Жаңалыктар - Страница 8 - Форум
SITE LOGO
Суббота, 10/Декабрь/2016, 04:07
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная Жаңалыктар - Страница 8 - ФорумРегистрацияВход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 8 из 14«126789101314»
Модератор форума: esmuhan 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Жаңалыктар
esmuhanДата: Понедельник, 17/Сентябрь/2007, 11:37 | Сообщение # 106
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
"Қазына" тұрақты даму қоры мен Ұлттық инновациялық қордың бастамасымен Қазақстанда KazVenture атты тікелей инвестициялар мен венчуралық капитал қауымдастығы құрылды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі KazVenture баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, "қауымдастықты құрудың мақсаты венчурлық және тікелей инвестицияның қаржы сегментіне қатысушылардың мүдделерін біріктіру, олардың пікірлерін қызығушылық танытатын атқарушы билік және заң органдарына ұсыну, сонымен қатар компанияның іс-қызметін елдің бұқаралақ ақпарат құралдары мен қоғам арасында кеңінен айқындау болып табылады".
Қауымдастықтың құрылтайшылары Ұлттық инновациялық қор, "Advant" венчурлық қоры, Centras венчурлық қоры, "Әрекет" жоғарғы технология қоры, Glotur Technology fund және Almaty Venture Capital.
Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қауымдастық Қазақстан Республикасының президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесімен, KazEnergy мұнайгаз және энергетикалық кешені ұйымының Қазақстандық қауымдастығымен, "Қазақстан Петролеум" қауымдастығымен, Қазақстан Республикасындағы Американдық сауда палатасымен, Еуропалық бизнес-қауымдастығымен, Халықаралық салық және инвестиция орталығымен, Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің форумымен, "Атамекен" Одағы" ұлтты экономикалық палатасымен және біріккен шаралар өткізуді, ақпарат алмасуды, қаржы нарығы үшін ең маңызды мәселелер мен проблемалар жөніндегі ортақ ұстанымдарды бірігіп жасауды жоспарлаған басқалармен де ынтымақтастық құру жөніндегі жұмысын бастады, деп хабарлады агенттікке KazVenture баспасөз қызметінен.
Жақын арада инвестиция көлемі, нарықтағы келісімдер, негізгі қатысушылар жөніндегі барлық ақпараттарды, сондай-ақ барлық мүдделі заңды және жеке тұлғалар үшін оқыту ақпараттарын орналастыру жоспарланған веб-сайтты іске қосу жоспарлануда.
"Қауымдастық Қазақстанның барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз жұмыс істеп, венчурлық және тікелей инвестициялар туралы хабарлап, журналистер үшін семинарлар мен баспасөз мәслихаттарын өткізіп, сондай-ақ оларға барлық қажетті көмек жасамақ ниетте",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
 
esmuhanДата: Понедельник, 17/Сентябрь/2007, 11:39 | Сообщение # 107
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Даниал Ахметов өзінің Алматыға сапары барысында әскери жоғары оқу орындарының жаңа жетекшілерін тағайындады, деп хабарлайды агенттік ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің бұйрығымен кадрлар ауыстырылып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарының жаңа жетекшілері тағайындалды", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Атап айтсақ, Құрлықтағы әскерлердің әскери институтының төрағасы болып генерал-майор Әлихан Жарболов тағайындалды. Сонымен бірге, Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі әскери институтының төрағасы болып генерал-майор Еділ Оразов, Әскери шеті тілдер институтының төрағасы болып генерал-майор Бахтияр Сыздықов тағайындалды.
 
esmuhanДата: Понедельник, 17/Сентябрь/2007, 11:43 | Сообщение # 108
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Опера театрының маңындағы бірыңғай архитектуралық ансамбль құратын үйлерді бұзу жоспарлануда, деп жазады жұмада апталық газет.
"Бұзулардың толқыны опера және балет театрмен қатар орналасқан ғимараттар кешеніне де жеткендігі белгілі болды. Алматылықтар мен оңтүстік астаналықтар бұл үйлердің "Неделька" субұрқақтары каскадымен және театрмен бірге бірыңғай әрі бірегей архитектуралық ансамбль құратынын біледі",- деп жазады апталық.
Мақаланың авторы оқырмандарға "бүгінгі күнге дейін ешкімге беймәлім болып келген құрылыс фирмасы қаланың көптеген алматылықтар үшін қымбат бөлігіне көз тіккендігі" туралы хабардар етеді. "Алматыжердің" өкілі жуырда таң-тамаша болған тұрғындарды меншіктерін "мемлекеттік қажеттілік үшін" тәркілеу туралы Алматы қаласының әкімі Тасмағамбетовтың қаулысымен таныстырды.
Автордың айтуынша, бұзылатын үйлердің тұрғындары "мемлекет" мүддесі үшін олардың үйлерін бұзбақ болып отырған құрылыс фирмасының соңғы уақыттарда дайын киім сатумен айналысқандығын өздерінің жеке тексерулерінің нәтижесінде анықтады. Сонымен қатар, фирмада тіптен құрылыс жобасы да жоқ екендігі белгілі болды".
"Бұл коммерциялық құрылыс болмақ,- деп газет бастамашы топтың өкілі Надежда Погорелованың айтқананынан сөздәйек келтіреді. - Белгілі болғандай, біздің алты үйіміздің орнына 155 пәтерлі жер асты паркингі бар сегіз қабатты тұрғын үй кешенін салмақ (бұл қазіргі алты үйдегі пәтерден де аз). Яғни сөз өте байларға арналған элиталық тұрғын үй туралы болып отыр".
Сонымен қатар, тұрғындар "үйді бұзу мен жаңасын салуды қосқандағы жобаны жүзеге асыру үшін қандай да бір қомақты қаржы ресурсы компанияда жоқ екендігін білген. Пәтерлерді сатып алу банктен қарызға алған қаржы есебінен жүргізілмек".
Мақала авторына белгілі болғандай, Алмалы ауданының прокуратурасы бұл кварталды бұзуға қатысты материалдары тексеріп, Алматы қаласының прокуратурасына әкімшілік шешімен наразалық таныту туралы ұсыныс енгізген. "Бірақ қалалық прокуратура бұл жағдайға араласпай отыр. Сөйтсе де аудан тұрғындары өз баспаналарын күрессіз бермейтін ниетте", деп жазады газет.
 
esmuhanДата: Понедельник, 17/Сентябрь/2007, 11:44 | Сообщение # 109
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
"Атамекен"Холдингі" Қазақстандық қаржы-өнеркәсіптік тобы Хатлонск облысының Дангар ауданында жылдық қауаттылығы 1 млн тонна өнімді құрайтын цемент зауытын салмақ. Бұл турады журналистерге берген сұхбатында холдинг басқармалары төрағасының орынбасары Азат Қуатбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Оның айтуынша, Тәжікстанның Энергетика және өнеркәсіп министрлігі мен холдингтің өзара ықпалдастығы туралы меморандумға қол қойылған, оның бір бөлімінде осы зауыттың құрылысы да айтылған. "Зауыттың жобалық құны 120 млн АҚШ долларын құрайды",- деп хабарлады А. Қуатбаев.
А. Қуатбаевтың айтуынша, өнеркәсіп салу үшін жер бөлу туралы, шикізат кенін беру мен оларды өңдеуге лицензия беру туралы барлық құжаттар беріліп қойған.
Тәуекелділік туралы сұрақтарды түсіндіре келе, ол "Тәуекелділік, әрине бар, бірақ біз жағдайды бір жыл бойы зерделедік, және де оны қолайлы деп санаймыз", деп атап өтті. "Үлкен табыс тәуекелділік жоғары болған жерде ғана бар емес пе",- деп атап көрсетті холдинг төрағасының орынбасары. Қуатпен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты ол, "біріншіден, өнеркәсіп алаңы 1-ші Сангтудинская СЭС-нан алыста емес, ал екіншіден біз цементті күйдіру үшін газ емес, көмір ұнтағын пайдалану үшін көмір кенішін біздің басқаруымызға беруді ұсынып отырмыз",- деп атап көрсетті.
Холдинг басшысының орынбасарының мәліметтеріне сүйенсек, "Зауыт екі желіден тұрады, және де екінші желіні құрылыс басталғаннан кейін 3 жыл 6 айдан кейін бастау көзделген".
 
esmuhanДата: Понедельник, 17/Сентябрь/2007, 12:32 | Сообщение # 110
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев өзінің мемлекеттік хатшы ретіндегі бірінші жұмыс сапары аясында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне барып қайтты. Ол студенттерге оқыған лекциясында жастарды президенттің тілдердің үш тұғырлығы идеясын қолдап, тілдерді белсенді үйренуге шақырды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.
"Мен біздің жастарымыздың үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін сапалы игеру үшін барлық мүмкіндіктерді жасауға шақырамын",- деді Қанат Саудабаев С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттеріне оқыған лекциясы кезінде. Ол, сондай-ақ "сіздер президенттің идеясын іс жүзінде жүзеге асырасыздар", деп қосты. "Қазақ тілін Қазақстанның азаматы мемлекеттік тіл ретінде, көп ғасырлық халық даналығын, тарихы мен мәдениет сақтаушы және тасымалдаушы ретінде игеруге тиіс. Орыс тілі Конституцияға сәйкес, ұлтаралық қатынасты қамтамасыз етіп қана қоймай, бай мәдениет пен ғылымның кілті болып табылады. Ал ағылшын тілі - бұл дүниежүзілік бизнес медиумы мен ғаламдық экономиканы біріктіру, сондықтан да сіздер оны қатал әлемдік бәсекелестік барысында игерулеріңіз қажет",- деп атап көрсетті мемлекеттік хатшы.
Мемлекеттік хатшы студенттерге Қазақстанның қалыптасу тарихы мен өзінің республиканың одан әрі дамуын қалай елестететіндігі туралы айтып берді. "Соңғы 5 жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 80 пайызға өскен, Қазақстан 60 млрд АҚШ доллары көлемінде сыртқы инвестиция тартқан. Және де экономиканы дамытуда өзі 80 млрд АҚШ долларынан астам қаржы салған".
Ол, қазірде ел алдында дүниежүзінің бәсекелестікке қабілетті елу елінің қатарына кіру жөніндегі үлкен жоспары тұрғандығын студенттердің есіне сала кетті.
Лекцияға Павлодар ұлттық университетінің әртүрлі факультеттерінің 470 студенті қатысты.
 
esmuhanДата: Понедельник, 17/Сентябрь/2007, 12:45 | Сообщение # 111
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Байқоңырда ГЛОНАСС навигациялық жүйесінің жер серіктерін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" Федералдық ғарыштық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, "Глонасс-М" ғарыштық аппараты "Юбилейный" әуежайына 13 қыркүйекте жеткізілді. Ғарыш айлағының мамандары ғарыштық аппарат пен қосалқы жабдықтар тиелген контейнерлерден жүкті түсіріп, бұдан кейін жер серігі 92А50 алаңының монтаж-сынақ корпусына ұшырылым алдындағы дайындықтар үшін жеткізілді.
Ұшырылым кестесіне сәйкес, "Протон-К" зымыран тасығышын ұшыру мерзімі "ДМ" үдеткіш блогымен және үш бірдей "Глонасс" ғарыштық аппараттарының блогымен бірге 2007 жылдың 25 қазанына межеленген.
Алайда, 6 қыркүйекте болған "Протон-М" зымыран тасығышының апаты мен бұдан кейін осы тектес зымыран-тасығыштардың ұшырылымына салынған тыйым "Глонасс" жер серіктерін ұшыру мерзімін белгісіз мерзімге кейінге шегерді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, дейтұрғанмен, "Глонасс" аппараттарының дайындық жұмыстары ұшырылым алдындағы дайындықтардың кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. "Глонасс" маркалы үш ғарыштық аппаратты қазан айында, тағы үшеуін 2008 жылы ұшыру нәтижесінде қазіргі 18 жер серігінен тұратын аппараттар топтамасының саны 24-ке жетеді.
"Глонасс-М" ғарыштық аппаратын академик М.Решетнев атындағы қолданбалы механикалық ғылыми-өндірістік бірлестігінде жасалған және жер орбитасына шығарылатын Ресейдің ГЛОНАСС навигациялық тобындағы аппараттар кластеріне жаратын үш жер серігінің бірі және ол АҚШ-тың ғаламдық GPS жүйесінің баламасы болып табылады.
ГЛОНАСС жүйесі 1993 жылы пайдаланыла бастаған. Техникалық жобаға сәйкес, Жердің бетінен 2000 шақырым биіктіктегі үш орбиталық кеңістікте орналасқан жер серіктері аппарат координаттарының дәлдігін қамтамасыз етеді.
ГЛОНАСС жүйесін дамыту Ресей мен оның әріптестері үшін стратегиялық маңызды. Қазақстан мен Ресей президенттері - Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев - ғарыштық бағдарламалар аясындағы ықпалдастық аясында ГЛОНАСС жобасына бірлесе атсалысу жөніндегі келісімге қол қойған.
"Протон-К" зымыран тасығыштың көмегімен "Глонасс" жер серігін ұшыру мерзімі "Протон-М" зымыран-тасығышының апатқа ұшырау себептері жөніндегі комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін анықталады.
 
esmuhanДата: Понедельник, 17/Сентябрь/2007, 12:46 | Сообщение # 112
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы облыс орталығында тұрғын үй салуға жер телімдерін бөлу туралы өтініштерді қабылдауды тоқтата тұрмақ. Бұл туралы бүгін брифингте Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ислам Әбішев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Біз азаматтардың Шымкетте жеке тұрғын үй салуға жер телімдерін бөлу туралы өтініш беруіне мораторий жариялау туралы мәселені пысықтау үшін заңгерге жүгіндік",- деді Ислам Әбішев.
Ол, қазір облыс орталығының жер комитетінде 50 мыңнан астам өтініштің жиналып қалғандығын, және де "өтініш қабылдаудың одан әрі жалғасып жатқандығын" түсіндіріп өтті. И. Әбішев, заңға сәйкес әрбір азамат жер телімін алуға құқылы екендігін, "бірақ тек бір ғана жер телімі" екендігін атап көрсетті. "Бірақ жер комитетінің қызметкерлері жұмысбастылыққа ұшырағаны соншалықты, өтініш бергендердің қайсысында жер телімі бар, қайсысында жоқ екендігін тексеруге үлгермей жатыр",- деп атап өтті Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ислам Әбішев.
"Біз бұл жерді ретке келтіруге тиіспіз, бірақ бұл үшін өтініштер легін тоқтата тұру қажет",- деді И. Әбішев.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарының хабарлауынша, Шымкентте 2006 жылдан бері жер телімі бөлінбейді. "Онда инфрақұрылым - су, жарық, газ жүргізілуге тиіс, ал бізде ерте орналасқан жерлердің көбінде бұлар жоқ",- деді И. Әбішев. Ол, сондай-ақ мамандардың есептеуінше, Шымкенттегі бөлінген жер телімдерін 2008 жылдан бері жаңарту мүмкін емес, деп қосты.
 
esmuhanДата: Понедельник, 17/Сентябрь/2007, 12:48 | Сообщение # 113
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Ресей үкіметін Виктор Зубков басқаратын болды. Бүгін оның кандидатурасын Мемлекеттік дума бекітті, деп хабарлайды агенттік ресейлік БАҚ-тарға сілтеме жасап.
Мемлекеттік думадағы дауыс беру ашық жүргізілді. Ресей үкіметінің жаңа басшысының кандидатурасы үшін 381 депутат дауыс берді. Сөйтіп, 66 жастағы В. Зубков қазіргі заманғы Ресей тарихында тоғызыншы үкімет басшысы болып бекітілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сәрсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде үкімет басшысы Михаил Фрадков мемлекет басшысына министрлер кабинетін отставкаға жіберу жөнінде өтініш жасады.
Өз өтінішін ол елде жақындап келе жатқан ірі саяси оқиғалармен және Ресей президентіне кадр мәселесінен бастап барлық толғақты мәселелер бойынша шешім шығаруда толық еркіндік беруге деген талпыныспен байланыстырған.
Ресей Ата заңына сәйкес, енді президент В.Зубковты үкімет басшысы етіп бекіту жөніндегі жарлыққа қол қоюға тиіс.
 
esmuhanДата: Понедельник, 17/Сентябрь/2007, 12:49 | Сообщение # 114
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қостанай облысына жұмыс сапары барысында бірқатар кәсіпорындарды аралады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Атап айтсақ, Н. Назарбаев облыстың ауылшаруашылығы тауар өндірушілерімен кеңес өткізіп, онда елдің дамуына осы өңірдің қосып отырған ауқымды үлесін атап өтті. "Әртараптандыру жөніндегі бағдарлама аясында ауылшаруашылығының басқа да салалары жөнінде ұмытпау керек. Кешікпей үкімет биоотын туралы заңның жобасын жасайды, ол бізге осындай кәсіпорынның қандай өңірлерде қажет екендігін заң жүзінде бекітіп береді", -деді мемлекет басшысы Қостанайда рапс сақтау және өңдеу жөніндегі зауыттың салынуына байланысты. Бұл зауыттың құрамында 5 мың тонна ұсақ рапс тұқымына арналған қойма болмақ. Құрылыс туралы бастама көтерген және оған тапсырыс берген "Содружество" компаниясы болып табылады.
Ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымдарын өсіру және олардың селекциясымен, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын "Заречное" тәжірибелік- өндірістік шаруашылығының егіс алқаптарын аралап көрген президент "шаруалар өз маңдай терін тиімді сатуға тиіс болғандықтан, астық бағасы өсе түспек", деп атап өтті. "Шаруаларымыз өздері өсірген астықты қымбат сатқан сайын, олардың озық техника мен жақсы жабдықтар сатып алу мүмкіндігі арта түседі", - деді Н. Назарбаев.
Бұдан кейін президент Варваринское кенішіндегі алтын және мыс кенін өндіретін тау-кен жұмыстарының ашылуына қатысты.
"Варваринское" АҚ - алтын және мыс кенін өндіретін, Қазақстан мен Ұлыбритания бірлескен кәсіпорын. Осынау инвестициялық жобаның құны - $150 млн. Зауытта 80% алтын мен 17% мысы бар қоспа өндіріледі. Зауыттың жобалық қуаты жылына 4 млн тонна кен өндіруге жетеді деп күтілуде.
"Осындай әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен ел экономикасы 2015-жылы 3 есе өседі", - деді Н. Назарбаев.
 
esmuhanДата: Понедельник, 17/Сентябрь/2007, 12:52 | Сообщение # 115
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-У" зымыран тасымалдағышы "Фотон-М-3" ғарыш аппаратымен бірге табысты ұшырылды. Бұл туралы "Байқоңыр" Федералдық ғарыш агенттігінен хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 1 алаңнан Астана уақыты бойынша 17.00 "Союз-У" зымыран тасымалдағышы "Фотон-М-3" ғарыш аппаратымен бірге табысты ұшырылды. Баспасөз қызметіндегілер, зымыран тасымалдағышын ұшыру алдындағы дайындық пен ұшыру кешені кестеге сәйкес жүргізілгендігін, және де тура белгіленген уақытта штаттық режимде ұшырылғандығын, нақтылап өтті.
Жер серігінің екі апталық ұшу кезінде 45 тәжірибе жүргізу жоспарланған. Ғылыми зертхана бортында өміршеңдігін зерттеу мен салмақсыздық жағдайындағы регенерациялық ахуалы , сулы ортада ғарышқа ұшу факторларының әсер етуі мен басқа да жайттар зерттелетін 12 монғол құмтышқаны, сондай-ақ балықтар, кесірткелер, ұлудар, жібек құрттары, жәндіктер бар.
Естеріңізге сала кетейік, Фотон-М" ғарыш аппараты ғарыш технологиясы саласында сараптамалар жүргізуге, өнеркәсіп пен ғылымның әртүрлі салаларының мүддесінде биологиялық препараттар мен материалдар өндіруге арналған. Ғарыштық аппараттың салмағы алты жарым тоннадан асады. Ғылыми жабдықтар түсірілетін апараттың ішінде де, оның сыртқы бетінде де орналастырылған. Жалпы алғанда "Фотон-М-3" аппаратында жалпы салмағы 650 кг болатын 16 ғылыми жабдықтар кешені орнатылған. Екі аптаға созылатын ұшу барысында жер серігінің бортында 45 ғылыми сынақтар жүргізу межеленген.
Ұшырылымнан кейін "Фотон-М-3" түсірілетін аппараты Жерге ғылыми жабдықтар мен сынақтардың нәтижесін жеткізеді.
 
esmuhanДата: Понедельник, 17/Сентябрь/2007, 12:52 | Сообщение # 116
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Ричард Эванс пен холдингтің басқарма төрағасы Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында холдинг басшыларының алдына - ұлттық активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру және "Самұрық" компаниясының корпоративтік басқару деңгейін көтеру міндеттері қойылды.
Р. Эванс "біз біздің басты міндетіміз - Қазақстан халқының игілігі үшін "Самұрық" басқаратын ұлттық компанияның құндылығы мен маңыздылығын арттыру екенін жақсы түсінеміз" деп атап өтті.
Ал Қанат Бозымбаев Қазақстанның ұлттық компаниясының корпоративтік басқару деңгейін арттыру және менеджмент жүйесін нығайту мақсатында, "ұлттық компанияның директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз сарапшыларды тарту қажет" деп санайды. Әлемге белгілі корпорацияларда еңбек еткен тәжірибесі бар ондай мамандар "біздің ұлттық менеджерлерге Қазақстанның ұлттық компаниялары тәрізді ірі компанияларды басқаруда өз тәжірибелерін бөлісетін болады" деді ол.
"Үкімет басшысы "Самұрық" холдингісін дамытуға бағытталған нақты міндеттер қойды, біз жыл соңына дейін осы міндеттерді орындау үшін жұмыс жасайтын боламыз",- деп мәлімдеді холдингтің басқарма төрағасы Қ. Бозымбаев.
 
esmuhanДата: Понедельник, 17/Сентябрь/2007, 12:53 | Сообщение # 117
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Қазақстанда балалардың өлім деңгейі дамыған әлемдегі осы тақылеттес көрсеткіштен бес еседей артық. Бұл туралы ЮНИСЕФ бүгін таратқан баспасөз баянында айтылған.
"Дамыған әлемде әрбір тірі туған 1000 нәрестеге небәрі алты өлімнен келеді, Қазақстанда нәрестелердің шетінеу коэффициенті әрбір тірі туған 1000 балаға шаққанда 31,8 оқиғадан, ал бес жасқа дейінгі баланың өлімге душар болу ықтималдығының коэффициенті 1000 шаранаға шаққанда 36,3 оқиғадан келеді", - деп хабарлайды ЮНИСЕФ 2005-2006-жылдарда 50 елде жүргізілген мультииндикаторлық кластерлік және медициналық-демографиялық зерттеулердің мәліметтеріне негіздеп.
"Ұл балалардың өлім көрсеткіші қыздардың өлім көрсеткішіне қарағанда біршама артық және тиісінше әрбір 1000 балаға шаққанда 36,6 және 26,6 оқиғаны, ал 5 жасқа дейінгі балалардың өлім көрсеткіші әрбір 1000 балаға шаққанда тиісінше 41,7 және 30,3 оқиғаны құрайды", -делінген баспасөз баянында келтірілген Қазақстанға қатысты зерттеу мәліметтерінде.
"Қазақстандағы ауылдық жерлерде нәрестелердің өлім коэффициенттері мен бес жасқа дейінгі балалардлың өлім көрсеткіштері қаладағы осындай көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 есе артық, ең бай үй шаруашылықтарындағы нәрестелер мен балалардың өлімге душар болу ықтималдығының коэффициенттері ел бойынша орта есеппен алғанда шамамен екі еседей төмен", - делінген құжатта.
 
esmuhanДата: Четверг, 27/Декабрь/2007, 12:59 | Сообщение # 118
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
ҚАЗАҚСТАН ӨЛІМ ЖАЗАСЫН ТОЛЫҚ ӨЗГЕРТУГЕ БЕТ АЛДЫ

Көптеген халықаралық гуманитарлық келісім-шарттардың қатысушысы ретінде Қазақстан өлім жазасын мүлде болдырмау бағытына қосылады және ЕҚЫҰ-ның 2010 жылғы төрағасы ретінде адам құ¬қын сақтау мәселесінде халық¬ара¬лық стандарттарды жүргізуді жалғастырады.
Осы бағыттағы жұмыс¬тардың маңызды қадамы ретінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев¬тың жуырда, яғни 2007 жылдың 6 желтоқсанында қасақана кісі өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген 31 адамға жасаған кешірімі туралы Жарлығын айтуға болады. Жарлыққа сәйкес, өлім жазасы өмір бойы бостандықтан айырумен ауыстырылды.
Бұл адамгершілік акт БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясында Италия мен Португалияның бастамасымен өлім жазасына мораторий жариялау және осыдан әрі оны толық пайдаланбауды қарастыру жөнінде қабылданған қарарына сәйкес келеді.
Қазақстанда өлім жазасына мораторий жасау 2003 жылдан бастап енгізілген. Ал 2007 жылдың мамыр айында Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес ол енді адамдардың қаза табуына ұласқан лаңкестік әрекеттер мен соғыс кезінде аса ауыр қылмыс жасаған жандарға ғана қолданылады. Осыған байланысты қазіргі уақытта кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы Үкіметтің қарауына берілді.
Елбасының адам құқының бұзылмауы тарапындағы осы шаралары Қазақстанның өз азаматтарының басты құндылықтары – олардың өмірі, құқығы мен бостандығы екенін құрмет тұтқан демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде дамып келе жатқандығының бір көрінісі екені анық.
Айта кететін жәйт, бүгінгі күні өлім жазасы БҰҰ-ның 192 мүшесінің 125-інде, ЕҚЫҰ-ның 56 мүшесінің 48-інде қолданылмайды.
“Егемен-ақпарат”.

 
esmuhanДата: Четверг, 27/Декабрь/2007, 13:03 | Сообщение # 119
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Президент Қазақстанның ағымдағы жылы ауқымды жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті

Астана. 27 желтоқсан. \"Қазақстан Бүгін\" - Қазақстан ағымдағы жылы ауқымды жетістіктерге қол жеткізді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жұртшылық өкілдерімен кездесуде атап өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

\"Кетіп бара жатқан 2007 жыл тәуелсіз Қазақстанның даму тарихындағы ең бір елеулі жылдардың бірі болды деп біз нық сеніммен айта аламыз\", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. \"Жалпы алғанда бұл жоғары қарқынды әрі белсенді жыл болды\", -деді президент. \"Елімізде ондаған ірі нысандар пайдалануға берілді, олардың бәрі де ғылым мен техниканың заманауи деңгейіне сай келеді. Олардың кейбіреуінің тіпті әлемде баламасы жоқ\", - деді ол.
Мемлекет басшысы Қазақстанның ауылшаруашылығы саласындағы табыстарына да тоқталып өтті : \"біздің дихандар рекордтық көлемде астық өсірді. Ал бір тұрғынға шаққандағы ұн өндіру көлемі мен ұн экспорты бойынша Қазақстан дүниежүзінде жетекші орынға көтерілді\". Президент бұған қоса елімізде жүргізілген конституциялық реформалардың айрықша ролін атап өтті. \"Біз ағымдағы жылы саяси реформаларды жүзеге асырып, Конституцияға өзгерістер енгіздік. Сөйтіп, елімізде демократияға қарай тағы бір қадам жасалды\", -деді ол. \"Қазақстанның дамуы, саяси тәжірибесі мен салмағын мойындаудың куәсі ретінде еліміз 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төраға болып сайланды\", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
\"Бір сөзбен айтқанда, біз кетіп бара жатқан жылы еліміз халқының барлық салалары бойынша ілгерілеушілікке қол жеткіздік деп айта аламыз\", - деді мемлекет басшысы. \"Біз гүлденген бәсекеге қабілетті мемлекет құру жолында үлкен қадам жасадық\", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 
esmuhanДата: Четверг, 27/Декабрь/2007, 13:06 | Сообщение # 120
Генерал-майор
Группа: Проверенные
Сообщений: 279
Статус: Offline
Оралмандар мәселесіне байланысты Қытай елімен келіссөздер жүргізілуде

АСТАНА. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Тоқабаев/ - Оралмандар мәселесіне байланысты көршілес Қытай елімен келіссөздер жүргізілуде. Бүгін, желтоқсанның 26-сында өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Розақұл Халмұрадовтың жолдаған сауалына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, депутаттық сауалда оралмандар мәселесіне қатысты, әсіресе, Қытайдағы қазақтардың жағдайына алаңдаушылық білдірілген болатын. Онда қазақтардың ана тілінде оқып, білім алуы, сондай-ақ тарихи Отанына қайтуы тұйыққа тіреліп тұрғандығы сөз болған еді. Осыған орай, оралмандар мәселесіне байланысты көршілес елмен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтқан министр Б. Сапарбаев, бұл тұрғыдағы жұмыстардың барлығы заңдық негізде атқарылуы тиістігін атап өтті.
«Сондықтан да, Қазақстан Үкіметі осы бағыттағы келісім-шартты, яғни қажетті заң жобасын Қытай Үкіметіне жіберді. ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы тағы бір мәрте Қытай тарапына заң жобасын жеделдете қарап, ратификациялау туралы өтініш те жасалды. Егер көрші ел бұл құжатты қарап, өздерінің оң бағыттағы ұсыныстарын жолдаса, ондағы қазақтарға көптеген жеңілдіктер жасалар еді», деді министр.

 
Форум » Форум » КАЗАХСТАН ТАРИХЫ, История КАЗАХСТАНА » Жаңалыктар (күнделікті жаңалықтарды осы жерден таба аласыздар)
Страница 8 из 14«126789101314»
Поиск:

Copyright MyCorp © 2016
Используются технологии uCoz