Жаңалыктар - Страница 7 - Форум
SITE LOGO
Суббота, 03/Декабрь/2016, 14:38
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная Жаңалыктар - Страница 7 - ФорумРегистрацияВход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 7 из 14«12567891314»
Модератор форума: esmuhan 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Жаңалыктар
esmuhanДата: Суббота, 08/Сентябрь/2007, 16:55 | Сообщение # 91
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Жапонияның жер серігін алып ұшқан "Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерден 15 сынық табылды, деп хабарлады Ұлттық аэроғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев.
"15 шақырымнан астам аумақтан 15 жуық сынықтар табылды", - деді Т. Мұсабаев бүгін өткен үкіметтің отырысында.
Өз кезегінде апаттың себептерін зерттеу жөніндегі үкіметтік комиссияны басқаратын Төтенше жағдайлар министрі "Протон" құлаған жерде диаметрі 40 метр, тереңдігі 10-нан астам метрлік шұңқыр түзілгенін жеткізді.
Апат болған жерден "сынамалар алынып, улану деңгейін анықтау үшін Алматыға тексеруге жіберілді", деді В. Храпунов.
 
esmuhanДата: Суббота, 08/Сентябрь/2007, 17:02 | Сообщение # 92
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ Каспийдегі жүк тасымалының тиімділігін тек ірі тоннажды кемелердің көмегімен ғана қамтамасыз етуге болады деп санайды, деп мәлімдеді ҚазМұнайГаздың атқарушы директоры Арман Дарбаев.
"ҚазМұнайГаздың алдында тек тасымалды ғана қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге жүкті жіберушілер үшін көмірсутегі шикізатының өз құнын да сақтап қалу міндеті тұр. Қазақстанның мүддесі тиімді әрі арзан тасымалдау бағыттары бюджетке түсетін кірісті ұлғайта түседі дегенге саяды. Каспий арқылы жүзеге асырылатын тасымалдың тиімділігін қуаты 60 мың тонналық ірі тоннажды кемелердің көмегімен ғана қамтамасыз етуге болады",- деді бүгін Астанада ІІ Еуразиялық энергетикалық форумда сөз сөйлеген А.Дарбаев.
"Бұл көзқарасты тек біз ғана емес, біздің көршілеріміз де қолдап отыр, өйткені, бұл жерде мәселе тек тасымалдың экономикалық тиімділігінде ғана емес, сонымен бірге, жоғары экологиялық стандарттарға сәйкес олардың қауіпсіздігіне де қатысты", - деді компания өкілі.
"Сол себепті біз ірі тоннажды кемелерді пайдалану мәселесін біз Каспийді қоршай орналасқан мемлекеттермен келіссөздерде дәйекті көтеретін боламыз және мен алдағы уақытта теңіздегі ауқымды тасымалдар дәл осындай ірі тоннажды кемелермен жүзеге асырылады деп сенемін", - деді А. Дарбаев.
А. Дарбаевтың айтуынша, ірі тоннажды кемелерге Құрық айлағында қызмет көрсетілетін болады. "Онда танкерлерді толтыру үшін көшпелі причал қондырғылары пайдаланылады, және олар дәл осындай ірі тоннажды кемелермен тасымалдау үшін пайдаланылады", - деді ол. Осындай айлақ Бакуге жақын жерде де салынады. "Бұның бәрі мұнай тасымалдаудың Транскаспийлік жүйесін қалыптастырады ", - деді "ҚазМұнайГаз" өкілі.
 
esmuhanДата: Суббота, 08/Сентябрь/2007, 17:04 | Сообщение # 93
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АЛМАТЫ. Еліміздегі ақша айырбастау бөлімшелеріндегі ахуал тұрақтанды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов мәлімдеді.
"Тамыздың аяғындағы бірнеше күн бойы қолма-қол шетелдік валюта нарығында белең алған долларға деген жоғары көлемді сұраныс Қазақстанның банк жүйесінде дағдарыс болатындығы туралы қауесеттердің кесірінен туындады. "Осындай жағдайда нарықтағы ахуалда айырбастау бөлімшелері үстемдік құрды. Ал қазір жағдай тұрақтанды", - деді Ұлттық банк төрағасы.
Ә. Сәйденовтың айтуынша, мұндай дүрбелеңнің тууына бірқатар факторлар әсер етті. Атап айтсақ, "банктердің айырбастау бөлімшелері мен биржа жұмыс істемей қалған мереке күндері кедендік комитет тауар импорты, соның ішінде валюта импортының жаңа ережелерін енгізді... осыған байланысты валюта дер кезінде кедендік рәсімдеуден өтпей қалды". Сонымен бірге, ахуалға әдеттегіден көп мөлшерде енгізілген валюта көлемі де әсер етті. "Бұл еліміздегі қалыпты ахуал. Ұлттық банк қолма-қол 200 млн доллар енгізді. Сонымен бірге, кеден комитеті банктер ел аумағынан ірі көлемде валюта алып шығуда деген мәлімдеме жасады. Бұл да қалыпты жағдай, өйткені, олар көршілес елдерді валютамен қолдап отыр, бұл қалыптыв тәжірибе", - деді ол.
Таратылған баспасөз баянының мәліметтерінше, валюта нарығында Ұлттық банк көбінесе шетелдік валютаны сатушы ролін атқарған. Банктің шетелдік валюта саудасының нетто көлемі 2007 жылдың тамыз айында 4,6 млрд долларға, соның ішінде Қазақстан қор биржасындағы саудасы 3,7 млрд долларды, банкаралық нарықта - 0,9 млрд долларды құрады.
Ә. Сәйденовтың айтуынша, Ұлттық банк қолма-қол шетелдік валюта нарығындағы оқиғаларды мұқият қадағалап отыр және халықты "түрлі қауесеттердің жетегінде кетпеуге шақырады".
 
esmuhanДата: Суббота, 08/Сентябрь/2007, 17:05 | Сообщение # 94
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АЛМАТЫ. 2007 жылдың тамыз айында ұлттық валютадағы депозиттер 0,8%-ке - 2784,7 млрд теңгеге дейін азайса, ал шетел валютасындағы депозиттер 14,6% -ке - 1017,5 млрд теңгеге дейін артқан, деп хабарлайды агенттік Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтсақ, теңгемен салынған депозиддің үлес салмағы 76,0% -тен 73,2%-ке дейін азайды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, банк жүйесіндегі резиденттердің жалпы депозиттерінің көлемі 2007 жылдың шілде айында 2007-жылғы маусыммен салыстырғанда 2,9%-ке артып ( 2006-жылғы желтоқсанмен салыстырғанда - 23,6%-ке) - 3802,2 млрд теңгеге дейін жетті . Заңды тұлғалардың депозиттері 0,4%-ке - 2350,3 млрд теңгеге дейін, жеке тұлғаларлың депозиттері 7,2%-ке - 1451,9 млрд теңгеге дейін артты.
Сонымен бірге, халықтың банктердегі салымдары (резидент еместерді ескергенде) бір айда 7,2%-ке - 1467,2 млрд теңгеге дейін артты. 2007 жылдың шілде айында тұрғындардың салымдары қүрылымында тенгелік депозиттер 7,1%-ке - 1098,2 млрд теңгеге дейін, ал шетел валютасындағы депозиттер 7,2%-ке - 369,1 млрд теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде теңгелік депозиттердің үлес салмағы 74,9%-тен 74,8%-ке дейін азайды.
Банк депозиттері бойынша ставкалардың динамикасы мынадай өзгерістермен сипатталды. 2007 жылдың шілде айында теңгелік жедел депозиттер бойынша сыйақылардың жылдық орташа ставкасы банктік емес заңды тұлғалар бойынша 4,0% ( 2007 жылдың маусым айында - 4,5%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша - 10,5% (10,5%) болған.
 
esmuhanДата: Суббота, 08/Сентябрь/2007, 17:06 | Сообщение # 95
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. Қазақстан - Қытай газ құбырының бірінші кезегін 2009 жылы тартып аяқтау жоспарлануда, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" атқарушы директоры Арман Дарбаев.
"Біз келесі жылы Қытайдағы мұнай құбырын да, газ құбырын да бастайтынымыз сөзсіз, бізде бұған қатысты ешқандай күмән жоқ, ал біз Қазақстан - Қытай газ құбырының бірінші кезегін 2009 жылы тартып аяқтауды жоспарлар отырмыз",- деді жұма күні ІІ Еуразиялық энергетикалық форумда сөз сөйлеген А. Дарбаев.
Қазіргі уақытта, А. Дарбаевтың айтуынша, газ құбырын салу жобасы "белсенді әзірлеу" сатысында. Атап айтқанда, "бірінші участке бойынша инвестицияның негіздемесі әзірленуде", оны үстіміздегі жылдың қазанында аяқтау жоспарланып отыр.
Үкіметаралық келісімге сәйкес Қазақстан - Қытай газ құбыры Өзбекстан шекарасынан Шымкент арқылы Қорғасқа өтеді. Оның қуаттылығы жылына 40 млрдқа жуық текше метр газды құрайды. Кейінірек екінші учаскені - Бейнеу - Бозой - Самсоновканы салу жоспарланған. "Екінші учаскенің қуаттылығы жылына 10 млрд текше метрді құрайды",- деп нақтылап өтті "ҚазМұнайГаздың" өкілі.
 
esmuhanДата: Суббота, 08/Сентябрь/2007, 17:07 | Сообщение # 96
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АЛМАТЫ. 2007 жылғы шілдеде банк жүйесіндегі таза ішкі активтердің ұлғаюы салдарынан ақша массасы 2,9%-ға, 4618,0 млрд. теңгеге дейін (жыл басынан бері - 44,9%) ұлғайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
2007 жылғы шілдеде айналыстағы қолма-қол ақша 2,8%-ға 815,4 млрд. теңгеге дейін (жыл басынан бері 35,7%-ға), ал банк жүйесіндегі депозиттер 2,9%-ға 3802,2 млрд. теңгеге дейін (жыл басынан бері 23,6%-ға) өсті. Депозиттердің өсу қарқынының айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда аздап басып озуы депозиттердің ақша массасының құрылымындағы 82,3% құраған үлесінің өзгеруіне әсер еткен жоқ.
2007 жылғы шілдедегі ақша базасының ұлғаюы аясында ақша массасы көлемінің артуы ақша мультипликаторы мәнінің 2,69-дан 2,72 дейін өсуіне себепші болды.
 
esmuhanДата: Суббота, 08/Сентябрь/2007, 17:29 | Сообщение # 97
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
БАКУ. Бакуде Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлерінің кеңесі отырысының қорытындысы бойынша сегіз құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.
Атап айтқанда, "Қылмыспен күрес саласындағы ақпараттар алмасу туралы", "Ақпараттық технология саласындағы қылмыспен күрестегі ынтымақтастықтың тиімділігін көтеру туралы", "ТМД елдерінің Ішкі істер министрліктерінің орталықтандырылған есепке алуды құру, енгізу және пайдалануға қатысты өзара ақпараттық ықпалдастығы туралы", "Мамандарды дайындау саласындағы ынтымақтастық туралы" келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар, тараптар тұлғаларды мемлекетаралық іздеуді жүзеге асырудың бірыңғай ережесі туралы инструкцияға және т.б. құжаттарға қол қойды. Сондай-ақ, Әзербайжан мен Ресей Өзбекстанмен арадағы Ішкі істер министрліктерінің 2008-2009 жылдарға арналған өзара ықпалдастығы туралы екіжақты хаттамаға қол қойды.
Әзербайжанның Ішкі істер министрі Рамиль Усубов ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің Бакуде өткен отырысының қорытындысына қанағаттанатындығын айтып өтті. "Біз қылмыспен күрестегі күш-жігерімізді біріктіруде кезекті қадам жасадық. Антитеррорлық іс-қызметке байланысты проблемаларды қызу талқылау өтіп, транспорттық инфрақұрылымдардың, транспорт нысандарының антитеррорлық қауіпсіздігін, тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз етудегі келісілген күш-жігерімізді мақсатты пәрмендендіру қажеттілігі аталып өтті",- деді ол.
Әзербайжанның ішкі істер министрінің айтуынша, осы өткен отырыс барысында "ТМД ең тиімді жұмыс істейтін жарғылық органдардың бірі" болып табылатын ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің іс-қызметіне жоғары баға берілді. Ол сондай-ақ, жалпы ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің іс-қызметі барысында Ішкі істер министрлігінің жедел-қызметтік іс-қызметіне қатысты 70-ке жуық келісімдер мен шешімдерге қол қойылғандығын хабарлады.
Министр ТМД елдерінің лаңкестікпен күрес саласында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгендігін де атап өтті. "Бірақ қауіпсіздіктің стратегиялық және тактикалық міндеттері бізге осы көп қырлы учаскедегі күш-жігерімізді одан әрі өсіруіміздің қажеттігін нұсқауда",- деп қосты ол.
Оның айтуынша, кездесу барысында сондай-ақ ақпараттық технология саласындағы қылмыстармен күресуге үлкен көңіл бөлінген. "Осы саладағы қол сұғушылық күннен-күнге қауіпті бола түсуде, экономикаға, қаржы және банк іс-қызметіне қауіп төндіріп, саудадағы адамдарға, қару-жараққа, заңсыз көші-қонға, балаларды жаныстық мақсатта пайдалануға өз әсерін тигіп отыр. Біздің міндетіміз - жоғарғы технологияға байланысты кез-келген криминалдық көріністерге бірлесе қарсы тұру",- деді министр.
Сонымен қатар, отырыста Ішкі істер министрліктерінің ынтымақтастығының ұйымдастырушылық-құқықтық базасын жетілдіру мәселесі де қаралған.
Ресейдің ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиев те ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің Бакуде өткен отырысының қорытындысына жоғары баға берді. "ТМД елдерінің ішкі істер органдарына қылмыспен күресте одан да жақсы жетістіктерге жетулеріне мүмкіндік беретін бірқатар құжаттарға қол қойылды",- деді министр.
Ол сондай-ақ, ресейлік өкілдер 2008 жылдың екінші жартысында ТМД елдерінің аумағында "Жолаушы" кодты атаумен біріккен кешенді іс-шара жүргізу туралы ұсынысты қолдағандығын хабарлады.
ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің келесі отырысы 2008 жылы Грузияда өтеді.
 
esmuhanДата: Суббота, 08/Сентябрь/2007, 17:30 | Сообщение # 98
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АЛМАТЫ. Мұсылмандардың ұлық мерекесі Рамазан биыл 13-қыркүйекте басталады. Бұл туралы бүгін, 7-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі құлағдар етті,- деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Санаулы күннен кейін дүниежүзі мұсылмандарыең ұлық мереке - Рамазанды қарсы алады. Биыл бұл мереке 13-қыркүйекте басталады",- деді бас мүфти.
Оның айтуынша, Ресей, Түркия, Балқан түбегі мен Шығыс Еуропаның, сондай-ақ, "Ислам шурасы" атты ұйымға біріккен бірнеше араб мемлекеттері Рамазанды 13-қыркүйекте бастайды. "Әр ел мұсылмандарының діни басқармасы бұл айдың қашан басталатынын өздері біліп шешеді",- деді ол.
"Биылғы рамазан 29 күнге созылады",- деді Әбсаттар қажы Дербісәлі.
Қасиетті Құранда: "Рамазан - адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай" деп оның маңызының ерекше екенін атап көрсеткен. Рамазан айында ораза ұстау мұсылмандар үшін парыз.
"Рамазан айы жәннаттың есіктері айқара ашылған, жаҺаннамның есіктері тарс жабылған, азғын шайтандар шынжырмен кісенделген мүбәрак ай", деп паш етілген. Бұл айда әрбір мүмін қасиетті Құран Кәрімді көбірек оқып, мағынасын зерделей түскені абзал. Өзара сұхбаттар, тауарих уағыздары, күндізгі тиләуаттар мұсылмандар қауымын біріктіріп, жаңа рухани жетістіктерге бастайды.
Рамазан айында мүмкіндігі бар мұсылмандар жарлы-жақыбайларға, мүгедектер мен жетім-жесірлерге қарайласып, көмек берудің қайырымдылық пен бауырмалдықтың үздік үлгісін көрсетеді.
Қазанның 8-інен 9-ына қараған түні Қадір түні. 12-қазан (дүйсенбі) күні Ораза мейрамы басталады. Айт намазы бұл күні сағат 7. 30-да оқылады.
Сонымен бірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Рамазан айы қарсаңында оның "Әбсаттар қажы Дербісәлі" атты кітабы жарық көргенін хабарлады. Онда 2000-2006 жылдар аралығында тындырылған жұмыстар жайлы баяндалған.
 
esmuhanДата: Суббота, 08/Сентябрь/2007, 17:31 | Сообщение # 99
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
БІШКЕК. Еуразиялық даму банкі Қамбарата су электр станциясын салу жобасына қатысуға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы жұмада қырғыз-ресей бизнес-форумында сөз сөйлеген банк басқармасының төрағасы Игорь Финогенов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.
"Еуразиялық банк үшін Нарын өзеніндегі 1-ші және 2-ші Қамбарата су электр станциясын салу жобасына қатысу аса қызығушылық танытады",- деді Игорь Финогенов.
Еуразиялық даму банкінің басшысының айтуынша, Қамбар ата су электр станциясын салу "интеграциялық процесстердегі маңызды оқиға" болып табылады. Игорь Финогенов, су электр станциясын салу барысында алынған тәжірибе аймақтағы басқа да суэнергетикалық нысандар салу барысында қолданылуы мүмкін. "Біз бұл жобаны Орталық азиядағы бай энергетикалық әлеуеттілікті игерудегі пилоттық жоба ретінде қарастырамыз",- деп түсіндірді Игорь Финогенов.
Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Игорь Финогенов, банктің сондай-ақ Қырғызстанның транспорттық инфрақұрылымын дамытуға да қызығушылық танытып отырғандығын атап өтті. Атап айтқанда, банк сарапшылары қазір Алматы - Ыстық көл тасжолын салу жобасына қосылудың мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Қырғыз-ресей форумы өз жұмысын Ыстық көлдегі пансионаттардың бірінде бастаған. Оған Ресей мен Қырғызстанның 200-ге жуық белгілі компаниялары, сондай-ақ екі елдің ірі шенеуніктері қатысуда.
Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық даму банкін Ресей мен Қазақстан 2006 жылдың қаңтарында ЕурАзияЭ мүше мемлекеттердің нарық экономикасын дамытуға көмек үшін құрған болатын. Еуразиялық даму банкінің жарғылық капиталы 1,5 млрд теңгені құрайды.
 
esmuhanДата: Суббота, 08/Сентябрь/2007, 17:32 | Сообщение # 100
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ТАЛДЫҚОРҒАН. Алматы облысының Алғабас ауылында қышқылды пайдалануға рұқсат беретін құжат жоқ кәсіпорында 500 тоннадан астам тұз және күкірт қышқылы табылды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Алматы облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Допинг" жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері Алғабас ауылында орналасқан электр станциясын тексеру барысында улы заттармен қарым-қатынас ережесін бұзу дерегін анықтаған. Баспасөз қызметінен хабарлағандай, "кәсіпорын аумағынан 502 тоннаға жуық күкірт қышқылы мен 35 тоннадан астам тұз қышқылы табылған, ал кәсіпорын қызметкерлерінде прекурсорлармен жұмыс істеу құқығына берілетін мемлекеттік лицензия болмаған".
Қазіргі уақытта қышқыл құйылған 10 цистерна тәркіленген. "Тексеру жалғасуда, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
Полицейлердің түсіндіруінше, заңсыз айналымда тұз қышқылы героин жасауда пайдаланылады, және де Қазақстанның заңына сәйкес, тұз қышқылын сатып алу, сақтау, пайдалану және сату қатаң бақылауға алынған.
 
esmuhanДата: Понедельник, 10/Сентябрь/2007, 09:20 | Сообщение # 101
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан үкіметі ENI корпорациясының Қашаған кеніші бойынша келісімнің шарттарын орындай алу мүмкіндігіне күмән келтіреді. Бұл туралы бүгін Астанада ІІ Еуразиялық энергетикалық форумда сөз сөйлеген республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді.
"Қашағанды игеру жөніндегі консорциумға қатысушылардың кейінгі жылдары жүйелі сипатқа көшкен бізге түсініксіз әрекеттері Қазақстан үкіметін олардың келісімнің шарттарын орындай алу қабілетіне шәк келтіруге мәжбүрлеп отыр", - деп мәлімдеді үкімет басшысы.
Оның айтуынша, "Қашаған мұнайын коммерциялық мақсатта өндіре бастау мерзімінің шегерілуі мен кенішті игеруге жұмсалатын шығындардың екі еседен астам өсуі Қазақстан үшін күрделі әлеуметтік-экономикалық зардаптарға душар еткелі отыр". "Айталық, консорциумға қатысушылардың әрекеттері жобаның ақталу мерзімін шегеру мен өнімді бөлісуде республика үлесінің біршама азаюына апарып соғады. Ал бұл дегеніңіз - салынбаған мектептер, ауруханалар жолдар, ірі экономикалық және инфрақұрылымдық жобалардың кешеуілдеуі деген сөз", - деп түсіндірді ол.
К. Мәсімовтың пайымдауынша, мұндай жағдайда "үкіметке сайлаушылар алдында жүктеп алған міндеттемелерін орындау қиынға түспек". "Қазақстан мердігерлердің жобаны лайықты басқара алмау салдарынан өлшеусіз шығындарға батуынан экономикалық ауырпалыққа душар болуға келіспейді және оған жол бермейді", - деді үкімет басшысы. Ол "Қазақстан үкіметі жобаға қатысты мәселелерді жедел шешуге бағытталған ашық диалог жүргізуге дайын", деп сендірді. "Осы орайда бүкпесіз айта кетейін, Қазақстан заңнамасын бұзуға талпынатындар мен еліміздің ұлттық мүддесін елемейтіндер заңдарға және халықаралық стандарттарға сәйкес толық жауапкершілік жүктейтін болады", -деді ол.
К. Мәсімовтың айтуынша, "Қашаған жобасына қатысты ахуалды еліміз дербес жағдай деп бағалауда". "Мәселенің қалай шешілетініне қарамастан, Қазақстанның потенциалдық және қазіргі инвесторларының заңды мүддесіне нұқсан келмейді", - деді үкімет басшысы.
Еске сала кетейік, Қазақстан үкіметі Қашаған жобасы бойынша оператор болып табылатын Италияның ENI компаниясының жұмысына көңілі толмайтынын білдірген. Оған оператордың кенішті игеру үшін ұсынған шығындарының сметасы себеп болған. Оған сәйкес шығындар көлемі 57 млрд доллардан 136 млрд долларға дейін өспек. Сонымен бірге өнеркәсіптік мұнай өндіру мерзімі 2008 жылдан 2010 жылға дейін шегерілмекші. Қазақстан жағы ENI компаниясын оператор деген мәртебеден айыра алатынын мәлімдеді.
Бұдан кейін Қазақстанның табиғат қорғау мекемесі Қашаған кеніші бойынша табиғатты пайдалануға берілген рұқсатты тоқтатты. Ресми жорамалға сәйкес, мұндай шешім Agip KCO консорциумы тарапынан республиканың табиғат қорғау заңнамасын бұзуына байланысты қабылданды.
Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан Қашаған мұнай кеніші 2000 жылғы жазда "Восток-1" ұңғысымен ашылған. Бұл дүниежүзінде соңғы 30 жылда ашылған ең ірі кеніштердің бірі, геологиялық мұнай қоры 4,8 млрд тоннаны құрайды.
Солтүстік Каспий жобасын Agip КСО консорциумы жүзеге асырады, оның құрамына ENI (жобаның біртұтас операторы), Total, ExxonMobil, Royal Dutch Shell компаниялары енеді, олардың үлесі тиісінше 18,52% , ConocoPhillips - 9,26%, Inpex және "ҚазМұнайГаз" үлесі тиісінше - 8,33%-тен.
 
esmuhanДата: Пятница, 14/Сентябрь/2007, 15:02 | Сообщение # 102
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ПЕТРОПАВЛОВСК. Солтүстік Қазақстан облысында "Жаңажол" постының кеденшілері Ресеге әкетпек болған ірі көлемдегі валюта контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Солтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Жаңажол" постында Көкшетаудың тұрғыны басқарып келе жатқан "ГАЗель" көлігі тоқтатылған. Екі жолаушысы мен жүргізушісі бар көлік Мәскеу бағытында Ресей Федерациясына бет алған.
"Жоғарыда көрсетілген тұлғалар кедендік декларация толтырғаннан кейін жүргізілген тексеру барысында олардың әрқайсысынан шетел валютасы табылған",- деп атап өтті кеденшілер. Олар, "көлік жүргізушісінің сөмкесінен 10 мың АҚШ доллары, 5500 ресей рублі және 90000 теңге көлемінде валюта табылғандығын, оның заңмен рұқсат етілген шетел валютасын алып жүру нормасынан асып кететіндігін" түсіндіріп өтті. "Кедендік бақылаудан жасырылып қалған валютаның жалпы сомасы 1 351 768 теңгені құрап отыр",- деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.
Кеденшілердің мәліметтеріне сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысының Кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасы жыл басынан бері барлығы 43 қылмыстық іс қозғаған, оның 23-і экономикалық қылмыстар желісі бойынша. "Аталмыш қылмыстық іс бойынша 61,4 млн теңгенің валютасы мен тауары тәркіленді",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
 
esmuhanДата: Пятница, 14/Сентябрь/2007, 15:03 | Сообщение # 103
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
АСТАНА. "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басшылығы құрамында ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды агенттік қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"11 қыркүйек, дүйсенбіде Жаннат Ертілесова өз өтініші бойынша "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басқармалары төрағасының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Ж. Ертілесова "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-да 2007 жылдың 19-маусымынан бері жұмыс істеген.
"Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ 2006-жылғы сәуір айында экономиканы әртараптандыру және бәсекелестік қабілетіне қол жеткізу үшін экономиканың шикізат емес секторына жұмсалатын инвестиция көлемін ұлғайту және инновациялық іс-қызметті арттыру үшін құрылған.
Қазірде "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ даму институттарының (Даму банкі, Инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы, Қазақстанның инвестицияларға қолдау көрсету орталығы, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпоарциясы) бірден-бір акционері болып табылады.
 
esmuhanДата: Понедельник, 17/Сентябрь/2007, 11:34 | Сообщение # 104
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Үкімет Қазақстан Республикасы 2009 жылы Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізудегі жеңілдік жөніндегі рейтингінде 48-ші орын иеленеді, деген үмітте. Бұл туралы сенатта өткен "Лицензиялау және техникалық регламенттер" тақырыбындағы "дөңлегелек үстел" барысында экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.
"Үкіметтің 2007 -2009 жылдарға арналған бағдарламасы Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізудегі жеңілдік жөніндегі рейтинг индикаторын жақсарту нәтижесінде Қазақстанның рейтингі 2003 жылы 63-ші орыннан 2007 жылы 58-ші орынға дейін, 2008 жылы 53-ші орынға және 2009 жылы 48-ші орынға көтеріледі, деп жоспарланған",- дед М. Құсайынов.
 
esmuhanДата: Понедельник, 17/Сентябрь/2007, 11:34 | Сообщение # 105
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
- Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы заңсыз салынған үйлері бұзылған адамдардың баспанасына қатысты ахуалды зерттейді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ислам Әбішев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттікт тілшісі.
"Біз ол жерде үй салған немесе жер теліміне иелік еткен әрбір адамға қатысты жағдайды айқындайтын комиссия құрдық. Онда кедейлер де бар, біз оларға қатысты жұмыстар жүргізетін боламыз", - деді И. Әбішев.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарының түсініктемесіне сәйкес, жерді басып алып үй салғандардың бір бөлігі алаяқтардың құрбанына айналған, олар әлгі адамдардан ақша алып, жерді сатқан кейіп танытса, қалғандары "қарбаласты пайдаланып" жер телімдерін иемденіп алған. "Алаяқтардың әрекеті туралы біз барлық құқық қорғау органдарына жазбаша хабар бердік, біз бұл істі тергеу барысын қадағалайтын боламыз", - деді И. Әбішев.
Оның түсініктемесіне сәйкес, жерді басып алғандарға кейінгі бірнеше ай бойына әрекеттерінің заңсыздығы жөнінде бірнеше мәрте ескерту жасалған. "Нақты тұлға да, нақты мекен-жай да белгілі болмағандықтан, оларға жазбаша хабарландыру жіберу мүмкін болмағандықтан, ескерту ауызша жасалды", - деді А. Әбішев.
Оның айтуынша, сотқа тапсырылатын құжаттар ұзақ уақыт бойы жалғасқан, өйткені, "кімнің үстінен шағымдану қажеттігін айқындау қажет болған". Сайрам аудандық соты заңсыз салынған үйлерді бұзу жөніндегі шешімді бірден шығарды, "өйткені, бұл орман шаруашылығына қарасты жерлер, ал кешікпей олар әскери бөлімшелерге беріледі".
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12 қыркүйекте Шымкент маңында соңғы бес айда психоневрологиялық диспансердің айналасындағы орман шаруашылығы аумағында дүниеге келген заңсыз салынған ауыл бұзылған болатын.
 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Страница 7 из 14«12567891314»
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016
Используются технологии uCoz