Алғашқы үштіктегі банктерде шарт қатая түскеніне қарамастан, бүгінде алғашқы жарнаның деңгейі 30 - 50 пайызға дейін өскен, ал ставкалар бүгінде жылдың 20 - 25 пайызға жетіп отыр, сөйтсе де қарыз алушылар ипотекалық несиелау қызметін құлшына пайдалануда",- деп атап өтті О. Алферов. "Бұл төлемдік қабілетті сұраныс пен оның көлемінің төмендеуіне жетеміз деп болжауға негіз бермейді, бұл бекемділіктің белгілі бір қоры мен төлем қабілеттілігінің лимиті айтарлықтай үлкен екендігінің айқын белгісі",- деп қосты ол.
 
esmuhanДата: Четверг, 06/Сентябрь/2007, 09:35 | Сообщение # 67
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының 118 басшысының алтауы Денсаулық сақтау министрлігінің аттестациясынан өте алмай қалды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.
"Кәсіби біліктілік аттестациясынан республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының 118 басшысы өту керек болған, олардың алтауы (келгендер санының 5,5 пайызы) тестілеуден өтпей қалды" ,- деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, олардың барлығы апелляциялық комиссияға аттестация мәселесі жөнінде апелляциялық өтініш берді.
Сонымен қатар, министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, тоғыз басшы аттестацияға мүлдем келмеген және де ақталарлық құжат та ұсынбаған.
"Аттестациялық комиссия тестілеу мен әңгімелесу нәтижесі бойынша республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының 103 басшысын (келгендер санының 94,5 пайызы) аттестациялау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, жүргізілген аттестация жалпы республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының айтарлықтай жоғарғы кәсіби деңгейі мен дайындығын көрсетіп отыр",- деп атап көрсетілген хабарламада.
Республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларын аттестациялауды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет көрсету саласын қадағалау жөніндегі комитет 2007 жылдың 23 - 28 тамыз аралығында жүргізді. Аталмыш процедура Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау практикасында Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 7-шілдесіндегі 171-ІІІ "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жөніндегі мәселелері жөніндегі кейбір заңнама актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңын орындауда бірінші рет өткізіліп отыр. Заңға сәйкес аттестация республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіби біліктілігінің деңгейін анықтау мақсатында үш жылда бір рет жүргізіледі.
 
esmuhanДата: Четверг, 06/Сентябрь/2007, 09:35 | Сообщение # 68
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туылудың халықаралық критерийлері Қазақстанда 2008-жылдың 1-қаңтарынан бастап енгізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу және профилактикалық жұмыстар департаментінің директоры Жұмағали Исмаилов бүгін өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
"Мемлекет ана мен баланың өлімін азайтуға бағытталған бірқатар шаралар мен бірқатар құқықтық-нормативтік актілерді жасап жүзеге асырды, осынау кешенді жұмыстардың бір бөлігі Қазақстанның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі және өлі туудың жаңа критерийлеріне көшуге бағытталады. Бұл шара 2008-жылдың 1-қаңтарына межеленіп отыр",- деді Ж.Исмаилов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанда ағымдағы жылдың бес айында ананың өлім көрсеткіші 100 мың тірі туған балаға шаққанда 48,9 болса, 2006-жылдың осы мерзімінде 43,2 болған. Ал баланың өлім көрсеткіші әрбңір тірі туған 1000 балаға шаққанда 15,1 болса, бұл көрсеткіш 2006-жылдың осы мерзімінде 14,5 болған. Балалардың бірінші жылы өлімге душар болуына қатысты жоғары көрсеткіштер Қызылорда (20,4), Маңғыстау (18,8), Оңтүстік Қазақстан (18,7) және Жамбыл (17,9) облыстарында тіркелген.
 
esmuhanДата: Четверг, 06/Сентябрь/2007, 09:37 | Сообщение # 69
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ШЫМКЕНТ. "Бейбарыс" кинокартинасын шетелдік кинокомпаниялары түсіреді. Бұл туралы бүгін Шымкентта өткен баспасөз мәслихатында "Шымкент Пикчерз" кинокомпаниясының атқарушы директоры және сценарий авторы Ермек Тұрсынов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.
"Аталмыш шешім қаржыға ғана байланысты емес, дамыған матариалдық-техникалық базаға, көлемі және ауықымы жағынан тарихи блокбастерлерді түсірудегі Голливудтың үлкен тәжірибесіне, шығармашылық және техникалық мамандарының саластыруға келмейтін тәжірибесіне негізделіп қабылданды",- деп түсіндірді Ермек Тұрсынов.
Атқарушы директордық айтуынша, дайындық және де түсіру жұмыстарын көбінесе американдық және канадалық кино шығаратын компаниялар жүзеге асырады. Бірақ ол тарихи және этнографиялық саладағы қазақстандық мамандардың кеңесші және қатысушы ретінде тартылуы мүмкін екендігін жоққа шығармады. "Қазіргі уақытта этнографтармен және тарихшылармен ынтымақтаса отырып алдын ала жүргізілетін жобаның тарихи және аумақтық аспектілерін талдау жөніндегі жұмыстар аяқталды",- деп хабарлады Ермек Тұрсынов.
Ермек Тұрсыновтың айтуынша, "Шымкент Пикчерз" кинокомпаниясы эпикалық кинотуынды түсірудің дайындық кезеңіне кірісіп те кеткен. Сонымен қатар, сценарийдің соңғы нұсқасын таңдау жүргізіліп, сондай-ақ әртістерді іріктеу, киімдерді дайындау және басқа да мәселелер шешілуде.
Продюсер Тоқтар Түлешов өз кезегінде, Қазақстанға алғашқы келіссөзге әлемге әйгілі актерлер Керри Тагава мен Арманд Ассантэ, сондай-ақ қоюшы-суретші және кинооператор Куртис Петерсон шақырылғандығын хабарлады.
 
esmuhanДата: Четверг, 06/Сентябрь/2007, 09:38 | Сообщение # 70
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
БАКУ. ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің отырысында қылмыспен бірлескен күрес бағдарламалары талқыланады, деп агенттік тілшісіне Әзербайжан ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ТМД елдері ІІМ министрлері кеңесінің отырысы Баку қаласында 6 - 7 қыркүйекте өтеді. "Күн тәртібінде ТМД елдерінің қылмыспен, есірткілік және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен және лаңкестікпен күрес жөніндегі 2008-2010-жылдарға арналған бірлескен күрес бағдарламаларының жобаларын талқылау енгізілген", - деп хабарлайды мекеме.
Сонымен бірге талқыланатын басты тақырыптардың арасында заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталған шаралар, қылмыспен күрес жөніндегі ақпараттармен алмасу жөніндегі келісім жобасы, ішкі істер органдарына арнап мамандар дайындау саласындағы ынтымақтастық, ТМД елдерінің ІІМ арасындағы ынтымақтастықты жолға қою және келісім-құқықтық базаны зерттеу нәтижелері де бар.
 
esmuhanДата: Четверг, 06/Сентябрь/2007, 09:39 | Сообщение # 71
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Республиканың ішкі нарығындағы бағаның тұрақтылығы үшін "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ қосымша 2 млн тоннаға дейін астық сатып алуды жоспарлауда, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.
"Азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіптің алдын алу үшін Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы 2 млн тоннаға дейін астық сатып алуды жөн деп санайды. Біздің пайымдауымызша, бұл ішкі астық нарығын тұрақтандырады",- деді Руслан Азимов сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Ол, республикада "ұсталмайтын қорға жататын 500 мың тонна көлемінде мемлекеттік астық резерві құрылғындығын" еске сала кетті. Сонымен қатар, Руслан Азимов "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясының қаржысы есебінен 2 млн тоннаға дейін көлемде тұрақтандыру қорын құру жөнінде шаралар қарастырылуда" деп атап өтті.
Бүгінгі күнде "корпорация 816 мың тонна астық сатып алуды қаржыландырған, оның бір бөлігін біз жасалған келісімге сәйкес жөнелтуге міндеттіміз", деп қосты ол.
Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы басшысының түсіндіруінше, астық сатып алу үшін шетелдік банктерден қарыз ақша тартылатын болады. "Біз ақшаның жартысын - 136 млн евроға жуық қаржыны алып та қойдық. Енді бұдан біраз көбірек қажет болады",- деп түсіндірді Руслан Азимов. "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы алты жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан банктер дағдарыс проблемасын біздің алдымыздан көлденең тартпайды",- деп атап өтті ол.
Сондай-ақ Р. Азимовтың хабарлауынша, астық ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерден "шамамен 200 АҚШ долларымен және сәл қымбатырақ бағамен" сатып алынады. "Нарықты тұрақтандыру мақсатында астықты қайта өңдеу кәсіпорындары белгіленген бағамен сататын болады",- деп қосты ол.
 
esmuhanДата: Четверг, 06/Сентябрь/2007, 09:41 | Сообщение # 72
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ҚОСТАНАЙ. Қазақстандық газ тасымалдаушылар нарықта контрафакт өнімнің пайда болуына алаңдаушылық білдіруде, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.
"Соңғы кездерде Ақтөбе кенішінен ББФ маркалы тазаланбаған газды сату оқиғалары жиілеп барады",- деп хабарлады облыс нарығына негізгі көгілдір отын тасымалдаушы болып табылатын "Промбаза-7" ЖШС директоры Ұсындық Ақұлова. Оның айтуынша, бұл газдың сапа сертификаты жоқ, ал оны пайдаланғаннан кейін ғимарат ішінде кетпейтін өткір иіс қалады. Компания директорының сөзіне сүйенсек, "газ жақсы тазалаудан өтпеген". Сондай-ақ оны пайдалану газ құралының ластануына әкеп соқтырады.
Ұ. Ақұлованың айтуынша, сапалы газды жасанды газдан тек зертханалық жолмен ғана ажыратуға болады. "Бірақ жағымсыз иіс - жасандылықтың ең басты белгісі",- деп қосты ол. Ол сондай-ақ, нағыз газдың бір баллоны 850-900 теңгеден кем тұрмайды. "Егер газ баллоны 600 теңге тұрса, бұл - "жалған" газ деген сөз. Немесе газ баллонының салмағы тиісті салмағынан жеңіл болады",- деп түсіндірді ол.
Ресми тасымалдаушы құқық қорғау органдарын "облысқа жасанды газдың тасымалдануын тоқтатуға" шақырады. "Ол қауіпсіздік көзі болып қана қоймайды, оны сататын адамдардың лицензиялары жоқ, қазына олардың кәсіпкерлік іс-қызметінен ешқандай салық алмайды деген сөз",- деп түсіндіріп өтті ол.
 
esmuhanДата: Четверг, 06/Сентябрь/2007, 09:42 | Сообщение # 73
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Қаржы министрлігі үкіметке "Халықтық ІРО" бағдарламасы аясында акциялары қаржы нарығында сатылатын мемлекеттік компаниялардың тізімін енгізді. Бұл туралы бүгін іскерлік өкілдеріне арналған "Тұрақты даму жолы" атты дөңгелек үстелден кейін журналистерге берген сұхбатында мекеме басшысы Наталья Коржова хабарлады.
"Біз үкіметке "Халықтық ІРО" бағдарламасына қамтылатын мемлекеттік компаниялардың тізімі, олар сататын акциялардың көлемі, тұрғындар мен зейнетақы қорлары үшін акцияларды сату мерзімі айқындалған қаулының жобасын енгіздік", - деді ол. ""Самұрық" мемлекеттік холдингі, "Қазына" қоры мен "Қазагроға" және "Самғау" холдингіне кіретін мемлекеттік компаниялардың бағалы қағаздары сатылады, - деді министр.
"Еліміздегі зейнетақы жинақтаушы қорлары бүгінде қыруар қаржы жинап отыр, алайда, олардың қорыжынындағы бағалы қағаздардың сапасы сын көтермейді", - деді Н. Коржова. "Мемлекет қаржы нарығының дамуына акцияларлың мемлекеттік қоржынын қаржылық нарықта сату арқылы ғана өзіндік үлес қоса алады, және егер осы акциялар зейнетақы қорлары үшін тартымды болса, онда олар оны сатып ала алады", - деді ол. Осы орайда министр "зейнетақы жинақтарының сақталуына заң кепілдік беретіндіктен, Қазақстан халқының алаңдамауына болады" деп атап өтті.
 
esmuhanДата: Четверг, 06/Сентябрь/2007, 09:43 | Сообщение # 74
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АЛМАТЫ. Қазақстандағы байырғы иттердің тұқымдары құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында асыл тұқымды аңшы иттерді өсіру клубының басқарма төрағасы, көне иттердің тұқымдарын сақтап қалу жөніндегі халықаралық қоғамның мүшесі Константин Плахов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.
"Олардың саны өте қарқынды қысқарып барады, бұл тұқымды Қызыл кітапқа енгізу қажет",- деп мәлім етті Константин Плахов.
"Иттер - бұл тек мәдени мұра ғана емес, бұл біздің еліміздегі биологиялық түрлердің бірі. Қазақстан 1994 жылы биологиялық түрлерді сақтау туралы халықаралық конвенцияны бекітті. Ал онда әрбір ел дүниежүзілік қоғамдастық алдында өз аумағында сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сақталуына жауап береді. Бірақ біздің еліміз бұл салада ештеңені қолға алмай отыр",- деді ол.
"Өздеріңізге белгілі, күш құрылымдарында, кеден қызметінде иттерге деген үлкен сұраныс бар",- деді Константин Плахов. Атап айтқанда, оның ақпараттарына сүйенсек, Ұлыбританияда кинологтар гендік инженерия көмегімен "әртүрлі мемлекеттік тапсырыстарды орындау үшін супериттер" жасап шығармақ ниетте. "Англиялықтар бүкіл әлемге суперитті көрсетпек. Ал біздегі бір парадокс - бізде осындай ит бар, ол - кәдімге қазақы төбет. Бірақ оның орнына мемлекет иттерді Белгиядан, Германиядан сатып алады",- деп атап өтті ол.
Осы қойылған проблемаға байланысты Алматыда 10 - 15 қыркүйек аралығында "Биологиялық түрлердің толыққанды элементі және адамзаттың мәдение мұрасы ретіндегі көне иттердің тұқымдары" тақырыбында бірінші халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. К. Плазовтың айтуынша, бұл конференцияның мақсаты "көне иттердің тұқымдарының сақтауды қажет ететіндіктерін көрсету".
 
esmuhanДата: Четверг, 06/Сентябрь/2007, 09:44 | Сообщение # 75
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 11 - 12 қыркүйекте Түрікменстанға ресми сапармен барады, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне мемлекет басшысы әкімшілігінен.
Ақпарат көзі сапар бағдарламасы туралы хабарлаған жоқ, бірақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларына сүйенсек, Ашхабад кездесуінде талқыланатын тақырыптардың бірі Каспий газ құбыры болады деген болжам бар.
Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылдың мамарында Түрікменбасы қаласында өткен үш жақты самитте Ресей, Қазақстан және Түрікменстан президентері - Владимир Путин, Нұрсұлтан Назарбаев және Гурбангулы Бердымұхамедов - Каспий газ құбырын салу туралы келіскен болатын. Газ құбыры Каспий жағалауын бойлай, Қазақстан мен Ресей арқылы Түрікменстан аумағы арқылы өтеді деп межеленген болатын. Жобаның техника-экономикалық негіздемесін жасау, негізгі сипаттамасы мен жобаны жүзеге асыру мерзімі қарастырылған келісімге 1-қыркүйекке дейін қол қою жоспарланған.
Бірақ жуықта Ресейдің вице-премьері Сергей Нарышкин, үкіметаралық келісімге қатысты жасалып жатқан жұмыстар әлі аяқталған жоқ, деп мәлім етті. "Жұмыс жаз бойы қарқынды жүргізілді. Мен келісімге қол қою мерзімін атай алмаймын, бірақ біздің сарапшылар өте қарқынды режимде жұмыс істеп жатқандығын білемін",- деді ол.
Сонымен қатар, ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының жазғанына сүйенсек, Ресей президенті Владимир Путиннің қыркүйекте Түркіменстанға келу-келмеуі неғайбіл. "Ресей президентінің Ашхабадқа сапары туралы шешім қабылданған жоқ",- деп хабарлады "Независимая газетаның" Кремльдегі ақпарат көзі.
 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Страница 5 из 14«12345671314»
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016
Используются технологии uCoz