қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін «Жүзден жүйрік» облыстық байқауын жариялайды. өтінімді мына эл.мекен жайға жіберіңіз - 27 Сентября 2016 - Отдел образования Тайыншинского района
SITE LOGO
Суббота, 03/Декабрь/2016, 14:36
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная РегистрацияВход
Наш опрос
У вас есть сайт?
Всего ответов: 1280
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0
Главная » 2016 » Сентябрь » 27 » қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін «Жүзден жүйрік» облыстық байқауын жариялайды. өтінімді мына эл.мекен жайға жіберіңіз
13:44
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін «Жүзден жүйрік» облыстық байқауын жариялайды. өтінімді мына эл.мекен жайға жіберіңіз

gulnur_bataeva@mail.ru

«ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК»

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ

ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ

ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың өзектілігі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық «Жүзден жүйрік» атты байқауының өзектілігін анықтауда   ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»,«Ұлт жоспары-100 нақты қадам:баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Жолдауы, «Мәңгілік Ел – Мәңгілік тіл» Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры мәнмәтіні негізіндегі мемлекеттік құжаттар негіз болды.  Аталған құжаттарда  көрсетілген  «мемлекеттік тілді дамыту», «мемлекеттік тілді үйрету әдіснамасын жетілдіру», «педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту» міндеттерін орындау үшін тиімді  шара ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Жүзден жүйрік» байқауының мазмұны анықталды. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік Ел құндылықтарын қалыптастыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілгелі отыр.

2015-2016 оқу жылынан бастап  ҚР білім беру мазмұнының жаңартылуы  жағдайында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – күрделі  және көпқырлы мәселе болып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жалпы әлемдік білім беру үдерісіне негіздеу өзекті мәселелердің бірі.

Байқаудың жетекші идеясы – мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мекемелері және техикалық және кәсіптік білім беру мекемелері қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби-мәнді тәжірибесін айқындау, кәсіби шеберліктерін шыңдау және жаңартылған білім беру мазмұнының жүйесін жүзеге асыру.

I Байқаудың мақсаты мен міндеттері

1.2 Байқаудың мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің пәнді оқытуда  құзыреттіліктерін қалыптастыру, жаңартылған білім беру мазмұнының өзектілігін жүзеге асыруына жағдай жасау және педагог кадрларды ынталандыруды күшейтуге ықпал ету.

Міндеттері:

  • білім берудің жаңа философиясы  тұрғысынан өзінің педагогикалық қызметінің миссиясын анықтай алған, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың ғылыми  әдістемесін жете меңгерген, кәсіби біліктілігі жоғары, шығармашыл ұстаздарды анықтап, озық тәжірибелерін насихаттау;
  • ұлттық мәдениетті насихаттаушы және ұлттық таным қалыптастырушы маңызды тұлға ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  рөлінің басымдығын таныту;
  • байқауға қатысушылардың кәсіби даму мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыруына жағдай жасау.

II Үміткерлерді ұсыну тәртібіне қажетті құжаттар

2.1 «ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК» облыстық байқауына мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мекемелері және техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінен қатысуға ниет білдірген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатыса алады. Еңбек өтілі, біліктілік санаты, жасына, оқыту тіліне қарай ешқандай шектеу болмайды.

2.2 Байқауға қатысуға үміткерлерді аудандық (қалалық) ББ, білім беру ұйымдарының ұжымдары немесе үміткерлер өздері ұсынады.

2.3 Аудандық (қалалық) ББ, білім беру ұйымдарынан облыстық кезеңге қатыса алады:

- мектепке дейінгі мекеме мұғалімі;

-  Кембридж бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалім;

- білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен мұғалім;

-  кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары мұғалімі.

2.4 Облыстық байқау  2 кезеңде өткізіледі: сырттай және күндізгі. Аудандық (қалалық) ББ, білім беру ұйымдары немесе үміткер өзі  байқауға қатысу үшін сырттай кезеңнің тапсырмаларын 2016 жылдың 17-27 қазан аралығында Петропавл қ., Мир көшесі 69-А, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ-ға» (каб. № 305) тел. 8 (7152) 5301623, эл. мекенжай:  kafedra_it12@mail.ru төмендегі  құжаттарды  электронды нұсқада жіберуіңізді  өтінеміз. 

2.5 2016 жылдың 7 қарашасында қатысушылардың жеке электронды поштасы арқылы сырттай кезеңнің нәтижесі бойынша күндізгі кезеңге өткендігі немесе өтпегендігі туралы ақпаратты жеке поштасынан алады. Байқаудың сырттай кезеңінен өткен мұғалімдер күндізгі кезеңге қатысуға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  «СҚО бойынша ПҚ БАИ»-на шақырылады.

III Байқауды өткізудің тәртібі мен мерзімі

3.1 Байқау «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ»- да өткізіледі.

3.2 Байқау 2 кезеңде өткізіледі:

1-кезең (сырттай) - 2016 жылдың 04-10 қазан аралығында өтеді. Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы қарайды. Қатысушылардан түскен материалдар сараптама комиссиясының сараптауынан өтеді, байқау критерийлеріне жауап беретін жұмыстар байқаудың күндізгі кезеңіне қатысу үшін жолдама алады.

I тур тапсырмалары

1.Сауалнама (Қосымша 1);

2. Эссе. (Қосымша 2);

2-кезең (күндізгі)  - 2016 жылдың 16 қарашасында сағат 11.00-де «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ»- да өткізіледі.

II тур тапсырмалары

  • Қатысушы таныстырылымы «Мәңгілік Ел тілімен көрікті»

(Қосымша 3);

  • Мұғалімдердің пәндік және әдістемелік тұрғыдан біліктіліктерін анықтауға арналған тест тапсырмалары (компьютер арқылы) (Қосымша 4);
  • Авторлық бағдарламалар, оқу құралы немес әдістемелік құрал макетін қорғау (Қосымша 5).

IV Байқауды өткізу мен ұйымдастыруға жетекшілік жасау

4.1 Байқаудың дайындығы мен өткізілуін  ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады, оның  құрамы СҚО ПҚ БАИ директорының бұйрығымен бекітіледі.

4.2 Ұйымдастыру комитеті облыстық байқаудың мерзімі мен өткізу жобасын бекітеді және байқаудың сырттай және күндізгі кезеңін өткізеді.

4.3 Қазылар алқасы құрамы,сараптама комиссиясының жұмыс тәртібі ұйымдастыру комитетімен анықталады және СҚО ПҚ БАИ директорының бұйрығымен бекітіледі.

4.4 Ұйымдастыру комитеті:

-  байқауға дайындық жоспарын құрастырады;

-  байқаудың бағдарламасын құрастырады;

-  байқаудың бағалау критерийлерін өңдейді, бағалау парақтарын дайындайды;

-  байқаудың қазылар алқасын құрып, олардың жұмысын қамтамасыз етеді;

-  байқау материалдары мен тапсырыстарын жинақтайды;

- қазылар алқасы құрамымен бірге байқаудың күндізгі бөліміне қатысушыларды анықтайды;

- байқаудың салтанатты түрде ашылуы мен жабылуын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауды ұйымдастырады.

V Байқаудың қазылар алқасы жұмысы реті және құрамы

5.1 Сараптама комиссиясы сырттай кезеңнің материалдарының бағалауын жүргізеді,  ұйымдастыру комитеті бекіткен критерийге сәйкес жүргізеді.

5.2 Қазылар алқасы байқаудың сырттай және күндізгі кезең байқау тексерісінің соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды. Қазылар алқасының жұмысын байқаудың ұйымдастыру комитеті мүшесі ұйымдастырады.

5.3 Қазылар алқасы құрамы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филалының ПОҚ, мамандар, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары, педагогикалық ұйымдардың өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйымдар  мен жастар бірлестігінің өкілдері, ЖОО-ның оқытушылары, үздік студенттерінен тұрады.

5.4 Қазылар алқасының шешімі хаттамада толтырылып, байқаудың ұйымдастыру комитетіне тапсырылады.

VI Байқау бағалауының критерийлері

6.1 Байқау қатысушыларының қызметін сараптама комиссиясы, қазылар алқасы келесі критерийлер бойынша бағалайды:

Байқау материалдарының бағасы (сырттай және күндізгі кезең)

Эссе. Мен осы мамандыққа лайықтымын.

Бағалау критерилері:

  • идеяның мазмұндылығы, тұжырымдауы, ой-қорытуы, ақпарат көздерінің алуантүрлілігі, эссе пәнін субьективті бағалаудың болуы;
  • саралау мен салыстырмалы әдісті қолданып, пікір қалыптастыру;
  • жұмыстың өздігінен орындалуы, түсінуді анықтаудың балама көзқарасы;
  • жұмыстың иллюстрациясы немесе әлеуметтік сұрақ-жауабы, рәсімделуі;
  •  жалпы мәдениеті, өресі.

Авторлық бағдарламалар, оқу құралы немесе әдістемелік құрал макетін қорғау. 7-минут.

Авторлық бағдарламалар қазіргі білім беру технологияларына және төмендегілерге сай болуы керек:

  • оқыту ұстанымдарына (даралау, қолжетімділік, сабақтастық, нәтижелілік және т.б.);
  • оқытудың түрі мен әдістеріне (белсенді әдістер және қашықтан саралап оқыту, сабақ, байқау, жарыс және т.б.);
  • бақылау әдістері мен білім үдерісін басқару түрлеріне (тест  нәтижесін талдау, жарыс және т.б.);
  • оқыту құралдарына (оқушылар санына қарай қажетті құрал-жабдық пен материалдар);
  • қазақ тілі немесе әдебиетінің  авторлық  оқулық макетін қорғау;
  • авторлық оқу-әдістемелік құралын (сөздік, хрестоматия, жұмыс дәптері, диктанттар мен мазмұндама мәтіндерінің жинағы, жаттығулар жинағы т.б.) қорғау.

Бағалау критерийлері:

-       ғылыми негізділігі;

-       өзектілігі және болашағы,

-       тәжірибелік бағыттылығы;

-       оқытудың құралдары, әдістері мен формаларының сәйкестігі, бағдарламалардың нәтижесі;

-    бағдарламаның қорытындысы.

VII МАРАПАТТАУ ЖӘНЕ БАЙҚАУДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

7.1 Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлер және номинация бойынша лауреаттар анықталады.

7.2 Жеңімпаз I дәрежелі дипломмен, жүлдегерлер II, III дәрежелі дипломмен марапатталады.

7.3 Байқауға қатысушылар «Жаңашыл мұғалім», «Шебер мұғалім», «Креативті мұғалім»,  «Ең жас маман», «Тіл шебері» номинациялары бойынша грамотамен марапатталады.

7.4 Байқау нәтижесі бойынша қатысушылардың үздік жұмыстары «Өрлеу» БАҰО» АҚ «СҚО ПҚ БАИ» сайтының «Мұғалімге көмек» айдарында шығарылады.

 

VIII БАЙҚАУДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

8.1 Облыстық байқауды қаржыландыру СҚО ПҚ БАИ-мен жүзеге асырылады.

8.2 Қатысушылардың іс сапар шығынын жіберіп отырған жақ қамтамасыз етеді.

 

 

Қосымша 1

Облыстық «Жүзден жүйрік» байқауының бірінші  іріктеу турына арналған

Сауалнама

 

1.                 Жалпы мәлімет

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Туған күні( күні, айы, жылы)

 

2.                 Жұмысы

Қызметі

 

Жұмыс орны

 

Ауданы

 

Педагогикалық өтілі

 

Біліктілік санаты

 

3.                 Білімі

 

Бітірген ЖОО, жылы, факультет

 

Ғылыми атағы, дәрежесі

 

4. Біліктілік арттыруы

Облыстық курстар

 

Республикалық курстар

 

Халықаралық курстар

 

Конференция, семинарлар

 

5.Жетістіктер

Мұғалімнің және оқушының үкіметтік, қоғамдық және халықаралық мадақтамалары (атауы мен уақытын көрсету)

 

                                6. Негізгі басылымдар

                       (соның ішінде кітапшалар бар болса)

Атауы

Басылымның аты, мерзімі, беттерінің саны

Түйін (әр басылымға ең кемі 30 сөзбен)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

 

 

 

7. Авторлық білім беру бағдарламалар, әдістері және технологиялары

1№

Атауы

Сипаттау (әр бағдарлама, әдістеме, технология жайлы 30 сөз көлемінде)

Енгізу және нәтижелілігі (әр бағдарлама, әдістеме, технология жайлы 50 сөз көлемінде)

1

 

 

 

 

 

 

 

                                                 8. Қосымша сұрақтар

«Жүзден жүйрік -  2016» жеңімпазы -  бұл....... (ойды аяқтаңыз)

 

Өз әріптесіңізбен қандай инновациялармен бөлісер едіңіз?

 

Мерзімдік  кәсіби басылымдармен қалай жұмыс істейсіз?

 

Конкурстық, эксперттік комиссия, жюри құрамында жұмыс істедіңіз бе?

 

                                                    9. Байланыс

Үй телефоны

 

Ұялы телефоны

 

Жеке электронды поштасы

 

         

 

Қосымша 2

 

Эссе. Мен осы мамандыққа  лайықтымын!

Эссе – тұрақты, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, жаңа пікірлерге негізделген көркем жазба. Эссе жазғанда батыл болжам, өткір ұсыныс, өзіндік пікірің, талас тудыратын жорамал, қозғау саларлық ойларыңызды еркін қолданғаныңыз жөн. Эссені кез келген жанрда жазуға болады.

Бағалау критерийлері:

-айтылатын ой жүйесін жоспарлауы;

-айтылатын ойға орай дәйексөздерді таңдай білуі;

-ойдың еркін де шынайы, өзіндік дәлел-пікірмен өріліп, жатық жеткізілуі.

 Эсседегі сөздер саны 400-ден аспауы тиіс.

 

Қосымша 3

 

Қатысушы таныстырылымы. Мәңгілік Ел тілімен көрікті

Байқауға қатысушылар өздерінің шығармашылық әлеуетін танытулары тиіс. Қатысушы таныстырылым барысында тіл туралы ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділерді жатқа оқу тиіс (мүмкіндігінше 2016 жылғы атаулы күндерді ескеру, 3-4 минут көлемінде).

Бағалау критерийлері:

-таңдалған үзіндінің талапқа сай болуы;

-ширақтық, бейнелік, көркемдік сөз шеберлігінің болуы;

-әртістік шеберлігі;

-сөз мәдениетінің сақталуы.

Қосымша 4

 

Мұғалімдердің пәндік және әдістемелік тұрғыдан біліктіліктерін анықтауға арналған тест тапсырмалары

Тест құрылымында тіл мен әдебиетті оқыту бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар негізі, қазақ тілі мен әдебиеті мазмұны, пәнді оқыту әдістемесі бойынша сұрақтар болады.

Жалпы сұрақ саны -20.

Тест АКТ құралдары арқылы өткізіледі.

Бағалау критерийлері:

-мұғалімнің кәсіби біліктілігі;

-сұрақтарға толық жауап беруі;

-АКТ құзыреттілігі.

\

Қосымша 5

Авторлық бағдарламалар, оқу құралы немес әдістемелік құрал макетін қорғау

Бағалау критерийлері:

- ғылыми негізділігі;

- өзектілігі және болашағы,

- тәжірибелік бағыттылығы;

- оқытудың құралдары, әдістері мен формаларының сәйкестігі, бағдарламалардың     нәтижесі;

-көпшілікке жариялау (қатысушының  іс-әрекетінің  қорытындысы

Просмотров: 404 | Добавил: wdwfe
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Copyright MyCorp © 2016
    Используются технологии uCoz