|
БЕКІТЕМІН:
СҚ ПКБА ҚДИ директоры м.а.
--------------------------------------------------------
А.К.Қарабатырова
« »
2011
Мектепке
дейінгі балалар мен кіші жастағы оқушылар жобаларының «Нұрлы көжек- 2011» атты
облыстық байқаудың
ЕРЕЖЕСІ
Бұл ереже мектепке дейінгі балалар, кіші
жастағы оқушылар, олардың ата-аналары мен педагогтарының жұмыстарының байқаудың мақсаты мен міндеттерін
анықтайды.
1. Жалпы ережелер.
Мектепке дейінгі балалар мен кіші жастағы оқушылардың
жобаларының «Нұрлы көжек - 2011» атты шығармашылық байқауы балалардың қиялы мен шығармашылық ойын дамытуды анықтау және оларға жәрдемдесуге, дарынды балаларды
әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қолдауға бағытталған.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері.
Байқаудың мақсаты – жобалау
іс-әрекеті құралдары арқылы мектепке дейінгі балалар мен кіші жастағы оқушылардың
жеке тұлғалық шығармашылық әлеуетін дамыту және әр баланың жетістігі жайында
түсінікті қалыптастыру, педагогтарды жобалау
іс-әрекетіне белсенді қатыстыру ата-аналардың психологиялық-педагогикалық
мәдениетін арттыру құралы ретінде.
Байқаудың міндеттері:
2.1.
баланың
тұлға ретінде даму ортасын кеңейту және жағымды өзіндік бағалауды
қалыптастыруға жәрдем жасайтын ата-аналар мен педагогтардың жобалау әдісі жайында
түсініктерін қарастыру
2.2. дарынды балалардың әлеуметтік- педагогикалық қолдау
көрсетілуіне, олардың дамуына, тәрбиеленуіне және білім алуына жаңа жағдай
қамтамасыз етілуіне бағытталған жаңа авторлық бағдарламаларды құру, бұрын
болғандарды тарату, ата-аналармен педагогтардың жобалар әдістерімен игерілуіне
жәрдемдесу
2.3. мектепке дейінгі балалар мен кіші жастағы
оқушылардың қиялы мен ойлау қабілеттерін, шығармашылық белсенділігін арттыру.
2.4. әр түрлі іс-әрекет барысында балалардың
қабілеттерін дамыту бойынша үздік ғылыми-әдістемелік құралдарды насихаттау.
3. Өткізу уақыты.
3.1.
Байқау 2011
жыл 14 наурыз – 29 сәуір аралығында, екі кезеңде өткізіледі: бірінші кезең
(сырттай) – 15 наурыз - 15 сәуір, екінші кезең – 18 - 29 сәуір.
3.2.
Үздік
жобалардың презентациясы және марапаттау 2011 жыл маусым айында өтетін мектепке
дейінгі мекеме педагогтары мен бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық секция жұмысында
өтетді.
4. Сайысқа қатысушылар.
4.1.
Сайысқа
педагогтар мен ата-аналар, мектепке дейінгі және кіші жастағы оқушылар қатыса алады..
4.2.
Сайысқа қатысу үшін жеке қатысушы
ретінде ата-аналар мен шығармашыл топтар, педагогтар мен тәрбиеленушілер қатыса
алады (5 адамға дейін).
4.3
Делегация
жетекшілері сайысқа қатысушыларға сайыс өтетін жерде және өткізіліп болған соң тұрғылықты жеріне
жетуіне жауап береді..
5. Байқауға ұсынылатын жұмыс тәртібі.
5.1. Сайысқа қатысу үшін наурыз айының 11-не дейін өтініш
берілуі керек (қосымшада көрсетілген). Бірінші (сырттай) кезең наурыз айының 14
– нен 15 сәуірге дейін жалғасады. Сайыстың материалдары мына электрондық мекен
жайға жіберіледі.: Ipk_Ppk@bk.ru «Балалар
жобасы» атты сайыстың белгісімен.
5.2. Шығармашыл ұжым немесе бір ғана автор сайысқа
жұмыс тапсыра алады.
5.3. бірінші (сырттай ) кезеңге байқауды ұйымдастырушы
комитетке ұсынылады:
1. Сайысқа қатысушының өтініші (қосымшада
көрсетілген);
2.Материалдар мультимедиялық презентация түрінде көрсетіледі.
Презентацияның
мақсаты, міндеттері, идеясының қысқаша сипаттамасы және жобаны жүзеге асыру
кезеңдері, оның нәтижесінің мазмұны болуы керек;
3.
Жобаға
қатысушының портфолиосы (қысқаша мінездеме, жеке немесе ұжымдық фотосуреттері).
5.4. Бірінші кезең
аясында сайысқа қатысушылар мен педагогтардың шығармашылық шеберлігі қамтылады.
18 сәуір 29 сәуір аралығында сайысқа қатысушылардың шығармашылық шеберліктерін
білім беру мекемелері және СҚ ПКБА ҚДИ жанынан құрылған сайыс
ұйымдастырушыларының келісімімен өткізіледі.Сайысқа қатысушылар өздеріне
қажетті әдістемелік ұсынымдарды, бастауыш және мектепке дейінгі білім беру тәжірибесімен
бөлісіп, мектепке дейінгі балалар мен кіші жастағы оқушылардың жеке тұлғалық
дамуы мен шығармашылығын дамытуда өз үлестерін қосады.
5.5 Сайыстың
екінші (қорытынды) кезеңінде жобаның қорғау түрін, мақсаты мен міндеттерін, идеясының
қысқаша сипаттамасы және жобаны жүзеге асыру кезеңдері, оның нәтижесінің
мазмұны болуы керек (мәтіндік файл немесе мультимедиялық презентация). Сайысқа
қатысушылар өз жұмыстарын қорғау кезінде көрнекіліктер мен тірек сызбаларын,
суреттерін, және макеттерді пайдалана алады. Сонымен қатар сайысқа қатысушылар
жобаның жетістіктері мен нәтижелерін және балаларға қалай әсер еткендігін,
өзіндік баға берудегі нәтижелерін атап өтуі тиіс. Отбасы мүшелерімен іскерлік
кезіндегі тиімді жақтарын, педагогтар мен балалар шығармашылық бастамалырн атап
өтуі керек. Сайыстың екінші кезеңіне өтушілерге жоба презентациясын жасауда
мерзімін қосымша хабарлайды..
6. Әділ қазы мүшелері жобаға келесі критерийлер
бойынша сараптама жүргізеді:
· тапсырыс пен жобаның
қысқаша түсініктемесінің болуы, олардың тақырыпқа сай
болуы;
· балалардың өздік және
ересектер мен балалардың өзара бірлескен әрекетінің балансы;
· идеялардың жаңашылдығы/идея, олардың түпнұсқалығы;
· жұмыс қорытындысыны
презентациясы мен материалдарды қолдануда шығармашылық подход;
· жұмыс дизайны және эстетикалық
безендіру кезеңі;
· оның тәжірибелік
маңыздылығы, басқа білім беру мекемелерінің
жұмыс тәжірибесінде өз тәжірибесін қолдану мүмкіндігі.
Материалдар эстетикалық талаптарды сай қағаз түрінде папкаларда безендірілуі тиіс А-4 форматында немесе брошюра нұсқасында формат – Word, шрифт - Tumes New Romen, 14, аралық интервал – 1,5 электрондық жұйемен қоса: диск -
SD RW.
Жоба құрылысы:
· титул парағы;
· кіріспе – жобаның өзектілігі көрсетіледі және тақырып негіздемесі, оның
мақсаты мен міндеттері беріледі;
· күтілетін нәтиже, өнім немесе
гипотеза;
· жобаның міндеттері (мақсатқа жету жолдары);
· жобаны орындау кезеңдері (жобаны жүзеге асыру кезеңдеріне қысқаша сипаттама);
· қосымша.
7. Жеңімпаздарды марапаттау.
7.1.
Байқауға
қатысушы «Байқауға қатысушы» сертификатын алады (автор немесе авторлық ұжым).
7.2.
Байқаудың
финалына шыққан қатысушы «Байқау лауреаты» дипломымен марапатталады.
|