Жаңалыктар - Страница 6 - Форум
SITE LOGO
Пятница, 09/Декабрь/2016, 00:59
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная Жаңалыктар - Страница 6 - ФорумРегистрацияВход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 6 из 14«12456781314»
Модератор форума: esmuhan 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Жаңалыктар
esmuhanДата: Четверг, 06/Сентябрь/2007, 09:59 | Сообщение # 76
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 21 жасқа толмаған тұлғаларға ішімдік, соның ішінде сыра сатуға тыйым салу жөнінде бастама көтермек ниетте. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов құлағдар етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісі.
Оның айтуынша, министрлік бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізетін заң жобасын жасады. Атап айтсақ, "алкогольді өнімдерді, соның ішінде сыраны 21 жасқа жетпеген тұлғаларға сатуға тыйым салу жоспарланған".
Сонымен бірге, оның хабарлауынша, "кәмелеттік жасқа жетпегендердің түнгі клубтарға, ойынханалар мен ойын автоматтары салондарына баруына тыйым салуды енгізу ұсынылып отыр".
"Бұл заң жобасын біз келесі жылдың басында парламентке енгіземіз", - деді Б. Қожахметов.
 
esmuhanДата: Пятница, 07/Сентябрь/2007, 09:09 | Сообщение # 77
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Қазақстан зымыран-тасығыштың құлауын бірлі-жарым ғана көрініс беретін оқиға деп санамайды.
"Соңғы он жылда аса күрделі 6 апат болды. Мұны біз бірлі-жарым ғана оқиға деп санамаймыз. Бұл әлдебір жүйелілікке ұқсап барады", - деп мәлімдеді бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Зейнолла Сәрсенбаев.
"Қазіргі бар келісімдерге сәйкес , біз ғарыш айлағын жалға алып отырған Ресей жағына қойылатын қоршаған ортаны қорғауға қатысты талаптарды күшейте түсетін боламыз", - деді ол.
Өз кезегінде ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы Наурызбай Қадыркеев апаттың "жабайы хайуанаттар әлемінің ахуалына тигізетін әсеріне қатысты қауіп туындап отыр", деп мәлімдеді. "Біз үшін ең үлкен қауіп - жабайы хайуанаттар әлеміне келген шығынды есептеудің қиындығында. Егер басқа барлық көрсеткіштерді біз комиссияның жұмысы барысында оқиға орнында бағалай алатын болсақ, ал жабайы хайуанаттар әлеміне қатысты бұл жайтты анықтау қиын", -деді ол.
Н. Қадыркеевтің түсіндіруінше, хайуанаттар әлемі ұдайы көшіп қонып жүретіндіктен, апаттың залал-зардаптары жарты жылда, бір немесе бір жарым жылда әрең көрініс беруі мүмкін. "Хайуанаттар әлемін қорғау және оларды қалпына келтіру бағытында қыруар еңбек тындыра отырып, аталған жағдайда оған келген шығынды есептей алмаймыз", -деді ол.
 
esmuhanДата: Пятница, 07/Сентябрь/2007, 09:10 | Сообщение # 78
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. "Қорғас" кеден бекетінде елге келген туристердің атына контрабандалық жүктерді рәсімдеген, құрамына кеден және туристік фирма қызметкерлері кіретін қылмыстық топ анықталды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
"Қытай Халық Республикасының өндерген ондаған миллион теңгенің тауарын осы елге турист ретінде келген 170 жеке тұлғаның атынан "кубовщиктер" деп аталатын делдалдар тасымалдаған. Сондай-ақ туристер олардың атынан кедендік операциялардың жасалынып жатқандығын білмеген",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Кедендік комитеттегі мәліметтерге сүйенсек, қылмыстық топтың құрамына 11 адам кірген, олар туристік топтардың Қытайға жасайтын сапарларын ұйымдастырып отырған. "Қылмыстық схеманы пайдалана отырып, аталмыш тұлғалар туристердің арасында бөлініп, жеңілдщетілген тәртіппен кедендік кіріс ордерлерімен Қазақстанның кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарға кедендік жүк декаларциясын рәсімдемеген",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, қылмыстық әрекеттің салдарынан "мемлекеттік бюджет 698 млн теңгеден қағылып қалған".
Баспасөз қызметінедегілердің түсіндіруінше, Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша (кедендік төлемдер мен салықтар төлеуден жалтару) қылмыс жасады деген күдікпен қозғалған қылмыстық істің негізінде Қазақстан азаматы мен осыған мүмкіндік берген "Қорғас" кеденінің қызметкері ұсталған. "Тергеу жұмыстары жалғасуда, жақын күндері тағы бірқатар кедендік органдардың лауазымды тұлғалары мен аталмыш экономикалық қылмысты жасауға қатысы бар адамдар құрықталады",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
Кеденшілер түсіндіріп өткендей, аталмыш қылмыс "Челноки" деп аталған арнайы іс-шарасы барысында ашылған. Жалпы бұл шараның бірінші кезеңінде Қазақстан Республикасының кедендік органдары сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушылардың үстінен кедендік төлемдер мен жинақтарды төлеуден жалтарғандығы үшін төрт қылмыстық іс қозғап, "Қорғас" кеденінің лауазымды тұлғаларының үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 316-бабында қарастырылған (лауазымды тұлға өзінің міндеттерін тиісінше орындамау, немқұрайдылық) қылмыстарының белгісімен үш қылмыстық іс қозғаған.
 
esmuhanДата: Пятница, 07/Сентябрь/2007, 09:10 | Сообщение # 79
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Қазақстандық кеденшілер Ресей мен Түркияға 2 мыңға жуық тері, соның ішінде қаракөл елтірісін шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы агенттікке ҚР Қаржы министрлігі кеден комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Атап айтсақ, баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Ақтөбе облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қызылорда облысының тұрғынының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 209 бабы (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғады. Одан Алматы мен Мәскеу арасында қатынайтын поездегі тексеру кезінде құны 1 млн 885 мың теңге тұратын 920 қаракөл елтірісі тәркіленді.
Бұған қоса, "Атырау облыстық Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Алматы - Атырау - Стамбул бағытында қатынайтын әуе рейсіне кедендік тексеру жүргізу барысында ұшақ бортынан салмағы 316 кг болатын бес қорапты алды, олардан 994 дана белгісіз аңның өңделген терісі табылған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
 
esmuhanДата: Пятница, 07/Сентябрь/2007, 09:11 | Сообщение # 80
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Дүниежүзілік мұнайгаз саласында Қазақстанның маңызы арта түсуде, деп мәлім етті бейсенбіде Астанада өткен ІІ Еуразиялық энергертикалық форумда сөз сөйлеген премьер-министр Кәрім Мәсімов, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Қазақстан халықаралық энергетикалық қауіпсіздікті қамсыздандыру жүйесінің сенімді және жауапты мүшесі болып табылады және сол санатта қала бермек, оның Дүниежүзілік мұнайгаз саласындағы рөлі арта түсуде",- деді ол.
"Егер жалпы соңғы 15 жылда дүниежүзіндегі мұнай өңдеу көлемі үш есеге өссе, Қазақстан Республикасында екі жарым есеге жуық өскен. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы кезеңде жылына 26 млн тоннадан астам мұнай өндірсе, биыл 67 млн тоннаға жуық мұнай өндіру көзделіп отыр, ал 2015 жылы Каспий кеніштері игерілетіндігін есептегенде біз жылына 140 млн тонна мұнайға қол жеткізе аламыз",- деп түсінірді К. Мәсімов.
Үкімет басшысы сондай-ақ, мұнай өңдірудің өсуімен қатар, республмканың мұнайгаз және энергетика саласындағы инвестициялық тартымдылық та өсіп келеді, деп атап өтті. "Тікелей шетелдік инвестициялардың еліміздің экономикасына жалпы түсімі 1993 жылдан бергі кезенде 50 млрд АҚШ долларын құраған, және де олардың жартысына жуығы мұнайгаз және энергетика саласының еншісінде",- деп атап көрсетті премьер.
Сонымен қатар К. Мәсімов, "Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Нидерланды, Франция, Италия және Жапонияның үлесіне жалпы көлемнің төрттен үшіне жуығы тиесілі" деп атап өтті.
 
esmuhanДата: Пятница, 07/Сентябрь/2007, 09:11 | Сообщение # 81
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Мереке күндері Қазақстан-Қытай шекарасының ҚХР жағында елімізге бет алған 5 мыңдай адам жиналып қалған; қазір жағдай қалпына келді, деп хабарлады агенттікке ҚР Қаржы министрлігі кеден комитетінің баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметі еске салып өткендей, Қазақстанда 30,31 тамыз бен 1-қыркүйекте Конституция күні тойлануға байланысты демалыс күндері деп жарияланса, 2-қыркүйек - ҚХР үшін демалыс күні болған. "Осы күндері ҚХР жағында Қазақстанға бет алған 5000 жуық адам бөгеліп қалған", -деп атап өткен баспасөз қызметіндегілер "3 және 4 қыркүйекте жеке тұлғалар шекарадан өтіп, ҚР заңнамасына сәйкес рәсімделді", деп хабарлайды.
Осы ретте кедендік комитеттегілер визалық бақылау функциясы мекеменің құзыретіне жатпайтынын еске салады. "Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ҚР кедендік органдарының құзыретіне кедендік бақылау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу функциялары ғана кіреді. Ал жеке тұлғаларды визалық және төлқұжаттық қадағалау басқа мемлекеттік мекемелердің құзыретіндегі мәселе", - деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.
Бұған қоса, хабарламада атап көрсетілгеніндей, "Қорғас" кеденінің бақылау аймағында да, бейтарап аймақта да бір уақытта 5000 адамды орналастыратын мүмкіндік жоқ".
 
esmuhanДата: Пятница, 07/Сентябрь/2007, 09:12 | Сообщение # 82
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Қазақстанда Ұлттық қордың қаржысын мұнайгаз саалсындағы жобаларды қаржыландыру мақсатында пайдалану мүмкіндігі талқылануда. Бұл туралы бүгін Астанада ІІ Еуразиялық энергетикалық форум аясындағы үзілісте "Қазақстанның мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі" АҚ-ның мұнайгаз активтерін басқару жөніндегі директоры Ғалиаусат Кешубаев хабарлады.
"Ұлттық қордың қаржысы қазір шетелдерде орналастырылған және оның кірістілік проценті Қазақстан ішіндегі қандайбір мұнай жобасына жұмсалғандай жағдайдағыдан біршама төмен - талқыланған идеяның басты мәні осы", - деді ол.
Ұлттық қордың қаржысы жұмсалуы мүмкін қандайбір нақты мұнайгаз жобасы жөнінде талқыланып жатыр ма деген журналистер сауалына "Самұрық" өкілі былай деді: "Ұлттық мұнайгаз компаниясы жүзеге асырып жатқан ондай нақты жобалар бар, және "ҚазМұнайГаздың" акционері ретінде "Самұрық" оларға қосымша қаржы тартудан мүдделі", - деді Ғ. Кешубаев.
 
esmuhanДата: Пятница, 07/Сентябрь/2007, 09:12 | Сообщение # 83
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы астық нарығындағы ахуал жақсарады деп сендіруде.
"Солтүстікте орақ науқаны қазірде басталып та кетті, астық тиеу енді ғана басталды. Міне, үш күннен кейін астық "Ақ маржан" диірменіне, 4-5 күннен кейін "Алтын дән", "Арайға" түседі. Менің пайымдауымша, бір апта ішінде тіпті болмағанда он күн ішінде ұнның бағасы тұрақтанады",- деді бүгін өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Ислам Әбішев.
Ол ұнның, соған сәйкес нан бағасының бұрын болмаған деңгейге көтерілуін түсіндіріп өтті. "Маусымнан - мамырдың аяғынан бастап астық сатып алу қиынға соқты, ал шілдеде нарықтағы өткен жылғы қор мүлдем таусылып қалды. Осыған байланысты біздің кейбір диірмендеріміз бір айға жуық, ал кейбіреулеріекі айға жуық жұмыс істемей тұрып қалды. Сондықтан да солтүстік астықтың ұны жоқ болды. Біздегі астық жинау науқаны енді ғана аяқталып келеді, ал солтүстікте енді ғана басталды. Яғни өліара кезең",- деп түсіндірді И. Әбішев.
Ол сондай-ақ, өткен кеңесте облыс басшылары жергілікті ұн өндірушілермен "жергілікті астықпен жұмыс істейтін диірмендер ұнның бір қабын 2500 теңгеден сататындығы" туралы келісім жасаған болатын. И. Әбішевтің түсіндіруінше, жергілікті ұнның сапасы солтүстік астықтың ұндарынан сәл төмендеу, "бәрақ ол да жаман емес, егер кімде- кім бір қап ұнды 4-5 мың теңгеге сатып ала алмаса, онда олар жергілікті ұнның бір қабын 2500 - 2600 теңгеге сатып алатын болады".
Сонымен қатар, И.Әбішев Оңтүстік Қазақстан облысында келешекте өзінің тұратандырушы астық қоры құрылатындығын жоққа шығармады. "Менің пайымдауымша, біз не азық-түлік корпорациясының аясында тұрақтандыру қоры үшін астық тасымалдаудың нақты пункттері мен көлемі туралы нақты келісеміз, немесе біз олармен келісім жасай алмасақ, жергілікті облыстық қор құратын боламыз",- деп хабарландырды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
 
esmuhanДата: Пятница, 07/Сентябрь/2007, 09:13 | Сообщение # 84
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
КӨКШЕТАУ. Ақмола облысында 6 қыркүйектегі жағдаймен 1 млн 216 мың тонна түсім жиналды, деп хабарлайды агенеттікке облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық дихандар орақ науқанын 24 тамызда бастаған, оны қыркүйектің аяғына дейін тәмамдауды жоспарлап отыр. "Қазір бидай мен бұршақ дәнділерді жинау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды әкімшіліктегілер.
6 қыркүйектегі жағдаймен, 1231,2 мың га (31,8%) аумақтан бидай орылып, 1166,6 мың га (30,1%) аумақтағысы бастырылды. Қазір өңірдегі егіс алқаптарында 8800-ден астам бидай орушы комбайндар жұмыс істеуде. "Күн сайын орта есеппен 200 мың га аумақтан түсім жиналып, 207,4 мың га аумақтан астық бастырылуда", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Биыл өңір бойынша егіннің орташа шығымдылығы бір гектардан 10,2 центнерді құрайды. Ең жоғары көрсеткіш Зеренді (16 ц/га), Жақсы (14,5 ц/га) және Еңбекшілер (13,4 ц/га) ауданында тіркелген.
Ақмола облысында бидай және бұршақ дәнді дақылдар жиналатын алқап 3870,3 мың гектарды құрайды, бұл 2006-жылғыдан 7% артық.
 
esmuhanДата: Пятница, 07/Сентябрь/2007, 09:13 | Сообщение # 85
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
БІШКЕК. Қырғызстан парламенті - Жогорку кенеш депутаттары қайтыс болған адамдардың сұраусыз мүрделерін ғылыми мақсатта пайдалануға рұқсат беретін заң жобасын қабылдамай тастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" заңға енгізілетін өзгерістер жөніндегі заң жобасын парламенттің қарауына денсаулық сақтау министрі Туйгунаалы Абдраимов ұсынды. "Мұнай түзетулерді ұсыну арқылы біз студенттерді қажетті материалдармен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз", - деді министр. Оның айтуынша, заң жобасында туыс-туғандары 30 күн ішінде сұрау салмаған мәйіттерді республиканың жоғары оқу орындарына оқыту материалы ретінде беру ұсынылған.
Депутаттардың басым бөлігі бұл бастамаға үзілді-кесілді қарсы болды. Атап айтсақ, депутат Өмірбек Текебаев заң жобасы қырғыз халқының дәстүрлеріне қарама-қайшы екенін атап өтті. Осыған байланысты депутат "жоғары оқу орындары мен зертханаларды қажетті материалдармен қамтамасыз ету үшін бюджетте қосымша қаржы қарастыруды " ұсынды.
 
esmuhanДата: Пятница, 07/Сентябрь/2007, 09:15 | Сообщение # 86
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
БАКУ. ТМД елдері лаңкестіктің алдын алудағы тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерді еселей түсуді жалғастыруы керек, деп мәлім етті ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесіне отырысында Ресей Федерациясының ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиев.
"Соңғы кездері халықаралық қылмыстық топтардар жасаған лаңкестік әрекеттерінің сериясы біздің елдеріміздің заманауи қауіп-қатерлерге ұдайы дайын болу қажеттігін тағы да көрсетіп отыр. Осыған байланысты ТМД-ға мүше мемлекеттер лаңкестіктің алдын алудағы тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін еселей түсуді одан әрі жалғастыруға тиіс",- деді Рашид Нұрғалиев.
Оның айтуынша, ТМД құқық қорғау органдарының осы бағыттағы ынтымақтастығының бірқатар жетісті мысалдары да бар. Атап айтқанда, бұл "Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымының мүшелерін тартып, Өзбекстандағы ахуалды тұрақсыздандырмақ болған Өзбекстан азаматын ұстау.
Ресей Федерациясының ішкі істер министрі сондай-ақ, Ресей өз тарпынан ТМД елдерінің аумағына тлаңкестік топтардың кіру арналарын анықтауға қатысты, лаңкестік шаралардың алдын алуға антитеррористік күш пен құралдардың жедел дайындығын қамсыздандырудағы іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатқандығын атап өтті. Р. Нұрғалиев сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының санкциялық тізіміне Ресей Федерациясының Жоғарғы соты лаңкестік ұйым деп таныған 15 ұйымы қосылғандығын еске сала кетті.
Ресейлік министр сондай-ақ ТМД елдерін кибернетикалық қылмыстардың жолын кесудегі ынтымақтастығын пәрмендендіруге шақырды. "Қазіргі уақытта Достастық елдері бірыңғай ақпараттық кеңістікте өмір сүруде. Бұл біздің салыстырмалы түрде қылмыстың жаңа түрі болып табылатын - ақпараттық технология саласындағы қылмыстарға қарсы тұрудың бірыңғай майданын құру мақсатында белсенді ықпалдастығымызға негіздейді",- деді Рашид Нұрғалиев.
Сонымен қатар оның айтуынша, бірлескен күшімізді біріктірудің, көліктегі қауіпсіздікті қамсыздандыру үшін ішкі істер органдары мен полицияның жедел өзара ықпалдастығының деңгейін көтеру қажет.
"Қол жеткізу мүмкіндігіне, халықтың жаппай пайдаланатындығына, бағыттардың біршама ұзақтығына және өзіндік технологиялық процесстердің күрделілігіне байланысты транспорт саласы лаңкестік қаупі тұрғысынан ең бір осал инфрақұрылымға саналады. Лондондағы, Мадридтегі, Мәскеудегі көлікте болған және үстіміздегі жылдың тамызында болған Мәскеу - Санкт-Петербург темір жолындағы лаңкестік шаралары біздің қабылдаған шараларымыздың дұрыстығы мен уақытын тапқандығының куәсі", - деді Рашид Нұрғалиев.
 
esmuhanДата: Пятница, 07/Сентябрь/2007, 09:16 | Сообщение # 87
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ДУШАНБЕ. Тәжікстанның Ішкі істер министрілігінің жеке құрамы бүгінгі күннен бастап қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтаудың күшейтілген режиміне көшеді. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Тәжікстанның Ішкі істер министрілігінен хабарлады.
Тәжікстанның Ішкі істер министрілігінің ақпараттарына сүйенсек, бұл шаралар елдің Тәуелсіздік күнін тойлауға байланысты қабылданып отыр. Атап айтқанда, айрықша маңызды мемлекеттік нысандар мен адамдардың жаппай жиналатын жерлері милицияның күзетіне алынған. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің күшейтілген режиміне көшу туралы қаулы 10-қыркүйекке дейін жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара әскерінің бас басқармасының ақпараттарына сүйенсек, бұл күндері шекарашылар жоғары дайындық жағдайына келтіріліп, республикаға шекаралас елдерден келетін көліктер мұқият тексеріледі, сондай-ақ бүкіл аумақтағы мемлекеттік шекараларды, атап айтқанда тәжік-ауған учаскелерін күзету күшейтіледі.
 
esmuhanДата: Пятница, 07/Сентябрь/2007, 09:17 | Сообщение # 88
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АҚТӨБЕ. Ақтөбе облысында бүгінгі күнге дейін астық өнімінің жартысына жуығы жиналған, соңғы үш жылғы қуаңшылықтан кейін алғаш рет астық түсімі 3 есеге дейін өсіп отыр. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облысының ауылшаруашылық департаментінен хабарлады.
Атап айтқанда, облыстық ауылшаруашылық департаменттің хабарлауынша, 299 мың гектарға жуық алаңның астығы жиналды, бұл жиналуға тиіс барлық егін егілген жердің 50,8 пайызын құрайды. Тартылған бидайдың көлемі 258 мың тонна.
Сонымен қатар, департаменттегілердің хабарлауынша, "үш жылғы қуаңшылықтан кейін алғаш рет астық түсімі үш есеге жуық өсіп отыр - орта есеппен облыс бойныша бұл көрсеткіш бір гектарынан 3,1 центнерді құрайды".
Департаменттегілер сондай-ақ, шаруашылықтар жанар-жағармай материалдарымен 100 пайыз қамтамасыз етілгендігін атап өтті. "Осы мақсатта жыл басында облыстың көктемгі-күздік егіс алқабы жұмыстарын жүргізуге 16 мың тонна дизельдік отын сатып алынған болатын, қазіргі уақытта шаруаларға бір литрі 51 теңгемен сатылуда, бұл жергілікті жанар-жағармай станцияларындағы бағадан 10 теңгеге арзан",- деп түсіндірді департаменттегілер. Бірақ, мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, облыстағы астық жинау машиналарының дайындығы 85 пайызды құрайды, нәтижесінде 1900 астық жинау машинасының әрқайсысына келетін үлес 300 гектардан.
Мамандардың болжамына сүйенсек, Ақтөбе облысындағы астық жинау қыркүйектің екінші онкүндігінде аяқталады.
Бұрындары хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылы Ақтөбе облысында астық жинау алаңы 661 мың гектарға жуық, осы жылы олардың 587 мың гектарынан астық жиналатын болады. "Алаңның қалған 11,3 пайызы жарамсыз",- деп қосты департаменттегілер.
 
esmuhanДата: Суббота, 08/Сентябрь/2007, 16:54 | Сообщение # 89
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Қазақстан президенттің өңірлерге жасайтын сапарларының мерзімі мен Байқоңырдан ғарыштық зымырандар ұшырылатын күнді келісе жоспарлайтын болады.
"Егер президенттің сапары болатын жермен зымыран ұшырылатын болса, онда бізде оларды тоқтата алу құқығымыз болуға тиіс", - деді үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында. "Іс жүзінде "Протонның" мемлекет басшысы сол сәтте сапармен жүрген Жезқазған қаласынан 80 шақырым жерде құлауына қалай жол беріп алдық? Ғарыш үшін 80 шақырым - 3 сантиметр екенін ескерсек, мұндай мүмкіндікке жалпы қалай жол беруге болады? ", - деді ол.
К. Мәсімов вице-премьер Өмірзақ Шүкеевке бұл мәселемен дәйекті айналысып, барлық іс-әрекетті президенттің күзес қызметімен және басқа да мекемелермен келісуді тапсырды.
Өз кезегінде бүгін өткен брифингте Ұлттық аэроғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың атап көрсеткеніндей, бұл проблеманы "шешуге толық мүмкіндік бар". "Біз Байқоңырдан зымыран тасығыш ұшырылардан 10 күн бұрын барлық мәліметтерді аламыз. Барлық мекемелер, соның ішінде ҰҚК, үкімет, президент әкімшілігі, ТЖМ мен басқа да мекемелерге мен өзім тікелей 10 күн бұрын жазбаша түрде хабар беремін және олардың бәрінде мұндай ақпарат болады", - деді Т. Мұсабаев. "Сөйтіп, президенттің жүрген жері мен осы сәтте ғарыштық ұшырылымның бағыты өтетін аймақтың дөп келуіне жол бермеу жөнінде шешім қабылдау тетіктерін жасауға мүмкіндік бар. Ол үшін тетіктерді нақты айқындау қажет. Бұған дейін мұндай іспен ешкім шұғылданбаған. Қазір осындай жұмыс күтіп тұр", - деді агенттік басшысы.
 
esmuhanДата: Суббота, 08/Сентябрь/2007, 16:54 | Сообщение # 90
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. ҚР қоршаған ортаны қорғау министрінің пайымдауынша, "Протон-М" зымыранының құлауынан келген шығын көлемі "Днепрдің" құлауынан келген шығыннан асып түседі.
"Меніңше, залал-зардап ауқымы былтырғы "Днепрдің" құлауынан болған зардаптардан ауыр болмақ, - деді қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов бүгін өткен үкіметтің отырысында.
Ол сонымен қатар қазір шығын көлемі есептеліп, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, және бұл жұмыстарға ресейлік мамандардың да араласып жатқанын жеткізді. Осы орайда қоршаған ортаны қорғау министрі " бұл осындай алтыншы төтенше оқиға екенін және оның жүйелі сипатқа көшіп жиі қайталана бастағанын" ерекше атап өтті.
 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Страница 6 из 14«12456781314»
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016
Используются технологии uCoz